Читайте также:
|
|
1. Сот сараптамасының түрлері.
2. Сот сараптамасының кластары.
Сот сараптамасы қызметін іске асыруды ұйымдастыру барысында сот сараптамасын топтастырудың ғылыми негізділігі туралы мәселені шешу маңызды лорын алады. Оны шешу бірқатар факторлармен анықталады, олардың ортасында келесілерге көңіл аудару керек.
Ең алдымен сараптаманы топтастыру-бұл сараптамалық білім саласы туралы ғылыммен қалыптасқан жүйеленген түсініктің болуы. Оның бағытын бір мағынада анықтау, осы ғылыми және практикалық саланың жүйеленген түсінігін қалыптастырып ғана қоймайды, сонымен бірге практикада осы арқылы іске асырылатын құрылымдық элементтерін бөлуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, нәтижесінде сот сараптамасын жүргізу кезінде көрінетін танымдық сараптамалық қызметтің құрылымдық элементтерін дифференциациялау, арнайы мақсатта сот өндірісінде қолданылатын ғылыми білімді бөлу үшін негізделуі қажетті болатын объективтік критерийді анықтауды талап етеді.
Сот сараптамалық қызметтің практикасында кезінде А.Р. Шляховтың қарастырған сот сараптамасын топтастыру қолданылады.[2] Ол сот сараптамасының барлығын тоғыз класқа бөлген және бұл кластар онан әрі қарай топтарға, түрлерге бөлінеді. Сот сараптамасының кластарына мыналар жатқызылған: криминалистикалық, сот инженерлік-транспорттық, сот экономикалық, сот биологиялық, сот инженерлік-техникалық, сот инженерлік-технологиялық, сот ауыл шаруашылық, сот экологиялық, сот медициналық және психофизиологиялық.
Бұл топатстыру сараптаманы бір уақытта үш негіз бойынша бөлуге негізделген: заты (предмет), объектісі, және зерттеу методикасы.
О. В. Жгенти сот сараптамасының түрлерін мұнан да әрі нақтылауды ұсынып, ол сот сараптамасының мынандай класстарын ұсынады: криминалистикалық, биолого-медициналық, экономикалық, инженер-техникалық, ауыл шаруашылық, сот-транспорттық[3].
Сот сараптамасының түрлері, яғни криминалистикалық, экономикалық, инженер-техникалық және өзге де түрлері осы ғылымдардағы салалар бойынша әрі қарай дифферинциациялана алады.
Сот сараптамасын жоғарыда атаған негіз бойынша былай топтастыруға болады:
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 262 | Нарушение авторских прав