Читайте также:
|
|
НҰСҚА
АЗАҚ ТІЛІ
1. Антоним сөздерді табыңыз. A) Шала -пұла. B) Үзілді - кесілді. C) Ұшып тұру - атып тұру. D) Ірі - уақ. E) Шабыс - жарыс. |
2. Ашық дауысты дыбыстарды табыңыз. A) Ү, о. B) А, ә. C) Е, и. D) Ы, і. E) Ұ, у. |
3. Ұяң дауыссыздар қатарын толықтырыңыз: Б, в, г, ғ,... A) Т B) Һ C) Р D) Л E) Х |
4. Жатыс жалғаулы сөзді табыңыз. A) Қолдан. B) Бесігінде. C) Дайында. D) Іспетті. E) Әсемнің. |
5. Қысқарған сөзге қосымшаның дұрыс жалғануын табыңыз. A) ҚРның B) педколледж-ге C) ХШЖК не D) БҰҰ-на E) смдей |
6. Күрделі зат есім қатысқан сөйлемді табыңыз. A) Айыл-тұрман күнге шағылысып, жарқ-жұрқ етеді. B) Тігіншіні инесі асырайды. C) Жолдасын таппаған ер азады. D) Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды. E) Өнерлі жігіт өрге озар. |
7. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз. A) Мұным, менің. B) Екеуі, қырық бес. C) Оннан бес, екіден бір. D) Отыздай, екінші. E) Жүздеген, оншақты. |
8. Өздік есімдікті тіркесті табыңыз. A) Көркем дүние. B) Бірер елік. C) Қос қыран. D) Жүз шамалы. E) Өз баласы. |
9. Жіктік жалғауды қабылдамайтын етістікті көрсетіңіз. A) Тұйық етістік. B) Етіс. C) Рай. D) Туынды етістік. E) Есімше. |
10. Көнерген сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз. A) Кереуетті солқ еткізіп отыра кетті. B) Немереден кейінгі ұрпақ – шөбере. C) Сен – бұзау терісі шөншіксің. D) Шамадан аспа, кемеріңнен таспа. E) Сол кездегі мықты оқу Орынборда болатын. |
11. Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз. A) Ара. B) Бал C) Теп. D) Келу. E) Қар. |
12. Салыстырмалы шырайды табыңыз. A) Үп-үлкен. B) Өте жақсы. C) Тым әдемі. D) Қалпақты. E) Көгірек. |
13. Мезгіл үстеуін табыңыз. A) Әдейі. B) Тұс-тұсында. C) Осыншама. D) Ежелден. E) Әбден. |
14. "Ма", "ме", ба", "бе" - шылауы қандай грамматикалық тұлғалармен сәйкес келеді, табыңыз. A) Көсемше жұрнағы. B) Есімше жұрнағы. C) Болымсыз етістік жұрнағы. D) Рай жұрнағы. E) Етістік жұрнағы. |
15. Табыс, шығыс, барыс, жатыс, көмектес септік жалғауы арқылы байланысу түрін көрсетіңіз. A) Қиысу. B) Меңгеру. C) Матасу. D) Жанасу. E) Қабысу. |
16. Қосарлы айқындауыш тұрған сөйлемді табыңыз. A) Қарағанды - сұрыптаушы станциясы депосының паровозшылары көп жұмыс атқарды. B) Омар қарт, Жәмила қыз. C) Шоқшалау ақ сақалды, келбетті, зор дауысты адам еді. D) Ертең, 31 мамыр күні, чемпионат жалауы көтеріледі. E) Қамысы қалың, айдыны мол көл еді. |
17. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. A) Анықтығына көз жеткізбейінше, шешім шығарма. B) Ұзын кірпіктері қыбыр-қыбыр етіп, Манар небір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. C) Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдан екі-үш шақырым шамасы бар. D) Біз иесіз тауда жатқан қазынаны биыл меңгермек болып, зор қимылды бастағалы отырмыз. E) Біреу күн шықпастан бұрын, тау жақтан желдіріп келеді. |
18. Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын табыңыз. Уа, туған жер, аша бер құшағыңды! A) 5, 6-сөз B) 4, 5-сөз C) 1, 2-сөз D) 2, 6-сөз E) 2, 3-сөз |
19. Дәйексөз анықтамасын табыңыз. A) Кез келген мәтіннен сөзбе - сөз алынған үзінді. B) Мақал. C) Диалог. D) Мәтел. E) Төлеу сөз. |
20. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз. A) Етегіңдегіні төк. B) Қалған ас итке төгілді. C) Домбырадан күй төкті. D) Шәугімдегі судың қалғанын төкті. E) Қадиша күл төкті. |
21. Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз. Ол аяқ астынан шақ-шақ еткен көп дауыстардан сескене қалды. A) Анықтауыш. B) Пысықтауыш. C) Баяндауыш. D) Толықтауыш. E) Бастауыш. |
22. “Қара жүрек” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. A) Сұм. B) Батыл. C) Момын. D) Жақсы. E) Қорқақ. |
23. Жақты сөйлемді табыңыз. A) Саған соны ғана айтқым келеді. B) Қатерліден осылай құтылар болар. C) Бұлт астында жылжыған ай. D) Қап, ұят болған екен! E) Бүгін жиналысқа қатысуға тиіссіз. |
24. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз. A) Қос нүкте. B) Үтір. C) Нүкте. D) Үтір, сызықша. E) Үтір, дефис. |
25. Стильдің анықтамасын табыңыз. A) Көркем сөйлеу әдебі, мәнерлеп айту жүйесі. B) Ауызша сөйлеу әдебі. C) Сөйлей білу үшін қолданылатын құралдар туралы ілім. D) Жазу мәдениеті, көне сөздерді қолдану тәсілі. E) Сөйлей білудің және жазу мәнерінің қалыптасқан жүйесі, амал-тәсілі. ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 162 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ОРЫС ТІЛІ | | | НЕМІС ТІЛІ |