Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Т-151К тракторы

Т-150К (ХТЗ-150К-09) тракторы

Доңғалақты, ауылшаруашылықтық, жалпы мақсаттағы, тарту класы 3, төрт доңғалағы да жетекші. Аспалы, жартылай аспалы және тіркемелі гидрофицияланған машиналармен агрегаттала отырып, ауылшаруашылық жұмыстарын орындауға арналған. Тракторда алты цилиндрлі, V-тәріздес, сұйықтықпен салқындатылатын, турбоүрлемелі СМД-62 дизелдік моторы орнатылған. Мотор жүргізуші орнынан электрлік стартері бар іске қосу моторының көмегімен от алдырылады. Трактор негізі топсалы-мүшеленген қаңқа. Мотор, бас ілініс муфтасы және тарату қорабы бар БАҚ (берілістерді ауыстыру қорабы) трактор қаңқасына орнатылған біртұтас блок түзеді. Алдыңғы және артқы белдемелері жетекші. Доңғалақтық редукторлар планетарлық типті. Гидромеханикалық рулдік басқару топсалы-мүшеленген қаңқаның «сынуын» қамтамасыз етеді. Трактор бөлек-агрегатты гидравликалық жүйемен жабдықталған.

Дайындаушы зауыт: «С.Орджоникидзе ат. Харьков трактор зауыты» ААҚ, Харьков қ., Украина.

 

Техникалық сипаттамасы

Мотордың пайдаланымдық қуаты, кВт…………………………………... Мотор иінді білігінің айналу жиілігі, с-1……………………………......... Берілістер саны: алға.…………………………………………………….. артқа….............…………………………........…………. Қозғалыс жылдамдықтарының диапазоны, км/сағ.……………………... Жанармай багының сиымдылығы, л …………………………………..... Ізаралығы (колеясы), мм……………………...………………………….... Минималды жолдық саңылауы (просвет), мм…………………………… Шиналардағы ауа қысымы, МПа................................................................ Габариттік өлшемдері, мм…………………….…………………………... Массасы (конструкциялық), кг………………………………………….... Аспа жүйесінің жүк көтерімділігі, кг……….......………………………... 121,5 3,4…23,6 0,08-0,18 2220х2400х3165

Т-151К тракторы

Доңғалақты, ауылшаруашылықтық, жалпы мақсаттағы, тарту класы 3, төрт доңғалағы да жетекші. Аспалы және тіркемелі гидрофицияланған машиналармен агрегаттала отырып, ауылшаруашылық жұмыстарын орындауға арналған. Тракторда алты цилиндрлі, V-тәріздес, сұйықтықпен салқындатылатын, турбоүрлемелі және тікелей электрлік қосылымды СМД-62А дизелдік моторы орнатылған. Трактор негізі топсалы-мүшеленген қаңқа. Алдыңғы және артқы жартылай қаңқалардан тұрады. Бас ілініс муфтасы құрғақ, қос дискілі, тұрақты тұыйықталған. Берілістер қорабы механикалық. Тарату қорабымен бірлесе трактор қозғалысының алға қарай он екі және артқа қарай төрт жылдамдық сатысын қамтамасыз етеді. Алдыңғы және артқы белдемелері – жетекші, дифференциалдарды автоматты құрсаулағышпен жабдықталған. Пневматикалық жүйе трактор тежегіштерінің жұмысын қамтамасыз етеді. Гидро-көлемдік рулдік басқару топсалы-мүшеленген қаңқаның «сынуын» қамтамасыз етеді. Трактор бөлек-агрегатты гидравликалық жүйемен жабдықталған. Электр жабдықтарының ток кернеуі 12 В.

Дайындаушы зауыт: «С.Орджоникидзе ат. Харьков трактор зауыты» ААҚ, Харьков қ., Украина.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 198 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дата: 22.09.14.| Техникалық сипаттамасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)