Читайте также:
|
|
Сабақтың мақсаты: саяси идеологияның қызметтерін, басты идеялары мен ерекшеліктерін қарастыру, қазіргі заманғы идеологияларға сипаттама беру.
Талданатын сұрақтар:
1. Саяси идеология: ұғымы, мәні, деңгейлері, қызметтері
2. Қазіргі заманғы идеология типтері, олардың пайда болуының әлеуметтік-экономикалық және теориялық алғышарттары
Негізгі ұғымдар: идеология, консерватизм, либерализм, фашизм, социал-демократизм, коммунизм, ұлтшылдық, нәсілшілдік, анархия, медиократия, идеократия, феминизм, шовинизм, догматизм.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұлға мен қоғам өміріндегі саяси идеологияның ролі қандай?
2. Алғаш идеология қашан және не үшін пайда болды?
3. Идеология діннен, насихаттан немен ерешкленеді?
4. Саясат пен идеологияның өзара байланысының мәні неде?
5. Либералды идеологияның шарттарын атаңыз
6. Неолибералды идеологияның ерекшеліктері қандай?
7. Консервативті идеологияның жағымды және жағымсыз тұстары
8. Фашизмнің пайда болуына не түрткі болды?
9. Қазақстандағы идеологиялық жағдай туралы пікіріңіз
10. Қазақстандық патриотизм идеясының мәні не?
Қосымша әдебиеттер:
1. Ақсақұлы Ж. Идеология- қоғамдағы басты қозғаушы күш //Сыр бойы – 2008, 19 қыркүйек
2. Ерғалиұлы І. Құқық және адамның рухани қалыптасуы //Саясат, 1999. – №9. – 12-15 бет
3. Нығметов Д.Н. Идеология:мақсат-мұраты,құрылымы,мiндеттерi- Алматы, 1994 ж.
4. Ғаббасов С. Саясат пен идеология бір ме? Астана.- 2006.
13. Саяси әлеуметтену.
Сабақтың мақсаты: саяси әлеуметтенуге сипаттама беріп, оның механизмдерін, модельдерін, даму кезеңдерін талдау.
Талданатын сұрақтар:
1. Саяси әлеуметтену және оның негізгі бағыттары
2. Саяси әлеуметтену түрлері
3. Саяси әлеуметтену кезеңдері
Негізгі ұғымдар: саяси әлеуметтену, әлеуметтену агенті, әлеуметтену модельдері, саяси фактор, саяси белсенділік.
Бақылау сұрақтары:
1. Қоғам мен тұлғаның дамуында саяси әлеуметтену процесінің маңызы қандай?
2. Саяси әлеуметтену теориясының падй болуына қажеттілік неден туындады?
3. Тұлғаның саяси әлеуметтенуі қалай жүзеге асады?
4. Әлеуметтену процесіне елдің тарихи, ұлттық, мәдени ерекшелікері қалай ықпал етеді?
5. Саяси әлеуметтенудің типтері қандай?
6. Саяси әлеуметтенудің плюралистік типінің артықшылықтары неде?
7. Саяси әлеуметтенудің шегі бар ма?
8. Мектеп, жоғарғы оқу орындары саяси ағартушылықпен айналысуы тиіс пе?
9. Студенттер мен зейнеткерлердің сяси әлеуметтену процесіне немен ерекшеленетінін салыстырыңыз
10. Қазақстандағы саяси әлеуметтену процесінің ерекшеліктері қандай?
Қосымша әдебиеттер:
1. Әуелгазина Т.Қ.Қазақстанда жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру мәселелері – А., 2007
14. Сайлау жүйесі
Сабақтың мазмұны: қоғамның саяси жүйесіндегі сайлау қызметтері және оны ұйымдастырудың демократиялық приніиптерін, сайлау жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін, сайлау процедураларының және технологияларының белгілерін анықтау.
Талданатын сұрақтар:
1. Сайлау жүйесі ұғымы, типтері
2. Мажоритарлы, пропорционалды, аралас сайлау жүйелерінің
артықшылықтары мен кемшіліктері
3. Қазақстандағы сайлау жүйесі
Негізгі ұғымдар: сайлау, сайлау құқығы, белсінді және бәсең сайлау, сайлау кампаниясы, саяси маркетинг, референдум, электорат, кандидат, мажоритарлы, пропорционалды, аралас сайлау жүйелері.
