Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жарнама №2

Читайте также:
  1. Жарнама №3

Мұрат ЕСЖАН. Құлшылық қылғым келмейді...

Тәңіршілдік дін бе, сенім бе? Оны ұстануға себеп болған мифтердің негізі бар ма? Қазақстандағы қолдаушылары мен жақтаушылары кімдер? Танымдық-публицистикалық материалмен танысыңыз, шошыңыз...

ҰСТАРА / 14.09.2012, 13:03 / 4847 / 50

Жарнама №1

Лшылыққа құлқыңыз жоқ па? Намаз оқуға нәпсіңіз жібермей ме? Ораза туралы ойлаудың өзі ауыр ма? Онда Сізге елшісі келмеген, кітабы түспеген, ғибадаты белгіленбеген, тән қалауыңызша тұтынатын жаңа «дін» ұсынамыз. Ол діннің аты – «тәңіршілдік».

Тәңіршілдіктің тарихына үңілсек, тым ауа жайылып кетеміз. Себебі, ол туралы зерттеу де аз емес, пікір де алуан. Қысқа қайырсақ, Л.Гумилев бұған ежелгі түріктер мен моңғолдардың наным-сенімі мен дүниетанымының жиынтығы деп анықтама берген.

Демек, ол дін емес. Сонау б.з.д. V-VI ғасырлардан бастап, біздің заманымыздың VI-VII ғасырларына дейінгі аралықтағы сонау Қиыр Шығыстан тартып Балқан түбегіне дейінгі аралықта ғұмыр кешкен түрлі түрік-моңғол тектес тайпалардың сенім, дәстүрлерінің бізге жетіп жығылған деректі-дерексіз нобайы ғана.

Баршаға белгілі бір шындық бар. Адамзат жаралғалы бері дінсіз, наным-сенімсіз қоғам болған емес. Бірі отты, бірі суды құдай тұтты. Бірі найзағайға, бірі аң-құсқа табынды. Соның бәрін жиып-теріп, дін есебінде ұстана берсек, ақылға сиятын әрекет бола ма?

Енді сол түп бабамыз түріктерге келейік. Өңгеден айырмасы, көпқұдайшылықты емес, бірқұдайшылықты ұстанған олар. Бұл да болса, оларға Құдайдан елші келді деген болжамға болмашы болса да негіз. Бұл да болса, бабаларға деген, олардың сенімдеріне деген құрметті еселей түседі. Бірақ, бұл – бар болғаны болжам.

Тұтастай терістей де, тұтастай құптай да алмайсыз. Осы жерде екінші бір шындық туады. Ақырғы дін Исламның келуімен, соңғы кітап Құранның түсуімен, ақыреттік Елші Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жіберілуімен жер бетіндегі бұған дейінгі барлық шариғаттардың, кітаптардың үкімі жойылды, пайғамбарлардың өкілеті тоқтады. Құдайдың өзі түсіргені анық (кейіннен адам қолымен өзгертілген) Тәурәт, Інжілдерден бас тартасыз. Өйткені, Құран бар.

Құдайдың сүйікті құлдары Ибраһим, Мұса, Иса бұйырыпты дегенге мойын бұрмайсыз. Өйткені, Мұхаммед бар. Барлық мұсылман білетін дүниені неге қайталап отырмыз дейсіз ғой, айтпағымыз мынау: Алладан келгені анық белгілердің өзінен, Исламның келуімен бас тартып отырғанда, бар болғаны болжам деңгейіндегі наным-сенімге тастай жабысудың қандай қисыны бар?

Бұрынғылар бүгінгілерден гөрі діңіне берік болған деген негізге сүйенсек, сол түркілердің бізден оншақты ғасыр бұрынғы төл ұрпағы ың-шыңсыз мұсылмандықты қабылдаған жоқ па? Біз неге Қарахан дәуірінен бергі ата-бабамызға емес, одан арғы замандағы ата-бабамызға еруіміз керек?

