Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Читайте также:
  1. АЗАҚ ТІЛІ
  2. АЗАҚ ТІЛІ
  3. АЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ, ДАМУ ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 1 страница

 

1. Ертегідегі ’’Шалқұйрық’’ атты тұлпар қай кейіпкердің сенімді серігі ретінде суреттелгенін белгілеңіз. A) Аяз би. B) Аламан мен Жоламан. C) Құламерген. D) Ер Төстік. E) Дүмше молда.
2. «Ел баласы» деген сөздің мәнін анықтаңыз. A) Бір ауылға ортақ бала. B) Көптің қамын ойлайтын бала. C) Асырап алған бала. D) Туған баласы емес. E) Үйдегіні сыртқа таситын бала.
3. Нарын деген жерді ел құлағына сіңісті қылған ақынды табыңыз. A) Доспамбет. B) Қазтуған. C) Дулат. D) Махамбет. E) Алмажан.
4. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз. A) «Әр нәрсенің парқы бар» B) «Өлеңнің аққан көзі едім» C) «Ақжайлау мен Сандықтас» D) «Адамдық іс» E) «Жас дәурен»
5. Абайдың Әйгерімге деген жан сезімін білдіретін өлеңін табыңыз. A) “Көзімнің қарасы”. B) “Қызарып, сұрланып”. C) “Бойы бұлғаң”. D) “Жарқ етпес қара көңілім”. E) “Сап-сап көңілім”.
6. І.Жансүгіров мадақтаған, бес өрлетіп, қырық қарпып, тоқсан толғап ән салатын әншіні табыңыз. A) Үкілі Ыбырай. B) Әсет. C) Естай. D) Ақан сері. E) Жаяу Мұса.
7. Жамбылдың өмір сүрген жылдарын табыңыз. A) 1894-1947 жж. B) 1876-1944 жж. C) 1860-1960 жж. D) 1845-1846 жж. E) 1846-1945 жж.
8. Аққулар, ана, ауру бала, жылқышы қарт қатысатын М.Мақатаев туындысын атаңыз. A) «Аққулар ұйықтағанда». B) «Шолпан». C) «Қырандар, қош болыңдар». D) «Арман». E) «Ару ана».
9. Хафиз ақынның Ақсақ Темірге «Бағаңыз-жиырма бес теңге ғана» деген сөзінің мәнін ашыңыз. A) Өзін артық санағаны. B) «Темір» атты есімін алтынмен салыстыра сөйлеуі. C) Бағасын ақшамен белгілегені. D) Ойланбай сөйлегені. E) Шындықты айтқаны.
10. ’’Тіл-қылыш, тиімсіз жерде тый, Тиімді жерде жи,’’- деген қанатты сөздің білдіретін мағынасын табыңыз. A) Тіл-тәрбие кұралы. B) Тіл- өмір танытушы. C) Тіл-қатынас құралы. D) Тіл-тарихымыз. E) Тіл-ғылым тілі.
11. Ақжүністен туылған ұлдың есімі кім екенін белгілеңіз. (’’Ер Тарғын’’) A) Тортай. B) Ардаби. C) Әжігерей. D) Айғана. E) Жәдігер.
12. Қызынан малын артық көретін әкені табыңыз. A) Маман. B) Базарбай. C) Қарабай. D) Сырлыбай. E) Шығайбай.
13. ’’Жағына жалаң жібек байлаған, Арулар кімнен қалмаған’’- қай шығармадан алынған үзінді екенін анықтаңыз. A) ’’Жауынды күні көп жүрме’’. B) ’’Жел, жел есер, жел есер’’. C) ’’Қоғалы көлдер, қом сулар’’. D) ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’. E) ’’Ор, ор қоян, ор қоян’’
14. Г.Потаниннің кіммен бірге оқығанын белгілеңіз. A) А.Байтұрсынов. B) А.Құнанбаев. C) Ы.Алтынсарин. D) Ш.Уәлиханов. E) С.Торайғыров.
15. Сұлтанмахмұттың “Қымыз” өлеңінде көтерілген негізгі мәселені табыңыз. A) Сусын дәмі. B) Қымыздың пайдасы. C) Әлеуметтік теңсіздік. D) Адам денсаулығы. E) Ойын-той.
16. С.Сейфуллиннің ²Тар жол, тайғақ кешу² романы қалай аяқталатынын табыңыз. A) Ән-күй аңыздарын берумен. B) Сәкеннің Әулиеатаға келіп, Шуда Кеңес өкіметін орнату әрекеттерімен. C) Шу өңірінің тарихын суреттеумен. D) Сәкеннің Дүйсенбі деген жалған атпен түрмеден қашуымен. E) Бетпақдаланың табиғатын суреттеумен.
17. Ғ.Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесінің» жазылу ерекшелігін табыңыз. A) Баяндау әдісімен. B) Астарлы әзілмен жазылған. C) Диалогпен жазылған. D) Сюжетсіз әңгіме. E) Суреттеу әдісімен.
18. ’’От орнындай тұяқтым, Омыртқаң бар отаудай. Шықшытыңа болайын Оралып жатқан түбектей...’’. Осында қандай көркемдік тәсіл қолданылғанын көрсетіңіз. A) Гипербола. B) Ассонанс. C) Антитеза. D) Литота. E) Синекдоха.
19. Абай мен М.Әуезовтің шығармашылығына үндес өзбек әдебиетінің өкілдерін атаңыз. A) Қ.Хафиз, Ғ.Гулям. B) Ғ.Тоқай, М.Жәлел. C) М.Жәлел, С.Құдаш. D) Науаи, Айбек. E) М.Әуезов, Ш.Айтматов.
20. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз. A) XІІ ғ. B) X ғ. C) XІ ғ. D) XV ғ. E) XІV ғ.
21. Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан,-... деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз. A) Өзі. B) Ақсүйек. C) Хан. D) Шаңқұтты. E) Би.
22. «Отының болсын жантақтан, Қатының болсын қалмақтан, Қонысың болсын қазақтан,» - деген жолдардың авторын табыңыз. A) Жиембет. B) Дулат. C) Махамбет D) Бұқар. E) Ақтамберді.
23. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының шығармасын табыңыз. A) «Алдаушы жалған». B) «Әттең, бір қапы дүние-ай». C) «Мұң». D) «Анама хат». E) «Заманның опасыз халіне айтқаны».
24. Шәкәрім қай шығарманы аударғанын анықтаңыз. A) "Дубровский". B) "Ревизор". C) "Асауға тұсау". D) "Обломов". E) "Евгений Онегин".
25. Н.Погодиннің пікірін белгілеңіз. A) «Абайдай» шығарма қазақ әдебиетінде болған емес. B) «Абай жолы» - ХХ ғасырдағы ең үздік шығарма C) «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай». D) «Қазақ неткен ғажайып халық». E) «Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы заңғар биігі - Әуезов».     ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 922 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: АЗАҚ ТІЛІ | АЗАҚСТАН ТАРИХЫ | МАТЕМАТИКА | БИОЛОГИЯ | ГЕОГРАФИЯ | ОРЫС ТІЛІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ| АҒЫЛШЫН ТІЛІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)