Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тіс жҰлу операциясын жасайтын жаҒдайлар

Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру | Хиругия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру | ХИРИРУГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАҚ-БЕТ АУРУЛАРЫН ТЕКСЕРУ | Наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері | ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯДА ЖЕРГІЛІКТІ АНЕСТЕЗИЯҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДӘРІЛЕРГЕ КЛИНИКА-ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ | Жергілікті анестезияның түрлері | Жақ пен жақ айналасының нервтенуі. | Инфильтрациялы анестезия | Ткізгіш анестезиялар | Төменгі жақтың өткізгіш анестезиялары. Мандибуляр (төменгі жақ) анестезиясы. (7 сурет). |


Қажеттіліктер толық (абсолютное п) және жартылай (относительное п.) Танфильев Д.Е. 1966) жалпы және жергілікті (Бернадский Ю.И.., 1970), жедел (срочное п.) және жоспарлы (плановое п.,), (Заусаев В.И., 1981) болып жіктеледі.

Жедел және толық қажеттілікке жедел ағымды одонтогендік инфекция (остеомиелит, абсцесс, флегмона, периостит) жатады. Қабыну процесі басталуынан көп кешікпей ауру тіс жұлынса, онда инфекцияның әрі қарай тарауы тоқтатылып, тезірек оң нәтижеге қол жетеді. Қабыну процессі ұлғайып кетсе, тіс жұлу операциясы жеткіліксіз деп табылады. Қосымша көшпелі қатпар, басқа да жақ айналасындағы жұмсақ тіндерді тіліп, жалпы ем жүргізу қажет.

Консервативті ем нәтижесіз болса, қабыну процессі асқынып кетсе, одонтогенді хрониосепсис кезінде ауру тіс шұғыл түрде жұлынады.

Жоспарлы қажеттіліктер мыналар:

1. Сауыты түгел бұзылып, түбірі протез салуға пайдалануға жарамай қалған тіс;

2. Түбірі қисық, өзегі бітеу болып, реплантация мен түбір ұшының резекциясын жасауға, емдеп жазуға болмайтын тіс;

3. Гаймор қуысындағы қабынуға себепкер тіс;

4. Ішкі ағзалардың ауруына себепкер тіс;

5. Пародонтоздың 3 дәрежесінде босап қалған тіс;

6. Ортодонтикалық ем кезінде басқа тіске орын босату үшін;

7. Антогенисін ерте жоғалтып, орнынан мейлінше шығып кеткен (Попов-Годон фонемені), протезге пайдалануға жарамсыз күйге жеткен конвергенция, алынатын протездің орнықты тұруына кедергі жасайтын соңғы тіс;

8. Жақ сүйегі сынғанда сынық сызығында қалып инфекцияны әрі қарай тарататын, сынықтардың кедергі жасайтын, сынған, мейлінше босаған тіс;

9. Сауытын жонса да тіл, ерін қанат-жақ қатпарын жаралайтын тіс;

10. Ортодонтиялық емге келмейтін, тіс доғасынан тыс (жоғарғы сүйір тістер) тіс (косметикалық пайымдау негізінде жұлады);

11. Ретенцияға, дистопияға ұшыраған қиыншылықпен шығатын (ақыл тістер) тіс;

12. Альвеола өсіндісіндегі киста мен ісікті радикалды операция жасап алып тастағанда жыланкөздің шығуына кінәлі тіс.

Сүт тістерді жұлу қажеттілігі балалар стоматологиясында айтылады.

Жоспарлы жағдайда жұлуды (жартылай қажеттілік) 1-2 күн кейінге қалдырғанмен науқастың денсаулығына пәлендей нұсан келмейді.

Қорыта айтқанда, қажеттілік бар кезде тісті мүмкіндігінше ертерек жұлу дұрыс болып табылады.

 

ТІС ЖҰЛУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР (ЖАРТЫЛАЙ)

Тіс жұлуға толық қарсылық жоқ. Жартылай жұлуға болмайтын жағдайлар жалпы және жергілікті деп бөлінеді.

Жалпы жұлуға болмайтын жағдайлар:

1. Қан аурулары (гемофилия, геморрагиялық диатез, анемия, лейкемия);

2. Жүрек-қан тамырлары аурулары (миокард инфаркты, декомпенсациялы жүрек ақауы т.б.)

3. Жұқпалы аурулар;

4. Нерв жүйесінің аурулары (эпилепсия, психоз т.б.)

5. Екіқабат кезде, етеккір келгенде

Қан ауруларымен ауырған науқастың тісін жұлған соң тіс ұясынан аққан қан көпке дейін тиылмауы мүмкін. Сондықтан науқасты стационарға жатқызып гематологтың қатысуымен емдеп, содан соң тісін жұлуға болады.

Күнделікті бақылау кезінде қанның ұюы 4-5 мин-ке жеткенде (қалыпты жағдайдың жоғарғы шегі) тісті жұлуға болады. Дәрігер гематологтың емін жарақат жазылғанша жүргізу керек.

Лейкемия ауруы кезінде ауызда жара, некроз болғандығын ескеріп, тіс жұлғанда, оның айналасындағы тіндерді қорғау керек. Етеккір келгенде әйелдердің қан ұюы нашарлайды. Сондықтан егер аса қажеттілік болмаса, тісті етеккір тоқтаған соң 2-3 күннен кейін жұлуға болады.

Жүрек-қан тамырлары бұзылыстарына байланысты болмайтын жағдайлар. Жалпы дәрігерлік дайындықтан соң тісті емханада немесе стационарда жұлуға болады.

