|
1. ҚР «Нотариат туралы» Заңының қабылдану мерзімі:
А. 5 маусым 2000 жылы
Б. 20 қараша 1998 жылы
В. 14 шілде 1997 жылы
Г. 7 қазан 1999 жылы
Д. 27 қараша 2005 жылы
2. Нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы жоқ:
А. судьялар, прокурорлар
Б. аудандық маңызы бар қалалар әкімдер аппаратының лауазымды тұлғалары
В. ҚР атынан консулдық қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар
Г. мемлекеттік нотариустар
Д. жекеше нотариустар
3. Нотариаттық қызмет:
А. нотариуспен басқа да құзырлы тұлғалармен нотариаттық әрекеттерді жасауы
Б. нотариаттық іс-әрекет
В. ҚР «Нотариат туралы» заңында көрсетілген қызмет
Г. тиісті тұлғалардың қызмет жасауы
Д. заңды тұлғалардың тиісті қызметі
4. Нотариаттық қызметпен айналысуға ерік білдірген тұлғаларға қойылатын талаптар:
А. 5 жыл еңбек тәжірибесі
Б. ҚР азаматтығы
В. құқық қорғау органдарындағы тәжірибе
Г. тиісті табыс көзінің болуы
Д. салық төлеуші ретінде тіркелуі
5. Еңбек тәжірибесіне қойылатын жалпы талап:
А. 2 жыл
Б. 4 жыл
В. 2 ай
Г. 6 ай
Д. тәжірибенің қажеті жоқ
6. ҚР-ғы нотариат:
А. заңда көзделген құқықтар мен фактілерді куәландыруға бағытталған арнайы субъектілердің нотариаттық қызметі
Б. нотариаттық іс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт
В. құқықтар мен фактілерді күәландыруға бағытталған мемлекеттік немесе жекеше орган
Г. заңда көзделген құқықтар мен фактілерді куәландыруға бағытталған арнайы субъектілердің нотариаттық қызметі мен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзіндегі бекітілген жүйесі
Д. ҚР жеке немесе заңды тұлғалардың құқығымен мүдделерін қорғау үшін құрылатын орган
7. Заңды тұлғалар мен лауазымды адамдар қандай мерзім ішінде нотариаттық әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтерді беруге тиісті:
А. 2 ай
Б. 20 күн ішінде
В. 10 күн ішінде
Г. 6 ай
Д. 30 күн ішінде
8. Нотариус лицензиясы
А. басты және ҚР бүкіл аумағында қолданылады
Б. мерзімді және ҚР белгілі аумағында ғана қолданылады
В. мерзімсіз және ҚР белгілі аумағында ғана қолданылады
Г. уақытша
Д. бір реттік
9. Нотариус бола алмайды:
А. 2 жыл тәжірибеден өткен адам
Б. ҚР азаматтығы бар адам
В. әрекет қабілеттілігі толық адам
Г. өтелмеген немесе заңда белгілінген тәртіппен соттылығы алынбаған адам жиырма бес жасқа жеткен адам
Д. 2 жыл тәжірибеден өткен адам
10. Нотариаттық қызметті жүзеге асыруға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін ҚР-ң қандай органы бекітеді:
А.Үкімет
Б. Парламент
В. Президент
Г. аумақтық әділет органдары
Д. Нотариаттық палатасы
11. Қанша уақытқа сынақтан өту мерзімі қысқартылады:
А. алты айдан кем болмауы керек
Б. екі жыл кем болмауы керек
В. екі айдан кем болмауы керек
Г. үш айдан кем болмауы керек
Д. сынақтан өтудің қажеті жоқ.
12. Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтініш иесіне қандай мерзім ішінде шешім беріледі:
А. 3 күн
Б. 15 күн
В. 2 ай
Г. 1 ай
Д.10 күн
13. Нотариус лицензиясының күші алты айға дейінгі мерзімге тоқтатылады:
А. нотариаттық іс-әрекеттерді жасаған кезде нотариус ҚР заңдарын бұзғанда
Б. нотариаттық қызметпен айналысу құқықғына лицензияны кері қайтарып алу жөніндегі талап-арыз ісін қозғалғанда
В. нотариус қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылған жағдайда
Г.нотариус өзіне белгіленген қызмет аумағын бұзғанда
Д. барлығы дұрыс
14. Мемлекеттік нотариустың қызмет ету аумағын кім белгілейді:
А. аумақтық әділет органы
Б. нотариаттық палата
В. ҚР Әділет министрлігі
Г. аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата бірлесе отырып
Д. басқа органдар
15. Жекеше нотариустың қызмет ету аумағын кім белгілейді:
А. басқа органдар
Б. аумақтық әділет органы
В. ҚР Әділет министрлігі
Г. нотариаттық палатаның жеке өзі
Д. аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата бірлесе отырып
16. Мемлекеттік нотариуспен нотариаттық әрекеттерді жасау мерзімдері:
А. қажетті құжаттар ұсынылған және мемлекеттік баж төленген күні
Б. қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейінгі күні
В. қажетті ақы төленген күні
Г. қажетті құжаттар ұсынылған кейін 10 күннен соң
Д. қажетті құжаттар ұсынылып әділет органдары рұқсат берген күні
17. Нотариустың ар-ождан кодексін әзірлеп, бекітеді:
А. өзге органдар
Б. аумақтық әділет органы
В. ҚР Әділет министрлігі
Г. аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата
Д. Республикалық нотариаттық палата
18. Жеке нотариаттық мұрағат аумақтық нотариаттық палатаның........... болып табылады:
А. мүшесі
Б. өкілдігі
В. субъектісі
Г. филиалы
Д. құрылымы
19. Нотариаттық палата қандай мерзімде өзінің қызметі туралы Республикалық НП және аумақтық әділет органына ақпарат беріп отырады:
А. жылына бір рет ғана
Б. ай сайын
В.үш ай сайын
Г.әр аптаның соңында
Д. жарты жылда және жылда
20. ҚР-ң әрбір облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында қанша нотариаттық палата құрылады:
А он.
