Читайте также: |
|
Орталық жүйке жүйесі қызметінін бұзылуы көптеген заттармен уланғанда (мысалы, ұйықтататын, тыныштандыратын дәрілермен, ішімдікпен және оның өнімдерімен, иісті газбен, фосфорорганикалық қосындылар және т.б.) болады және бас ауруымен, бас айналуымен, жалпы әлсіздікпен, қозумен немесе тежелумен, ал кейбір ауыр кезде елеулі психикалық бұзылыстармен - кеңістік пен уақытты сезінуінің бұзылуымен, галюцинациялармен. тырысулармен, естен танумен өтеді.
Уланулар кезінде тыныс алу мүшелері қызметінің әртүрлі бұзылулары болады. Мысалы есірткі заттар, барбитураттар, ішімдіктің көп мәлшері тыныс орталығының қозғыштығын тежейді. Фосфорорганикалық инсектицидтер тьныс бұлшық еттерінің қызметін бұзады, соның салдарынан кеуде клеткасының қозғалу экскурсиясы күрт шектеледі. Сондай-ақ, есірткі заттармен уланғанда тілдің түсіп кетуі, сілекей мен бронх бездері секрециясының күшеюі, көмекей мен бронх бұлшық еттерінің тарылуы салдарынан тыныс жолдарының еткізгіштігі бұзылады. Көптеген химиялық заттар (хлор, аммиак булары, өткір кышқылдар) өкпенің токсикалық ісінуін туғызады. Уланулардың жедел сатысында тыныс алу қызметінің бұзылуы кейіннен трахеобронхит пен өкпе қабынуының ауыр түрлерінің дамуына әкеледі.
Уланулар кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануы артериялық қысымның жоғарылауымен, жедел жүрек-как тамыр жетіспеушілігімек, ырғақтың бұзылуымен және т.б. сипатталуы мүмкін. Артериялық қысымның кетерілуі, кей кезде анағұрлым көбірек, кейбір уланулардың (фосфорорганикалык қосындылармен, аммиакпек, хлор буларымен) ертерек сатыларында байқалады. Жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі қан тамыр қозғалыс орталығының белсенділігінің тежелуінің, сондай-ақ айналымдағы қан мөлшерінің азаюының салдарьшан барбиураттармен, қорғасын, сірке суымен және т.б. уланғанда болады. Қышқылдармен және сілтілермен уланганда дамитын токсикалық шок (артериялық қысымның түсуі, тахикардия, терінің бозғылттығы және т.б.) қатты ауырсыну сезімдерімен байланысты. Жүректің жиырылу ырғағының әртүрлі бұзылыстары жүрек бұлшық етіне улы заттардың тікелей әсер етуінің, сондай-ақ ағзадағы электролиттік баланс бұылуларының салдарынан болады.
Асқазан ішек жолдарының зақымдануы уланулар кезінде жиі кездеседі, төс етегіндегі немесе бүкіл іштегі ауырсынумен, диспепсиялық бұзылыстармен, ең алдымен құсумен, өңештен, асқазан, ішектен қан кетумен сипатталады. Қан кетулер, мысалы, қышқылдармен және сілтілермен, дихлорэтанмен, сынап тұздарымен уланғанда болады және ол өңеш, асқазан, ішек қабырғаларының терең закымдануымен, сондай-ақ қанның ұю жүйесінің бұзылуымен байланысты, Көп жағдайда, атап айтқанда бензолмен, улы саңырауқұлактармен, құрамында мыс және қорғасын қосындылары бар ядохимикаттармен уланғанда жедел бауыр жетіспеушілігінің дамуына дейін әкелетін бауырдың зақымдануы дамиды. Этиленгликольмен (антифриз), сынап және қорғасын косындыларымен, сірке суымен улану бүйректің ауыр зақымдануына, кейде жедел бүйрек жетіспеушілігінің дамуына дейін, әкеледі.
Көрсетілетін көмек: Улы заттардын ағзаға әсерін тоқтату және оны ағзадан шығару.
1. Егер олар ішке қабылданған болса, онда асқазанды шаю жүргізіледі.
2. Ингаляциялық улануларда, мысалы иісті газбен, зардап шеккен адамды таза ауаға шығарады. Қысып тұрған киімдерін шешіп, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етіп, оттегімен иңгаляция жүргізеді. Ары қарайғы ем улы заттың түріне байланысты жүргізіледі.
