Читайте также:
|
|
Бұл формуладан біз әрбір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келгендігін көреміз. Мысалға, 1993 жылы қылмыстылық деңгейі ең шарықтау шегіне жетті, яғни 206 006 қылмыс жасалды, демек оның коэффициентін есептесек,
Кф = 206 006 х 10 000 (масса) = 121, 18
17 000 000
яғни 1993 жылы әрбір он мың халыққа 121 қылмыс фактісінен келді.
Енді қылмыстылықты он жыл өткен соң салыстырып көрелік. Мысалға, 1999 жылы болса 139 431 қылмыс жасалды, яғни
Кф = 139431х 10 000 (масса) = 93,24
14 953 100
демек, 1999 жылы әрбір он мың халыққа 93 қылмыс фактісінен келсе, 2009 жылғы ахуал одан өзгеше:
Кф = 121667 х 10 000 (масса) = 75,99
16 009 600
Яғни, он жыл өткен соң 2009 ж. Әр он мың халыққа 75 қылмыс фактісінен келген, демек он жыл бұрынғыға қарағанда 18 қылмысқа төмен.
Бұл 1993 жылға қарағанда (Қазақстандағы қылмыстылық деңгейінің ең жоғары дәрежеге көтерілген жылы) 1999 жылы қылмыстылықтың қарқындылығы әлдеқайда төмен дәрежеге түскен. Ал формуланың бөліміндегі 1993 жылы 17 млн. тұрып, 1999 жылы 14,9 млн.-ның, 2009 ж. 16 млн. тұруы халық санының өзгеруімен түсіндіріледі. 2013жылғы дерек бойынша Қазақ елінде әрбір 2 минут сайын 1 бала дүниеге келсе, әрбір 3 минут сайын 1 адам дүние салады. Халық саны демекші оның өзін екі түрлі есептеуге болады. Біріншіден, коэффициент шығару есебі барлық халыққа жүргізіледі, екіншіден, тек қана қылмыстылық жасына жеткен халық арасындағы есеп. Ол үшін жалпы халық санынан он төрт жасқа жетпеген адамдардың саны алынып тасталады. Есептің олай жүргізілетін себебі - алғашқысы қаншалықты қоғамның қылмыстылықпен уланғандығын білдірсе (өйткені, он төртке дейінгі тұлғалар да қылмыс жәбірленушісі бола алады), соңғысы қылмыстылық жасындағы адамдардың қаншалықты криминогендік асқынғандығын көрсетеді.
Коэффициенттің екінші түрі тұлғаға қатысты. Аталмыш коэффициентті анықтау барыснда да дәл осындай формула қолданылады, бірақ жасалған фактілер санының орнына қылмыс жасаған тұлғалар саны тұрады. Мысалға,
Кт = қылмыс жасаған тұлғалар саны х 10 000 (масса)
Халық саны
Егер алғашқы есеп, әр бір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келеді дегенді білдірсе, бұл есеп сол жылы әрбір он мың халықтың қаншасы қылмыс жасаған дегенді білдіреді. Мысалға, 2009 жылы әр он мың халықтың 24-і сотталған.
Кт = 39400 х 10 000 (масса) = 24,6
16 009 600
Бұдан өзге аздап статистикаға соғып өтсек, ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің есебі бойынша 2003ж. -50271, 2004ж. -41755, 2005ж.- 38439, 2006ж. – 32582, 2007ж.- 35497, 2008ж. – 36351, 2009ж. – 39400 адам сотталған.
Қылмыстылықтың құрылымы - бұл белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт аралығында жасалған барлық қылмыстардың ішіндегі нақты қылмыстылық түрінің үлес салмағы және қылмыстар санының арақатынасы. Оны есептеудің де формуласы бар:
Ққ = Қт х 100
Б
Бұл жердегі: Ққ - қылмыстылықтың құрылымы; Қт- нақты қылмыстылықтың түрі; Қб -барлық қылмыстылық саны; ал 100 дегеніміз процентті анықтаушы көрсеткіш.
Мысалға, 1999 жылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы 48,6% болса, керісінше кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстардың салмағы 51,4%; 2000 жылы осындай есеп 48,5% (ауыр мен аса ауыр) және 51,5% (кішігірім және орташа) болса; 2001 жылы - 53% те 47%; 2002 жылы - 51 % те 49 % болған, демек соңғы екі жылда барлық қылмыстылық санында ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы артқан. Не болмаса 1998 жылы кісі өлтіру қылмысы - 2531 болса, пайдақорлық-зорлықшыл қылмыстар (бандитизм, қорқытып алушылық, тонау, қарақшылық) - 13285, ал Есірткімен байланысты қылмыстар - 18 676 болды, қалған қылмыстар өзге қылмыстар десек, бұл да құрылымы, бірақ одан ешқандай да заңдылық жоқ. Заңдылықты олардың үлес-салмағын анықтағанда болады (1-суретті қараңыз).
