Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жарнама №3

Читайте также:
  1. Жарнама №2

Бар дүниеңіздің бағаланып, төл туындыңыздың төрге озғанын қалайсыз ба? Эрудит, интеллектуал, философ, рухани кемелденген адам атанғыңыз келе ме? Басыңыздан алып алақандардың сипағанын күтіп жүрген боларсыз. Онда сізге «тәңіршілдіктің» қолдан жасалған қалдықтары көмекке келеді».

Жоғарыда екі типті сөз еттік. Құлшылыққа құлықсыздар мен «ұлтшыл» атын жамылған ұлтсыздар. Үшінші тип немесе топ – олардың қолтығына су, көмейіне у бүркігіштер.

Алдымен, кино әлеміне көз жүгіртіңіз. Ішінде бақсысы жоқ фильмді еске түсіру қиындау. Мәселен, Голливудта мынадай талап бар. Кез-келген киноға анайы сахналар енгізу міндет. Құдды бізде соның орнын бақсы енгізу басқан сияқты. Әрине, шамандықты тәңіршілдіктен бөліп алғысы келетін көзқарастар көп-ақ.

Бірақ, ол да ғылыми лағу. Әйтпесе, бәрі бір нәрсе, Гумилев айтқан ескі сенімдердің жиынтығы. Міне, сол шамандықты идеологияның мықты құралы киноға тығудың астарында қазақты исламнан алыстату саясаты жатқан жоқ па?

Құрметті оқырман! Сізге тағы бір тапсырма. Қазіргі қазақ режиссерлерінің ішіндегі «ең білімді», «ең терең», «туындыларын анау-мынау адам түсіне бермейді» деген репутациясы қалыптасқан режиссерді атаңыз. Дәл таптыңыз, Ермек Тұрсынов! Неге? Себебі, ол бірдеме түсірсе, орыс-қазағы қосылып мақтай жөнеледі.

Әсіресе, оқырманы көп орыстілді баспасөз жер-көкке сыйғызбайды. «Келін» туралы, «Шал» туралы талдау мақалалар жарық көреді. Қазаққа қанша қайнаса да сорпасы қосылмайтын «ойшылдар» қазақтің діні туралы ойды міндетті түрде қосады сосын. «Мой Бог - это степь, говорит Касым. В этой степи мазар и святое дерево, а ещё много никчёмного мусора, вроде отбросов техногенной цивилизации, уводящей от цели и смысла. Но звёздное небо Тенгри над головой и нравственный закон аруах внутри». Олег Борецкий деген киносыншының айтқаны.

Орыста Леонид Парфенов дейтін мықты бар. Сол өткен жылы деректі фильм жасамақшы болып, Қазақстанға келіпті. Олар біз сияқты емес, нақты жоспармен, мұқият есеппен жүреді. Қысқасы, ол және оның командасы бас сұққан отандық арналардың бірінде Леокеңнің көмекшісінің сценарлық жоспары қалып қойған. Сол параққа үңілсеңіз, мағынасы мынадай жазбаларға куә боласыз.

«...Қазақстан концерт залына барамын. Сол залга кірерде шаман «очишение огнем» деген ырымды жасау керек. Бірақ мұнда шаман табу қиын екен. Дін істер комитетінен Ардақ Досжан деген кісі табам деп уәде берді. Телефоны: пәлен-пәлен. Түстен кейін хабарласу керек...». Мәселе Парфеновта да, оның көмекшісінде де емес, қазақтарды шаман етіп көрсетуге бағытталған шығу нүктесі мен бағдары белгісіз саяси векторда болып тұр.

Векторымыз жан-жақтан шабуылдау үстінде. Тағы бір мысал – Ресейдің Свердловск киностудиясы түсірген деректі фильм. Онда сібір-алтай халықтары мен бурят моңғолдардың өркениеттен кенжелеп қалу себебін олардың осы діннен алыстауында деп түсіндіреді.

Осыдан 5-6 жыл ілгеріде Р.Н Безертинов атты ғалым «Тэнгрианство – религия тюрков и монголов» атты еңбегін жариялады. «Именно тенгрианская вера давала тюркам знание и умение чувствовать дух природы, острее осознавать себя ее частью, жить в гармонии с ней, подчиняться ритму природы, наслаждаться ее бесконечной переменчивостью, радоваться многоликой красоте» деп көсіледі «жанашыр» ғалым.

«Tengry FM» радиосы, «tengrinews» сайты, «Тенгри» журналы, «Тенгри» қонақ үйі, «Тенгри» тобы, «Тенгри» мейрамханасы. Қаптаған «Тенгрилерге» («тәңірі» де емес) қарап, жоғарыда айтып өткен саясатымыздың көпвекторлы екенін бажайлауға болатын секілді.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 86 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жарнама №2| График, живописец

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)