Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Курстың саясаты

1. Дәрісханалық уақыт лекция, оқылған материалды талдаудан және әртүрлі жазба жұмыстарын орындаудан құралады. Негізгі ұғымдарға әр лекция барысында түсініктер беріліп отырады. Лекция барысында берілген түсінікті ұғымын меңгеру әрбір студенттің міндеті.

2. Әрбір сабақтың барысында өтілген лекция мазмұнының негізгі түсініктері бойынша бақылау сұрақтары беріледі. Студенттер уақытылы зерттеу жұмыстарын орындап отыруы тиіс.

3. Студенттер әрбір сабақта болатын материалдық талдауларға белсенді қатысуға тиіс. Белсенділік сабақтастығы сапалы жауап берумен тығыз байланысты. Жеке шығып жауап беруге және топтық пікірлер жасауға болады.

4. Студенттер әрбір сабақта негізгі және қосымша әдебиеттер, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілер тізімі бойынша дайындалады. Ол үшін студент кітапханадағы оқу залында немесе оқулықты жаздырып үйге дайындалуына болады.

5. Берілген тапсырма реферат тақырыптары бойынша студенттер 10 минут жауап береді. Жауап беру барысында кесте, сызба, нормативтік-құқықтық актілер, әдебиеттер және көрнекі құралдар пайдалануға болады.

6. Тыңдаушылар, яғни студенттер түсінбеген мәселелер бойынша оқытушыдан қосымша кеңес алуға болады.

Лекцияда алған білімдерін бекіту, жетілдіру, материалдың ойлау қабілетін дамыту мақсатында сабақтарды әр түрде өткізуге болады:

- сұрақ-жауап; проблемалық; баяндау; пікір-алмасу; дебат түрінде

· Консультациялық жұмыс: оқытушының студенттерімен өзіндік консультация уақыты кесте бойынша өткізіледі. Бұл уақыттарды пайдалана отырып оқытушы лекциялық және практикалық сабақтарда өтілген тапсырмаларды тереңдетіп түсіндіруге және консультация уақытында әрбір студенттерден берілген тапсырмаларды сұрауға құқығы бар.

· Сабақ үстіндегі белсенділік: білім алушының жұмыстың әрбір түрінеқатысу белсенділігі, берілген тапсырманы сапалы орындауы ескеріледі.

· Топтық презентация ережелері: Семестр бойынша оқу топтары шағын топтарға бөлінеді. Әрбір шағын топ оқулықтардың тарауындағы заң баптары бойынша таңдаған бір материалға сызба, кесте, сурет, немесе т.б. өзіндік жұмыс тапсырмалары бойынша реферат түрінде конспектілеп, ауызша баяндау түрінде жүргізіледі. Белсенділік көрсеткен студенттерге баға қойылады.

· БАҚ-на сүйеніп, жеке дара ақпараттық хабарлама жасау: Әрбір студент мерзімді басылымдар беттерінде жарияланаған қысқа мақала бойынша 5 минуттық хабарлама жасауы қажет. (Егемен Қазақстан, Құқықтық Қазақстан, Заң газеттері, Заң және Заман, Правовая реформа в Казахстане, Фемида, Тура би, Мысль, Юрист, Заңгер журналдары және т.б.) Баспасөз бетінде жарияланаған мақалаларға талдау жасалынып, баға берілуі тиіс, ақпараттық хабарламаға балл қойылады. Бұл үй тапсырмасы ретінде қосымша беріледі.

· Курс бойынша кешенді материалдар жинағы: Барлық курс барысында өткізілген материалдар жинағаның көлемі бағаланады. Сонымен қатар материалдардың сыртқы көрінісі мен безендірілуі ескерілді.

· Сабаққа қатысу үлгірімі: әрбір сабаққа қатысқанына балл қосылады, сабақтан қағаны үшін «0» балл қойылады.

· Аралық модуль және қорытынды емтихан: белгіленген аралық және қорытынды бағалау жүйесіне сай жүргізіледі.

· Айыппұлдық санкциялар: әрбір білім алушының этикасы мен өзін өзі ұстау ережесін бұзғаны үшін және сонымен қатар берілген тапсырманың көрсетілген мерзімде орындалмауына байланысты кешіккен әр күніне 2 балл көлемінде айыппұлдық санкциялар қоладанады.

· Коллоквиум өткізу тәртібі: коллоквиум мақсаты-сабақ барысында игерген білімдерін жинақтау, курстың әр тарауы қосымша сұрақтар бойынша теориялық білімдерін жинақтау, студент оқытушы тарапынан берілген қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, берілген сұрақтар бойынша жазбаша нысанда оқытушыға жеткізуі тиіс.

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындаған жағдайда оқытушы әр аптаның соңында студенттерге берілген тапсырмалар бойынша өорытынды баллдарын айтады. Студенттер алынған бағасы бойынша дауласуға құқығы бар. Студенттердің пікірін есепке алып, оқытушы соңғы шешімді өзі қабылдайды.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 69 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Практика /семинар сабақтарының мазмұны | Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары | Білім алушының өзіндік жұмысы | Ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары | Пән бойынша бағалау жүйесі | Аралық бақылауды тапсыру кестесі | Ызылорда, 2015 жыл | Ылмыстық құқық бұзушылық объектісі | Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны| Тапсырған ағымдық бақылаудың бағасын түсіндіру берілген

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)