Читайте также: |
|
1. Тұрақты артериялық гипертензия кезінде барорецепторлар адаптацияға (бейімделу) ұшырайды, осының нәтижесінде импульстер олардан қантамыр қозғалтқыш орталығына өтпейді де артериялық қысым жоғары деңгейде қалады.
2. Депрессорлық (қолқалық) нервтер: сол жақтағы- орталыққа тепкіш нерв талшықтары мен және қолқа доғасында орналасқан рецепторлардан басталады, оң жақтағы оң бұғанаасты артерияның рецепторларынан басталады. Екеуі де кеңірдек нерві құрамында кезбе нервтердің түйінді ганглийіне, сонан соң сопақша миға барады. Артериялық қысым өзгерген кезде импульстар осы жол арқылы таралады.
3. Барорецепторлардан импульстер берілмеген кезде жұлын орталықтарына әсер ететін кезбе нервтің орталық нейрондары және жасушалары тежеледі. Сопақша ми орталықтарының ілесе қозуы принципі бойынша жүрек жұмысы күшейіп, тамырлардың саңылауы тарылады. Осының нәтижесінде артериялық қысым жоғарылайды.
Есеп 3
26 жастағы тексерілетін ер адамда пульс толқыны таралуының жылдамдығын анықтау үшін қолқа реограммасы және сол білектің реовазограммасы тіркелген. Қолқа аймағындағы электродтар мен білектегі бірінші (проксимальды орналасқан) қос электродтар арасындағы қашықтық 52 см, реовазограмма пульсі толқынының кідіріс уақыты қолқа реограммасымен салыстырғанда 0,05 с құрайды.
Сұрақтар.
1. Науқаста пульс толқынының таралу жылдамдығын (ПТТЖ) анықтаңыз және бұл өлшемнің тиісті көрсеткіштерге арақатынасын бағалаңыз: ПТТЖ тиістінің 8Ж+425 (см/с), бұл жерде Ж-тексерілушінің жасы.
2. Адамда пульс толқыны таралу жылдамдығы нені білдіреді?
3. Науқаста ПТТЖ-ның ауытқулары немен байланысты болуы мүмкін?
Жауаптары.
1. 633 см/с.
2. Пульс толқыны таралуының жылдамдығы артериялық қан тамырлар қабырғасының тоникалық кернеуі серпімділігінің жағдайын сипаттайды.
3. Науқаста ауытқулар анықталмаған, көрсеткіштер жастық нормативтерге сәйкес келеді.
Есеп 4
Науқасқа функциональдық кардиологиялық тексеру жасаған кезде атриовентрикулярлық кідірістің уақыты ұзайғаны анықталған.
Сұрақтар.
1. Қандай аспаптық тексеру негізінде осындай тұжырым жасау мүмкін?
2. Көрсетілген деректер қандай анықталған (қандай диагностикалық белгілер негізінде)?
3. Бұл тәсілмен миокардтың қандай қасиетін бағалауға мүмкіндік береді?
Жауаптар.
1. ЭКГ-ға негізделген.
2. Р-Q интервалының ұзарғаны.
3. ЭКГ миокардтың қозғыштығын, өткізгіштігін, автоматизмін бағалауға мүмкіндік береді.
Есеп 5
Клод Бернардың тәжірибесінде постганглионарлық симпатикалық нерв талшықтарын (қоянның құлақ артериясын иннервациялайтын) кескен кезде, кесілген жақтағы құлақтың қызаруы байқалған. Кесілген нервтің перифериялық кесіндісін 1-3 Гц жиіліктегі токпен тітіркендіргенде құлақтың реңі қалпына келгені байқалған, ал тітіркендіру жиілігін 8-10Гц-ке дейін жоғарылатқан кезде бозарған (сау құлақпен салыстырғанда).
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жауаптар. | | | Жауаптар. |