Читайте также: |
|
$$$0030
Науқас Н., 44 жас панкреонекроз және перитонит қатысты ота кезінде, Пиковский бойынша холедохты дренаждаумен холецистэктомия жасалды. Бұл жағдайда қандай мақсатпен осы ота түрі жасалды?
A) Детоксикациялау мақсатында өтті алу
B) Холангит дамудың алдын-алу
C) Панкреато-билиарлы жүйенің декомпрессиясы
D) Жедел холангиттің дамуының алдын-алу
E) Өт қабы қабырғасының ферментативті лизисін алдын-алу
{Дұрыс жауабы }= С
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов)/ Под ред. Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0031
34 жастағы науқаста 12 елі ішектің ойық жарасы себебінен болған лапаротомия барысында үлкен көлемді перфоративті тесік және айқын перифокальді қабыну бар екені анықталды. Төменде көрсетілгеннің қайсысы осы жағдайда перфорациялық тесікті тігудің әдісі анағұрлым тиімді?
A) Түйінді тігіспен тігу
B) 2 қатар тігіспен тігу
C) "П" тәрізді тігіспен тігу
D) Ойық жараны кесіп алып тігу
E) Оппель-Поликарпов бойынша тігу
{Дұрыс жауабы }= Е
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов)/ Под ред. Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0032
Науқас Д., 47 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа бірнеше реттік қан аралас құсу, қара нәжіс, ес-түсін жоғалту, қатты әлсіздік, бас айналу деген шағымдармен жеткізілді. Ойық жара анамнезі 5 жыл. Түскен кезде жағдайы ауыр: пульс 100 соғу минутына, АҚ 80/40 мм рт. ст., боз. Қан анализінде: эритроциттер 2,2х1012, Hb 80 г/л, гематокрит 20%. Шұғыл ЭФГДС кезінде – асқазанның созылмалы каллезді ойық жарасы 3 см дейін, қызыл жұмсақ тромбпен жабылған. Осы жағдайда анағұрлым дұрыс емдік тактика қандай?
A) Динамикалық бақылау жүргізу
B) Реанимациялық бөлімшеге аудару
C) Дайындықтан кейін шұғыл операция жасау
D) Асқазанға жергілікті гемостатиктер енгізу
E) Дайындықсыз бірден операция жасау
{Дұрыс жауабы }= С
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов)/ Под ред. Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0033
Науқас Ч., 65 жаста оң шап аймағындағы жиі қысылатын жарықтың барына шағымданады. 1 сағат бұрын қысылу сезімі пайда болды. Жедел көмекті шақырды. Қысылғанда шат үстіндегі аймақта тартып ауырады және жиі зәр шығарғысы келеді. Осы науқаста анағұрлым ықтимал жарық түрі қандай?
A) Сан жарығы
B) Жылжымалы жарық
C) Қиғаш шап жарығы
D) Жапқыш тесік жарығы
E) Спигелий сызығының жарығы
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов)/ Под ред. Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0034
Науқас Б., 43 жаста, холецистэктомия болған. Жалпы өт өзегінен 2 конкрементті алғаннан кейін Т-тәрізді дренаж қойылған. Операциядан кейін 7-тәулікте қан сары суындаға билирубин деңгейі әлі де жоғары, арқа берілетін ауру сезім ұстамасы болған. Осы жағдайда сіздің қолданатын іс шараныз қандай?
A) Дренажға қысқыш салу
B) Т-тәрізді дренажды алып тастау
C) Консервативті емді жалғастыру
D) Фистулохолангиография жасау
E) Қайталанбалы операция жасау
{Дұрыс жауабы }= D
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов)/ Под ред. Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0035
45 жастағы науқас И. Бильрот II бойынша асқазан резекциясынан 1 сағаттан кейін назогастральді зонд арқылы 500 мл қан бөлінді. Өткізіліп жатқан гемостатикалық және орын басушы терапия нәтижесіз. Қандай емдік тактика анағұрлым тиімді?