Заңдылық, сол сияқты, жалпы қылмыстылықтағы жеке қылмыстардың үлес салмағының өзгеруін (қозғалысын) анықтағанда байқалады. Мысалға, төменде көрсетілген қылмыстардың 2006-2010 жылдардағы үлес салмағы мен олардың өзгеруін талдасақ, жыл сайынға ұрлықтың барлық қылмыстыстың ішіндегі үлес салмағы 40,2-45,5% төңірегінде, ал тонау 7,7-8,9% төңірегінде, есірткімен байланысты қылмыстар 6,5-7,9% маңайында, бұзақылық 4,8-6,4% төңірегінде, ал кісі өлтіру мен оған оқталу 1,1-1,3% төңірегінде түрленеді. Кісі өлтіруге тән ерекшелігі біраз жыл қылмыстың тұрақты түрде 1,3% құрап келген. Ол кестені былайша өрнектеуге болады:
Жылдар және қылмыстардың үлес салмағы | Үлес салмағы | Үлес салмағы | Үлес салмағы | Үлес салмағы | Үлес салмағы | |||||
Ұрлық (мыңмен есептегенде | 59,3 | 42,0 % | 51,5 | 40,2 % | 52,7 | 41,3 % | 49,0 | 40,3 % | 60,0 | 45,5 % |
Тонау | 12,6 | 8,9 % | 10,9 | 8,5 % | 11,2 | 8,8 % | 9,3 | 7,7 % | 10,7 | 8,1 % |
Есірткімен байланысты қылмыстар | 10,1 | 7,1 % | 10,1 | 7,9 % | 9,7 | 7,6 % | 9,4 | 7,7 % | 8,6 | 6,5 % |
Бұзақылық | 9,1 | 6,4 % | 7,5 | 5,9 % | 6,1 | 4,8 % | 6,0 | 4,9 % | 6,9 | 5,2 % |
Кісі өлтіру мен оған оқталу | 1,8 | 1,3 % | 1,7 | 1,3 % | 1,7 | 1,3 % | 1,6 | 1,3 % | 1,4 | 1,1 % |
Қалғандары | 48,4 | 34,3 % | 46,3 | 36,2 % | 46,1 | 36,2 % | 46,4 | 38,1 % | 44,3 | 33,6 % |
Барлығы | 141,3 | 100 % | 128,0 | 100 % | 127,5 | 100 % | 121,7 | 100 % | 131,9 | 100 % |
Қылмыстылықтың динамикасы - белгілі бір кезеңдегі қылмыстылықтың деңгейі мен құрылымының өзгеруі, оның қозғалысы. Динамиканы анықтауға байланысты үш түрлі есеп түргізуге болады:
1) ағымдағы талдау - 1 жылға жүргізілетін есеп;
2) жүйелік талдау - жыл сайынғы, бесжылдық сайынға, онжылдық сайынғы қылмыстылықтың қозғалысын анықтау;
3) қылмыстылықтың мерзімдік өзгерістерін талдау.
Осы үш түрлі есеп мынандай үш түрлі әдіспен жүзеге асады: базистік, жалғаспалы, интервалдарды біріктіру әдісі.
Базистік әдістің негізгі ерекшелігі басқа барлық жылдардың көрсеткіштері бір жылдың ғана көрсеткішімен салыстырылады және сол салыстырылушы (базис) жылдың көрсеткіші 100 пайыз деп алынады. Сол жылмен салыстыра отырып есеп жасағанда артып кетсе тек қанша процентке артып кеткендігі ''+'' таңбасы қойыла отырып жазылады, ал керісінше болса ''-'' таңбасы қойыла отырып жазылады.
Келесі жалғаспалы әдіс алдыңғы әдіске ұқсайды, дегенмен, бұл әдісте бір ғана жыл базис деп алынбайды, оның орнына үнемі алдыңғы жыл алынып отырады.
Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылықтың қозғалысын 1990 жылдың көрсеткішімен (базистік әдіс) және алдыңғы жылдарымен (жалғаспалы әдіс) салыстырып шығайық.
Жылдар | Қылмыс-тылықтың деңгейі | 1990 жылмен салыстыр-ғанда | Алдыңғы жылдармен салыстырғанда |
148053 | - | - | |
173858 | +17,4% | +17,4% | |
200873 | +35,6% | +15,5% | |
206006 | +39,1% | +2,5% | |
201796 | +36,2% | -2% | |
183913 | +24,2% | -8,8% | |
183977 | +24,2% | +0,03% | |
165401 | +11,7% | -10% | |
142100 | -4% | -14% | |
139431 | -5,8% | -1,87% | |
150790 | +1,8% | +8,14% |
Сурет.
