|
Сара: Жан тербеп, ой толқытпай ән болама?
Сүймеген сұм өмірде мән болама?
Ақ отау сүйген жарсыз, сырты сұлу болғанмен,
Ішінде оның сән болама? Сүюсіз ойлап тұрсам,
өмір барма? Сабақтас қызық өмір сүйген жарға.
Ғашыққа бақ құсындай қол жетпесе, жас өмір
Айналғаны мұң мен зарға.
Алтынай: бір жыл туып, бірге өскен,
Тату едік, тәтті едік. Сен де, мен де
Құрбыласым, көлденеңге кездестік.
Айтсамда ауыр, айтпасам, о да
Жеңіл соқпайды. Жүрегіңе дерт салсам,
Деме, құрбым, мені жау.
Сара: Қандай адам, не болған?
Нені айтайын деп едің?
Кім екен ол бақыытсыз?
Айтшы Алтынай!
Алтынай: (Сараға) Сырға бал, сыйға сый,
Тиіп едің арыма...қалай екен
Байқа да көр, батсың солай жанына!
Домбырасын сүйретіп, кірпік қақпай
Күңреніп, естімесең, естіртейін,
Жынданыпты сал Біржан!
(Кетеді)
Сараның ариясы
Жай түсіріп төбеме,
Не деді әлгі Алтынай?
Жынданыпты деді ау Біржан,
Нанайын ба, япырмай!
Шіркін өмір, не жаздым мен,
Қызыл гүлім солдырып.
Осыма еді тартқан сыйың,
Ақшыл жүзімді оңдырып.
Халық айтса, қалып айта ма?
Сөз тарап жүр дабыра.
Қирақ отау, тұрсың неге,
Біржансыз сен адыра?
Қирақ отау, тұрсың неге,
Біржансыз сен адыра!
Жар-Жар
(Той. Сахнаға халық тола бастайды.)
Серік. Бір толарсақ, бір тобық,
Санда болар, жар-жар,
әр адамның тілеуі, алда болар, жар-жар.
«әкем-ай» деп жылама, сұлу бикеш, жар-жар,
әке орнына қайың атаң онда болар, жар-жар!
Хор. Бір толарсақ, бір тобық, санда болар, жар-жар,
әр адамның тілеуі, алда болар, жар-жар.
«Әкем-ай» деп жылама, сұлу бикеш, жар-жар
әке орнына қайың атаң онда болар, жар-жар.
Жаздыкүні ақша қар, жаумақ қайда а-ай,
Құлынтайдай айқасқан, оң жақ қайда, ай,
Оң жақ қайда, азар жақсы болса да, қайың атам,
Жар-жар.
Ай, ай, айналайын әкемдей болмақ қайда, ай,
Болмақ қайда, жар-жар!
Серік: Шымылдығың серпе сал, көрсін әкең, жар-жар,
Көздің жасын көл қылып, төксін шешең, жар-жар!
Жылда-жылда ноғайдан пұл алушы ем, жар-жар,
Бір міндеттен құтылдым десін әкең, жар-жар!
Хор. Шымылдығың серпе сал, көрсін шешең, жар-жар,
Көздің жасын көл қылып, төксін шешең, жар-жар.
Жылда-жылда текшесін бояушы едім, жар-жар,
Бір міндеттен құтылдым десін шешең, жар-жар.
Би
Хор: тойға тойы қосылсын, жас Сараның,
Сарасына арнайды жастар әнін.
Көтерілген отауы. Құтты болсын, ұзақ жасап,
Ішінде сүйсін жарын. Жолы болсын сараның,
Ақ маңдайы ашылсын! Оңы менен солыңа,
Інжу-маржан шашылсын!
Құтты болсын айтамыз, құрбылардың атынан.
Ақ маңдайың ашылсын, бақытты бол, Саражан,
Бақытты бол Саражан.
Тойға тойы қосылсын, жас Сараның,
Сарасына арнайды жастар әнін.
Көтерілген отауы құтты болсын,
Ұзақ жасап, ішінде сүйсін жарын.
Жолы болсын Сараның, ақ маңдайы ашылсын.
Оңыменен солына, інжу маржан шашылсын.
Құтты болсын айтамыз, құрбылардың атынан,
Ақ маңдайың ашылсын, бақытты бол, Саражан!
Бақытты бол, Саражан!
Хор: Е-ей!
Тойлаңдар, Тойлаңдар!
Тойлаңдар, тойлаңдар,
Билеңдер, қызыққа қанайық!
Е-ей!
Саражанның құрметіне би билеген жігіттер,
Көп жасаңдар!
Саражанның құрметіне би билеген жігіттер,
Көп жасаңдар, ей!
Саражан, саражан! Бақытты бол,
Ақын Саражан!
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 336 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жанботаның ариясы | | | Серіктің әні |