A) Асқазанды суық сумен тазалау
B) Науқасқа қайталама операция жасау
C) Орын басушы терапия жүргізу
D) Асқазан тұқылына зонд өткізіп, жергілікті ем жүргізу
E) Жергілікті гемостатикалық терапияны жалғастыру
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов)/ Под ред. Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$0036
Науқас С., 31 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішектің тарылуы мен перитонит белгілерімен 19 сағаттан кейін түсті. Операцияға дайындықтан кейін науқас операцияға алынды. Операция барысында аш ішектің қуысы шажырқаймен қоса ілмек тәрізді жабысып қалған. Ішектің ілмегі 15см ге дейінқып қызыл болып кеткен, перистальтикасы жоқ, шажырқай тамырының соғысы білінбейді. Осы жағдайда сіздің ары қарайғы тәсіліңіз қандай?
А) Жабысқан жерін кесіп тастап, ішекті жылыту қажет;
В) Шажырқай түбіне гепарин енгізіп, ішекті жылыту қажет;
С) Ішектің өзгерген бөлігін кесіп алып тастау керек;
D) Жабысқан жерді тіліп, шальков зондын ішекке өткізу керек;
E) Шажырқай тамырына новокаиннің 0,5% ерітіндісін енгізу керек;
{Дұрыс жауабы }= С
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов)/ Под ред. Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. 2003)
{Курс}=7
{Семестр}=14
Каз
$$$001
Науқас И. 49 жаста 1 тәулік бұрын оң жақ кеуде торының пышақталған жарақатын алған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Боз, АҚ – 110/70 мм.рт.ст., пульс – 88 соғу минутына, қасиеттері қанағаттанарлық. Оң өкпе үстінде тыныс әлсіреген. Кеуде торының рентгенограммасында 7 қабырғааралыққа жететін сұйықтық деңгейі анықталады. Бақылау пункциясы кезінде сұйық қан алынды. Рувиула-Грегуар сынамасы теріс. Қан шприцта ұйымайды.Бұл жағдай нені сипаттайды?
A) Тоқталған қанкету
B) Қайталанбалы қанкету
C) Плевра қуысының іріңдеуі
D) Оң жақтан ұйыған гемотораксы
E) Өкпе мен бронхтың зақымдануы
{Дұрыс жауабы }=А
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Хирургия повреждений груди. Вагнер Е.А, 1981)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$002
Науқас еркек Ф., 17 жаста хирургиялық бөлімшеге оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл көрініс спорт жаттығуларынан кейін пайда болған. Объективті: ортоп байқалады, тері жамылғысының цианозы. Перкуссия кезінде оң жақ кеуде торында қорап тәрізді дыбыс, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТЖ 28 рет минутына. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Буллезді эмфизема
B) Бронхоэктазды ауру
C) Кеуде аралық эмфиземасы
D) Оң жақтан кеуде торының соғылуы
E) Оң жақтан спонтанды пенвмоторакс
{Дұрыс жауабы }=Е
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Торакальная хирургия:Руководство для врачей. Бисенков Л.Н. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$003
Науқас ер адам Д., 35 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа жарақаттан кейін кеуде торларының сол жартысы ауруына,ауаның жетіспеушілігіне, әлсіздікке шағымданып жеткізілді. Тексеріс кезінде 3 қабырғааралық кеуде шеті 1,0 см тегіс бөлік жарақаттанған, цианоз, мойын веналары ісінген,ентігу.Жіп тәрізді пульс, АҚ – 80/40 мм.рт.ст. Аускультация кезінде кеуденің төменгі бөліктерінде сол жақ тынысы біршама әлсіреген, жүрек тондары тұйық. Дәрігер жүрек тампонадасына күдіктеніп, науқас ота жасау бөлімшесіне жеткізілді. Осы жағдайда науқасқа қандай бiрiншi кезектегi манипуляция көрсетілген?