Бақылау сұрақтары:
1. Тоталитарлы және демократиялық тәртіп жағдайындағы сайлардың ерекшеліктері қандай?
2. Дауыс беру нәтижесінде әділ шешімге қандай сайлау жүйесінде қол жеткізуге болады?
3. Тура сайлаудан жанама сайлаудың айырмашылығы қандай?
4. Сайлау құқығына қанмай мәселелер кіреді?
5. Сайлау процедурасының сайлау кампаниясынан айырмашылығы не?
6. Сайлау жүйесінің демократиялылығының өлшемдерін атаңыз
7. ҚР Парламенті депутаттарын сайлауға қандай сайлау жүйесі қолданылады?
8. ҚР Президенті қандай жолмен сайланады?
9. Үміткердің имиджінің құрамдас бөліктеріне не жатады?
10. Сайлау алды кампаниялардағы саяси жарнаманың ролі қандай?
Қосымша әдебиеттер:
1. Құрманбаева Ш.А. Сайлау технологиялары: 2004 жылғы парламент сайлауы тәжірибесінен // ҚазҰУ хабаршысы. Саясаттану сериясы. Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы. 2005. - N 1.- 10-13 б.
2. Рысбаева С.Ж. Қазақстан Республикасындағы сайлауда қолданылған саяси технологиялар // ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Саясаттану сериясы. Мәдениеттану сериясы. 2007.- N 3
3. Сейдін Н. Сайлаудың пропорционалдық жүйесі: Қазақстандағы алғашқы қадам // Егемен Қазақстан.- 2007.- 2 тамыз (N 226/227).- 2 б.
4. Әбсаттаров Р., Әбсаттаров М. Сайлау - демократияның алтын арқауы: Пропорциялық, мажориторлық, аралас сайлау жүйесі, онда қолданылатын айқын және манипуляторлық технологиялар жайлы түсінік// Қазақ әдебиеті.- 2004.- 13-19 тамыз (N 32). – 3
5. Жұмабеков О. Ашық сайлау - қоғам өмірінің айнасы: Қазақстандағы сайлау жүйесі// Егемен Қазақстан.- 2005 - 4 қазан (N 225). - 2 б.
6. Бәлиева З. Сайлау сатылары: [Еліміздегі сайлау жүйесі туралы]// Егемен Қазақстан.- 2001.- 14 желтоқсан(N 285/289).-
15. Саяси мінез құлық және қатысу
Сабақтың мақсаты: саяси мінез-құлықты және оның негізгі типтерін зерттеу, саяси қатысу ұғымының мәнін, оның формалары мен типтерін анықтау. Қазақстандағы тұлғаның саясатқа қатысу мәселелерін талдау.
Талданатын сұрақтар:
1. Саяси мінез-құлық мәні және типтері
2. Саяси қатысу ұғымы, формалары, типтері
3. Қазақстандағы электролды мінез-құлық
Негізгі ұғымдар: саяси қатысу, абсентеизм, автономды қатысу, жұмыла қатысу, электоралды қатысу, саяси наразылық, саяси терроризм, саяси мінез-құлық., петиция, бойкот.
Бақылау сұрақтары:
1. Индивидтің саяси қатысуы қандай белгілермен анықталады?
2. Неліктен білімі жоғары деңгейдегі тұлғалар саясатқа қатысуда үлкен белсенділік танытады?
3. Әйелдердің ер адамдарға қарағанда саяси қатысу деңгейінің төмендігі себептерін көрсетіңіз
4. Саяси мінез-құлықтың қандай типтері наразылыққа жатады?
5. Саяси наразылықтың туындауына қандай шарттар әсер етуі мүмкін?
6. Тоталитарлы және демократиялық тәртіптерлегі саяси қатысу дың деңгейлері қаншалықты болады?
7. Қазақстандық электоратқа қандай белгілер тән?
