Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есеп 11

Тәжірибедегі тұтас жануар-парабионттарда гипофизбен жыныс бездерінің ара-қатынасы зерттелген. Екі жануарды тігу операциясынан соң оларда жалпы қанайналымы орнығады. Сосын егеуқұйрықтардың біреуінің гипофизін алып тастайды, екіншісінің –жыныс бездерін. Піштірілген (кастрация) егеуқұйрықтың гипофизінен көп мөлшерде фоллитропин бөліне бастаған және оның қандағы мөлшері жоғары сақталған.

Сұрақтар.

1. Піштірілген егеуқұйрықта фоллитропин секрециясы жоғарылауының механизмі қандай?

2. Неліктен гипофизі алып тасталған егеуқұйрықтың жыныс бездерінде бөлінетін жыныс гормондары піштірілген егеуқұйрықта фоллитропин өндірілуін тежемейді?

 

Жауаптар.

1. Қанда жыныс гормондарының жеткіліксіздігі кері байланыс механизмі бойынша фоллитропин өндірілуін ынталандырады.

2. Жыныс гормондары тез уақытта осы егеуқұйрықтың бауыры мен басқа да ағзаларында инактивацияға ұшырайды.

Есеп 12

Тәжірибеде жүкті егеуқұйрықтың жүрегі мен жатырының жиырылуын бақылап, жазып алынған.Адреналинді енгізген соң кимограммада бұлшықеттер жиырылу амплитудасының өзгерулері анықталған.

Сұрақтар.

1. Адреналин миометрий мен миокардта қандай рецепторлармен әрекеттеседі?

2. Жүрек және жатырдың жиырылу күші қалай өзгереді?

Жауаптар.

1. Миометрийде – β2-адренорецепторлармен, ал миокардта - β1-адренорецепторлармен әрекеттеседі.

2. Жүректің жиырылу күші артады, ал жатырдың жиырылу күші төмендейді.

Есеп 7

Екі науқаста субмаксимальды велоэргометриялық сынама жасаған кезде ЖСЖ едәуір жоғарылағаны-160 соққы/мин-ке дейін анықталған, бұл кезде бірінші науқаста ҚМК (қанның минуттық көлемі) 4,5л-ден 20л-ге дейін артқан, ал екіншісінде 4,8л-ден 4,2л-ге дейін төмендеген.

Сұрақтар.

1. Алынған нәтижені түсіндіріңіз.

2. Екінші науқаста ҚМК-нің төмендеуі неге байланысты болуы мүмкін?

 

Жауаптар.

1. Бірінші жағдайдың жауабы адекватты-физикалық жүктеме метаболикалық жұмсалуға әкеледі, осының салдарынан ЖСЖ мен жүрек шығарымы жоғарылайды.

2. ЖСЖ-ның жоғары көрсеткіштері кезінде ҚМК-ның төмендеуі диастола фазасының қысқаруымен, сол қарыншаның қанмен толық толмауымен байланысты болуы мүмкін, нәтижесінде жүрек шығарымы мен ҚМК-і азаяды.

 

Есеп 12

Тесерілушінің перифериялық қан ағымының жағдайының анализі үшін иық артериясының сфигмограммасы жазып алып, оның амплитудасы қалыптыдан екі есе төмен екені анықталды, анакрота бөлімінің ұзақтығы 0,12с-ны құрады, дикроталық толқын айқын болған жоқ, сфигмограмма циклінің ұзақтығы орташа 0,6с-ты құрады.

Сұрақтар.

1. Сфигмограмманың анықталған ерекшеліктері неге байланысты болуы мүмкін?

2. Пулсьтік толқынды пальпаторлық зерттелумен салыстырғанда сфигмограмманы талдау қосымша қандай ақпарат береді?

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сұрақтар. | Жауаптар. | Жауаптар. | Жауаптар. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сұрақтар.| Февраля 2015 г.Киев

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)