Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бейтарап пікір

Шетелдерде тұрып жатқан қазақтарды елге көшіру саясатына өзгерістер енгізу қажет. Осы бағытта Израиль мен ГФР сияқты ұлттық миграция қорын құрып, шеттен келген қандастарымыздың әлеуметтік ахуалына көмектесу ісін жүйелеуге болады. Өткен аптада бұл пікірді Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы айтты. Осы ретте, «Оралмандардың әлеуметтік мәселесін шешу үшін ұлттық миграциялық қор құру қажет пе?» деген сауалға мамандар әртүрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Біз аталған мәселені ой-көкпардың ұршығына салып иіріп көрген едік.

 

Ауыт Мұқибек, ақын:

иә

- Ұлттық миграциялық қор құру қажет деп ойлаймын. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде шеттегі 1 миллионға жуық қазақты әупірімдеп жүріп көшір­дік. Жат елдегі қандастарымыздың са­ны­на қарасақ, бұл көрсеткіш айтарлық­тай нәтижеге қол жеткізбегенімізді көр­­сетеді. Сондықтан да бүгінгі күні көші-қон мәселесіне үлкен реформа ке­рек. Ол реформаны әлемдегі Из­раиль, Германия, Ресей секілді елдер­дің тәжірибесіне сүйеніп жасауға бо­лады. Осы елдердің кейбірінің кө­ші-қон мәселесін қолға алғанына ға­сыр­дан астам уақыт өтті. Демек, ол ел­дер­де осы мәселе пісіп-жетілген. Олар­дың, яғни Германия мен Израиль­дің, ұлттық миграциялық қор құру тәжірибесі өзін-өзі ақтаған үрдіс деп білемін.

Сонымен бірге біздің мемлекетіміздің әл-ауқаты, экономикасының қарқынды дамуы, өзге елдермен терезесінің тең болуы тікелей Елбасымыз Нұрсұлтан На­зар­баевтың атымен тығыз байланысты. Көші-қон мәселесінің де басты бастама­шысы, қозғаушы күші - Елбасымыз. Бұл орайда ұлттық миграциялық қорды Тұңғыш Президентіміздің көші-қон қоры немесе Елбасымыз сөзін жазған әндегі «құйылсын көшің» атты тіркесті пайдала­нып, «ҚҰЙЫЛСЫН КӨШІҢ...» Президенттік қоры деп атауға болады. Бұл бірінші - мәселе. Екіншіден, шетелдегі ағайынды мемлекеттің бюжетін шығындамай-ақ көшіруге болатын секілді. Өйткені біздің халықтың әл-ауқаты әбден көтеріліп, ұлттық буржуазиямыз қалыптасты. Forbes Kazakhstan журналы Қазақстандағы ең бай адамдарды анықтап, «Дәулеттi Қазақстан» деген атпен олардың тiзiмiн жариялады. Әзiрге жалпы саны 50 адам. Солардың әрбiрiнiң қаржысының 0.001 пайызын ғана шотқа салып көріп едім, 835 млн 722 мың АҚШ долларын құрады. Мұны мөлшермен әр отбасына 10 мың доллардан деп есептесеңiз,

83 572 шаңырақты көшiрiп алуға еркін жетедi екен. Демек, бұл көрсеткіш - Қазақстанның жы­лына 20 мың отбасын кө­ші­руге жұмсайтын қаража­тынан 4,5 есеге артық деген сөз. Сол себепті де көші-қон мәселесі­не арнайы ре­форма жасап, қор ашып, ауқатты азамат­тар­дың кө­мегі арқылы қанда­с­тарымыз­бен қа­уышуға болады. Өйткені бізде Forbes Kazakhstan-ның назарынан тыс қалған байлар өте көп.

 

Алдан Смайыл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

жоқ

- Республикалық бюджеттен квота бойынша оралмандарға аз қаржы бөлініп отырған жоқ. Мемлекет өз қарауына алып, жағдайын жасап отырған кезде тағы бір қор құрудың қажеттілігі шамалы деп ойлаймын. Ұлттық миграциялық қор құру үшін оның мақсаттары белгілі болып, қорға ақша қайдан келеді, ол қаржы қандай мақсаттарға, қандай жолдармен жұмсалады деген секілді мәселелер айқындалуы қажет. Бір қараған жанға қор құра салу дегеніңіз оңай шаруа болып көрінер. Бірақ олай емес. Бұл идея жеке адамның бастамасы болып, оралмандарды алдыға салып, өз пайдасына бұратын болса, оның қажеті не?

