Читайте также:
|
|
(Жанбота мен Жиенқұлдың ауылы. Біржан зыңданда. Серік жігіттерімен зыңдан қасыңда ойын бастайды.)
Серік: Ақсақалы ауылдың Ақпай, Тоқпай,
Ақ тайлаққа мінемін бұйда тақпай.
Үйде отырып мен өзім не бітірем,
Осы ауылдың қыздаырн қойдай бақпай?
Ой, қыздарай, қыздарай, жанба жаныс,
Жаңа таныс болғанда, кеттің алыс.
Е-ей, Ой, қыздарай, қыздарай,
Кеттің алыс.
Айналайын, өзімнің алты өлеңім,
Жігіттер: ақ тісі жоқ аузында қарт өлеңім,
Серік: Қарт өлеңім дегенге іренжіме,
Етегінен қыздардың тарт өлеңім.
Ай, қыздарай, қыздарай,
Жанба жаныс жаңа таныс болғанда,
Кеттің алыс. Е-ей, ой, қыздарай, қыздарай,
Кеттің алыс!
Жігіттер: Қарт өлеңім дегенге іренжіме,
Етегінен қыздардың тарт өлеңім.
Ай, қыздарай, қыздарай,
Жанба жаныс жаңа таныс болғанда,
Кеттің алыс. Е-ей, ой, қыздарай, қыздарай,
Кеттің алыс!
(күзетші жігіттерімен шығып кетеді)
Біржан сценасы (зыңданда)
Біржан: тар заман, көрсетің-ау,
Көр азабын, арыды адуын күш,
Асау жаным.
Аңсаған алтын таңым атар қашан?
Амал не, іште кетті-ау бар арманым?
Салынды қолға кісен, тілге ауыздық,
Не пайда қайнағаннан ыстық қаным.
Мұңымды келешекке кім жеткізер, асыл сөз,
Сен болмасаң асқақ әнім! Опық емес ит елім,
өкінбеймін өлімге.
Мен өлгенмен, ел өлмес,
Туар бір ұл өзімдей,
Қуар менің жолымды!
әттең, дүние!
Домбырам, жан серігім, сүйген Сара,
әлпештеп аялатқан қамқор ана.
өмірдің бізге деген нұр сәулесің,
өшірмек мылқау заман бұғау сала.
Асқақ ән, арпалыстың адуынмен, мақсатқа
Жете алмадым, бар ма шара, Сара?
САРА. Сал, Біржан, есеибісің, сүйген жарым,
Жатысң ба тар қапаста қайнап қаның.
Мойыма, мің ерлікке, өмір үміт,
Кешікпес, атар әлі ақ алтын таңың.
Сен үшін қайғы руда ардақты елің,
Аузында асыл жырың, ән өленің.
Ар үшін атқа мінді босатуға,
Жан досың ақын Естай сал
Мен серің. Жанбота жатсадағы
Сотын құрып, тұрса да таудай бөгет:
әдет-ғұрып, белін бу, ақын Біржан,
ел ардағы, өлелік ерлікпенен қарсы тұрып.
Белің бу, бекін ақын, ел ардағы, өлелік
Ерлікпенен қарсы тұрып, ерлікпенен
Қарсы тұрып. Белің бу, бекін, ақын, ел ардағы,
өлелік ерлікпенен қарсы тұрып.
Біржан. Сара, жан сәулем! Қайрат
Шіркін қажыды ау» үнсіз жым-жырт айнала,
Қараңғы көр саңырау! Саражан! Қайран арман!
Дуэт
Сара: қызыл гүлім солдырып,
Ақшыл жүзімді ондырып.
Қараңғы шыңырауда жатсаңдағы,
Тұрғандай құлағымда нәзік үнің.
О, жалғанай.
Табынып сүйюге бас иген сәулем,
Суырып бал тілінен сүйген сәулем.
Баурында оқжетпес пен Көкшетаудың
Жазғы таң, тәтті ләззат етті ау дәурен, жалған дүние
өтті ау дәурен, сал, Біржан!
Біржан: алыстан аңсап қалқам келген күні,
Шығармас естен жаздың майда түні?
О, жалған ай!
Аялаған өмірден тартқан сыйым осы ма?
Табынып сүюге бас иген сәулем,
Суырып бал тілінен сүйген сәулем.
Бауырында оқжетпес пен Көкшетаудың
Жазғы таң, тәтті ләззат өтті ау дәурен,
Жалған дүние а, өтті ау дәурен, сара жан!
(Сара кетеді. Осы кезде Серік, оның жігіттері қайтып келеді. Олар кетіп бара жатқан Сараны көреді.)
Серік. Кеттің алыс!
(Жиенқұл келеді)
Жиенқұл: қазайын ба көріңді? Сілкейін бе теріңді?
Қара жерге қазық қып, қағайын ба өзіңді?
Серік: о, тақсыр –ау, мен не жаздым?
Жиенқұл: не қарап сен отырсың?
Жаңа келіп зынданға, жәдігөймен сөйлесіп,
Кеткен жоқ па біздің жар, а?
Серік. Тақсыр еке ау,
әдейі шыққан едік байқауға.
Көріп қалдық тап қазір,
Келеді екен Біржанға.
Жиенқұл. А?
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 155 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сараның Ариозасы | | | Edit] Membership |