Читайте также: |
|
1.Тәжірибелік қондырғыдағы құралдардан 4-суреттегі электрлік сұлба
бойынша тізбек жинау керек.
2. Катушканың ортасына горизонталь жазықтыққа компасты орналастыру
керек. Катушка мен компасты вертикаль ось бойымен айналдыра
отырып, олардың жазықтығын Жердің магниттік NS меридиан жазықты-
ғымен беттестіру керек. Осы шарт орындалғанда компастың магниттік
тілшесі «0» градусты көрсетеді.
3. Реостаттың сырғымалы тиегін кедергінің мәні барынша үлкен болатын
қалыпқа қою керек.
4. Тұрақты ток көзінің кернеу реттегішін сағат тілінің бағытына қарсы
бұрай отырып, ең шеткі сол жағдайға келтіру керек.
5. Тұрақты ток көзін желіге қосу керек. Тізбекті Kкілтпен және АҚ ауыс-
тырып-қосқышпен тұйықтап, реостаттың сырғымалы тиегін жылжыта
отырып, нақты бір ток күшін (I 1) миллиамперметр бойынша қою керек.
6. Компастың магниттік тілшесінің бұрылуы тоқтап, тепе-теңдікке
келгенде, бұрылу бұрышын жазып алу керек.
7. Ауыстырып қосқышпен токтың бағытын өзгертіп, алғашқы I 1 ток
күшіне сәйкес бұрылу бұрышын жазып алу керек.
8. Катушка арқылы өтетін токты өзгертіп, 6 және 7 пункт бойынша өлшеу
жұмыстарын ток күшінің басқа мәндері үшін 4 рет қайталау керек.
9. Әр ток күші үшін бұрылу бұрышының орташа мәнін анықтап, (3)
формула бойынша Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь
құраушысын есептеу керек.
10. Магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысының орташа
мәнін, ізделінген шама үшін абсолют және салыстырмалы
() қателіктер есептелінеді.
11. Өлшеу және есептеу нәтижелері кестеге жазылады.
Кесте
№ | R, м | N | I, А | А/м | А/м | , А/м | , А/м | |||||
Бақылау сұрақтары
1. Магнит индукциясының векторы мен магнит өрісі кернеулігі нені
сипаттайды және олардың арасындағы тәуелділік қандай?
2. Түзу және дөңгелек токтар үшін магнит өрістерінің бағытын анықтау
үшін бұранда ережесін қолдану.
3. Био-Савар-Лаплас заңының оқылуы қалай?
4. Ұзындығы шектелген түзу токтың магнит өрісінің кернеулігі.
5. Дөңгелек токтың осіндегі және центріндегі магнит өрісінің кернеулігін
қорытып шығарыңыз.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 70 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Т е о р и я л ы қ м а ғ л ұ м а т т а р | | | Д і с т е о р и я с ы |