3. Улы заттар теріге түскенде оны таза ағынды сумен жуады. Уытты жыландар шакқанда жарадан алғашқа кан тамшыларын сыгады да шакқан жерге суық қояды, жыланға қарсы сары суды енгізеді.
4. Улы заттар қынапқа, куыққа, тік ішекке түскенде оларды спринцтеу, катетер, клизма арқылы жуу жургізіледі.
5. Дәрілік заттардың уытты мөлшерінің инъекциясында 6-8 сағатқа жергілікті суық қою, инъекция жасалынған жерге 0,1% 0,5-1 мл адреналин енгізіледі.
6. Қан айналымына түскен улы заттар жасанды детоксикация әдістерімен шығарылады:
А) Форсирленген диурез ағзага түскен улы ззттар буйрск арқылы шығарылатын кезде жүргізіледі. Алдымен көк тамырга тамщылатып 1-1,5 л мөлшерінде 5% глюкоза ерітіндісін, полиглюкин, реополиглюкин құяды. Соның есебінен айналымдағы қан көлемі артып, улы заттардың қандағы концентрациясы төмендейді. Содан кейін зәр айдағыштарды қолданады және су-электролиттік байланысты реттейді.
Б) Гемодиализ «жасанды бүйрек» аппаратын қолданумен. Диализатордын мембранасы арқылы ете алатын улармен уланғанда қолдануға болады. Форсирленген диурезден әсерлілігі 5-6 есе артық.
В) Перитонеалды диализ - арнайы ерітіндімен іш қуысын жуу арқылы ағзаны бүйректен тыс тазалау тәсілі. 1,5-2 л арнайы сұйықтықты фистула арқылы іш қуысына енгізеді және әр 30 минут сайын оны ауыстырып отырады. Бұл әдіс майлы тіндерде жиналуға немесе плазма белоктарымен тығыз байналанысуға бейім уларды тезірек шығару үшін қолайлы.
Г) Гемосорбция - сорбенті (белсендендірілген көмір және т.б.) бар арнайы бағана арқылы зардап шеккен адамның қанның сүзу тәсілі.
Улануларды емдеуде уға қарсы зат - әртүрлі жолмен уыттарды залалсыздайтын (уларды сініреді, олармен бірігіп белсенді емес комплекс түзеді және т.б.) дәрілік заттар қолданылады. Мысалы, фосфорорганикалық қосындылармен уланғанда уға қарсы зат (антидот) ретінде атропин мен дипироксим, есірткі заттармен уланғанда - налорфин, сынап және қорғасын қосындылармен уланғанда - натрий тиосульфаты, мышьякпен уланғанда және жүрек гликозидтерінің артық мөлшерінде -унитиол, уытты жыландар шаққанда - жыланған қарсы арнайы сары сулар (антигрюза, антикобра) пайдаланылады.
Барлық улануларда тыныс пен жүрек-кан тамыр жүйесінің қызметін демеуге бағытталған симптоматикалық ем жүргізіледі. Мысалы, этил спиртімен уланған кездегі тыныстың бұзылуында кордиамин мен кофеин инъекциясы қолданылады. Иісті газбен уланғанда оксигенотерапия жақсы әсер етеді. Есірткі заттармен, барбитураттармен, фосфорорганикалық қосындылармен уланған науқастардың емінде өкпені жасанды желдету аппаратын қолдану арқылы жасанды дем беру көрсетілген. Тынысты демеу мақсатында тыныс орталығын қоздыратын заттар (лобелин, цититон, бемегрид) енгізіледі. Жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігінің емінде жүрек гликозидтері, адреналин, норадреналин, мезатон, кортикостероидты гормондар, айналымдағы қан көлемін арттыру мақсатында қан алмастырушылар көк тамырға тамшылатып құйылады. Ауырсынулармен, және ауырсынулық шокпен күресу үшін анальгетиктер, наркотикалық заттар (көрсеткіштері бойынша), новокаинді блокада қолданылады. Қышқыл, сілтілермен уланғанда болатын қатты ауырсынуды басу мақсатында морфин атропинмен тағайындалады. Тырысуларды емдеу мақсатында тырысуға қарсы заттар (2-4 мл 0,5% седуксен к/т) енгізіледі. Жедел бүйрек және бауыр жетіспеушілігінің емі, қышкыл-сілтілік жағдайды реттеу жүргізіледі (5% глюкоза, 4% сода ерітіндісін, витаминдерді және т.б. тамшылатып құю).