8. Саяси қатысудың либералды және популистік модельдерін салыстырыңыз
9. Қазақстандағы электоралды мінез-құлық немен ерекшеленеді?
10. Саяси мәнез-құлық формаларын көрсетіңіз.
Қосымша әдебиеттер:
1. Нұрымбетова Г.Р. Қазақстан азаматтарының саяси өмірге қатысуы: түрлері мен жолдары // ҚазҰУ хабаршысы. Саясаттану сериясы. Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы. 2005. - N 1.- 54-58 б.
2. Суимбаева Э. Саяси мінез-құлық пен электоралдық қатысудың мотивациялық құрамдасын зерттеу тарихы // ҚазҰУ хабаршысы. Саясаттану сериясы. Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономи-калық мінез-құлқын калыптастыру тұжырымдамасы Алматы: 1995
16. Саяси шиеленіс және дағдарыс
Сабақтың мақсаты: саяси шиеленіс табиғатын, оның типтерін, даму стадиясын, шарттарын, реттеу кезеңдері мен жолдарын зерттеу.
Талданатын сұрақтар:
1. Саяси шиеленістің себептері, белгілері, даму кезеңдері.
2. Саяси шиеленіс типтері, ерекшеліктері
3. Саяси шиеленісті басқару технологиясы, реттеу жолдары
Негізгі ұғымдар: саяси шиеленіс, мәміле, консенсус, этносаяси шиеленіс, коалиция, «вето құқығы» концессив.
Бақылау сұрақтары:
1. Саясаттағы шиеленіс ролінің негізгі екі түрінің мәнін ашыңыз
2. Шиеліністің туындауына қандай әлеуметтік-психологиялық факторлар ықпал етеді?
3. Саяси шиеленістердің қайнар көздері не?
4. Саяси шиеленістердің негізгі типтерін көрсетіңіз
5. Этносаяси шиелінстің субъектілер не жатады?
6. Ұлттық егемендік дегеніміз не?
7. Конфликтология ғылымы немен айналысады?
8. Саяси шиелінстерді шешудің жолдары қандай?
9. Басқарудағы шиелінстерді саяси шиеліске жатқызуға бола ма?
10. Қандай саяси шиеністер күштеуге жатады?
Геосаясат
Сабақтың мақсаты: геосаясаттың мәні, қазіргі түсініктерін, оның құрылымын, қызметтерін анықтау, қазіргі халықаралық қатынастардың геосаяси талдауын жүзеге асыру, әлемнің геосаяси бейнесіндегі Қазақстанның орны мен ролін қарастыру.
Талданатын сұрақтар:
1. Геосаясаттың мәні
2. Геосаясаттың теориялық негіздері
3. Әлемнің геосаяси бейнесіндегі Қазақстанның орны мен ролі
Негізгі ұғымдар: геосаясат, географиялық детерминизм,геосаяси кеңістік, геосаяси аймақ, шекара, көпполярлы геосаяси жүйе, «күштер тепе-теңдігі», ұлттық мүдде, қауіпсіздік, евразияшылдық.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанның геосаяси жағдайына сипаттама беріңіз
2. Геосаясат ұғымы нені білдіреді?
3. Геосаясаттың қандай қызметтерін білесіз?
4. Геосаясат құрылымы қандай?
5. Географиялық детерминизм теориясының мәні неде?
6. Геосаяси талдау үшін «шекара» ұғымының маңызыдығы қандай?
7. Мемлекеттің геосаяси мүддесіне не жатады?
8. Әлемдік дамудың геосаяси моделінің авторы кім?
9. 90-жылдары әлемдік қауымдастықтағы геосаяси жағдайдың өзгеруіне не себеп болды?
10. Әлемдік геосаясаттағы Қазақстанның ролі қандай?
Қосымша әдебиеттер:
1. Сейдін Н.Б. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы қалыптасуы, мәселелері және айқындалу барысы – А., 2006
2. Дәдебаев Ж. Геосаяси тәжірибе және геосаясат классиктері // Қаз МУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар.- 2000.- N 2.- 55-62 б.
3. Смайыл А. Еуразия геосаяси кеңістікте // Астана.- 2005. - N 2.