A) Торакотомия;
B) Перикард пункциясы;
C) Плевралдық қуыс пункциясы;
D) Қан компоненттерiнiң құйылуы;
E) Орталық көк тамырдың катетер енгiзуi;
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Проникающие ранения груди. Вагнер Е.А. 1975)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$004
Ер адам 37 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа пышақталған жарақатынан 1 сағаттан кейін ауыр жағдайда жеткізілді. Анамнезінен ес-түсін жоғалтқан. Қарап тексергенде: жара кеуде торында сол жақтан бұғана ортаңғы сызық бойымен 3-қабырғааралықта, өлшемдері 1,5х1,0 см. Науқас мазасыз, тері жамылғылары боз. Тынысы сол жақтан әлсіреген, жүрек тондары тұйық, АҚ 80/40, пульс 110 соғу минутына. Осы жағдайда сіздің әрі қарай жасайтын іс-әрекетіңіз қандай?
A) Шұғыл торакоскопия
B) Шокқа қарсы ем бастау
C) Міндетті түрде ЭКГ өткізу
D) Шұғыл сол жақтық торакотомия
E) Кеуде торының рентгенографиясын жасау
{Дұрыс жауабы }= D
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Проникающие ранения груди. Вагнер Е.А. 1975)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$005
Ер адам 29 жаста, хирургиялық бөлімшесіне жедел түрде кеуде торындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, ентігуге, 37,50С дейін температураның жоғарлауына шағымданып түсті. Анамнезінен: 1 апта бұрын төбелес кезінде кеуде торы аймағына соққы алған. Ауырсыздандырғыштар қабылдаған. Қан анализінде эритроциттер 2,9х1012, гемоглобин 90 г/л, гематокрит 28%, лейкоциттер 9,8х109. Рентгенограммада оң жақтан ұйыған гемоторакс анықталды. Осы жағдайда анағұрлым тиімді тактика қандай?
A) Плевра қуысын дренаждау
B) Плевра қуысының пункциясы
C) Плевраішілік ферменттерді енгізу
D) Қосарланған антибиотикотерапия жүргізу
E) Торакоскопия санация және дренаждаумен бірге
{Дұрыс жауабы }= Е
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Торакальная хирургия:Руководство для врачей. Бисенков Л.Н. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$006
Хирургке 34 жасар ер адам қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне 5 күн бұрын тұрмыстық ұрыс кезінде пышақпен мойын аймағына алған жарақатымен келіп түсті. Мойын қозғалысының қиындауына және температураның 38,60С дейін жоғарлауына шағымданады. Рентгенографияда мойынның жұмсақ тіндеріндегі газ қабаты, омыртқа алды кеңістіктің ұлғаюы және трахеяның алдыға қарай ығысуы анықталады. Дәрігер өңештің мойын бөлігінің жарақаты деп шешті. Осы жағдайда әрі қарайғы анағұрлым орынды тактика қандай?
A) Асқазанға зонд қою;
B) Операция тағайындау;
C) Мойынға компресс қою;
D) Антибиотиктер тағайындау;
E) Динамикада бақылау;
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Хирургия пищевода. Руководство для врачей. Черноусов А.Ф., Богопольский П.М., Курбанов Ф.С. 2000)
{Курс}=7
{Семестр}=14
Аз
SSS001
Қыс мезгілінде жгутті аяқ-қолда қанша сақтауға болады?
А) 1 сағат
B) 1,5 сағат
C) 2 сағат
D) 2,5 сағат
E) 3 сағат
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделіліктің деңгейі}=1
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS002
Шабылған жараға тән белгілер?