Жылдар | Қылмыс-тылықтың деңгейі | 2000 жылмен салыстырған-да | Алдыңғы жылдармен салыстырғанда |
150790 | - | - | |
152168 | +0,9% | +0,9% | |
135151 | -10,3% | -11,2% | |
-21,4% | -12,3% | ||
143550 | -4,8% | +21,1 | |
146347 | -2,9% | +1,9% | |
141271 | -6,3% | -3,4% | |
128064 | -15,0% | -9,3% | |
127478 | -15,4% | -0,4% | |
121667 | -19,3% | -4,5% | |
131900 | -12,5% | +8,4% |
Сурет.
Үшінші интервалдарды біріктіру әдісінің бар айырмашылығы - бір жылдың ғана емес бес жылдықтардың, онжылдықтардың немесе елу жылдықтардың көрсеткіштері алынып, жоғарыдағы екі әдістің бірін қолдана отырып есеп жүргізіледі. Ол көрсеткіштерді қоса отырып, абсолюттік санын алуға да, не болмаса олардың орташа көрсеткішін де алуға болады. Мысалға, 1960 жылдан бері қарайғы қылмыстылықтың көрсеткіштерінің әрбір он жылдығын алып көрелік (3-суретті қараңыз).
Онжылдық-тардағы қылмысты-лық | Он жыл бойына жасалған қылмыс-тар саны | Онжылдықтағы орташа көрсеткіш | 60-жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда | Алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда |
ХХ ғ. 60-жылдары | 44344,4 | - | - | |
ХХ ғ. 70-жылдары | 61052,4 | +37,6% | +37,6% | |
ХХ ғ. 80-жылдары | +120% | +60% | ||
ХХ ғ. 90-жылдары | 174540,8 | +293% | +78% | |
ХХІ ғ. 1- онжылдығы | 136497,1 | +207% | -21,7% |
Мына кестеге қарап отырсаңыз тек құрғақ сандар түк те түсіндірмейтіндігіне көзіңіз жетеді. Айталық 60-жылдардағы қылмыстылықтың көрсеткішіне қарағанда 21-ғасырдың алғашқы онжылдығынды қылмыстылық деңгейі 207%-ке өскен. Бұл біздің қоғамның дені қылмыскер боп кетті дегенді әсте білдірмейді, себебі бұл әлі заңдылығын бермейтін тек абсолюттік сандардың көрсеткіші. Енді заңдылығы анық көрінетін әр он мың халыққа шаққандағы көрсеткішін алайық. Ол үшін әр он жылдықтың соңғы жылындағы халық санын есепке алып, қылмыстылықтың орташа көрсеткішіне салып есептейік. Мысалы, 60-жылдардағы орташа көрсеткіш:
Кф = 44344,4 х 10 000 = 34,1
13 000 700
Енді әрі қарай зер салайық:
Онжылдық-тардағы қылмысты-лық | Онжылдықтағы орташа көрсеткіш | Сәйкесінше 1969, 1979, 1989, 1999, 2009 жылдардағы халық саны | Әр бір 10 000 халыққа шаққандағы онжылдық бойынша коэффициент | Сәйкесінше 1969, 1979, 1989, 1999, 2009 жылдардағы қылмыс саны | Сәйкесінше 1969, 1979, 1989, 1999, 2009 жылдардағы әр 10000 халыққа шаққандағы коэффициент |
ХХ ғ. 7-онжылдығы (60-жылдар) | 44344,4 | 13000,7 мың | 34,1 | 40,4 | |
ХХ ғ. 8- онжылдығы (70-жылдар) | 61052,4 | 14684,6 мың | 41,1 | 49,9 | |
ХХ ғ. 9- онжылдығы (80-жылдар) | 97859 | 16536,6 мың | 59,1 | 81,8 | |
ХХ ғ. 10- онжылдығы (90-жылдар) | 174540,8 | 14953,1 мың. | 116,7 | 93,2 | |
ХХІ ғ. 1- онжылдығы | 136497,1 | 16009,6 мың | 85,2 | 75,9 |
Сурет.
Онжылдықтар бойынша коэффициент есептегенде сол он жыл ішіндегі халықтың саны да орташа есепке алу керек, бірақ жыл сайын санақ жүргізілмегендіктен бізде нақты дерек жоқ, тек әр бір он жылдық соңындағы халық санымен салыстырып өттік. Сырқаттың қаншалықты сырқат екенін білдіретін қызу өлшейтін құрал болса, бұл коэффициенттер де қоғамның қаншалықты криминогенді екендігін білдіретін «құрал». Қалай десек те заңдылығы көрініп тұр, жеке жылдармен есептесек, біз 70-80-жылдардың орта деңгейін енді ғана жете-ғабыл деңгейге түстік. 90-жылдар туралы айтудың өзі артық. Ал онжылдықтармен есептегенде 80-жылдардың деңгейіне де жету әлі алыс.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 354 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып: Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі | | | Ж.ж. аралығыдағы қылмыстылық коэффициенттері, оның динамикасы |