|
Жанбота: Ойнағы жын шайтанның күлкі,
Жиын қорладың дін, құдайды, хақтың үйін.
Аяққа аямай-ақ басып жүрсің,
Халықтың әлпештеген болыс биін.
Сен! Қоймасаң бұл қылығың болғаның қор,
Жер Сібір, түрме, зындан тартар сыйың.
Не өмір, не домбыра таңдауыңды ал,
болмасын бірақ арты қиын, арты қиын.
Ойлан, ойлан Біржан, не өмір, не домбыра,
Таңдауыңды ал! Екінің бірі!
Хор: Болыс еке, кешіңіз,
Халық айтқан сөзді ұқта.
әнші, күйші ақынның,
ән мен жыры елдікі.
Еркіне сен қол сұқпа,
Халық айтқан сөзді ұқта.
Болыс, болыс.
Жанбота: Ұста Сараны!
Шығарма үйден! кілтке сал!
(Жанбота және оның нөкерлері топты қуады. Сара қайықта жасырынады. Біржан жалғыз қалады.)
Біржанның қортынды ариясы
Біржан: Дариға-ай, толқын ұрған асау жаным,
Жиһанның көрем қашан атқан таның!
Ақ тоты, аяулы ерке түсті сорға,
Нешара босатуға бар ма амалым, ай?
Мен мәңгі, сүйген сәулем, айрылдым ба?
Аққуым қос қанатың қайрылды ма?
Тас кескен тауға салса ақ семсер ем,
Мұқалып мен де бүгін майрылдым ба?
Опасыз алды артың жоқ дүние жалған,
Жазылмас көкірекке қайғы салған!
Бездірдің, бездім бүгін, кеттім қаңғып,
Басқаны іздемеймін Саражаннан.
Көкшетау, құшағыңды аш, едің
Анам, бәрін де етті талақ ерке
Балаң. Домбырам, жан серігім,
ән мен өлең, оқжетпес
қия тасы болар панам, ай
болар панам. О, сара!
(Жиенқұлдың ауылы. Қыздар үй тігіп, тойға дайындалып жатыр.)
Қыздар хоры: Сараның құты болсын-ай,
Ақ ордасы, шалықтап,
Қатар өссін мал мен басы!
Күміс пен керегесін-ай
Нақыштатқан сап алтын
Сықырлауық босағасы
Туырлығы пірәннен,
Меруерт маржан уық бау
Отауы әшекейлі-ай
Гүл-гүл жанған бас құры
Ені бір кез зермен шалған.
Пірәннен туырлығын-ай,
Оюлатып, теріне түкті кілем
Төсеп салған. Дөдегең оймыш алтын зер,
Салтанатқа дарқанау. Ақнау
Серік келеді
Серік: Естідің бе, Алтынай
Жынданыпты, құтырыпты
Жан шошырлық түрінен
Зыр жүгіріп, ел ақтап,
Тыным таппай түнімен.
Екі иығын жұлып жеп,
Шарпиды елді тілімен.
Бақытсыздық басқа түссе,
Көнбеске не шара бар?
Алтынай. Не болыпты, жаным-ау?
Оныңыз кім, ағатай?
Жан шошырлық түрінен...
Бақытсыздық!
Хор: бақытсыздық!
Серік: Жай түскендей ауыр дерттің,
Айықпайтын түрі бар,
Тағылардай тау арасы мекені,
Елден безіп, мүлде кеткен деседі...
Алба жұлба киімі, жан шошырлық түрінен.
Кірпік қақпай күңренумен,
Шығад дейді түнімен, о, құдырет,
Тап болған ғой аруаққа,
өзімен кетсін бәлекет! Бәлекет! Бәлекет!
Аналық: аты, жөні кім екен?
Оныңыз кім, ағатай?
Серік: Домбырасын сүйретіп, кірпік қақпай күңреніп,
Естімесең, естіртейін, жынданыпты сал Біржан!
Сал Біржан! Сал Біржан! Сал Біржан!
Аналық: Сал Біржан? Сал Біржан, Сал Біржан!
Хор: қайран ақын, қор болған!
(Серік пен қыздар кетеді. Алтынай Сараны тосып үйдің артында тасаланады.)
Алтынайға
Серік: Естірт Сараға! Бездір Біржаннан!
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 108 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Аналық пен Біржан сценасы | | | Сараның Ариозасы |