Ауыр науқастардың тісін жұлуға болмайтын жағдайларды А.И. Рыбаков (1962) тым артық айтылған деп есептейді. Шұғыл қажеттілік кезінде (жедел ағымды одонтогенді инфекция) асқынудың алдын алып, абайлап, тісті жұлудың еш қиындығы жоқ. Тіс жұлудың алдында терапевтпен кеңескен дұрыс.

В.З. Скоробогатьконың (1966) мәліметі бойынша, тіс жұлған соң кейбір аурулардың асқынуы мүмкін (қан қысымы көтеріліп, жалпы әлсіздік, жүрек соғуы жиілеп, төс қыры, жүрек тұсы сыздап ауырады).

З.М. Миканба (1958) жүрек-қан тамырлары ауыратын науқастарды жете зерттеп, олардың тісін жұлуға толық қарсылық жоқ деп табады. Ол өзінің әдістемелік хатында (1963) ауруларды 3 топқа бөледі.

1 топ. Қарсылықтары жартылай, тістерін емханада жұла беруге болатын аурулар түрлері: 1) жүректің органикалық ақауы; 2) кардиосклероз;

3) кризге ұшырамаған 1-2-3 дәрежелі гипертония; 4) қан айналымының 1-2 дәрежелі созылмалы кемшілігі; 5) ревматизмнің өршу фазасындағы жүректің органикалық ақауы; 6) жүрек астмасы мен стенокардия ұстамалары жоқ жүрек инфарктына үш айдан астам уақыт өтсе.

2 топ. Қарсылықтары толық аурулар түрлері; 1) жедел ағымды миокард инфарктының алғашқы күндері; 2) инфарктың асқынулары – жиі қайталайтын коллапс пен жүрек қарыншаларының жедел ағымды аневризмасы; 3) гипертониялық криздер.

3 топ. Жартылай қарсылықтары бар аурулар. Жиі стенокардия ұстамасы бар созылмалы жүрек кемшілігі бар аурулар. Жеделдету септикалық эндокардит пен жүрек қарыншасының созылмалы аневризмасы бар аурулар терапевтикалық стационарда емделіп болған соң терапевтің кеңесімен тіс жұлу мәселесі шешіледі.

Барлық жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауырған науқастарды псхика-эмоциональды, гормональды дайындықтан (премедикация, тиянақты анестезия) өткізеді. Анестетиктерге адреналин қосылмайды. Қорқу, қобалжуды болдырмайтын дәрілер беріледі. Жүрек-қан тамырларының қызметі дұрыс жүріп тұруы үшін жүрек гликозидтері, тіндегі зат алмасуын жақсартатын, антиаритмикалық дәрілер беріледі.

Жұқпалы аурулар кезінде науқас организмнің қорғаныс күштері әлсірейді, соны ескеріп, тиісті қажеттілік болмаса тіс жұлуға болмайды. Жартылай қарсылықтарға нерв жүйесінің аурулары жатады (истерия, эпилепсия, психхозда т.б.). маман дәрігермен кеңесіп, кішігірім дайындықтан соң олардың тістерін жұлуға болады.

Екіқабат әйелдердің емдеуге болмайтын тістерін санация кезінде жұлу қажет. Әйтпесе, тісті жұлудан бұрын акушер-гинекологпен кеңесіп алу керек. Екіқабат әйел сырқат болса тіс жұлу кезінде бала тастап қою қаупі бар. Санация жасауға ең қолайлы мезгіл үшінші айдан сегізінше айға дейінгі аралық. Себебі, 1-2 ай ішінде лоқсу, сілекей шұбыру, тағы сол сияқты ыңғайсыз жайлар мазаласа, 8-9 айларда әйелдің дәрігерге қатынап, тістерін емдетуі де біраз қиыншылық тудырады.

Жаралы-некроз стоматиті мен гингивит тіс жұлуға жергілікті жартылай қарсылық болып саналады. Жалпы алғанда ауызда жара пайда болуы кілегей қабықтың иммунитетінің төмендеп микрофлораның күшеюінің дәлелі. Сондықтан, шұғыл қажеттілік болмаса тіс жұлуды жара беті қабыршықтанып жазыла бастаған кезге дейін қалдыра тұрған жөн. Төменгі жақтың аздап қозғалған соңғы тісін жұлуды кейінге қалдыра тұру, оны аз уақыт болсада алынбалы протездің қалыптасуына септігін тигізетін мүмкіндігіне байланысты.

Қатерлі ісік аумағындағы тісті жұлудың қажеті жоқ, ол ісікті операция жасап алған кезде бірге кетеді. Олай етпегенде, тіс жұлу, ісіктің тез-өсуіне, жайылынуына әкеліп соқтырады.

Қорыта айтқанда, атап өткен аурулар мен жедел ағымды сәуле ауруы, бүйректің жұқпалы ауруы т.б. тіс жұлуға жартылай қарсылық болып саналады. Толық қажеттілік (жедел ағымды қабыну процессі) болмаса, стоматолог тиісті мамандармен ақылдасып, науқасты дайындап болған соң барып тіс жұлады. Науқастың халі – жағдайы қиын болса, бұл жұмыстардың бәрі стационарда жасалады. Асқынып кетудің алдын алу үшін лекоз, агранулацитоз, сәуле ауруы, септикалық эндокардит, ревматизм, нефрит ауруларына антибактериалды терапия жүргізу қажет.

Науқас тарихына байланысты мәліметтер, тіс жұлу операциясы қысқа да дәл түрде құжаттарда жазылып отырылуы шарт.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жергілікті анестезиялардан кейінгі асқынулар| Тіс жұлу әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)