А) Жұмсақ тіннің жарақаттан болған жарасының шеттері сылынған
B) Жараның ену тесігінің көлемі кішірек
C) Жараның айналасындағы тіндердің мыжылуымен
D) Жараның шеттері тегіс, жылтыр
E) Жараның шығар тесігінің көлемі ену тесігінен үлкен
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделіліктің деңгейі}=1
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS003
50 ж. науқас оң иығының жоғарғы үштен бірінің ауру сезіміне, ісінгеніне, деформациясына, қызметінің бұзылуына шағымданып түсті. Науқастың айтуы бойынша жарақатты демалыста алған. Науқас клиникаға жеткізіліп, тексеріліп тоқпан жіліксүйегінің сынығы анықталған. Иммобилизация және Дезо таңғышы салынды. Оперативті емге тұрғылықты жеріне жіберілген. ҚКА №4 ортопедия бөлімшесіне госпитализацияланған. Оң тоқпан жілік сүйегінің рентгенографиясы мен КТ: оң тоқпан жілік сүйегінің басында және мойнында көптеген жарықшалар анықталады. Сіздің диагнозыңыз:
А) Оң тоқпан жілік сүйегінің басының және мойнының жабық буынішілік көп жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен
B)Оң тоқпан жілік сүйегінің диафизі және мойнының жабық көп жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен
C)Оң тоқпан жілік сүйегінің мойнының жабық буынішілік көп жарықшалы сынығы.
D) Оң тоқпан жілік сүйегінің жабық импрессионды көп жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен
E) Оң тоқпан жілік сүйегінің басының және хирургиялық мойнының жабық буынішілік көп жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделіліктің деңгейі}=2
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS004
Науқас В., 66 жаста. Травматологиялық бөлімшеге мынадай диагнозбен түсті: сол тоқпан жілік сүйегінің ортаңғы 1/3 жабық жарықшалы сынығы, сынықтардың жылжуымен. Қосымша аурулары: ИБС, стенокардия қысым, ФК3; гипертониялық ауру 3дәреже, қауіп4; қант диабеті 2 тип, субкомпенсирленген. Жарақатты магазинге бара жатқанда далада құлап түсіп алған.Тексеру планын құрыңыз:
A) Кеуде кл шолу R-графия, ЖҚА,ЖЗА, қанБ/х, глюкоза, ЭКГ
B) КТ, ЖҚА,ЖЗА, қанБ/х
C) Денситометрия
D) Қолдың қантамырларының УЗДГ
E) ЖҚА,ЖЗА, қанБ/х, глюкоза, ЭКГ
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделіліктің деңгейі}=2
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS005
48 ж. науқасты машина соғып кетті. Оң иығындағы, иық буынындағы ауру сезіміне,пальпация кезңндегі ауру сезімі байқалады. Оң тоқпан жіліктің жоғарғы 1/3 қимылдатқанда ауырады, патологиялық қозғалыс байқалады. Рентгенограммада- тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынығы, сыртқа және артқа ашылған бұрыш бар. Сіздің диагнозыңыз:
A)Аддукционды оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынығы
B)Абдукционды оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынығы
C) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының енген сынығы
D)Сол тоқпан жіліктің төменг1/3 ашық сынығы
E) Оң тоқпан жіліктің төменг1/3 ашық сынығы
{Дұрыс жауап}=B
{Күрделіліктің деңгейі}=2
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS006
34 жасар науқас көктайғақ кезінде иығымен жерге құлады. Қарап тексергенде иық буынының деформациясы, ісінгенін, сүйек сынығының крепитациясы, қозғалғанда қатты ауырады.2-і проекциялы рентгеноргаммада тоқпан жілік сүйегінің хирургиялық мойнының бойында көлденең сынығы бұрыштық жылжумен, бұрыш сырқа ашық 40 ° және артқа 40 °.
