Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мектептегі физикалық эксперимент техникасының негізгі міндеттері

Читайте также:
  1. YIII.3.2.Эксперимент
  2. А) Негізгіәдебиеттер
  3. АВТОМАТТЫ ӨЛШЕУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢТ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
  4. Активность экспериментатора в психологическом эксперименте
  5. Анализ результатов опытно-экспериментального исследования
  6. АНАЛОГТЫҚ-ЦИФРЛІК ЖӘНЕ ЦИФРЛІК-АНАЛОГТЫҚ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
  7. Асимметрия вывода на основе экспериментальных данных

Физикалық экспериметтің техникасы мен әдістемесі туралы зертханалық практикумның негізгі міндеттері мыналар:

1.Орта мектеп курсы бойынша демонстрациялық тәжрибиелерді өз бетінше қою және көрсету процесі кезінде студенттер демонстрациялық экспериментті әдістемелік және техникалық тұрғыдан дұрыс қою шеберлігін, сонымен бірге демонстрациялық педагогикалық эффектісін ең жоғары дәрежеге жеткізу үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдерді меңгеру керек.

2. Зертханада жұмыс істеу студенттерге тек ғана белгілі білім, дағды және шеберлік беру емес, сондай – ақ экспериметті сүюге, оны әсер жеткілікті дәрежеде қоя білуге үйретіп, олардың өз бетінше жұмыс істеуі мен инициативасын дамыту керек. Бұл мұғалімнің сабақты экспериментпен жабдықтауына, әдістемелік әдебиеттердің жаңа ұсыныстарын шығармашылықпен меңгеруге мүмкіндік береді.

3. Кез келген жағдайларда да физика кабинетін жасауға және оның жұмысын тиімді жүргізуге жәрдемдесетіндей, студенттерді мектеп физика кабинетін ұйымдастыру мен жабдықтаудың негізімен таныстыру қажет.

4. Физика әдістемесі зертханасында жұмыс істеу процесінде студенттер мектеп үшін біздің өнеркәсіп шығаратын физикалық құралдардың біршама санын білуі және практика жүзінде меңгеруі керек.

Ең алдымен студенттер мектеп физика кабинетінің мынандай негізгі (жалпы) құралдарын оқып біліп алуы керек: проекциялық аппаратура, ток көздері, түзеткіштер, электр өлшеуіш приборлар, нассостар, электр тогын бөлуші құрылғы, жылу көздері, осцилограф, трансформаторлар.

5. Студенттерді фронталдық зертханалық жұмыстарды және мектептегі физикалық жұмыстарды және мектептегі физикалық практикум жұмыстарын қоюға үйрету қажет. Олар мұндай жағдайда жұмыстың нақты мақсатын анықтап, аппаратураларды өте тиімді түрде таңдай білу және өлшеудің мүмкін боларлық дәлелдігін ескеру, өлшеулердің немесе бақылаулардың шартын білу керек.

6. Студенттер эксперимент қою жайлы негізгі әдебиеттермен танысуы

және оларды сын көзбен бағалай білуі керек.

7. Мүмкіндігінше студенттердің өнер тапқыштық қабілетін, жаңа құралдар жасауды жобалауға, бар құралдарды жетілдіруге деген ынтасын дамытуы керек.

Студенттердің зертханадағы жұмысы арнайы жасалған график бойынша ұйымдастырылады. Қажетті жағдай болған кезде әр студентке мектеп эксперименті бойынша – жұмыстар жеке дара орындалуы тиіс.

Зертханадағы әртүрлі сабақтардың өтілуі кезінде студенттердің қауіпсіздік техникасының барлық талаптарын меңгеруі мен мүлтіксіз орындауына ұдайы назар аудару керек.

 

2. Білімгердің білімі мен дағдысына қойылатын талаптар:

1. Физика курсында қарастырылатын барлық демонстрациялық тәжірибелердің физикалық негіздерімен және мазмұнымен білімгер таныс болуы керек.

2. Білімгер мектеп физика курсының құрылымын, мазмұынын, қарастырылатын физикалық құбылыстың мағынасын білуі керек.

3. Білімгер физикалық демонстрациялық экспериментті дайындап көрсете алуға, физикалық практикум жұмыстарын көрсетуге нұсқау әзірлеуге, зертханалық жұмыстарды іріктеп, дайындап, оны оқу процесінде ұйымдастырып өткізуге, мектептегі физика кабинетіндегі негізгі приборлар және құрал-жабдықтармен жұмыс істей алуға үйренуі керек.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 421 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тапсырмаларды уақытылы орындамау-минус 25 бал | Білімгерлерді бағалау әдісі | Мектеп экспериментінің технологиясы» пәнінен емтихан сұрақтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пәннің мақсаттары және міндеттері| Зертханалық сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)