Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Жалпы ережелер

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясының жалпы сипаттамасы
  2. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  3. Арауылдық қызметтің ережелері. Қарауылдар наряды.
  4. Бап. Тексерулердiң жалпы мәселелерi
  5. Бокс ережелері
  6. Ережелері, тілдік заңдылықтар
  7. Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған терминдер.

1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi
туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Мемлекеттiк мүлiктi бағалауды ұйымдастыру ерекшелiктерi, ол мемлекеттiк мүлiктiң құрамына түскен, мемлекеттiк мүлiктi жеке тұлғалар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың пайдалануына берген, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығарған кездегi мүлiктi бағалау жағдайлары мен ерекшелiктерi «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының заңының 16-тарауында белгiленедi.

3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау – бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
2) бағалау амалы – бағалаудың бiр немесе бiрнеше әдiстерiн пайдалана отырып, бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау тәсiлi;
3) бағалау әдiсi – бағалау объектiсiнiң нарықтық және өзге құнын белгiлеу үшiн пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы iс-қимылдар жиынтығы;
4) бағалау күнi – бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құны анықталатын күн немесе уақыт кезеңi;
5) бағалау қызметi – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бағалау объектiлерiне қатысты бағалаушылар жүзеге асыратын белгiлi бiр күнге нарықтық немесе өзге құнды белгiлеуге бағытталған кәсiпкерлiк қызмет;
6) бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер – бағалау жүргiзуге, бағалау туралы есептерде пайдаланылатын амалдар мен әдiстерге, олардың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды белгiлейтiн актiлер;
7) бағалау стандарттары – бағалау қызметi саласындағы ережелер, принциптер мен сипаттамалар жалпыға бiрдей және бiрнеше рет пайдалану үшiн белгiленетiн нормативтiк құжат;
8) бағалау туралы есеп – бағалаушының бағалау жөнiндегi жұмыстың нәтижелерi туралы тапсырыс берушiге беретiн, осы Заңның талаптарына сай келетiн жазбаша хабары;
9) бағалаушы – бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар және мiндеттi түрде бағалаушылар палаталарының бiреуiнiң мүшесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
10) бағалаушылар палатасы – бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн құрылатын коммерциялық емес ұйымның дербес ұйымдық-құқықтық нысаны;
11) бұрыс бағалау – жоқ объектiге немесе бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, бағалау стандарттарының талаптарын бұза отырып, бағалау туралы есепте бағалау объектiсiнiң нарықтық немесе өзге құнын бұрмалауға әкеп соғатын бұрыс деректердi пайдалана отырып, жүзеге асырылған бағалау;
12) қайталап бағалау – бағалау қызметi субъектiлерiнiң арасында бағалау нәтижелерi бойынша туындайтын даулардың салдарынан объектiнiң нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
13) нарықтық құн – мәмiле жасасушы тараптар бағалау объектiсi туралы қолжетiмдi барлық ақпаратты иелене отырып әрекет ететiн, бәсекелестiк жағдайындағы мәмiленiң негiзiнде сол объектiнi иелiктен шығаруға болатын ақшалай есеп айырысу сомасы, ал мәмiленiң бағасына:
мәмiле жасасушы тараптардың бiрi бағалау объектiсiн иелiктен шығаруға, ал екiншi тарап сатып алуға мiндеттi болмағанда;
мәмiле жасасушы тараптар мәмiленiң нысанасы туралы жақсы хабардар болып, өз мүдделерiне әрекет еткенде;
мәмiленiң бағасы бағалау объектiсi үшiн ақшалай сыйақының баламасы болып табылса және мәмiле жасасушы тараптарға қатысты қандай да бiр тараптан мәмiле жасауға мәжбүрлеу болмағанда, қандай да бiр төтенше жағдайлар әсер етпейдi;
14) өзге құн – бағалау объектiсiнiң нарықтық құнынан басқа, түрлерi бағалау стандарттарымен белгiленетiн өзге құны;
15) тапсырыс берушi – бағалаушы көрсететiн қызметтердi тұтынушы жеке немесе заңды тұлға;
16) уәкiлеттi орган – бағалау қызметi саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
17) үшiншi тұлғалар – бағалаушылар мен тапсырыс берушiлердiң қатарына кiрмейтiн, бағаланатын мүлiкке, бағалаушының бағалау қызметiне және тапсырыс берушiнiң тапсырысына белгiлi бiр қатысы бар тұлғалар.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-бап. Бағалау қызметiнiң негiзгi принциптерi

Бағалау қызметiнiң негiзгi принциптерi объективтiлiк және дұрыстық болып табылады.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.02.14. N 388 Заңымен.

