Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сот-қол жазба сараптамасы



Читайте также:
  1. Сұрақ. Сот сараптамасының әдістемелік негіздері
  2. Сарапшыға немесе сот сараптамасы органына сараптама тағайындалған материалдарды беру.
  3. Сот сараптамасының жеке теориялары.
  4. Сот сараптамасының объектілері
  5. Сот сараптамасының теориясы мен әдістемелеріне кіріспе.
  6. Тақырып. Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негіздері

Сот-қол жазба сараптамасының объектісі –бұл қолмен жазылған әріптер мен цифрлар жазбалары, адамның қолы, әр түрлі символдар. Өз кезегінде бұл объектілер әр түрлі жастағы адамдардың, шала сауатты адамдардың, психикалық ауру адамдардың жазбалары мен қол қоюларына, сонымен қатар әр түрлі жағдайларда жазылған жазбаларға бөлінеді. Осылардың түрлеріне қарай әр түрлі зерттеу әдістемелері болады. Мысалы мас адамдардың, шала сауатты адамдардың жазбаларын зерттеу методикасы.

Сот-қол жазба сараптамасының затын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот-қол жазба саласындағы арнайы білімнің негізінде анықталатын жағдайлар құрайды.

Сот-қол жазба сараптамасымен шешілетін міндеттер диагностикалық және ситуациялық, классификациялық және идентификациялық деп бөлінеді.

Диагностикалық және ситуациялық міндеттер қол жазбаны орындау кезінде белгілі бір фактілердің әсер еткендігін, сонымен қатар жазбаның нақты жағдайы мен түрін анықтауғка бағытталған (мысалы мас, қорқу кездерінде немесе өз қолын әдейі өзгертіп қою жағдайлары).

Бұл міндетті шешу кезінде мынандай сұрақтар қойылуы мүмкін.

- Осы жазба немесе қол қою әдейі өзгертіліп орындалған ба?

- Осы қол жазба немесе қол қою әдеттегідей емес жағдайда орындалған ба? Мысалы әдеттегідей емес позада және т.б.

- Осы қол жазба немесе қол қою әдеттегідей емес қандай да бір жағдайда орындалған ба? Мысалы мас немесе қатты науқастану жағдайында.

- Осы қол жазба немесе қол қою біреудің қолына еліктеп қойылған ба?

- Сөз немесе цифр алғашқы текстке басқа біреудің қолымен қосылып жазылған ба?

- Сөз немесе цифр алғашқы текстке басқа бір жағдайдың әсерімен қосылып жазылған ба?

Классификакциялық міндеттер адамның жасы, жынысы сияқты қол жазбаны жазушының жалпы белгілерін анықтауға арналған. Бұл міндететр бойынша мынандай сұрақтар қойылуы мүмкін.

- Жазба немиесе қойылған қол ер адаммен немесе әйелмен қойылған ба?

- Жазбаны орындаған адамның жас шамасы нешеде?

- Жазбаны орындаған адамның сауаттылық білім деңгейі қандай?

- Мәтін оң немесе сол қолмен қойылған ба?

Идентификациялық міндеттер -бұл нақты бір адамның қол жазбаларындағы белгілі бір сөздер мен цифрлардың жеке ұқсастығы бар немесе жоқ екендігін анықтау бойынша, сонымен қатар әр түрлі мәтіндердің осы немесе басқа дамдармен жазылғандығын анықтауға арналған.

Бұл міндет бойынша мынандай сұрақтар қойыла алады:

- Зерттелетін құжаттағы мәтін Н. немесе басқа адаммен жазылған ба? (Құжаттың атын, нақты жазбаларын, оның құжатта орналасқан жерін көрсет).

- Цифрлық жазбалар Н. немесе басқа адаммен жазылған ба? (Құжаттың атын, нақты жазбаларын, оның құжатта орналасқан жерін көрсет).

- И. атынан қол өзімен қойылған ба немесе басқа адам қойған ба?

- Бір неше құжаттағы жазбалар немесе бір құжаттың жекелеген бөлігіндегі мәтін бір адаммен немесе әр түрлі адамдармен орындалған ба?

 


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 479 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)