Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

I. Пәннің сипаттамасы

Читайте также:
  1. Пәннің мақсаттары және міндеттері
  2. Пәннің сипаттамасы
  3. Техникалық сипаттамасы

Жұмыс оқу бағдарламасы

Шағын комплектілі бастауыш мектептегі педагогикалық процестің теориясы мен технологиясы» пәнінен, мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» пәні бойынша

Оқу формасы: күндізгі   Курс – 3   Семестр – 6   Кредит – 2   Жалпы сағат саны – 90     Дәрістер –15сағат   Машықтану – 15 сағат   СОӨЖ – 40 сағат   СӨЖ – 20 сағат   Емтихан – 6  

 

 

Астана, 2014 ж

Жұмыс оқу бағдарламасы «Бастуыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған жоғары білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде құрылған.

 

 

ЖОБ дайындаған аға оқытушы И.А.Тобагабылова

 

ЖОБ педагогика кафедрасының отырысында талқыланған, 6 қыркүйек 2013 жыл, хаттама №1

 

ЖОБ институттың Ғылыми - әдiстемелiк кеңесiнде қаралып бекiтiлген, 29 қыркүйек 2013 жыл, хаттама №63

 

 

Кафедра меңгерушісі п.ғ.д, профессор Б.С Сарсекеев.

 


I. Пәннің сипаттамасы

Курс мақсаты: Шағын комплектілі бастауыш мектепте педагогикалық процестің ұйымдастыру ерекшеліктері, ондағы білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың мәні мен мазмұны, ШКМ қолданылатын оқыту әдістері мен тәсілдері, білім беру технологиялары жайында теориялық және практикалық білім беру, шағын комплектілі мектептерде бір мезгілде бірнеше сыныпқа сабақ берудің тиімді формаларын, әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдай білу іскерлігін қалыптастыру.

Курс міндеттері:

· ШКМ оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне теориялық талдау жасау;

· ШКМ-дегі оқу-тәрбие үдерісінде заманауи жаңашыл мүмкіндіктерді қолдануды ұйымдастыру, жоспарлау дағдысы мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастыру;

· Шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдісті басқарудың тәсілдерін игерту;

· Болашақ мамандарды шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра білуге баулу Шағын комплектілі мектептердегі жұмысқа болашақ мамандарды кәсіби бейімдеу.

«Шағын комплектілі бастауыш мектептегі педагогикалық процестің теориясы мен технологиясы» пәнін меңгеру нәтижесінде студент білуі тиіс:

ШКМ-де білім берудің және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбие берудің жалпы заңдылықтары мен қағидаларын, ШКМ-де қазіргі заманғы білім беру теориясы мен практикасының психологиялық-педагогикалық мәселелерін.

«Шағын комплектілі бастауыш мектептегі педагогикалық процестің теориясы мен технологиясы» пәнін меңгеру нәтижесінде студент істей алуы тиіс:

· Тәжірибе жүзінде ШКМ-де білім беру әдістері мен құралдарын дұрыс қолдана білуі және оқу-тәрбие үдерісін нәтижелі ұйымдастыра алуы қажет.

Семинар сабақтары, СОӨЖ оқу қызметінің тиімді түрі болып табылады. СОӨЖ дегеніміз – бұл белгілі бір тақырыптық түйінді мәселелерін оқытушының басшылық етуімен ұжым болып талқылау, сабақ кезінде пікір алысу болады. Білімгерлер әр түрлі көзқарасты салыстыра білуге, одан қорытынды шығаруға, жинақтауға үйренеді. Ал, семинарды ойдағыдай өткізудің негізгі шарттарының бірі білімгерлердің жан-жақты даярлығы, әрқайсысының ұсынылған әдебиеттерді терең оқып үйренуі және конспектілеуі болып табылады.

Жоғарыда аталған педагогика курсын оқыту әдістемесінің міндеттерін жүзеге асыру және білімгерлердің іскерлік пен дағдысын қалыптастыру барысында педагогика курсының барлық тарауы бойынша жүйелі мазмұндалған лекция, семинар, схемаларды, білімгердің өзіндік жұмысы, курстық және дипломдық жұмыстың орындалу тәртіптеріне әдістемелік бағдарлама ұсынамыз.

Пәннің пререквезиттері:. Бұл пән болашақ мамандарды шағын жинақталған сыныптарда оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға және әртүрлі жастағы ұжымда тәрбие жұмыстарын дұрыс бағытта жүргізуге баулиды. «Шағын-комплектілі мектептегі оқу-тәрбие процесі» пәнін меңгеру үшiн студенттің философия, психология, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, тәрбие жұмысының әдістемесі пәндерінен жан-жақты теориялық білімі болуы қажет.

Постреквизиттері: «Шағын комплектілі бастауыш мектептегі педагогикалық процестің теориясы мен технологиясы» пәнінен алған білімдерін студенттер педагогикалық практика кезінде және арнаулы пәндерді оқыту әдістемесін меңгеру барысында қолдана алады.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 171 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Семинар сұрақтары | ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ | ПӘН БОЙЫНША РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Висновки і пропозиції.| ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)