4-бап. Бағалау қызметiнiң субъектiлерi

1. Бағалаушылар, тапсырыс берушiлер және үшiншi тұлғалар бағалау қызметiнiң субъектiлерi болып табылады.
2. Бағалаушы жеке тұлғалар осы Заңға сәйкес бағалау қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғамен еңбек шартының негiзiнде не Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негiзiнде дара кәсiпкер ретiнде дербес бағалау қызметiмен айналысуға құқылы.
3. Бағалаушы заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негiзiнде бағалау қызметiмен айналысуға құқылы.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен.

5-бап. Бағалау объектiлерi

Бағалау объектiлерiне:

1) жекелеген материалдық объектiлер (заттар), оның iшiнде қараусыз қалған, иесiз мүлiктер;

2) тұлғаның мүлкiн, оның iшiнде мүлiктiң белгiлi бiр түрiн (жылжымалы немесе жылжымайтын) құрайтын заттардың жиынтығы;

3) меншiк құқығы және мүлiкке немесе мүлiктiң құрамындағы жекелеген заттарға өзге де заттық құқықтар;

4) мiндеттеменi (борышты) талап ету құқығы;

5) жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат;

6) интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi;

7) азаматтық құқықтардың өзге де объектiлерi жатады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.02.14. N 388 Заңымен.

6-бап. Бағалау түрлерi

1. Мiндеттi және бастамашылық бағалау - бағалау түрлерi болып табылады.
2. Мiндеттi бағалау Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес:
1) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын жылжымайтын объектiлерiне салық салу үшiн, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшiн;
2) жекешелендiру, сенiмгерлiк басқаруға не жалға (кейiннен сатып алатын жалға) беру үшiн;
3) ипотекалық қарыз беру кезiнде, сондай-ақ кепiлге қойылған мүлiктi өткiзу қажет болған кезде ипотекалық кредит беру үшiн;
4) меншiк иесiнен мүлiктi мемлекеттiк қажеттерге сатып алу және алып қою үшiн;
5) борышкер немесе өндiрiп алушы сот орындаушысы жүргiзген бағалауға қарсылық бiлдiрген жағдайда борышкер мүлкiнiң құнын анықтау үшiн;
6) мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiк құнын анықтау үшiн;
7) өзге де жағдайларда жүргiзiледi.
2-1. Алып тасталды - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-2. Алып тасталды - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
3. Бастамашылық бағалау кез келген бағалау объектiсiне бағалаушының осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бағалау жүргiзу жөнiндегi тапсырыс берушiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде жүргiзiледi.
Бағалау объектiсiне бағалау жүргiзу құқығы мiндеттi құқық болып табылады және бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен есептiлiктi жүзеге асырудың заңдармен белгiленген тәртiбiне тәуелдi емес.
Осы құқық бағалау объектiсiне қайтадан бағалау жүргiзуге де қолданылады. Бағалау объектiсiне бағалау жүргiзудiң нәтижелерi бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктiң деректерiн түзету үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

Ескерту. Жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмаған мүлкiн салық салу үшiн бағалау жөнiнде қызмет көрсетуге тапсырыс берушi республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары болып табылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.12.24 N 276, 2003.02.14 N 388, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

6-1-бап. Салық салу объектiлерiнiң құнын айқындау
саласындағы мемлекеттiк монополия

1. Салық салу объектiлерiнiң (тұрғынжайдың, саяжай құрылысының, аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң, салқын жапсаржайдың, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстың, шығыңқы iрге қабатының, тұрғынжай жертөлесiнiң, гараждың) құнын айқындау жөнiндегi қызмет мемлекеттiк монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 1-тарау 6-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-ТАРАУ. БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТIН ЖYЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ
НЕГIЗДЕМЕЛЕРI МЕН ШАРТТАРЫ

7-бап. Бағалау жүргiзудiң негiздемелерi

1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес бағалаушы мен тапсырыс берушiнiң арасында жасалған бағалау жүргiзу шарты бағалауды жүргiзуге негiздеме болып табылады.
Бағалау жүргiзу шарты бойынша бағалаушы бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзге құнын белгiлеу үшiн қызмет көрсетуге мiндеттенедi, ал тапсырыс берушi осы қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi.

2. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда объектiнi бағалау, оның iшiнде қайта бағалау соттың немесе уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жүргiзiлуi тиiс.
3. Сот және уәкiлеттi орган бағалаушыны таңдауда дербес болады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.02.14. N 388, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

8-бап. Бағалау жүргiзу шартына қойылатын мiндеттi
талаптар

1. Бағалау жүргiзу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң өтемдi қызметтер көрсету шарты туралы нормалары қолданылады.

2. Бағалау жүргiзу шартында мыналар қамтылуға тиiс:

1) тапсырыс берушi мен бағалаушының деректемелерi:
жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұратын жерi;
заңды тұлға үшiн - атауы, орналасқан жерi (почталық мекен-жайы), банктiк деректемелерi;

2) бағалау объектiсiнiң (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi, айқындалатын құнның түрi;

3) бағалау түрi;

4) бағалау объектiсiнiң түрi;

5) бағалау жүргiзудiң мерзiмдерi;

5-1) бағалау жүргiзу кезiнде қолданылатын бағалау стандарттарына нұсқау;

6) көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы төлеудiң шарттары, тәртiбi және мөлшерi;

7) тараптардың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi;

8) тапсырыс берушiнiң бағалау объектiсiне меншiк құқығын растайтын құжаттың деректемелерi не тапсырыс берушiге бағалау туралы шарт жасау құқығын беретiн өзге де негiздемелер;

9) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелерi (лицензия берген орган көрсетiлген оның нөмiрi мен берiлген күнi).
Бағалау жүргiзу шартында осы тармақта көзделмеген өзге де талаптар болуы мүмкiн.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.02.14. N 388, 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңдарымен.

9-бап. Бағалау туралы есептiң мазмұнына қойылатын
талаптар

1. Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша бағалау туралы есеп екi данада жасалады, оның бiреуi тапсырыс берушiде, екiншiсi бағалаушыда сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

2. Жеке кәсiпкер болып табылатын бағалаушы жасаған есепке ол қол қояды және оның жеке мөрiмен расталады.
Бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның есебiне бағалаушы-жеке тұлға қол қояды, заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген адам бекiтiп, мөрмен расталады.

3. Егер бағалауды бағаланатын бағалау объектiсiнiң құрамына кiретiн әртүрлi бағалау объектiлерi бойынша бiрнеше бағалаушы жүргiзген жағдайда, есепке әрбiр бағалаушы өзi бағалау жүргiзген бағалау объектiлерiн көрсетiп қол қояды.

4. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетiлуге тиiс:

1) бағалаушының атауы (тегi, аты, әкесiнiң аты, (ол болған жағдайда);

2) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi;

3) айқындалатын құнның түрi;

4) есеп жасаудың күнi және бағалау жүргiзудiң күнi;

5) бағалау объектiсiнiң (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi мен сипаттамасы;

6) бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау амалдары мен бағалау әдiстерi;

7) бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау стандарттары;

8) нақты деректердi алу көздерi көрсетiле отырып, бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын нақты деректер;

9) есеп негiздемесi;

10) бағалау нәтижесi;

11) жүргiзiлген бағалаудың нәтижесiн толық және айқын түсiндiру үшiн қажет өзге де мәлiметтер.
Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.02.14. N 388, 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз, 2009.11.13 жарияланды), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

10-бап. Бағалаушының тәуелсiздiгi

1. Бағалаушы, егер:
бағалаушының бағалау объектiсiне қатысты шарттан тыс заттық немесе мiндеттемелiк құқығы болса не оны сатып алса;
бағалаушы заңды тұлғаның - тапсырыс берушiнiң акционерi, құрылтайшысы, қызметкерi, меншiк иесi, қатысушысы, кредит берушiсi, дебиторы, демеушiсi болып табылса не бағалаушы - жеке тұлға тапсырыс берушi - жеке тұлғаның жақын туысы немесе жекжаты болып табылса;
бағалаушы-заңды тұлға басшысы не ол уәкiлеттiк берген адам тапсырыс берушi-жеке тұлғамен және (немесе) заңды тұлғаның басшысымен не ол уәкiлеттiк берген адаммен жақын туыстық немесе жекжаттық қарым-қатынаста болса, бағалауды жүргiзе алмайды.