4. Бейсенұлы Б. Алдағы он бес жылда әлемдік геосаясат қалай өзгеруі мүмкін? // Айқын.- 2007. - 1ақпан (ғ 18).- 3 б.
5. Көкебаева Г.К. Халықаралық қатынастар тарихы Алматы: 1997
18. Жаһандану және қазіргі заманғы жаһандық проблемалар
Сабақтың мақсаты: саяси жаһанданудың құрылымын, пәнін, қарастыру,қазіргі заманғы жаһандық проблемалардың саяси қырын және оларды шешу жолдарын талдау.
Талданатын сұрақтар:
1. Саяси жаһандану: пәні, құрылымы, категориялары
2. Әлемдік глобальды проблемалардың тууы, мәні және динамикасы
3. Жаһандық проблемаларды саяси шешу жолдары
Негізгі ұғымдар: саяси жаһандану, жаһандық проблемалар, жаңа әлемдік тәртіп, адамзаттың даму шегі, саяси экология, экологиялық қауіпсіздік, жаһандық проблемаларды шешудің саяси стратегиялары, халықаралық саяси «тәртіп».
Бақылау сұрақтары:
1. Саяси жаһандану ұғымын қалай түсінесіз?
2. Жаһандану процесі қай кезеңнен бастап жүруде?
3. Қазіргі заманғы жаһандық проблемаларға не жатады?
4. Жаһандық проблемаларды шешуе бағытталған ғылыми-техникалық саясаттағы қандай бағыттарды білесіз?
5. Жаһандық пробеламалардың туындауына не себеп болуда?
6. Жаһандық пробелемаларды шешу жолдары қандай?
7. Жаһандану процесінің субъектілеріне не жатады?
8. Қазақстанның жаһандық пробеламаларды шешудегі қадамдары қандай?
9. Жаңа әлемдік тәртіптің негізгі белгілеріне не жатады?
10. Жаңа әлемдік тәртіп қандай факторларға негізделеді?
Қосымша әдебиеттер:
1. Нысанбаев Ә. Жаһандану және Қазақстанның орнықты дамуы, А., 2002
2. Көкебаева Г.К. Халықаралық қатынастар тарихы Алматы: 1997
3. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары: - Алматы:, 2006
4. Қазбеков Н.А. Саяси процестер, Қарағанды, 2004
5. Әшімбаев М. Жаһандану дүниесі және Қазақстан // Қоғам және дәуір.- 2004.-N 2.-2-7 б.
6. Арыстанбекова А. Жаһандану - объективті процесс ретінде: "Жаһандану" ұғымының пайда болуы және дамуы// Қоғам және дәуір.- 2004.- N 3- 2-6 б.
7. Смайыл А. Жаһандану: теория мен әрекет // Егемен Қазақстан.- 2005. - 28 қазан (N 240/243). - 6 б.
8. Оңалбеков Ә. Жаңа кезең және жаһандану // Қ.Я.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің хабаршысы.- 2004.- N 3.
9. Әубәкіров Т. Жаһандану және егемен Қазақстанның ғарыштық жолы // Дипломатия жаршысы = Дипломатический курьер.- 2005. - N 4.
10. Әбішева М. Жаһандану үрдісіндегі Қазақстанның даму стратегиясы: Идеологиялық негіздері// Қоғам және дәуір.- 2006.- N 3.- 3-4 б.
19. Егемен Қазақстанның саяси проблемалары
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның бүгінгі күнгі жеткен жетістіктерін, оның саяси даму барысын талдау.
Талданатын сұрақтар:
1. Қазақстан республикасы – зайырлы, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет
2. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері.
3. ҚР-да плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары.
Негізгі ұғымдар: Конституция, егемендік, декларация, тәуелсіздік, мемлекеттілік, саяси проблемалар.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстандағы адам құқығының сақталуы туралы не айта аласыз?
2. Қазақстанда саяси тәртібі бойынша қандай мемлекетке жатады?
3. Қазақстандағы басты саяси проблемаларды атаңыз
4. Қазақстандағы саяси проблемаларды шешу жолдары қандай?