Б. екі
В. үш
Г. төрт
Д.
бір
21.Заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда нотариус қандай жауаптылық түрлеріне тартылады:
А. барлығы дұрыс
Б. қылмыстық
В. әкімшілік
Г. материалдық
Д. тәртіптік
22. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы қабылдап болған күннен бастап қанша уақытқа кейінге қалдыруы мүмкін
А. он бес күннен аспайтын мерзімге
Б. он күннен аспайтын мерзімге
В. бес күннен аспайтын мерзімге
Г. жиырма күннен аспайтын мерзімге
Д. бір айдан аспайтын мерзімге
23. ҚР «Нотариат туралы» Заңының қай бабында нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тарту көзделген:
А. 30-бап
Б. 39-бап
В. 76-бап
Г. 29-бап
Д. 48-бап
24. ҚР Әділет министрлігі нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік.................жүргізеді:
А. тәртібін
Б. кестесін
В. ережесін
Г. анықтамасын
Д. тізілімін
25. Мемлекеттік нотариаттық кеңсе аумақтық әділет органының.................. болып табылады:
А. құрылымдық бөлімшесі
Б. бас органы
В. негізгі субъектісі
Г. арнайы субъектісі
Д. тиісті ұйымы
26. Нотариус лицензиясының күшін тоқтату туралы ұсынысты кім енгізеді:
А. сот органдары
Б. аумақтық әділет басқармасы
В. нотариаттық палата
Г. ҚР Әділет министрлігі
Д. нотариаттық палата мен аумақтық әділет органы
27. Нотариус құқықтарына жатады: 1-нотариаттық іс-әрекеттер жасауға; 2- мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;
3- құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге; 4- нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультациялар беруге; 5- басқа да:
А. 1,2,3,4,5
Б. 5
В. 1
Д. 2,3,4
Е. 1,2,3,4
28. ҚР-ң әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағы........ болып табылады:
А. нотариаттық кеңістік
Б. нотариаттық аймақ
В. нотариаттық округ
Г. нотариаттық аумақ
Д. нотариаттық орын
29. Қандай іс-әрекет жасауға нотариусқа рұқсат етілмейді:
А. мәмілелердің, өтініштер мен басқа да
Б. кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
құжаттардың жобаларын жасауға
В. құжаттардың көшірмелерін және олардың
үзінділерін әзірлеуге
Г. нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері
бойынша кеңестер беруге
Д. шығармашылық қызметпен айналысуға
30. Тағылымдамадан өтуші болуы мүмкін:
А. жоғары заң білімі бар тұлға
Б. ҚР кез келген азаматтары
В. заң мамандығы бойынша алты ай тәжірибесі
бар тұлға
Г. кез-келген маман иесі
Д. еңбек тәжірибесі бар тұлға
31. Нотариаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиясы................ әрекет етеді:
А. ҚР тиісті аумағында ғана
Б. ҚР барлық аумағында
В. ҚР белгілі бір облыс аумағында
Г. белгілі бір аудан аумағында
Д. белгілі бір қала аумағында
32. Лицензиар қандай мерзімге лицензия әрекетін тоқтата тұруға құқылы:
А. алты айға дейін
Б. үш айға дейін
В. бір айға дейін
Г. жиырма күнге дейін
Д. көрсетілген кез келген мерзімге дейін
33. Қандай мерзім ішінде лицензияны беру туралы өтініш қаралады:
А. ол түскен күннен бастап 6 ай ішінде
Б. ол түскен күннен бастап 3 ай ішінде
В. ол түскен күннен бастап 1 жыл ішінде
Г. ол түскен күннен бастап 1 ай ішінде
Д. ол түскен күннен бастап 2 ай ішінде
34. Нотариаттық палата:
А. өзге ұйым
Б. жеке ұйым
В. адамдар жиыны
Г. мемлекеттік ұйым
Д. заңды тұлға
35. Аумақтық нотариаттық палаталар қандай қауымдастық нысанына бірігуге құқылы:
А. аудандық
Б. облыстық
В. республикалық
Г. жергілікті
Д. қалалық
36. НП қандай ұсынысты енгізеді:
А. лицензияны қайтарып беру туралы
Б. нотариус лицензиясын қайтарып алу және оның қолдануын тоқтата туру
В. қызметтерінен босату туралы
Г. заңды орындамағандығы туралы
Д. дұрыс жауабы жоқ
37. Нотариаттық палата ұйымдастырады:
А. нотариаттық қызметті жүргізуді
Б. мемлекеттік нотариустарды тағайындауды
В. нотариус лицензиясын алуды
Г. жекеше нотариустардың қызметіне жалпы басқаруды
Д. мемлекеттік нотариустардың қызмет ету аумағын белгілеуді
38. Кәсіптік міндеттері мен әдепті бұзғаны үшін нотариус.............. сәйкес жауапкершілікке тартылады:
А. өзге белгіленген нормаларға