Абайдан аттамайтын қазақ емеспіз бе? «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны жайлы» атты қарасөзінде былай дейді: «… Дүниеде не нәрсенің себебіне көзі жетпесе, сол нәрсені құдай қылып, дін тұтатұғын әдеттердің сарқынын біз де кей жерде көргеніміз бар. Келін түскенде үлкен үйдің отына май құйып, «От ана, Май ана, жарылқа!» дегізіп бас ұрғызған секілді, «өлген аруаққа арнадық» деп шырақ жаққан секілді, жазғытұрым күн әуелі күркірегенде қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, «сүт көп, көмір аз» дегендері секілді. Бұған ұқсаған көп еді, құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға ұқсайды».

Осы тұста «Тәңір» деген атаудың этимологиясы туралы айта кеткен жөн секілді. Көне шумерлер құдайларын «Ди-ниг-ир» деп атапты-мыс. Тағы бір дерек бойынша, «тәңір» сөзі көне тибет тілінде «аспан» дегенді білдіреді. 2003 жылы Анкара қаласында бас қосқан түркі тектес 36 мемлекеттің ғалымдары «тәңір» сөзінің төркіні көне түркі тіліндегі «тең» (тұрақты), «ңір» (шексіз) дейтін екі атаудың қосындысы деген пікірге тұрақтағандай болды. Бірақ, мәселе онда емес. Мәселе, бұл сөздің жаратушының түрік тіліндегі атауы екенінде.

Мысалы, біз құдай деп қолданамыз. Құдай парсының «худа» деген сөзінен шыққан. Яғни, жаратушының парсыша атауы. Славяндарда «бог», ағылшындарда «god». Мысалы, сіз орысша сөйлеп тұрсаңыз, «Алла жаратты» дегенді «бог создал» дейсіз. Бірақ бұл сіздің «богшылдық» деген басқа бір діннің өкілі екеніңізді білдірмейді ғой.

Абай айтады: «Көптің қамын әуелі Тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін» деп. Мұқағалида: «О, тәңірім, неткен жан қайырылмайтын, Жүрегі еттен бе, әлде, қоладан ба?» деген жолдар бар. Қанша шұқылайық, қазбалайық, ол құдай дегеннің синонимі ғана. Бірақ, өздерін тәңіршіл санайтындар арғы-бергі әдебиеттегі осы сөздерді тізбелеп, оның түпкі этимологиясын ақтарып, қазақты мұсылман емес, тәңіршіл етіп шығаруға барларын салуда.

Тағы бір мысал. «Құдай» сөзінің «худадан» шыққанын айттық. Бірақ, тәңіршілдік идеясын қолдайтын бір ғалымымыз оны «құт» және «ай» деген сөздерден таратады. Сөйтеді де, оны «ескі ай есірке, жаңа ай жарылқаға» апарып телиді. Оның ар жағында «бөрінің айға қарап ұлитыны» тиіп тұр. Сенгісі келген адам сене берер-ақ қисын, бірақ, сау ақылмен ойлаңызшы, адам құдайды сөйтіп сөз қуып таба ма екен? Ұйқасын қуаласаң, қазақтың сөзі бітетін бе еді? Өздерін ойшыл, интеллектуал санайтын ағалар айып етпесін, бірақ, дәл осындай тәсіл – таза қиялилық, нағыз лақпа.

Келесі бір қиялға кезек берсек. Танымал тәңіршіл Әуезхан Қодардан сұрапты, «бұл діннің кітабы бар ма» деп. «Әрбір адам – тәңірдің тірі кітабы» деп сөз тапқан бопты әлгі кісі. Ой алдағаны болмаса, тауып айтқан түгі жоқ, кәдімгі лағу бұл да. Сонда олардың тәңірлері осы күнге дейін 80 млрд. кітап жазған болды ғой... Оның қайсысын оқымақпыз?