Дұрыс диагнозды анықтаңыз:
A) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық әкетуші сынығы (абдукционды)
B) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық әкелуші сынығы (аддукционды)
C) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық сынығы
D) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының жабық сынығы жылжуымен
E) Оң тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының енгенжабық сынығы
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделіліктің деңгейі}=2
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS007
50 ж. науқас К клиникаға: сол жақ жамбас буын аймағындағы ауру сезімге, физикалық күштемеден кейінгі ауру сезімінің күшейуіне шағымданып келді. Науқас 2,5 ай бойы ауырады. Сол жақ сан сүйегінің проксимальді сынығы бойынша емделген. Status localis: сол жақ жамбас буыны мен бөксе аймағының тері қабаты таза,операциядан кейінгі тыртық қабынусыз. Жамбас буынында қозғалыс көлемі шектелген, ауру сезімді. Жамбас буынында Бүгілу 40º. Жазылу 5º. Бұрылу 15º. Ротациямен бұрылу шектелген. Сол жақ төменгі бөліктің 2см қысқаруы. Жамбас буынының сол жақ R-графиясы:сол жақ сан сүйегінің вертельді сынығының дұрыс емес бітуінен көрінеді. Металлоконструкциялар. Сол жақ коксоварасы. Қандай диагноз қойылуы ықтимал?
А) Сол жақ жамбас сүйегі ұршығының сынығының дұрыс емес бітуі. Металлоконструкция. Сол жақ коксоварасы.
B) Сол жақтың посттравматикалық коксоартрозы, сол жақ сан сүиегі мойынының жалған буыны. Металлоконструкция. Сол жақ коксоварасы.Ауру синдромы.
C) Сол жақ сан сүиегінің проксималды аумағының екінші реттік сынығы. Металлоконструкция. Сол жақ коксоварасы.Ауру синдромы.
D) Сол жақтың диспластикалық коксартрозы. Сол жақ сан сүйегінің туа біткен шығуы. Металлоконструкция. Сол жақ коксоварасы.Ауру синдромы.
E) Сол жақ санның араласып жабық сынуы. Металлоконструкция. Сол жақ коксоварасы.Ауру синдромы.
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделіліктің деңгейі}=2
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS008
Қабылдау бөлімшесіне 41 жастағы науқас мынандай шағымдармен түсті: Құйрық аймағында ауру, жамбас және орта жілік буындағы ауру сезімі, сол аяғының қысқаруы, ауру себебінен, қозғалыс мүмкін емес. Тексеру кезінде: Аяқ тізе буында бүгілүі, ішке ротация, қысқарылған.Мүмкін диагнозыныз:
А) Сол ортан жілік сүйегінің мойынын сынуы.
B) Жамбас сүйек ойығынын сынуы
C) Орта жіліктін айдаршықтан төмен жағынан сынуы
D) Орта жілік басынын орталық шығып кетуі
E) Жамбас сүйек ойығынын сынуы және жілік басынын шығып кетуі
{Дұрыс жауап}=E
{Күрделіліктің деңгейі}=2
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS009
Қабылдау бөлімшесіне 41 жастағы науқас мынандай шағымдармен түсті: Құйрық аймағында ауру, жамбас және орта жілік буындағы ауру сезімі, сол аяғының қысқаруы, ауру себебінен, қозғалыс мүмкін емес. Тексеру кезінде: Аяқ тізе буында бүгілүі, ішке ротация, қысқарылған. Қосымша-зерттеулер:
А)КТ
B) Рентгенография үйреншікті проекцияда
C)УЗИ
D)МРТ
E) Артроскопия
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделіліктің деңгейі}=2
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS010
30 жастағы науқас грузовиктен қулағаннан травматологияның қабылдау бөлімшесіне түседі. Шағымы: арқасы ауырады, жүрген кезінде күшейе түседі. Объективті қарауда: 10 кеуде омыртқасының өсіндінің кенет ауыруы, гибус байқалады. Рентгенограммада: Th10 дене компрессиясы 1/3.Диагноз:
A)Th10ның денесінің шығуы
B) Th10ның денесінің 1/3ке компрессиялық сынуы
C) Жұмсақ тіндердің соғылуы
D) Сколиоз
E) Туберкулезды кифоз
{Дұрыс жауап}=B
{Күрделіліктің деңгейі}=2
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS011
18 жстағы ауру қабылдау бөлмесіне түсті. Шағымдары: оң жақ кеудесінің ауыратыны, тынысының оң жақтан тарылуы. Анамнез: Құрылыста жұмыс кезінде сатыдан құлаған.Болжама диагноз: оң жақ кеудесінің 6-7 қабырғаларының жабық сынығы. Гемоторакс. Гемотораксты анықтауда қандай зерттеулер тиімді?