Мен ұлттық миграциялық қорды былай қойып, жалпы, елімізде құрылып жатқан қор атаулысына күмәнмен қа­рай­мын. Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығының басшысының деректеріне қарасақ, елге көшіп келген ағайын­дар­дың санының өзі статистикаға сәйкес емес екен. Осыған дейін 20 мың адам Қазақстанға көшіп келмесе де, квотаға қол жеткізген. Соларға бөлінген ақшаның бәрі толып жатқан ұйымдар мен қорлардың қалтасында кетті ғой. Сол себепті де ақша жү­ретін мәселелерге байып­пен қарауымыз қажет. Сая­саты­мызда я басқа саламыз­да сәл әлсіздік байқала қал­са, неше түрлі ағайын «қор құра қалайық», «ұйым не­месе партияға біріге қалайық» деп бір ортаға жиыла қалады. Меніңше, қан­дай мәселе болсын ең алдымен мемле­кет мүмкіндігін қарастыру керек. Мемлекет­тің мүмкіндігі жетіп тұрса, ондай қорларды қап­тата бергеннен пайда жоқ. Оралмандар­ды шекарадан өткізіп алу аса қиын шаруа емес, керісінше, көшіп кел­ген­нен кейінгі проб­лемаларын шешу жол­да­рын қарастыр­ған жөн. Алдымен қор құру емес, осы мәсе­лелерді, яғни оларды ай­мақ­тарға орна­лас­тыру, тұрғын үй мәселе­сін шешу, жұмыспен қамту, балаларын мек­тепке кіргізу, жергілікті жерге бейімдеу деген секілді жағдайларды шешейік. Мұндай кешенді шаруаны жекеле­ген кәсіпкер де, ұйымдар мен партиялар да түпкілікті атқара алмайды. Сондықтан да бар мәселені ұлттық миграциялық қор ше­шеді деген - бос әңгіме. Көші-қон туралы заңы­мыз бар. Бар мәселені сол заңның айна­ла­сында қарап, осы түйткілдерге те­ре­ңірек үңілелік.

 

Бейтарап пікір

Қабылсаят ӘБІШЕВ, Қазақстан Республикасы бас прокурорының аса маңызды мәселелер жөніндегі аға көмекшісі:

- Ұлттық миграциялық қор құрдық делік. Ол қор қалай жұмыс жасайды? Оған қаржы қайдан келеді? Осы сұрақтарға жауап бар ма? Қор құру үшін оған қаржы тартатын көздерін табу қажет. Біздің қазақтарда миграциялық қорды қаржыландыратын меценаттар жоқ. Мемлекет жаңадан көшіп келген отбасыларға ғана көмектеседі. Мысалы, шеттен келген ағайынға 10 жыл, 20 жыл көлемінде көмек көрсету - мүмкін емес шаруа. Бюжеттен жылына 20 мың отбасын көшіріп алуға 16 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп келеді. Дұрыстап жарата алсақ, мұның өзі аз ақша емес. Әлеуметтік көмек дегеніміз қандай көмек? Мен осы жайды түсінбеймін. Жергілікті халық секілді балалары мектепке тегін барады, емханаларда тегін емделіп жатыр. Барлық жағдай бізбен теңестірілген. Ал, екінші жағынан қарағанда, жақсы жұмыс жасайтын қор болса, құруға болады. Десек те, бұл - бір сағатта шешілетін шаруа емес. Германияда оралмандарға қайда барып қоныстан десе, сол жерге барады. Бізде осындай қоғамдық қорлар негізінде бес жылға солтүстік облыстарға қоныстандыруға болатын сияқты.

 

 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
НАПРАВЛЕНИЯ И ФОРМЫ КООРДИНАЦИОННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ| Правила поведения при приеме детей в Детскую комнату

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)