Тағы бір тәңіршіл Ермек Тұрсынов «Келіннен» соң «Шал» дегенді түсірді. Сонда кейіпкерінің аузына мынадай сөз салып қойыпты: «Алламен тілдесетін менің жекеменшік мешітім бар». Қалай қаласам, солай ғибадат жасаймын деп тұр. Сонда ортақ заңдылық, ортақ таным қайда қалады? Әркімнің өз заңы бар десек, қоғамда тәртіп орнар ма? Әр көлік өзі қалаған ережемен жүрсін десек ше?

Қысқасы, бұл ең бір «комфорт» дін боп тұр. Жаратқанға сенбейін десе, бар екеніне көзі жетеді. Сенейін десе, заңына бойұсынғысы келмейді. Сосын, екі ортада осындай арба мен өгізді өкпелетпейтін жол тапқан болады. Ал шындығында, арба да сынады, өгіз де өледі. Неге дейсіз бе? Ары қарай оқыңыз...

Жарнама №2

Зіңізді ұлтқа шынайы берілген нағыз ұлтшыл көрсеткіңіз келе ме? Өзгелердің сізге назары ауып, көзқарастарыңызға қоғадай жапырылғаны жаныңызға жаға ма? Онда ағысқа қарсы жүзіп, шындыққа кереғар пікір айтудан тайсалмаңыз. Исламға қарсы шығыңыз, өйткені Құран араб тілінде, бұл сіздің ұстанымдарыңызға қайшы. Ал «тәңіршілдік» көзсіз ұлтшылдықпен толық сәйкеседі».

«Исламның келуі қазақ мәдениетінің тамырына балта шапты». Осы сөзді ұлтшыл, қазақы жігіттің аузынан естігенде тіліміздің көмей жаққа кетіп барып, қайтқаны бар. «Қай мәдениетке қалай әсер етті» дейміз ғой баяғы. Сөйтсек, ислам молаларды қиратыпты-мыс. Біз естіген, оқыған тарихта 2011 жылы тәкфірлердің қорым қиратқанынан өзге молданың мола бұз деген оқиғасы жоқ еді.

Тәкфир қайда, ислам діні қайда? Битке өкпелеп, кеше келген ағыммен алысам деп, мың жылдық мұсылманшылыққа күйе жағу – ұлтшылдық емес, ұлтсыздық болар, бәлкім. Қазақтың төл тарихын оның өз алдына мемлекет құрған кезінен бастасақ, ислам бұл өлкеге одан 6 ғасыр бұрын келіп қойған. Бабаларымыз бірден бойұсыныпты, қапысыз қабылдапты.

Біле білсек, «әлмисақтан мұсылманмын» деген ұғым осы біздің қазақтың танымында ғана бар дүние. Жұрттың жадында «біз мұсылман болмай тұрған заманда...» деген түсінік жоқ. Есесіне, барлық аңыз-әпсана «баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда» деп басталады.

Қош, қазақ қазақ болғалы мұсылман екенін дәлелдеу, оған таласу – мақала жазып отырған адам кирилл қарпін тани ма, танымай ма деп, соны дәлелдеу сияқты басы артық, әрі күлкілі шаруа. Тіпті керек болса, өз алдына тақырып. Бірақ бізді ойландыратыны – қоғамда «ассалаумағалейкум» деп амандасудан саналы түрде бас тартқан адамдардың пайда болғаны және олардың өздерін ұлтшыл есебінде насихаттайтыны.

"Ассалаумағалейкум, нар Кемпірбай" дейтін Әсет ұлтқа дұшпан болса, онда олар маған дос емес. Күні ертең осы «ұлтшылдардың» арасынан азан шақырып ат қоюға қарсы, жаназа оқып жерлеуге қарсы адамдар шығып жатса, таңқалуға болмайды. Өйткені, тігіс сөгілді. Лек басталды.