А) Кеудені КТ-дан өткізу
B) Кеудені МРТ-дан өткізу
C) Плевра қуысына пункция жасау
D) Кеудені рентгенография жасау
E) Кеудені рентгеноскопия жасау
{Дұрыс жауап}=C
{Күрделіліктің деңгейі}=2
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS012
Науқас В., 60 жаста, сүлгілерді қайнатып жатып бүкіл құрсақ аймағының күйігін алған. Сол аймақтың қатты ауру сезімі пайда болған, есінен танбаған. Кейіннен терісінде үлкен тығыздалған көпіршіктер пайда болған, ішінде сары сұйықтығы мен аздап серозды эксудаты бар. Жедел жәрдем шақырған және камбустиология бөлімшесіне жеткізілген. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Шағымдары зақымдалған аймақтағы қатты ауру сезіміне. PS 92 соққы минутына.АҚ 150/100 мм.сн.бб. Локальды тексергенде:алдыңғы құрсақ аймағында жоғарыда айтылған өзгерістер, бірақ үлкен көпіршіктердің біразы жарылған, түптері қызыл, ылғалды, жанасқанда сезімталдығы төмендеген. Кейбір үлкен көпіршіктерде желетәрізді сары сұйықтықпен толған. Сіздің болжама диагнозыңыз және зақымдану көлемі?
А) Алдыңғы құрсақ қабырғасының II және III сатылы термиялық күйігі
B) Алдыңғы кеуде аймағының III б – IV сатылы
C) Алдыңғы құрсақ қабырғасының IIIб және IV сатылы термиялық күйігі
D) Термиялық күйік 1 сатылы
E) Қайнаған сумен күйу II сатылы
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделіліктің деңгейі}=2
{Оқулық}=(Травматология и ортопедия, Юмашева Г.С., 1990ж.
{Курс}=7
{Семестр}=14
SSS013
50 ж. науқас оң иығының жоғарғы үштен бірінің ауру сезіміне, ісінгеніне, деформациясына, қызметінің бұзылуына шағымданып түсті. Науқастың айтуы бойынша жарақатты демалыста алған. Науқас клиникаға жеткізіліп, тексеріліп тоқпан жілік сүйегінің сынығы анықталған. Иммобилизация және Дезо таңғышы салынды. Оперативті емге тұрғылықты жеріне жіберілген. ҚКА №4 ортопедия бөлімшесіне жоспарлы түрде госпитализацияланған. Оң тоқпан жілік сүйегінің рентгенографиясы мен КТ: оң тоқпан жілік сүйегінің басында және мойнында көптеген жарықшалар анықталады. Қандай емдеу әдісін қолданасыз:
А) Ашық репозиция, оң тоқпан жілік сүйегінің басының остеосинтезі спицамен.
B)Оң тоқпан жілік сүйегінің проксимальді бөлігіне ашық остеосинтез жасау бекітілетін(Блокирующий)пластинаменC)Оң тоқпан жілік сүйегінің жоғарғы 1/3 ашық остеосинтез жасау бекітілетін стерженменD) Оң тоқпан жілік сүйегінің төменгі 1/3 ашық остеосинтез жасау бекітілетін пластинаменE)Ашық репозиция, сол тоқпан жілік сүйегінің жоғарғы 1/3 ашық остеосинтез жасау пластинамен
Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 130 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Каз АСТАНА 2 страница | | | Каз АСТАНА 4 страница |