5. Қазақстан қоғамын реформалаудағы басты бағыттар қандай?
6. Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік жағдайының ерекшеліктері қандай?
7. Қазақстанның ұлттық саясатының негізгі бағыттарына не жатады?
8. ҚР егемендік және ұлттық мемлекеттілік қаншалықты байланысты?
9. Қазақстандық мемлекеттің конституциялық даму кезеңдерін атаңыз
10. ҚР дамуындағы басты мақсаттар мен жоспарлар қандай?
Қосымша әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары (1997-2008 ж.ж.)
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – Астана, 2007 ж.
3. Назарбаев Н.Ә. Евразия жүрегінде – А., 2005
4. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері – А., 2003
5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-Ресей қатынастары – А., 1999
6. Қазақстанның мемлекеттік кітабы: тәуелсіздікке 14 жыл-Астана, 2005
7. Қазақстан: табысқа жету тарихы әлемнің қоғамдастық көзімен – А., 2005
8. Шұмшұтұлы И. Қоғам өмірінің қазіргі саяси-әлеуметтік мәселелері.– Алматы: РОНД, 2001
20. Әлемдік саясаттағы Қазақстанның орны
Сабақтың мазмұны: Қазақстанның әлемдік аренадағы орны мен ролін, оның басты бағыттары мен принциптерін, халықаралық ұйымдарға мүшелігін, қарусыздану, геосаясат, экономика, ұлттық қауіпсіздік салаларындағы міндеттерін айқындау.
Талданатын сұрақтар:
1. Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен принциптері
2. Шет мемлекеттермен жан-жақты ынтымақтасуды дамыту және интеграциялану
3. ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы міндеттері
4. Қазақстан шетел зерттеушісінің көзімен
Негізгі ұғымдар: дипломатия, консулдық, БҰҰ, халықаралық ұйымдар, халықаралық келісім-шарт, ұлттық қауіпсіздік, ұлттық мүдде, қырғиқабақ соғыс, НАТО, ОБСЕ, сыртқы саясат.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары қандай?
2. ҚР сыртқы саясатындағы ұзақ мерзімді мақсаттарды атаңыз
3. Қазақстан қандай ірі халықаралық ұйымдарға мүше?
4. Посткеңестік кеңістікті интеграциялау бойынша Қазақстанның бастамаларын атаңыз
5. Қазақстанның сыртқы саясатында орталық азия аймағындағы мемлекеттермен байланысы қандай орын алады?
6. Қазақстанның ұлттық мүддесі қандай мәселелерге негізделеді?
7. Қазақстанның әлемдік аренадағы орны қандай?
8. Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бастамаларын атаңыз
9. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты принциптері ретінде нені атай аласыз?
10. Қазақстанның шет елдермен қатынсын дамытуда қандай кемшіліктер бар?
Қосымша әдебиеттер:
1. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты, А., 2006
2. Абдулпаттаев С. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты- Алматы: 2005
3. Қазақстан: табысқа жету тарихы әлемнің қоғамдастық көзімен – А., 2005
4. Хан Г.Б. ж.б. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: Алматы: КазГЗУ, 2003
5. Тоқаев Қ.К. Беласу. Дипломатиялық очерктер.– Алматы: Дәуір, 2003.
6. Хан Г.Б., Суворов Л.С. Н.Ә.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тәуелсіз сыртқы саясатының негізін қалаушы, Алматы, 2001
7. Қазақстан – Евразия төсі – Астана, 2001
8. Мұхамедов М. Қазақстан әлемдік қауымдастықта – А., 2000
9. Мансұров Т.А. Қазақстан және Ресей: Егемендену, кірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі.– Алматы: Қазақстан, 1999
10. Ыдырысов Е. Қазақстан тәуелсіздігінің сыртқы саяси қырлары //Ақиқат, 2001. – №8. – 3-7 бет
11. Қазақстан Республикасының ТМД - дағы интеграциялық саясаты туралы //АЌИЌАТ. - 1999. - N3. - С. 77-79б.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 430 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Демократия теориялары | | | Практические задания к семинару 8 |