«Ұлтшыл» деген сөзді тырнақшаға текке алып отырған жоқпыз. Өйткені, ұлтты дінінен бөліп алу оны құрдымға бастау деген сөз. Ұлтшыл адам кезіндегі алашордашылардай-ақ болсын. Ал олардың діндарлығы бір емес, бірнеше мақалаға жүк. Сонда тәңіршілдікті ту етіп жүрген «ұлтшылдардікі» не дейсіз ғой, Абайша айтсақ, «өз басына өзгешелік бермек – адам баласын бұзатын іс» қана.

Тағы бір парадокс бар. Тәңіршілдік – қазақтың тамыры, тегі, түпкі рухы деп жер тепкілегенімізбен, соны ашық түрде насихаттап жүргендер сол қазақтың түпкі рухы түгіл, қазіргі тілінен де мақрұм екен. Мынаған қараңыз. Әуезхан Қодар АйтPARK-ке келіп мынадай пікір айтты: «Ислам ломает нашу сущность. Лишает духовной основы – именно казахской». «Тенгрианствосы» құтқарса, өзі неге нағыз қазақ болып шыға келмейді? Неге қазақылығы айналаға сәуле шашпайды?

Неліктен немересіне «Тәңір» деп ат қойған Ғани Қасымовтың жүрегіне түркінің рухани негізі орнай салмайды? Сөйтсек, о жазған құдайға құл болуды ар санайды екен. «Дін адамды құдайдың құлы болуға мәжбүрлейді. Ал түріктер, аспанның ұлдары, жер бетіндегі ешбір пайғамбарға бағынбаған...». Тағы да АйтPARK-те. Ол осы пікірін айтты да, өзі Түркеш қағаны жазды деп түсіндірген мына өлеңді оқып берді. «Мұхаммед пайғамбар болса, пайғамбар шығар. Ол өзінің арабтарының қамын ойлай берсін, ал біз үшін тек қана – Тәңірі!»

Тәңірберген Бердіоңғаров ше? «Наша сущность» түгіл, қазақ деп айтуға онша келіңкіремейтін адам tan.kz сайты арқылы тәңіршілдікті насихаттайды. «Тәңіршілдік – қазақтың ұлттық санасының негізі» деп айқайлатып тақырып қояды. Сөйтеді де, қайдағы буддизмнің пәлсапасын соғады. «Өмір аяқталған соң, адамның жаны тұтас бір энергияға айналады да, өзге бір жаратылысқа барып қонады.

Ол адам болуы мүмкін, жануар болуы мүмкін, тіпті өзен жағасындағы тасқа қонуы да ықтимал», - дейді ол өз сайтына берген өз сұқбатында. Осы тұста тілші сауал қойыпты, «бұл дәлме-дәл буддизмдегі реинкарнация концепциясы ғой, сіз қалайша оған сенесіз?». «Неге сенбеске? Дүниеге шындап үңілсеңіз, осындай түйін жасауға тура келеді».

Арон Атабектің саяси көзқарасы мен қазіргі жай-күйі туралы анау-мынау демейміз. Тек ұлтшыл атанған адамның «Мен өлгенде тәңіршілдіктің рәсімімен жерлеңдер» деп өсиет айтуы да дабыл қағуға тұрарлық жайт.

Ермек Тұрсынов туралы айта-айта жақ талды. «Құдайым – әйел, тәңірім - дала» деп лаға беретін режиссердің мақсаты тәңіршілдік те емес, шаманизм де емес, әйтеуір исламмен күресу секілді. СТВ арнасына берген сұқбатында: «Қазақ қоғамы исламды қабылдауға дайын емес» деп айды аспаннын түсіргені бар. Қалай түсінсеңіз, солай түсініңіз, бәрібір түсініксіз.

Міне, осы біздің тәңіршілдігіміздің тұрқы. Адамдардың атын бекер жазбадық. Көшбасшылар – осылар. Қоштаушылар – жоғарыдағы тырнақшаға тығылған «ұлтшылдар».


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 104 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КАК ПРАВИЛЬНО ОПРЕДЕЛИТЬ РАЗМЕР БЮСТГАЛЬТЕРА?| Жарнама №3

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)