2. Егер бұл бағалау жүргiзу нәтижесiнiң дұрыстығына, оның iшiнде бағалау жүргiзу кезiнде анықталуға тиiс мәселелер шеңберiн шектеуге терiс әсерiн тигiзуi мүмкiн болса, бағалаушының қызметiне тапсырыс берушiнiң не өзге мүдделi тұлғалардың араласуына жол берiлмейдi.

3. Бағалау жүргiзгенi үшiн бағалаушыға төленетiн ақының мөлшерi бағалау объектiсiнiң анықталатын құнына проценттiк қатынаспен көрсетiлмейдi және ол тараптардың келiсiмi бойынша жұмыстарды орындағанға дейiн белгiленедi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.05.08. N 414, 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңдарымен.

10-1-бап. Бағалаушының азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн сақтандыру

Бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру бағалаушы көрсететiн қызметтердiң тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн шарттарының бiрi болып табылады.
Бағалаушының бағалау жүргiзу нәтижесiнде келтiрiлген зиянының салдарынан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады
Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.02.14. N 388 Заңымен.

10-2-бап. Бағалау стандарттары

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен бағалау стандарттары Қазақстан Республикасындағы бағалау стандарттары болып танылады.
Бағалаушылардың бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде бағалау қызметi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн халықаралық стандарттарды пайдалануға құқығы бар.
2. Бағалау стандарттары бағалау қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады және олардың күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
3. Бағалау стандарттары қабылдануы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға жатпайды.
Ескерту. 2-тарау 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-ТАРАУ. БАҒАЛАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

11-бап. Бағалаушының құқықтары

1. Бағалаушының:

1) дереккөздерiн көрсете отырып, бағалау стандарттарына және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес бағалау әдiстерi мен бағалау амалдарын дербес қолдануға;

2) бағалау жүргiзу кезiнде тапсырыс берушiден объектiге, сондай-ақ бағалауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттамаларға толық көлемiнде қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;

3) тапсырыс берушiден бағалауды жүзеге асыруға қажеттi түсiнiктемелер мен қосымша мәлiметтердi алуға;

4) қажет болған жағдайда бағалау жүргiзуге шарттық негiзде өзге де бағалаушыларды не басқа да мамандарды қатыстыруға;

5) егер тапсырыс берушi шарт талаптарын бұзған, бағалау объектiсi туралы қажеттi ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етпеген жағдайларда бағалау жүргiзуден бас тартуға;

6) мемлекеттiк құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, бағалау жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты үшiншi тұлғалардан жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқығы бар.
Егер аталған ақпаратты беруден бас тарту бағалау нәтижелерiнiң дұрыстығына елеулi түрде ықпал ететiн болса, бағалаушы оны есепте көрсетедi.

2. Алынып тасталды - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.02.14. N 388, 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңдарымен.

11-1-бап. Бағалаушылар палатасы

Ескерту. 11-1-бап алынып тасталды - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен.

11-2-бап. Бағалаушылар палатасының өкiлеттiктерi

Ескерту. 11-2-бап алынып тасталды - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен.

12-бап. Бағалаушының мiндеттерi

Бағалаушы:

1) бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде осы Заңның, бағалау стандарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтауға;
1-1) өзi мүшесi болып табылатын бағалаушылар палатасы бекiткен iскерлiк және кәсiптiк әдеп ережелерiн сақтауға;
1-2) бағалаушылар палаталарының бiреуiнiң ғана мүшесi болуға;

2) объективтi бағалау жүргiзуге кедергi болатын жағдайлардың туындауы салдарынан бағалауды жүргiзуге өзiнiң қатысу мүмкiндiгi болмайтыны жайында тапсырыс берушiге хабарлауға;

3) бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушi мен үшiншi бiр тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын және құпиялығын қамтамасыз етуге;

4) уәкiлеттi орган өкiлiнiң және тапсырыс берушiнiң талап етуi бойынша мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияны көрсетуге;

5) заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушiден және үшiншi бiр тұлғалардан алынған құпия ақпаратты жария етпеуге;

6) объектiлердi тiкелей зерттеудi жүзеге асыруға және тапсырыс берушiге бағалау туралы есеп табыс етуге;

7) бағалау жүргiзу шарттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, хронологиялық тәртiппен бағалау жүргiзу есептерiнiң кiтабын жүргiзуге;

8) бағалау туралы жасалған есептердi 5 жыл бойы сақтауға;

9) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда сақтаулы тұрған бағалау туралы есептердiң көшiрмесiн немесе ақпаратты мемлекеттiк органдардың заңды түрде талап етуi бойынша оларға беруге мiндеттi.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.02.14. N 388, 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңдарымен.

