Читайте также: |
|
Сабақтың мақсаты: демократия ұғымымен, түрлерімен танысу, оның негізгі теориялары мен модельдерінің ерекшеліктерін талдау.
Талданатын сұрақтар:
1. Демократия және оның түрлері
2. Демократияның қазіргі заманғы формалары
Негізгі ұғымдар: демократия, плюрализм, плебисцит, демократияның либералды-демократиялық және радикалды-демократиялық теориялары, бәсекелес элитистік демократия моделі, полиархия, делегативті демократия.
Бақылау сұрақтары:
1. Демократияның нәтижелі болуы үшін қандай алғышарттар қажет?
2. Көптеген елдерде демократия авторитарлы биліктің қорғаушысы қызметін атқарады, бұл пікірмен келісесіз бе?
3. Басқарудың демократиялық түрі көп жағдайда өміршең бола бермейді, неліктен?
4. Демократияға өтуге қандай факторлар ықпал етеді және оның тұрақтылығы неге байланысты болады?
5. Қазіргі заманғы демократияның антикалықтан немен ерекшеленеді?
6. Плюралистік демократияның принциптері қандай?
7. Демократияның негізгі институттарының даму кезеңдерін сипаттаңыз
8. Қатысу және элитарлы демократияның ерекшеліктерін көрсетіңіз
9. Р. Дальдың «полиархия» ұғымына қосқан үлесі қандай?
10. Бәсекелес элитистік демократия моделінің белгілері қандай?
Қосымша әдебиеттер:
1. Ілдебаев Т.Демократия - саяси реформалар тірегінің негізі, Астана хабары, 2005 №84
2. Ермеков Р.Қ, Досмұхамедов Х. Демократиялық өзгерістерді тереңдету - негізгі мақсат // Саясат.- 2001.- N 9.- 64-66 б.
3. Қалмырзаев Ә. Демократия: Мәні.Мақсаты.Мұраты// Егемен Қазақстан.- 2004.- 12 қыркүйек (N 230).- 3 б.; 14 қыркүйек (N 231).- 3 б.; 15 қыркүйек (N 232).- 3 б.; 16 қыркүйек (N 233).- 6 б.
4. Тәжібайұлы Ә. Демократияны қалай түсінеміз? // Ақиқат.- 2000.- N 8
9. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар
Сабақтың мақсаты: қоғамның саяси жүйесіндегі қоғамдық бірлестіктердің ролін, олардың типтері мен формаларын, әдістерін және саясатқа қатысу ерекшеліктерін анықтау.
Талданатын сұрақтар:
1. «Саяси» және «саяси емес» қоғамдық бірлестіктер
2. «Қысым көрсетуші топтардың» түрлері
3. Қазақстандағы қоғамдық бірлестіктердің саяси –құқықтық мәртебесі.
Негізгі ұғымдар: лоббизм, қысым көрсетуші топтар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар.
Бақылау сұрақтары:
1. Қоғамдық қозғалыстар саяси партиялардан немен ерекшеленеді?
2. Қысым көрсетуші топтар теориясының негізін салған кім?
3. Қысым көрсетуші топтар қандай өлшеммен жіктеледі?
4. Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстарды білесіз?
5. Қазақстанда қысым көрсетуші топтар бар ма?
6. Қазіргі қоғам қоғамдық қозғалыстарсыз өмір сүре алады ма?
7. Үкіметтік емес ұйымдардың қажеттілігі Қазақстан үшін қаншалықты?
8. Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың заңнамалық негізі қандай?
9. Қазіргі заманғы саяси және бұқаралық демократиялық қозғалыстардың ерекшеліктері қандай?
10. Альтернативті қозғалыстарға жалпы сипаттама беріңіз.
Қосымша әдебиеттер:
1. Қазақстанның бейүкіметтік ұйымдары: кеше, бүгін, ертең – А., 2002
2. Арысанбекова А. Ұлттар ұйымы және Қазақстан – Астана, 2004
3. Жұмабай М. Ұлт мүддесін ойлаған жастар ұйымы: "Ұлан" жастар ұйымыны жайлы// Ана тілі.- 2005.- 15-21 желтоқсан (N 50).- 6 б.
4. Құрмет А. Билік пен бейресми ұйымдар байланысы азаматтық қоғамның дамуына кең жол ашады // Астана хабары.- 2005. - 13 қыркүйек (N 127-129). - 1 б.
5. ҚР қоғамдық бірлестік туралы заңы
6. Дәрімбет Б. «Азат» қозғалысы – А., 2001
10. Саяси даму және жаңару
Сабақтың мақсаты: саяси даму мен жаңарудың негізгі кезеңдерін, өлшемдерін, типтерін тану және Қазақстандағы саяси даму динамикасы мен саяси жаңарудағы реформаларға талдау жасау.