Б. қызметі кодексіне
В. іс- әрекеті кодексіне
Г. тәртіп ережелеріне
Д. ар-ождан кодексіне
39. Нотариаттық палатаның қызметтік іс-әрекетіне не жатады:
А. аумақтық әділет органдарының қызметін бақылау
Б. лауазымды адамдар қызметін реттеу
В. нотариустың лицензиясы мерзімін қарау
Г. нотариаттық кеңсенің жабылу мәселесін қарау
Д. азаматтар мен заңда тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау
40. Қандай уақытта НП аумақтық әділет органына өз қызметі туралы ақпарат беріп отырады:
А. үш жыл сайын
Б. екі жыл сайын
В. төрт жыл сайын
Г. жыл сайын
Д. әр ай сайын
41. Нотариаттық палата:
А. коммерциялық ұйым
Б. коммерциалық емес, кәсіби, өзін-өзі
қаржыландыратын ұйым
В. өзін-өзі қаржыландыратын ұйым
Г. мемлекеттік емес ұйым
Д. аудандық ұйым
42. Аудандық әділет органдары нотариаттық палатамен бірлесе отырып:
А. нотариустың іс-әрекетіне қатысады
Б. нотариаттық округте нотариустардың әрекет ету аймағын анықтайды
В. нотариаттық округте адамдарды тіркейді
Г. нотариустың жеке тәжірибесін арттырады
Д. нотариустарды іріктейді
43. Нотариус жасайтын нотариаттық іс-әрекеттер ҚР «Нотариат туралы» заңының қандай бабында белгіленген:
А. 34
Б. 3
В. 41
Г. 29
Д. 52
44. НП жарғысында көзделеді:
А. адамдардың құқықтары мен міндеттері
Б. мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлері
В. лауазымды адамдар қызметі, мақсаттары мен міндеттері
Г. заңды тұлғалардың бостандығы
Д. жеке адамдар қызметі
45. Республикалық нотариаттық палата:
А. нотариаттық палаталардың қызметін үлестіреді
Б. нотариаттық палата мүшелерін анықтайды
В. нотариаттық палатаны тіркейді
Г. нотариаттық палата мүшелігін растайды
Д. нотариаттық қызмет көрсетеді
46. Нотариус:
А. азаматтардың тірі екендігі фактісін куәландырады
Б. азаматтардың құжаттарындағы сүреттерін растайды
В. азаматтардың құжаттарға қойылған қолдың анықтығын растайды
Г. азаматтарға берілген құжаттарға қойылған мөрдің анықтығын растайды
Д. азаматтар құжаттарының ресми екендігін көрсетеді
47. Нотариус құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға алған кезде қандай нотариаттық құжатты береді:
А. хат
Б. анықтама
В. сертификат
Г. қолхат
Д. куәлік
48. Кәмелетке толмаған азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландыру кімдердің өтініші бойынша жүргізіледі:
А. балалар құқықтарын қорғау мекемелерінің
Б. ата-анасының
В. тиісті тұлғалардың
Г. ішкі істер органдарының
Д. заңды өкілдерінің
49. Нотариус өзіне көрсетілген құжаттың......... куәландырады:
А.уақытын
Б. санын
В. орнын
Г. тізімін
Д. мөрін
50. Нотариус өзіне көрсетілген құжатты куәландырғанда міндетті түрде құжатқа оны көрсеткен адамның........ көрсетіле отырып жазылады:
А. тұратын орнын
Б. тегі, аты, әкесінің атын
В. мекен жайын
Г. тіркелген жерін
Д. барлығы дұрыс
51. Нотариус тиісті тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беруді не арқылы жүзеге асырады:
А. қолхатпен немесе кері хабарламалы пошта
Б. қолма қол
В. телефон
Г. компьютер
Д. интернет
52. Өтініштерді беру үшін техникалық құралдарды пайдалануға байланысты шығыстарды кім төлейді:
А. іс-әрекет жасауды өтінген адам
Б. нотариустың өзі
В. нотариаттық палата
Г. үшінші тұлға
Д. мемлекет өзі төлейді
53. Нотариус өтініш беруші адамның сұрауы бойынша қандай құжат береді:
А. анықтама
Б. куәлік
В. мөр басылған құжаттың өзін
Г. сертификат
Д. өзге құжатты
54. Нотариус борышқордан несие берушіге беру үшін ақшаны неге қабылдайды:
А. депозитке
Б. шотқа
В. жеке есеп шотқа
Г. бюджетке
Д. банктік несиеге
55. Нотариус ақшаны депозитке қабылдауды қай жерде жүргізеді:
А. барлығы дұрыс
Б. нотариат мекемесінде
В. кез-келген жерде
Г. нотариаттық палатада
Д. міндеттемелер орындалатын жерде
56. Нотариус қойылған қолдың тұпнұсқалығын куәландыра отырып құжатта жазылған......... куәландырмайды:
А. шешімдерді
Б. қорытындыларды
В. рұқсаттарды
Г. құжаттарды
Д. фактілерді
57. Егер заңдарда өзге мерзімдер белгіленбесе, орындау жазбасы ол жазылған күннен бастап неше жыл ішінде орындалуға ұсынылуы мүмкін:
