Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмыстың орындалу тәртібі. ­Өткізгіштік коэффициент пен оптикалық тығыздықты анықтау.

Читайте также:
  1. Жұмыстың орындалу тәртібі.
  2. Конференцияға қатысу тәртібі.
  3. Р Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі.

­Өткізгіштік коэффициент пен оптикалық тығыздықты анықтау.

1. Кюветалар бөлімінің қақпағы ашық тұрғанда «нөлге қою» (установка нуля) тиегін құралдың жоғарғы «Т%» шкаласының тілін 0-ге келтіріңіз.

2. Жарық түсетін беттері мұқият тазаланған кюветалардың біріне еріткіш (дистильденген су) және стандарт ерітіндіні құйып,оларды кюветалар бөліміне орналастырыңыз.

3. Кювета бөлімінің қақпағын жауып, «100-ге қою» (установка 100) тұтқасын бұрап, өлшеу құралының тілін «Т%» шкаласы бойынша 100% қойыңыз. Осы кезде жарық ағыны дистильденген су арқылы өтуі керек!

4. Кюветаларды ауыстырып, «Кювета» тұтқасын бұрап, жарық жолына екінші, яғни ерітінді құйылған кюветаны қойыңыз.

5. Электр өлшеуіш құралдың жоғарғы «Т%» шкаласы бойынша ерітіндінің жарық өткізгіштігін, ал төменгі шкаладан ерітіндінің оптикалық тығыздығы (D) анықталады. Төменгі шкаладан ерітіндінің оптикалық тығыздығының сан мәнін анықтау үшін есептеу оңнан солға қарай жүргізіледі.

 

1-жаттығу. Ерітінді концентрациясыныңжарық өткізгіштігі мен оптикалық тығыздығының спектрлік сипаттамасын анықтау.

1. № 1,2,3,4,5 жарық сүзгіштерді пайдаланып, 8% ерітіндінің жарық өткізгіштігі мен оптикалық тығыздығын анықтаңыз.

2. Анықталған шамаларды1-ші кестеге жазыңыз.

3. Кестедегі шамаларды пайдаланып, а) T = f () б) D = f () графиктерін салыңыз.

Кесте

(нм)          
Жарық сүзгіш          
Т%            
D            

 

2- жаттығу. Ерітіндідегі заттың концентрациясын графикті калибрлеу әдісі бойынша анықтау.

1. № 6 жарық сүзгішті қойыңыз.

2. Осы жарық сүзгішті пайдаланып, концентрациялары 2%, 4%, 8%, 16%, Х% болатын ерітіндінің жарық өткізгіштігі мен оптикалық тығыздығын анықтаңыз.

3. Анықталған шамаларды 2-ші кестеге жазыңыз.

4. Кестені пайдаланып, D = f (С) калибрлеу графигін салыңыз. Осы графиктің көмегімен

Х ерітіндісінің концентрациясын () анықтаңыз.

2-кесте

С 2% 4% 8% 16% Х%
Т          
D          

 

3- жаттығу. Ерітінді концентрациясын салыстыру әдісімен анықтау.

1. 2-ші кестедегі 8% ерітіндіні стандарт деп есептеп, (4) формуланы пайдаланып, белгісіз (Х) ерітіндінің концентрациясын табыңыз. ; (4)

2. Графикті калибрлеу әдісі мен салыстыру әдісі бойынша анықталған Х ерітіндінің концентрацияларының шамасын салыстырып, қорытынды жасаңыз.

 

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 271 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бугер-Ламберт-Бер заңы| Когда Гомер ударял по струнам лиры,

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)