Шұғыл медициналық көмек көрсеткеннен кейін болуы ықтимал асқынулардың алдын алу үшін антибиотиктер және жалпы күшейтетін ем тағайындалады.
МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Тағаммен улану
II. МАҚСАТ: науқас көмек көрсеткеннен 1,5-2 сағаттан
кейін жағдайының жақсарғанын сезінеді.
ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) дәрігерді шақырту;
2) асқазанды жууға керекті заттардың барлығын дайындау.
Дәрігердің тағайындауы бойынша асқазанды жуу;
3) жылы көрпемен, жылытқышпен науқасты жылыту;
4) аз мөлшерде жылы сұйықтықты қабылдауын қамтамасыз
ету;
5) науқастың сыртқы келбетін және жағдайын (коллапс туу
қаупі, құсықпен аспирация) бақылау;
6) егер улану уақытысынан 2 сағаттан асса, дәрігердің нұсқауы
бойынша қажетті заттарды әзірлеп, тазалау немесе сифон
клизмасын жасау;
7) дәрігердің нұсқауы бойынша сұйықты (физиологиялық ерітін-
ді, 5% глюкоза ерітіндісін) көктамырға тамшылауға дайындау.
Боліп шығару қажеттілігінің бұзылуына алып келетін бауыр қызметінің бұзылысы кезіндегі мейірбикелік үрдіс
Бауыр - өмірлік қажетті мүше, оның әр түрлі қызметін ескере отырып, ағзаның "негізгі химиялық зертханасы" деп атайды. Бауыр ақуыз және көмір сутегінің алмасуында белсенді қатысады, ағзада қажетті заттардың жинақтауында (гликоген, дәрумен А), қанның ұюы мен түзу процестеріне әсер етеді.
Бауыр - қорғау қызметін атқарады. Асқазан ішек жолдарынан қанмен келетін заттар бауырда зиянсызданады, содан кейін көптеген улы заттар бүйрек арқылы сыртқа шығады. Бауыр жасушаларының өнімі- өт, ол арнайы өт капиллярлары арқылы өт бөлінетін жүйеге (өт түтіктері және өт қабы) түседі, содан кейін ұлтабарда ас қорыту процесіне қатысады. Сонымен қатар өт экскреторлы қызметті атқарады, яғни өтпен бірге қандағы әр түрлі экзогенді және эндогенді заттар сыртқа шығарылады. Өттің секрециясы үздіксіз жүреді. Ас қорыту кезінде ол 12 елі ішекке түседі, ал басқа уақытта өт қабында жиналады.
Өт бөлу жолдарының және бауыр қызметінің бұзылысы кезінде өт емес, сонымен қатар улы заттардың) қажеттілігінің қанағаттануы бұзылады. Бұл өз кезегінде басқа да көптеген адамның қажеттіліктерінің қанағаттануының бұзылысына әкеледі. Бауырдың қорғау қызметінің маңыздылығы сонша, бауырды толық алып тастағанда адам сол
мезетте өледі
БІРІНШІ КЕЗЕҢ -ТЕКСЕРУ
Бауырдың қатысуымен бөліну қажеттілігін қанағаттандыру бұзылысы кезіндегі науқасқа тән шағымдар:
- көрінетін шырышты қабаттың және тері жамылғы ларының өзгерісі;
- ауыздың құрғауы, ащы дәмді сезіну;
- оң жақ қабырға астында ауырсыну және ауырлық сезімі;
- әлсіздік;
- іштің көлемінің үлғаюы (асцит);
- тері қышымасы;
- лоқсу, құсу;
- тәбеттің бұзылуы (төмендеуі немесе болмауы);
- зәр (қоңыр) мен нәжістің (ақшыл) түстерінің өзгеруі.
Науқасты сұрастыру кезінде аурудың басталуын, оны науқас қандай жағдаймен байланыстыратынын, бұрын қатты ауырсынудың ұстамасы болған-болмағаны туралы, арақ ішу, темекі тарту сияқты зиянды әдеттердің бар-жоқтыңы туралы сұрастыру қажет.