А. 3
Б. 4
В. 5
Г. 6
Д. 7
58. Нотариус құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамға қандай құжат береді:
А.куәлік
Б. рұқсат қағаз
В. сертификат
Г. қолжазба
Д. қолхат
59. Тізімнің бір данасы нотариуста қалдырылып екінші данасы кімге беріледі:
А. құжатты сақтауға берген адамға
Б. мұрағатқа
В. нотариаттық палатаға
Г. нотариус көмекшісіне
Д. үшінші тұлғаға
60. Жасалған нотариаттың іс-әрекеттің заңдылығын және мемлекеттік нотариаттың іс-жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды қай орган жүзеге асырады:
А. Әділет органы
Б. Парламент палаталары
В. Президент
Г. Прокурор
Д. Сот
61. Жекеше нотариустың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығын, іс-жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды қандай органдар жүзеге асырады:
А. Сот
Б. Әділет органы мен басқа орган
В. Парламент
Г. ҚР адвокаттар алқасы
Д. Әділет органы мен нотариат палатасы
62. Нотариаттық қызметке бақылауды кім жүзеге асырады:
А. Сот
Б. ҚР Премьер министрі
В. ҚР Әділет министрлігі
Г. ҚР Президенті
Д. өзге органдар
63. Нотариустың тағылымдамадан өтушілері туралы ережені кім әзірлейді және бекітеді:
А. аумақтық әділет басқарамасы
Б. мемлекеттік нотариус
В. облыстық нотариаттық палата
Г. нотариаттық кеңсе
Д. ҚР Әділет министрлігі
64. Нотариустың және өзгеде уәкілетті адамдардың заңмен көзделген нотариаттық іс - әрекеттерді жасауы- бұл:
А. нотариаттық қызмет
Б. нотариаттық куәландыру
В. нотариаттық бақылау
Г. нотариаттық кепілдік
Д. нотариаттық құпия
65. Нотариаттық қызметпен айналысу үшін не беріледі:
А. лицензия
Б. патент
В. бір жолғы төлем
Г. патент және бір жолғы төлем
Д. жауаптың ешқайсысы дұрыс емес
66. Кім нотариустың көмекшісі бола алады:
А. шетел азаматы мен азаматтығы жоқтар
Б. шетел азаматы
В. азаматтығы жоқ адам
Г. ҚР азаматы және шетел азаматы
Д. ҚР азаматы
67. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны кім береді:
А. ҚР Әділет министрлігі
Б. ҚР Ішкі істер министрлігі
В. ҚР Сыртқы істер министірлігі
Г. Нотариаттық палата
Д. Аумақтық әділет органдары
68. Нотариус лицензиясының мерзімі:
А. он жыл Б. шектеулі
В. шектелмейді
Г. екі жыл
Д. бес жыл
69. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту туралы шешім қандай мерзімде беріледі:
А. 3 күн
Б. 5 күн
В. 1 ай
Г. 10 күн
Д. 15 күн
70. Нотариустың азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға байланысты шарт.......... жасалуы қажет:
А. міндетті түрде
Б. қажеттілігі жоқ
В. міндетті емес
Г. заңмен көзделмеген
Д. оның еркі бойынша
71. Нотариустың құқығы жоқ:
А. кәсіптік әдепті сақтауға
Б. мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға
В. құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге
Г. нотариаттық іс - әрекет жасау мәселелері бойынша консультациялар беруге
Д. азаматтардың талап арызы бойынша шешім шығаруға
72. Нотариус міндетті емес:
А. нотариаттық іс - әрекеттер жасауға қосымша мәліметтер талап етуге
Б. заңға сәйкес нотариаттық іс - әрекеттер жасауға
В. кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға
Г. заңға сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс - әрекеттер жасаудан бас тартуға
Д. дұрыс жауабы жоқ
73. Нотариус құқылы:
А. кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
шарттарды жасау, өзгерту және бұзу кезінде
делдалдық қызмет көрсетуге
Б. мәмілелерді куәландыруға
В. өкілді органға депутат болып сайланған
жағдайда нотариус міндетін атқаруға
Г. факсимиле қолдануға
Д. есептік тіркеуден орнынан басқа жерде
қызмет ету
74. Нотариаттық палатаның өкілеттігіне жатпайды:
А. нотариустарға жалпы басшылық
жасап, қызметін үйлестіру
Б. лицензия беру
В. нотариустар нотариаттық іс -
әрекеттер жасау кезінде заңдардың
сақталуын бақылауды жүзеге асыру
Г нотариустың лицензиясының күшін
тоқтату туралы ұсыныс енгізу
Д. нотариустарды сынақтан өткізу
75. ҚР - сы заңдарының бұзылуына жол бергені үшін қызметінен босатылғаннан мемлекеттік нотариус және нотариаттық қызметі тоқтатылған жекеше нотариус, осындай оқиға болғаннан кейін неше жыл бойы осы қызметпен айналысуға құқығы жоқ:
А. 5 жыл
Б. 4 жыл
В. 1 жыл
Г. 6 жыл
Д. 7 жыл
76. Нотариус қызметінің шектелуі:
А. заңға сәйкес іс жүргізгенде
Б. шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезінде делдалдық қызмет көрсетуге
В. нотариаттық палатамен іс- әрекет жасағанда
Г. жеке тұлғалардың мүліктерін қалыптастыруда
Д. өзге іс-әрекеттер жасаған кезде
77. Қандай аумақ нотариаттық округ болып табылады:
А. облыс аумағы, республикалық маңызы бар қаланың және астанының аумағы
Б. ауылдық аумақтар
В. шекаралық аумақтар
Г. қала аумағы
Д. өзге аумақ
78. Нотариаттық округ шегіндегі мемлекеттік нотариустың қызмет ету аумағын қандай орган белгілейді:
А. атқарушы органы
Б. қалалық әділет органы
В. ішкі істер органы
Г. прокуратура органы
Д. аумақтық әділет органы
79. Нотариус:
А. құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлейді
Б. құжаттардың тұпнұсқасын жасайды
В. құжаттарға атқару күшін береді
Г. құжаттардың тұпнұсқасын жасайды және оның заңды күшіне енгізілуін бақылайды
Д. құжат аудармасын реттейді
80. Соттар нотариаттық іс- әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға түскен шағымдарды қандай заңдарға сәйкес қарайды:
А. Отбасылық іс жүргізу заңдары
Б. Қылмыстық іс жүргізу заңдары
В. Азаматтық іс жүргізу кодексі
Г. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу
Д. Қылмыстық атқару заңдары
81. Қандай орган нотариаттық округте нотариустардың ең аз санын белгілейді:
А. ҚР Әділет министрлігі
Б. Аумақтық әділет органдары
В. Қаржы полициясы
Г. Салық органдары
Д. Республикалық нотариаттық палата
82. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негіздері қайсы заңдармен белгіленеді:
А. Еңбек туралы заңмен
Б. Азаматтық заңдармен
В. Қылмыстық заңдармен
Г. Тіл туралы заңмен
Д. Лицензиялау туралы
83. ҚР-ң Президентінің «Лицензиялау туралы» заңды күші бар жарлығы қашан қабылданды:
А. 13 наурыз 2005 ж.
Б. 20 қараша 2000 ж.
В. 27 мамыр 2003 ж.
Г. 01 қазан 1999 ж.
Д. 17 сәуір 1995 ж.
84. Лицензия - бұл:
А. мемлекеттік органның азаматқа немесе заңды тұлғаға тиісті қызметпен айналысуға немесе әрекеттерді жасауға берілетін рұқсаты
Б. мемлекеттік органның азаматқа немесе заңды тұлғаға қоятын тыйымдары
В. мемлекеттік органдардың тиісті азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты іс-әрекеттері
Г. дұрыс жауабы жоқ
Д. мемлекеттік органның жеке немесе заңды тұлғаларға байланысты арнайы құзыреті
85. Лицензияның қызмет көлемдігіне байланысты болады:1- басты, бірреттік, операциялық; 2- бір реттік немесе бірнеше реттік; 3- басты; 4- мемлекеттік; 5- басқа да түрлері:
А. 1
Б. 3
В. 4,5
Г. 2,3
Д. 2
86. Лицензиат - бұл:
А. Лицензия алушы
Б. Мемлекеттік орган
В. Лицензия беруші
Г. Лицензияның әрекет ету аумағын шектеуші
Д. Нотариаттық палата
87. Лицензия берілмейді, егер:1- бұл қызмет түрі заңды актілерге сәйкес тиісті субъектілер категориясына тыйым салынған болса; 2- заңға сәйкес барлық құжаттар тапсырылмаған болса; 3- нотариаттық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық төлем төленбеген болса; 4- өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе; 5- өтініш берушіге қатысты осы қызметпен айналысу үшін сот шешімі болса; 6- барлық жауап дұрыс:
А. 4,5
Б. 1
В. 2
Г. 3
Д. 6
88. Жасалған нотариаттық іс - әрекеттердің заңдылығын және мемлекеттік нотариустың іс жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды кім жүзеге асырады:
А. аумақтық әділет органы
Б. нотариаттық палата
В. ішкі істер министрлігі
Г. Үкімет
Д. басқа орган
89. Нотариустардың нотариаттық іс - әрекеттерді жасау тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді:
А. ҚР әділет министрлігі
Б. нотариустар
В. ҚР сыртқы істер министрлігі
Г. өзге тұлғалар
Д. ҚР Үкіметі
90. Аумақтық әділет органының құзыретіне не жатпайды:
А. нотариусты қылмыстық жауапқа тарту
Б. мемлекеттік нотариаттық кеңселерді ашу және тарату
В. тұлғалардығ мемлекеттік нотариустардың қызметтік іс - әрекетіне өтініштерін қарау