13-бап. Бағалаушының жауапкершiлiгi

Бағалаушы:

1) бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, сондай-ақ бағалау стандарттарының, iскерлiк және кәсiптiк әдеп ережелерiнiң талаптарын бұзғаны;

2) мемлекеттiк құпиялар, коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi;

3) бұрыс бағалағаны;

4) бағалау өткiзу үшiн өзiне берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпараттың сақталуы мен тұтастығы;

5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда мемлекеттiк органдарға бағалау туралы есептердiң көшiрмелерiн немесе ақпаратты бермегенi үшiн жауапкершiлiкте болады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.02.14. N 388, 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңдарымен.

3-1 тарау. Бағалаушылар палаталары

Ескерту. Заң 3-1-Тараумен толықтырылды - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен.

13-1-бап. Бағалаушылар палатасы

1. Бағалаушылар палатасы өзiнiң құрамына бағалаушыларды бiрiктiретiн коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Бағалаушылар палатасының қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледi.
Тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында бiр ғана бағалаушылар палатасы құрылуы және жұмыс iстеуi мүмкiн.
3. Бағалаушы палатаның құрылтай шартын және жарғысын таныған және бағалаушылар палатасына мүшелiкке кiру шарттарын орындаған кезде оны бағалаушылар палатасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға болмайды. Бағалаушылар палатасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
4. Бағалаушылар палаталары қауымдастық (одақ) нысанында Республикалық бағалаушылар палатасына бiрiгуге және халықаралық бағалаушылар бiрлестiктерiне кiруге құқылы.

13-2-бап. Бағалаушылар палатасының функциялары

Бағалаушылар палатасының функциялары:
1) бағалаушының iскерлiк және кәсiптiк әдеп ережелерiн әзiрлеу және бекiту;
2) бағалаушыларды оқыту және қайта даярлау;
3) палатаға мүшелiкке қабылдау және одан шығару негiздерiн көрсете отырып, бағалаушылар палатасына мүшелiкке қабылдау ережелерi мен шарттарын әзiрлеу және бекiту;
4) өз мүшелерiнiң мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен, сондай-ақ халықаралық кәсiптiк бағалаушылар ұйымдарымен қатынастарында олардың мүдделерiн бiлдiру;
5) өз мүшелерiнiң бағалау қызметi туралы заңнаманың, бағалау стандарттарының, iскерлiк және кәсiптiк әдеп ережелерiнiң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;
6) бағалаушылар палатасы мүшелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және осы тiзiлiмде қамтылған ақпаратты уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мүдделi тұлғаларға беру;
7) өз мүшелерiнiң ақпараттық және әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру;
8) палатаның бағалаушысына палата бағалаушыларының, бағалау қызметi саласында көрсетiлетiн қызметтi тұтынушылардың өтiнiштерiн, өтiнiшхаттарын, шағымдарын қарау;
9) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес бағалаушылар палатасы мүшесiнiң лицензиясын тоқтата тұру немесе одан айыру жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы өтiнiшхат беру;
10) бiлiктiлiк комиссиясының құрамына кiргiзу үшiн өкiлдер жiберу болып табылады.

13-3-бап. Республикалық бағалаушылар палатасы

1. Республикалық бағалаушылар палатасы өзiнiң құрамында Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген бағалаушылар палаталарының жалпы санының жартысынан астамын бiрiктiретiн коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Республикалық бағалаушылар палатасы ретiнде тiркелмеген заңды тұлғаның атауында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Республикалық бағалаушылар палатасы" деген сөздер болмауға тиiс.
2. Республикалық бағалаушылар палатасының қызметi осы Заңмен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында бiр Республикалық бағалаушылар палатасы құрылады.
4. Республикалық бағалаушылар палатасының функциялары:
1) бағалау қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ халықаралық кәсiптiк бағалаушылар ұйымдарында бағалаушылар палаталарының мүдделерiн бiлдiру;
3) бағалаушылар палаталарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
4) бағалау стандарттарын әзiрлеуге қатысу;
5) бағалаушыларды кәсiптiк қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу;
6) тағылымдамадан өту тәртiбi туралы ұсынымдар әзiрлеу;
7) бағалаушылар палатасына бағалаушылар палаталарының, бағалау қызметi саласында көрсетiлетiн қызметтi тұтынушылардың өтiнiштерiн, өтiнiшхаттарын, шағымдарын қарау;
8) Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және осы тiзiлiмде қамтылған ақпаратты уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мүдделi тұлғаларға беру болып табылады.