Сонымен қатар науқастың тамақтануы туралы, жүйелі тамақтануы, майлы, тұзды, әші, қуырылған тағамдарды көп қолданатыны туралы сұрастыру керек.
Бауыр және өт жолдары ауруларының дамуында әр түрлі зиянды факторлардың маңызы үлкен, сондықтан оның жұмысындағы кәсіптік зияндылықтармен байланысты туралы (химиялық заттармен, дәрі-дәрмектермен) мәлімет алу маңызды.
Қауіпті факторлар:
- ішімдікті қолдану; шылым шегу;
- жүйесіз және сапасыз тамақтану (дәрумендер мен белоктардың жетіспеушілігі);
- дәрі-дәрмектерді дәрігердің нұсқауынсыз, бақылаусыз қолдану;
- майлы, қуырылған, ащы тағамдарды қолдану;
- гепатотропты улы заттармен (бензил, бензол, дихлорэтан, мыс және оның қоспалары, мышъяк және оның қоспалары, формалин, радиоактивті заттар және тағы басқалармен) байланысты болу.
Науқасты жалпы жоспарлап зерттегенде, бауырдың қаты-
суымен бөлінуді қанағаттандыратын қажеттіліктің бұзылуына
тән объективті белгілерді білу керек:
- көрінетін шырышты қабаттардың, тері жамылғыларының түстері;
- терідегі қасығаннан кейінгі іздер, сарғаю;
- ауыз қуысы:
- ауыз бұрышында шырышты қабаттық қабынуының белгілері және
сарғаюы;
- ішті қарау:
- іш көлемінің үлғаюы, алдыңғы құрсақ қабырғасындағы венозды суреттің
айқындалуы.
Мейірбикенің жоспары:
1. Науқасқа тұз және сұйықтық шектелген диета тағайындау, күніне 4-5 рет
тамақтану, аптасына бір рет жеңілдетілген күн белгілеу.
2. Күнделікті науқастың су балансын анықтайды.
3. Науқасты үш күнде бір рет өлшейді.
4. Науқасқа ыңғайлы төсекті қамтамасыз етеді:
- төсектің бас жағы көтеріңкі түрде;
- кірлеген сайын төсек-орындарды ауыстыру.
5. Физиологиялық бөлінулердің уақытында болуын кадағалайды.
6. Науқасты несеп қабылдағышпен және дәрет ыдысымен қамтамасыз етеді.
7. Дәрігердің нұскауы бойынша дәрі-дәрмектерді қабылдауын қамтамасыз
етеді.
8. Науқастың жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді.
9. Дәрігердің нұсқауы бойынша абдоминалды пункцияға ас-
паптарды және наукасты дайындауды қамтамасыз етеді.
10. Науқасқа жағдайы нашарлағандағы белгілерін анықтауды үйретеді.
11. Науқаспен және туысқандарымен салауатты өмір сүру туралы кеңес
жүргізеді.
Асқазанды жуу
Мақсаты: Диагностикалық және емдік.
Көрсеткіштері: Тамақтан, дәріден, алкоголь қалдықтарынан және т.б
асқазанды тазалау.
Кері көрсеткіштері:
- өңештің органикалық тарылуы, ойықтар, ісіктер
- асқазан-ішек жолдарынан қан кету
- бронхиалды астма
- ауыр жүрек патологиясы
- асқазанның, өңештің, жұтқыншақтың өткір қышқылдардан және
сілтілерден болған химиялық күйігі (уланудан кейін 4 сағаттан соң).
Жабдықталуы:
Залалсыздандырылған астауша, жуан асқазан зонды, резеңке - түтікше (зондты ұзарту үшін) шыны жалғағыш түтікше, шыны воронка-сыйымдылығы 0,5л, жуынды су үшін шара немесе шелек, сүлгі, 10-12л бөлме температурасындағы су, ожау, резеңке биялай, екі алжапқыш, таза құрғақ, қақпағы бар ыдыс (жуынды судың алғашқы үлесі үшін), зертханаға жолдама, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Қолды жуып, алжапқыш және биялайды кию. Жеке қорғаныс барьерін
сақтау.
2. Залалсыздандырылған жүйені құрастыру.
