Читайте также: |
|
Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулының мазмұны мен формасы процессуалдық құжат ретінде жеке лекция сабағында қарастырылады, бұл жерде, барлық жоғарыда аталған ұйымдастырушылық мәселелерді шешу осы құжатты орындаудың сапасына және оның ережелерін сарапшының немесе сараптама мекемесінің толық орындап шығуына байланысты екендігін айта кету керек.
Сараптама тағайындалған материалдарды беру дәлелдеу субъектісінің тікелей (өзінің) немесе почта арқылы беуімен іске асырылады. Тергеушінің (соттың) сараптама жүргізу объектісінің тым үлкен немесе өзге де себептерге байланысты қаулымен бірге тапсыра алмайтын кездері болады. Мұндай жағдайда процессуалдық заңға сәйкес объектіге күзет қойылуы керек және сарапшыны сол жерге әкелу қажет. Барлық жағдайда процессті жүргізіп отырған орган сараптама тағайындау туралы қаулының сарапшыға немесе сараптама мекемесіне берілу күнін көрсетуі керек.
Сот сараптамасы органына немесе сот сарапшысына материалдарды беру бойынша сараптама тағайындау кезінде заңның сот сараптамасын жүргізу мерзімін белгілейтіндігін ескеру керек. Бұл ұйымдастырушылық сұрақ «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңының 25 бабымен реттелген және келесідей нормативтік ережелерді келтіреді:
- Сот сараптамасын жүргiзу мерзiмi сот сараптамасы органы не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын, сот сарапшысы ретiнде тартылған адам сот сараптамасын және оның объектiлерiн тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды iс жүргiзуге қабылдаған күннен бастап есептеледi.
- Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы көздеген ерекше жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасын жүргiзу мерзiмi отыз тәулiктен аспауға тиiс.
- Сот сараптамасын жүргiзу мерзiмiн ұзартуды сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелдi өтiнiшi бойынша сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) жүзеге асырады.
- Сот сараптамаларының күрделiлiк санаттарын айқындаудың жалпы критерийлерiн, олардың күрделiлiк санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргiзу мерзiмдерiн есептеу тәртiбiн, сондай-ақ сот сараптамасын жүргiзу мерзiмiн ұзарту тәртiбiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы белгiлейдi.
4. Осы Заңда белгiленген жағдайда сот сараптамасын жүргiзудi тоқтата тұру ол үшiн негiз болған мән-жайлар жойылғанға дейiн, бiрақ он тәулiктен асырылмай жүргiзiледi. Егер сот сараптамасын жүргiзудi тоқтата тұру үшiн негiз болған мән-жайлар көрсетiлген мерзiм iшiнде жойылмаса, сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлама жiберiледi.
5. Сот сарапшысының қорытындысы немесе қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлама олар жасалғаннан кейiн үш тәулiк iшiнде сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жiберiледi.
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 185 | Нарушение авторских прав