Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сурет 8. Кабель конструкциясы

Читайте также:
  1. Кабельное телевидение
  2. Кабельное хозяйство электростанций и понизительных подстанций.
  3. Кесте-1. Кабельдердің салыстырмалы анализі
  4. Монтаж кабельных концевых заделок и соединительных муфт
  5. Охранные зоны кабельных линий используются с соблюдением требований правил охраны электрических сетей.
  6. Сурет 7. Компоненты кабельді жүйенің компоненттері

Оптоталшықты кабельдердің есептеуіш желілерде қолданылуы

Жарықтық технологиялар. Оптикалық талшықты байланыстардың үлгілеріне барлық классикалық және қазіргі жарықтық технологиялары тән. Олардың әрқайсысы өздеріне тән ерекшеліктері бар: толқын ұзындығы, беру режимі (ММ/ SM), өшуге шектеу және сигналдың таралуын уақыты, өткiзу жолағына талабы, қолданылатын коннекторлар типтері.

Ethernet 10/100/1000 Мбит/с

Ethernet (10 Мбит/с) технологиясына ST типіне жататын стандартты оптикалық коннектор тән. Fast Ethernet (100 Мбит/с) және Gigabit Ethernet (1000 Мбит/с) технологиясы үшін негізінен SC коннекторлары қолданылады. Қазіргі заманауи аппаратурада ықшамдалған MT-RJ қолданылады.

IEEE 802.3

802.3 стандарты оптикалық ортада 10 Мбит/с жылдамдығында 850 нм (ММ) толқын ұзындығын қамтиды. 1310 нм фирмалық құрылғылар да бар, онда SМ да, ММ коннекторлары да қолданылады. Альтернативті қысқа толқынды (850 нм) lOOBaseSX стандарты да ұсынылады, ол ММ-талшықты қысқа қашықтыққа арналған. Gigabit Ethernet түрлі толқынды оптикалық үлгілері бар, мысалыға: lOOOBaseSX -850 нм (MM), lOOOBaseLX - 1300 нм (MM/SM), lOOOBaseLH (ұсынылатыны) - 1310 немесе 1550 нм (SM). Gigabit Ethernet порттарының лазерлі таратқыштары ММ-талшықтарымен жұмыста диффертенциалды аялдау эффектісін тудырады.

Token Ring

IBM фирмасы алғашында ММ 100/140 нм талшығын қолданды. 802.5 стандарты толқын ұзындығы 850 нм тең ММ-талшықтарына тең. «Фирмалық» шешімдерде 1310 нм SM талшығы да қолданылады. Кәдімгі порттарды біріктіру үшін TRC (Token Ring converter) және TRX (Token Ring extender) құрылғысы жұмыс істейді.

FDDI

Хабарлағыш ретінде 1300 нм лазерлер мен жарық диодтары қолданылады. Коннекторлар- FDDI MIC арнайы және ерекше арзандатылған ST или SC. Сақинаның үздiксiздiгiн қамтамасыз ету үшiн ОВР (optical bypass switch) айналма коммутаторларды станцияның ажыратуында қолданылады, екілік сақина үшін – қосарланғаны қолданылады.

ATM

АТМ физикалық интерфейс үшін SONET (ОС-1, 3, 12, 24 48, 192) немесе SDH (STM-1, 4, 8, 16, 64) қолданылады. Жергілікті желіде ең көп кездесетіні OC-3/STM-1 (155 Мбит/с) және OC-12/STM-4 (622 Мбит/с). Ғаламдық желiлердiң коммутатор қолданылатын үлкен арналарда ғана лазер көздерi және SM - талшық пайдаланылады.

ARCnet (TCNS)

ARCnet желісі үшін оптикалық орта Thomas-Conrad-TCNS фирмасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылады. Берілу жылдамдығы100 Мбит/с, топология- белсенді жұлдыз, коннекторлары ST.

Байланыстың ғаламдық желілерінің құрылысымен қатар оптикалық талшық жергілікті есептеу желілерінде кеңінен қолданылады. «ВИМКОМ ОПТИК» фирмасы автоматизация және электронды технология, жергілікті және Ethernet, Fast Ethernet, FDDI, ATM/SDH магистральды желілерін орнатумен және өңдеуде оптикалық байланыс линияларын қолданумен айналысады.

 

 


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 469 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | Кіріспе | Оптикалық байланыс жүйелерінің физикалық және техникалық сипаттамалары | Техникалық ерекшеліктері | Сәуле өту режимі | Кесте-1. Кабельдердің салыстырмалы анализі | Желі нүктесінің құрылыс нұсқалары | PON (P2MP) бейтарап оптикалық айырылысымен ағаш | PON желі құрылысының мысалдары | PON технологиясының көріністері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сурет 7. Компоненты кабельді жүйенің компоненттері| PON технологиясы.Желі нүктесінің құрылыс нұсқалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)