Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жауап эталоны:№2

Читайте также:
  1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Клиникалық жағдай №1

45жастағы науқас тартылап тұратын сезімге, сол жақ ұртында кедір бұдырлыққа шағымданады. Жүрек ишемиялық ауруы деген диагнозбен кардиологта диспансерлік есепте тұрады.

Қарап тексергенде: науқастың түсі бозарған, мұрын ерін үшбұрышы көкшіл түстес. Сол жақ ұртының артқы бөлігінде эпителийдің ақ түстес торға ұқсас түсінің өзгергені, аздап қоршаған ортадан көтеріңкі орналасқан, қырған кезде алынбайтын дақ көрінеді.11,12,21,22 тістер метталлокерамикалық сауытпен жабылған, 16.26,27,36,37,46 пломбыланған. Пломбылар қанағаттандырарлық жағдайда, сапасы жақсы. Қызыл иек ақшыл қызыл түстес.

Науқасты қарап тексеру кезінде кенеттен жалпы жағдайы нашарлап кеуде тұсында қысып ауыратын, сол жақ қолына, жауырынға қарай тарала берілген ауру сезіміне шағымданды.

Науқаста қандай жедел жағдай туындады? Қандай дәргерлік көмек көрсетілуі керек?

Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз, қорытынды диагноз қойыңыз.

 

 

Терапиялық стоматология кафедрасының

Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.

Жауап эталоны:№1

Стоматологиялық диагноз: қызыл жалпақ теміреткі, қарапайым түрі

Салыстырмалыдиагностика: лейкоплакия,қызыл жегі, екіншілік мерез

Жедел жағдай: инфаркт миокарда

Жедел көмек: шоктың алдын алу үшін ауру сезімін жою керек

1. Тыныштық жағдайды жасау

2. Тіл астына нитроглицерин

3. Жедел жағдай автокөлігін шақыру

 

Клиникалық жағдай №2.

72 жастағы науқас ауыз қуысында ауру сезімінің пайда болғанына шағымданады.Алғаш рет ауру сезімі осыдан екі апта бұрын астыңғы жақ жартылай алмалы салмалы протезі сынғаннан кейін пайда болды. Стоматолог дәрігерге келіп қаралған. Сынған протез жөнделініп берілді, бірақ протездің өткір қарлары кілегей қабықты жарақаттаған. Науқас бронх демікпесімен ауырады.

Қарап тексергенде: науқастың демалуы шуылдаңқы. Ауыз қуысының табанында 46 тіс аймағында сопақ пішінді жиектері қызарған, фибрин қағымен жабылғансипап тексергенде жұмсақ және ауыратын кілегей қабатының ақауы анықталды.

Кенеттен науқаста тынысының тарылуы пайда болып, қырылдып демала бастады, жөтел пайда болып, демалуы қиындады.

Науқаста қандай жедел жағдай туындады? Қандай дәргерлік көмек көрсетілуі керек?

Стоматологиялық ауруға диагноз қойыңыз, салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

Жедел жағдай: Бронх демікпесі. Науқасқа максимальді ыңғайлы жағдай жасау, жылы сусын беру.

 

 

Терапиялық стоматология кафедрасының

Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.

 

 

Жауап эталоны:№2

1. Егер науқаста небулайзерболса оны қолдануға жағдай жасау

2. 10 мл физиологиялық ерітіндімен эуфиллиннің 2,4% 10 мл ерітіндісін көктамырға қатты ағыза егу

3. Егер емнің нәтижесі болмаса жедел жәрдем шақыру, ауруханаға жөнелту

Диагноз: Жарақатты жара диагнозы науқастың шағымының негізін ала отырып (ауыз қуысындағы ауру сезімі), ауру тарихынан (алғаш рет екі апта бұрын ауру сезімі астыңғы жақ алмалы протезінің сынуынан кейін оның кілегей қабықты жаралауынан),қарап тексергенде (Ауыз қуысының табанында 46 тіс аймағында сопақ пішінді жиектері қызарған, фибрин қағымен жабылғансипап тексергенде жұмсқ және ауыратын кілегей қабатының ақауы).

Салыстырмалы диагностика: созылмалы қайталамалы афтозды стоматит, трофикалық жара, мерездік жара, туберкулездік жара.

Емі: жергілікті жарақаттаушы факторды жою, жөнделген алмалы протезге корррекция жасау немесе қайтадан жаңасын жасау, жараның жазылуын жылдамдататын қойыртпақты жақпалар

 


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 74 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Трансфер во Владикавказ. Размещение в гостинице| Диагноз: қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы жаралы түрі, гипертониялық криз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)