4-ТАРАУ. ТАПСЫРЫС БЕРУШIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МIНДЕТТЕРI

14-бап. Тапсырыс берушiнiң құқықтары

Тапсырыс берушiнiң:

1) бағалаушыдан бағалау жүргiзуге қатысты заңдардың талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға;

2) бағалаушының бағалау туралы есебi мен тұжырымдары негiзделетiн нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;

3) бағалаушыдан бағалау жүргiзу әдiстерi туралы қажеттi ақпарат алуға;

4) бағалаушы шарттың ережелерiн бұзған жағдайда оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқығы бар.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.02.14. N 388 Заңымен.

15-бап. Тапсырыс берушiнiң мiндеттерi

Тапсырыс берушi:

1) бағалаушыға шартқа сәйкес бағалауды дер кезiнде және сапалы жүргiзу үшiн жағдай жасауға;

2) бағалаушыға бағалауды жүргiзу үшiн қажет құжаттаманы, толық және дұрыс ақпарат табыс етуге, сондай-ақ қажеттi түсiнiктемелер беруге, бағалаушының бағалау объектiсiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;

3) егер бағалаудың дұрыстығына терiс ықпал ететiн болса, бағалаушының қызметiне араласпауға;

4) бағалаушының талабы бойынша бағалауды жүргiзу үшiн қажеттi ақпарат алуға өз атынан үшiншi бiр тұлғалардың атына жазбаша сауал жiберуге мiндеттi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.02.14. N 388 Заңымен.

16-бап. Тапсырыс берушiнiң жауапкершiлiгi
Ескерту. 16-бап алынып тасталды - ҚР 2003.02.14. N 388 Заңымен.

17-бап. Дауларды қарау

Бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде бағалаушы мен тапсырыс берушiнiң арасында туындайтын даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.02.14. N 388 Заңымен.

5-ТАРАУ. БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

18-бап. Бағалаушылар палаталарының қызметiн бақылау

1. Уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарын бағалаушылар палаталарының орындауына бақылауды жүзеге асырады.
2. Бақылау тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Бақылаудың өзге де нысандары осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

19-бап. Бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi
органның құзыретi

Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) бағалау қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту;
3) бағалау стандарттарын әзiрлеу;
4) бағалау қызметiн лицензиялау;
5) бағалау қызметiмен айналысуға үмiткер адамдар үшiн бiлiктiлiк емтиханын өткiзу;
6) бағалау қызметi саласында мамандарды кәсiптiк қайта даярлау бағдарламаларын бекiту;
7) бағалау қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн тең жағдайлар жасау арқылы мүлiктi бағалау бойынша қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу;
8) бағалау қызметiнiң субъектiлерiне бағалау қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету;
9) бағалау қызметi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
9-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлеу;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды), өзгерiс енгiзiлдi - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

20-бап. Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн
лицензиялау

1. Бағалау қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бағалау қызметiмен айналысу құқығына үмiткер жеке тұлғалар олардың бiлiктiлiк деңгейiн анықтау мақсатында бiлiктiлiк емтиханынан өткiзiледi.
Бiлiктiлiк емтиханын қабылдау үшiн құрамына мүшелердiң тақ саны кiретiн кемiнде бес адамнан тұратын бiлiктiлiк комиссиясы құрылады. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамына бағалаушылар палаталарының өкiлдерi мiндеттi түрде кiредi, олардың саны комиссия құрамының жалпы санының кемiнде екiден бiрiн құрауға тиiс.
Емтиханға "бағалау" мамандығы бойынша жоғары бiлiмi және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық бiлiмi бар адамдар жiберiледi.
Емтиханнан өткен адамдар оны тапсырған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бiлiктiлiк емтиханынан өткендiгi туралы уәкiлеттi органның шешiмiн алады.
Бағалау қызметiмен айналысу құқығына үмiткер адамдардың бiлiктiлiк емтиханынан өту ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен.

21-бап. Бағалаушыларды кәсiби оқыту
Ескерту. 21-бап алынып тасталды - ҚР 2003.02.14. N 388 Заңымен.

6-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

22-бап. Бағалау қызметi туралы заңдарды бұзғаны
үшiн жауаптылық

Бағалау қызметi туралы заңдарды бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.02.14. N 388 Заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президентi


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 67 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.041 сек.)