Читайте также:
|
|
Сұрақтар:
1. Аяқ, қол, тіс, аяқ киім іздерінің сот сараптамасы;
2. Сындыру құралдарының және жабу механизмдерінің сот сараптамасы;
3. Транспорт іздерінің сараптамасы;
4. Жануарлар іздернің сараптамасы;
5. Қылмыскердің немесе жәбірленушінің киімдерінің механикалық бүлінуі бойынша сот сараптамасы;
6. Жаппай өндіріс заттарының сот сараптамасы (судебная экспертиза изделий массового производства).
Трасологиялық сараптаманың объектісі із қабылдайтын заттардың беткі жағына түскен бейнелер мен осы ізді қалдырушы заттардың өзі болып табылады. Сондықтан трасологиялық сараптаманың объектілері адам, жануарлар, транспорт құралдары, сындыру құралдары болып келеді. Трасологиялық сараптаманың мынандай түрлері бар:
· Аяқ, қол, тіс, аяқ киім іздерінің сот сараптамасы;
· Сындыру құралдарының және жабу механизмдерінің сот сараптамасы;
· Транспорт іздерінің сараптамасы;
· Жануарлар іздернің сараптамасы;
· Қылмыскердің немесе жәбірленушінің киімдерінің механикалық бүлінуі бойынша сот сараптамасы;
· Жаппай өндіріс заттарының сот сараптамасы (судебная экспертиза изделий массового производства).
Трасологиялық сараптаманың заты іздерді зерттеу кезінде анықталатын-адамдардың, жануарлардың, сындыру, транспорт құралдарының сыртқы жағы бейнелерінің уақиға болған жерде қалуын анықтауға арналған сот трасологиясы саласындағы арнайы білімді қолдану арқылы алынатын нақтылы мәліметтер болып табылады.
Трасологиялық сараптаманың міндеттері идентификациялық емес (диагностикалық, ситуациялық, классификациялық) және идентификациялық деп екі топқа бөлінеді.
Диагностикалық міндеттер іздерді табуға және алуға, сонымен қатар із қалдырушы объектінің идентификациялық мақсаттары үшін жарамдылығын анықтауға бағытталған.
Классификациялық міндеттер табылған және зерттелетін іздің қандай түрге, топқа жататындығын анықтауды білдіреді.
Ситуациялық міндеттер іздің қалуына себеп болған жағдайларды, іздердің пайда болу кезектілігін, із қалу кезінде солізді қалдырушы объектіде болған өзгерістерді т.б. анықтауға бағытталған.
Идентификациялық міндеттер із қалдырған нақты объектіні (адамды, жануарды, транспортты т.б.) жекешелеуді, сонымен қатар әр түрлі ерекшеліктері бойынша бүтін объектінің ұқсастығын анықтады білдіреді.
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 460 | Нарушение авторских прав