Г. нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізу
Д. жекеше нотариусты жауапқа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыныс енгізу
91. Нотариус мынандай іс - әрекет жасай алмайды:
А. барлық жауап дұрыс
Б. мәмілелерді куәландыруға
В. мұраға құқық туралы куәліктер беруге
Г. азаматтардың тірі екендігі фактісін куәландыруға
Д. шарттарды жасасу кезінде делдалдық қызметті жүзеге асыруға
92. Жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдары жасайтын нотариаттық іс - әрекеттері:
А. өсиеттерді куәландырады
Б. ақшаны депозитке қабылдайды
В. мұраға құқық туралы куәліктер береді
Г. теңіз наразылықтарын жасайды
Д. вексель наразылығын жасайды
93.Нотариаттық іс - әрекеттер жасау мерзімдері:
А. баж төленген кейін екі ай өткенде
Б. мемлекеттік баж төленген не жекеше нотариустың нотариаттық іс - әрекеттеріне ақы төленген күні
В. ақы төленгеннен кейін бір ай өткенде
Г. ақы төленбей тұрып
Д. мемлекеттік баж төленген соң келесі күні
94. Адамның жеке басын анықтау ненің негізінде жүргізіледі:
А. жеке куәлігі немесе төлқұжаты
Б. өзге құжаты
В. неке күәлігі
Г. туу туралы күәлігі
Д. СТН мен басқа да құжат
95. Мынандай мәмілелер немесе құжаттар куәландырылады:
А. анық жазылған
Б. өшіріп тасталған
В. қосылып жазылған
Г. түзетулері бар
Д. қаламмен толтырылған
96. Нотариус пен жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары кімдерге қатысты нотариаттық іс - әрекеттер жасауға құқылы:
А. заңды және жеке тұлғаларға
Б. өз атына және өз атынан
В. өз жұбайының атына
Г. өз балаларының атына
Д. өз туыстарының атына
97. Нотариаттық іс - әрекет жасаудан бас тарта алмайды:
А. мәмілені куәландыруды өтінгенде
Б. іс - әрекетті басқа нотариус жасауға тиіс болса
В. мұндай іс - әрекет жасау заңдарға қайшы келсе
Г. нотариаттық іс - әрекет жасау жөнінде қабілетсіз азамат немес қажетті өкілеттігі жоқ өкіл өтініш жасаса
Д. мәміле заңдар талаптарына сәйкес келмесе
98. Тіркелуге жататын жылжымайтын мүлікті иеліктен алу мен кепілге салу шартын куәландыру қандай жерде жасалады:
А. мүлік иесінің тұратын жерінде
Б. өтінген тұлғаның тұрғылықты жерінде жасалады
В. мұрагер тұратын жерде жасалады
Г. өтінген тұлғаның тіркелген жерінде
Д. мүлік тұрған жерде жасалады
99. Нотариус қандай дәлелдемелерді қамтамасыз етпейді:
А. мүдделі тұлғаның пікірі бойынша кейін ұсынуға мүмкін болмайтын дәлелдемелер
Б. мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша қажетті дәлелдемелер
В. табыс ету қиын болады деп топшылауға негіз болатын дәлелдемелер
Г. табыс ету мүмкін емес деп топшылауға негіз болатын дәлелдемелер
Д. мүдделі тұлғалар өзіне өтініш жасаған кезде соттың немесе басқа құзыретті органның қарауында жатқан іс бойынша дәлелдемелер
100. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы ереже қашан қабылданған:
А. 2006 ж. 22 шілде
Б.1999 ж.25 шілде
В.1997ж. 27 шілде
Г.1996ж. 20 шілде
Д. 1998 ж.28 шілде
101. Нотариат қызметімен айналысу үшін кемінде неше жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек:
А. бір жарым жыл
Б. бір жыл
В. алты ай
Г. төрт жыл
Д. екі жыл
102. Нотариаттық лицензияны алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін кім белгілейді:
А. Парламент
Б. Үкімет
В. Әділет біліктілік алқасы
Г. ҚР Президенті
Д. нотариаттық палата
103. Қандай жағдайда нотариус лицензиясының күші тоқтатылады:
А. барлық жауабы дұрыс
Б.нотариус өз еркімен өтініш бергенде
В. нотариус азаматтығын өзгерткенде
Г. нотариус қайтыс болғанда
Д. өзге де жағдайда
104. Жер учаскесіндегі тұрғын үй құрылысы туралы шартты кімдер куәландыра алады:
А. нотариаттық палаталар
Б. жер учаскесі иесінің тұрғылықты жеріндегі нотариат
В. жер учаскесі иесінің өкілі тұратын жердегі
нотариат
Г. жер учаскесі берілген жердегі нотариат
Д. соттар
105. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөніндегі, өз ықтиярын білдіруші:
А. өсиет беруші
Б. сенімхат беруші
В. мұра қалдырушы
Г. мәміле жасаушы
Д. барлығы дұрыс
106. Өсиет қандай нысанда жасалуы тиіс:
А. басқа нысанда
Б. ауызша
В. мұра қалдырушының еркі бойынша
Г. нотариус еркі негізінде
Д. жазбаша
107. Қандай жағдайларда нотариаттық іс- әрекеттер жасаудан бас тартылуы мүмкін, егер:
А. барлық жауап дұрыс
Б. мұндай іс-әрекет жасау заңға қайшы келсе
В. іс-әрекетті басқа нотариус жасауға тиіс болса
Г. нотариаттық іс-әрекет жасау жөнінде қабілетсіз азамат немесе қажетті өкілеттігі жоқ өкіл өтінген болса
Д. мәміле заңдар талаптарына сәйкес келмесе
108. Нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамға оны жасаудан бас тартылған жағдайда, нотариус неше күннің ішінде себебі көрсетілген дәлелді қаулы беруге тиіс:
А. өтініш берген күннен бастап 10 күн ішінде
Б. 20 күн ішінде
В. өтініш берген күннен бастап 1 ай көлемінде
Г.15 күн ішінде
Д. 7 күн ішінде
109. Өсиеттерді куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырылатын мүлікке оның меншік құқығын растайтын дәлелдемелер
тапсыру талап етіледі ме:
А. құжаттарды сараптамаға жібергенде
Б. нотариус талап еткен жағдайда
В. талап етіледі
Г. өсиет қалдырушының қалауы бойынша
Д. дұрыс жауап жоқ
110. Қандай жағдайларда нотариаттық іс-әрекеттерді жасау кейінге қалдырылуы мүмкін:
А. барлық жауап дұрыс
Б. жеке және заңды тұлғалардан қосымша
мәліметтерді талап ету қажет болғанда
В. талап етілмейді
Г. басқа бір мүдделі адам куәландырмақшы
болған құқықты немесе фактіні сотта
даулаушы мүдделі адамның жазбаша өтініші
бойынша
Д. қосымша мәлімет қажет болған жағдайда
111. Өсиеттер, өсиеттердің дубликаттары мен өсиеттердің көшірмелері туралы мәліметтер мүдделі адамға қай кезде беріледі:
А. өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін
Б. өсиет қалдырушының тірі кезінде
В. мүдделі адамның сұрауы бойынша
Г. өсиет куәландырылғаннан кейін
Д. он күн ішінде
112. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету кезінде толтырылатын хаттамада не көрсетілуі тиіс:
А. барлық жауап дұрыс
Б. жауап алу күні, уақыты және орны
В. жауап алушы нотариустың тегі мен аты-жөні
Г. жауап алуға қатысушы адамдардың тектері, есімдері және әкелерінің аттары,туған жылы мен тұратын жері
Д. куәнің тегі, аты, әкесінің аты, оның туған жылы, тұратын жері
113. Нотариус мүдделі адамдарға дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы хабарлау нәтижесінде олардың келмей қалуы, дәлелдерді қамтамасыз ету әрекеттерін орындауға кедергі болады ма:
А. кедергі болмайды
Б.кедергі етеді
В.кейбір жағдайларда ғана
Г. нотариустың өзі шешеді
Д. дұрыс жауабы жоқ
114. Қандай негізде азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландыру жүзеге асырылады:
А. мүдделі тұлғаның жазбаша арызы бойынша
Б. мүдделі тұлғаның ауызша өтініші бойынша
В. мүдделі тұлғаның жұмыс істейтін ұйымының басшысының өтініші бойынша
Г. мүдделі тұлғаның өкілінің өтініші бойынша
Д. дұрыс жауабы жоқ
115. Кәмелетке толмаған адамдардың белгілі бір жерде болу фактісі қандай негізде куәландырылады:
А. барлық жауап дұрыс
Б. ата-анасының өтініші бойынша
В. асырап алушылардың өтініші бойынша
Г. қамқоршылары мен қорғаншыларының өтініші бойынша
Д. кәмелетке толмағандарды қамқорлығына алған ұйымдардың өтініші бойынша
116. Мұраны қабылдаудан бас тарту туралы арызды, нотариус мұраның ашылған орны бойынша ол өзінің мұраға қатыстылығы жөнінде білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап неше айдың ішінде қабылдайды:
А. 6
Б. 7
В. 8
Г.9
Д. 10
117. Қандай құжат негізінде нотариус міндетті үлеске және жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқығы бар адамдар шеңберін анықтайды:
А. барлығы дұрыс
Б. өсиет бойынша мұрагердің (мұрагерлердің)
жазбаша арызы
В. мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар
адамның жазбаша арызы
Г. неке туралы куәлік
Д. көзі тірі жұбайының өтініші
118. Мұраны қабылдаудан бас тарту, өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлерден басқа, өсиет бойынша немесе заң бойынша кез келген кезектегі мұрагерлердің арасынан басқа адамдардың пайдасына жасалуы мүмкін ба:
А. мүмкін