Талданатын сұрақтар:
1. Қоғамның саяси дамуының ұғымы, өлшемдері және шарттары
2. Саяси жаңару: мәні, кезеңдері, бағыттары
3. Саяси жаңарудың тарихи сабақтары.
4. ҚР саяси жаңару процесі
Негізгі ұғымдар: саяси даму, саяси жаңару, контрмодернизация, постмодернизация, өтпелі кезең, «демократияланудың үшінші толқыны», жаңару дағдарысы., саяси даму дағдарысы, қатысу дағдарысы.
Бақылау сұрақтары:
1. Саяси өзгерістердің себебі не?
2. Саяси модернизация теориясының дамуының негізгі кезеңдерін атаңыз
3. Жаңаруды жүзеге асырудағы элитаның ролі қандай?
4. Саяси жаңару процесінің мәніне не жатады?
5. Қоғамның саяси жаңаруының өлшемдері қандай?
6. Саяси даму дағдарысының себебі не?
7. Қазақстандық қоғам сіздің ойыңызша саяси дамыған ба?
8. Жаңарудың негізгі дағдарыстарын талдаңыз. Қазақстан саяси жаңару процесінде олардың қайсысын басынан өткерді?
9. Қазақстандағы соңғы он жылдағы саяси дамуға сипатама беріңіз
10. Қоғамды түбегейлі саяси жаңарту үшін қандай алғышарттар қажет?
Қосымша әдебиеттер:
1. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация, А., 2007
2. Жұмасұлтанова Ғ.Ә., Мырзабекова А.Ш. Постсоветтік кеңістіктегі саяси модернизация: Оқу құралы/, 2007
3. Нұрмағамбетов Б.Ғ. Қазақстан қоғамындағы саяси жаңғырудың әлеуметтік-мәдени негіздері-Қарағанды, 2004
4. Сабитова Р.Р., Нұрмағамбетов Б.Ғ.Қазақстандағы саяси жаңғыру - Қарағанды, 2002
5. Ермеков К.Е. Демократиялыќ даму жолы//САЯСАТ. - 1998. - N10.
6. Қазақстандық қоғамды демократияландыру үрдiсi //АҚИҚАТ. - 1999. - N1
7. Нысанбаев Ә. "Қазақстан.Демократия.Рухани жаңару/ Алматы:, 1999
8. Ілдебаев Т. Демократия және саяси модернизация // Астана хабары.- 2006. - 8 маусым
9. Асанов Т. қазіргі Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқарудың саяси жаңаруы – А., 2005
11. Саяси мәдениет және саяси сана
Сабақтың мақсаты: саяси мәдениет ұғымының мазмұнын ұғыну, оның құрылымдық компоненттерін, тұлға мен қоғамға ықпалын қарастыру және қоғамның социомәдени процесін зерттеу.
Талданатын сұрақтар:
1. Саяси сананың мәні, қалыптастыру жолдары
2. Саяси сананың құрылымы. Қоғамдық пікір.
3. Саяси мәдениет ұғымы, қызметтері, типтері.
Негізгі ұғымдар: саяси мәдениет, аполитизм, конформизм, нонконформизм, саяси салт-дәстүр, субмәдениет, контрмәдениет, саяси сана.
Бақылау сұрақтары:
1. «Саяси мәдениет» ұғымы нені білдіреді?
2. Қоғам және тұлға өмірінде саяси мәдениеттің ролі қандай?
3. Саяси ғылымдар саяси мәдениеттің қандай типтері бар?
4. Қазіргі заманғы саяси мәдениетті қалыптастыруға қандай факторлар ықпал етеді?
5. Қазақстандағы саяси лидерлердің саяси мәдениет белгілерін атаңыз
6. Қазақстандағы саяси мәдениеттің қандай еркшеліктерін атар едіңіз?
7. Саяси сана мен саяси шындықтың арасында қандай байланыстар бар?
8. Саяси сананың құрылымы қандай?
9. Саяси сананың типтерін көрсетіңіз
10. Қоғамның саяси мәдениетінің құрамына қандай элементтер кіреді?
Қосымша әдебиеттер:
1. Әбсаттаров Р.Б. Саяси сана және оның өзекті мәселелері // Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы 2005. - N 1. - 82-101 б.
2. Әбілдаев Қ., Молдабеков Ә. Саяси мәдениет дегеніміз не және оның мәні қандай? //Мәдениет – 2007,№8/9
3. Джаппарова Р. Саяси мәдениетті қалыптастыру факторлары // Қазақстан жоғарғы мектебі.- 2003.- № 4, //Саясат – 2003 - №8
4. Иманбаев М.О.Саяси мәдениет ұғымының әдістемелік анықтамалары // Саясат.- 2002.- N 2
5. Нұсқабаев О., Жаппарова Р. "Саяси мәдениет" ұғымы, құрылымы және оның сипаттамалық белгілері // Яссауи университетінің хабаршысы.- 2000.- N 3
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 305 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Салыстырламы саясаттану | | | Саяси идеология |