Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жергілікті анестезияның түрлері

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ХИРУРГИЯСЫ. БАСҚА МЕДИЦИНА САЛАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ. ДАМУ ЖОЛДАРЫ | Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру | Хиругия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру | ХИРИРУГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАҚ-БЕТ АУРУЛАРЫН ТЕКСЕРУ | Наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері | Инфильтрациялы анестезия | Ткізгіш анестезиялар | Төменгі жақтың өткізгіш анестезиялары. Мандибуляр (төменгі жақ) анестезиясы. (7 сурет). | Жергілікті анестезиялардан кейінгі асқынулар | ТІС ЖҰЛУ ОПЕРАЦИЯСЫН ЖАСАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР |


Читайте также:
  1. Айтыстың түрлері. Жанрлық ерекшеліктері.
  2. Атты ерітінділердің негізгі түрлері қандай?
  3. Балдың жіктелуі мен түрлері
  4. Босаңдатудың негізгі түрлерін көрсетіңіз.
  5. Гидролиздің түрлері
  6. Дәріс 6. Жүйелердің күй – кесте сызбаларының негізгі түрлері. П.С. Курнаковтың заңы.
  7. Жарнама түсінігінің мәні неде? Жарнаманын атқаратын қызметтері, түрлері мен оларды тарату құралдарын сипаттап беріңіз

Жергілікті анестезия инъекциялы және инъекциялы емес болып бөлінеді. Инъекциялыға – инфильтрациялық, өткізгіштік, А.В. Вишневскийдің «жылжушы инфильтраты», инъекциялы емеске – химиялық, физикалық, физика-химиялық, инесіз инъектор, инерефлексанестезия жатады.

Жергілікті анестезияның инъекциялы емес түрлері. Апликация анестезиясы (сыртқы-терминальды, химиялық түрі) анестетикті белгілі бір жерге жағу немесе басып тұру. Анестезияның бұл түрі ауыз қуысы мен мұрынның кілегей қабығына қолданылады (дикаин, лидокаин, анестезин).

Кілегей қабықты сілекейден құрғатып, мақталы тампонды анестетикке батырып немесе ұнтағын сеуіп анестезия жасалатын жерге 2-3 минутке қояды.

Химиялық түріне көз ауруларында қолданылатын тамшыларды айтуға болады.

Физикалық түріне өте төмен температурамен мұздату (хлорэтил) жатады. Себілген дәрң тез буланып тін салқындап барып мұздайды, нәтижеде сыртқы нерв талшықтарының өткізгіштігі тоқталынады.

Хлоэтил (қайнау температурасы 12-13°) ампуладан 30-35 см қашықтықтан анестезия жасалатын жерге шапшып ағады. Бұл тәсіл қазір стоматологияда қолданылмайды.

Физика-химиялық түрі – бұл электрофарех арқылы анестетикті тінге енгізу. Үшкіл нервтің невралгиясын емдеуге, тістің қатты тіндерін анестезия жасауға қолданылады.

Соңғы кездегі стоматологияда анестезияның жаңа түрлері рефлекстерапия, инешаншу, электроакупунктура – аналгезия өріс алды.

Жергілікті анестезияның инъекциялы түрі. Анестетиктің тінге ине немесе жоғары қысым арқылы енгізілуі инъекция түріне жатады. 1853 жылы Вудтың іші қуыс ине арқылы операция жасалатын жерге әртүрлі дәрілерді енгізуі инъекциялы анестезияға жол ашты. Шприц пен инеге мынандай талаптар қойылады: поршеньнің шприцке дәл келуі, иненің ұзындығы 4-5 см-дей болуы, тиісті тереңдікке енгізілген соң да иненің 1-1,5 см-дейі қалуы керек, иненің түбі таттанбаған, ұшы қайырылмаған, ұшы 45° бұрышпен өткір болуы шарт. Ең дұрысы бір-ақ рет қолданылатын шприц.

Аспаптарды стерилизациялау. Ыдысты шприц пен инені мұқият жуады, содан соң биолот (1 литр суға 5 г биолот) ерітіндісі немесе 3% сутегі тотығына 0,5% синтетикалық жуатын ерітіндісімен тазартады. Тағы да суға жуып 45 минут бойы тазартылған суда қайнатады. Шпицтерді шынысын дәкеге орап, поршенін бөлек алып салқын суға салып қайнатады. Инелерді мандрендерімен қайнатады. Шпирцтер мен инелерді арнайы стерилизаторларда дайындайды.

Анестезияның инъекциялы түрлерін дәл орындау үшін, жақ пен беттің анатомиясын, жақ сүйектердің құрылысымен кілегей қабықтың жылжымалы, жылжымайтын бөліктерін білу, тістердің инервациясы, жақ айналасындағы тіндер жайлы мәліметтерді жете білу қажет.

Анестезияны орындауда мынадай реттілік шараларды есте сақтаған абзал. Олар нысана анестетиктің жіберілетін жері, нысананы анықтайтын белгілер (нысана маңындағы анатомиялық құрылымдар), ине шаншитын нүкте (ине бағытының қиылысы), бағыт, шаншу тереңдігі, анестезия жасайтын нерв, анестезия аумағы.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 300 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯДА ЖЕРГІЛІКТІ АНЕСТЕЗИЯҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДӘРІЛЕРГЕ КЛИНИКА-ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ| Жақ пен жақ айналасының нервтенуі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)