Б. дұрыс жауап жоқ
В. кейбір жағдайда
Г. барлығы дұрыс
Д. тек заңда белгінсе ғана
119. Қандай нотариус мұралық мүлікті қорғауға шараларды қабылдайды:
А. мұра ашылған жердегі нотариус
Б. мұра қабылдаушының тұрғылықты жеріндегі
нотариус
В. мұрагерлердің көпшілігі орналасқан жердегі
нотариус
Г. істің мәселесіне қарай әр түрлі болуы
мүмкін
Д. консулдар
120. Нотариус жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігін қалай анықтайды:
А. жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген жасы бойынша және әңгімелесу барысында
Б. куәлардың көрсетуі бойынша
В. сот шешімімен
Д. медицина мекемелері берген анықтамасы
негізінде
Е. өзге тәсілдермен
121. Нотариус мынадай іс әрекеттерді куәландыруға немесе жасауға құқығы жоқ:
А. некені тіркеуге
Б. неке келісім шарттарын куәландыруға
В. жұбайлардың ортақ бірлескен мүлкіндегі
үлеске меншік құқығы туралы куәліктер
беруге
Г. азаматтың тірі болу фактісін куәландыруға
Д. мәмілелерді куәландыруға
122. Әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелген азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндетті мемлекет жүктеген адам:
А. қорғаншы
Б. лауазымды тұлға
В. өсиет қалдырушы
Г. сенім білдіруші
Д. мұра қалдырушы
123. Қайтыс бола қалған жағдайда азаматтардың өзіне тиісті мүлікті тағайындаған мұрагерлеріне беру жөніндегі өкімі:
А. өсиет
Б. сенімхат
В. куәландыру жазбасы
Г. мәміле
Д. мұраға құқық туралы куәлік
124. Заңмен белгіленген тәртіпте жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азамат:
А. әрекет қабілеттілігі жоқ азамат
Б. әрекет қаблеттілігі шектелген азамат
В. қамқорлыққа алынған адам
Г. сенім білдірілген азамат
Д. өсиет қалдырушы азамат
125.Кімнің шешімімен нотариус лицензиясының күші тоқтатыла тұрады:
А. ҚР Әділет министрлігінің шешімімен
Б. Аумақтық әділет органының шешімімен
В. Прокурордың қаулысымен
Г. Тергеу органдарының қаулысымен
Д. Барлық жауабы дұрыс
126. Нотариус қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылған жағдайда қандай мерзімге лицензиясының күші тоқтатылады:
А. 6 айға дейін
Б. 12 айға дейін
В. 3 айға дейін
Г. сот үкімі шыққанша
Д. 1 айға дейін
127. Нотариус лицензиясын кері қайтарып алу қандай тәртіппен жүзеге асады:
А. Құзыретті органдардың талабы бойынша сот
шешімімен
Б. Нотариаттық палатаның талабы бойынша
В. Әділет министрлігінің шешімімен
Г. Әділет біліктілік алқасының талабы бойынша
Д. дұрыс жауап жоқ
128. Мемлекеттік нотариус бірнеше рет тәртіптік жауапкершілікке тартылса және нотариаттық іс-әрекеттер жасалған кезде заңдарды өрескел бұзған болса:
А. Лицензия кері қайтарылып алынады
Б. Лицензияның күші тоқтатыла тұрады
В. Лицензияны беруден бас тартады
Г. Ескерту беріледі
Д. Сөгіс жарияланады
129. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері қалай аталады:
А. мәміле
Б. әрекет
В. айғақ
Г. фактілер
Д. қатынастар
130. Жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі:
А. аталғандар
Б. хат арқылы
В. жеделхат арқылы
Г. телефонжазба, телетайпжазба арқылы
Д. факс немесе өзге құжаттар алмасу арқылы
131. Мемлекеттік нотариат кеңсесінің іс қағаздарын жүргізудің және мұрағатына дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үшін жауапкершілік аумақтық әділет органы басқармасы бастығының бұйрығымен кімге жүктеледі:
А.сондағы нотариустардың біреуіне
Б. көмекшілеріне
В. сынақтан өтушілеріне
Г. басқа тұлғаларға
Д. аталғандардың бәріне
132. Егер жекеше нотариус өз өкілеттілігін тоқтатқан жағдайда мұрағатқа байланысты қандай іс- әрекеттер жасалады:
А. тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады
Б. өзімен бірге алады
В. көмекшісіне тапсырады
Г. көрсетілгеннен басқаша әрекет жасалады
Д. заңмен реттелмеген
133. Нотариустан шығатын ұйымдастыру-әкімшілік сипаттағы құжаттарда көрсетіледі:
А. барлық жауаптар дұрыс
Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 339 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
К обязанностям стажера нотариуса относится | | | Вимоги до посади нотаріуса |