3. Науқаспен сенімді қарым-қатынаста болып, ем-шара іс-әрекеттерін
түсіндіру, ем-шараға келісім алу. Науқас процедура іс- әрекеттерін білуге
құқығы бар.
4. Процедураға қарсы көрсеткіштері жоқ екендігіне көз жеткізу.
5. Иектен кіндікке дейінгі аралықты (немесе құлақтың сырғалығынан
мұрынның ұшына дейін және төстің семсер тәрізді өсіндісіне дейін)
зондты өлшеп, зондқа белгі қою.
6. Науқасты үстелге отырғызып, протез тістері болса алып қою.
7. Науқастың басын алдынға қарай шамалы бүгу.Аяқтарының ортасына
жуынды су үшін сырланған шара немесе шелек қою, науқасқа алжапқыш
кигізу.
Ескерту: Асқазанды жууда сифон принципі пайдаланылады, яғни екі
ыдысты қосатын сұйыққа толы түтіктен төмен орналасқан
ыдысқа сұйық ағады. Бір ыдыс - суы бары воронка, екіншісі -
асқазан. Воронканы көтергенде сұйық асқазанға түседі, түсіргенде
асқазаннан воронка арқылы ыдысқа құйылады.
8. Жүйені алып, науқастың оң жағына тұрып, ауызын ашуын сұраңыз.
9. Зондтың бітеу ұшыннан 10см қашықтықта оң қолмен ұстап, сумен сулап
тіл түбіне қойып науқасқа жұтыну әрекеттерін жасауын сұраңыз.
10. Белгі қойған жерге дейін зондты жұтқызыңыз. Науқас бұл кезде жұту
әрекеттерін жасап, мұрын арқылы терең тыныс алады. Зондты енгізген
кезде оның асқазанға еркін түсуін бақылау қажет.
11. Тізе деңгейіне дейін зондты (асқазандағы заттар зондтың
ішіндегі ауаны шығарады) түсіру.
12. Воронканы қисайтып, ожаудағы жылы суды құю. Асқазанға бір уақытта
жіберілген судың мөлшері асқазанның көлеміне сәйкес болуы керек
(шамамен 1л).
13. Воронканы науқас басынан жоғары көтеріп воронкадағы судың деңгейін
қадағалау (науқас ауыз қуысынан 25-30см воронканы көтерсе, су
асқазанға құйылады) қажет
14. Су қалай воронка түбіне барғанда, оны тізе тұсына дейін түсіру керек,
асқазандағы жуынды су қайтадан воронкаға (асқазанға ауа кетуінің
алдын алу) келеді.
15. Воронканы шараға дейін түсіріп, ішіндегіні төгу.
16. 10-12л суды қолдана отырып, таза су шыққанша қайталау.
17. Асқазанды жуып болғаннан соң, воронканы босатып алып, зондты
абайлап шығарып алу.
18. Науқасқа ауызын шаюға су беріп, ауыздың айналасын салфеткамен
құрғату.
19. Науқастан алжапқышты шешу, науқасты демалдыру.
20. Қолданылған құрал –саймандарды зарарсыздандыру.
21. Асқазанды жуған судың бірінші үлесін (шамамен 200 мл) дәрігердің
тағайындауы бойынша бактериологиялық лабораторияға жіберу.
22. Қалған суды зарарсыздандыру.
23. Қолды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: Науқастың жеке –дара ерекшеліктерін (бойын, тұлғасын, түзілісі) ескеру қажет, сондықтан зондты ендіргенше аурудың кіндігінен алдыңғы тістеріне дейін сол өлшемге бір қарыс қосу керек, сонда зонд асқазан қуысына дәл түсетін болады.
Егер зонд шығып кетсе немесе бүктеліп қалса, оны шығарып алады, науқасты тыныштандырып, қайта ендіреді. Егер науқас зонд енгізгенде жөтелсе, тұншыға бастаса, зондты дереу шығару керек, өйткені ол өңешке түспей кеңірдекке түсіп кеткен.
Воронкадағы судың асқазанға түсіп болуын күтуге болмайтынын есте сақтау қажет, себебі бұл жағдайда асқазанға ауа түседі де, асқазан сөлінің шығуын қиындатады.
Қан көріне бастаса процедураны тоқтата қою керек, ал асқазанды жуу қышқылмен улануға байланысты болса, онда жуу тоқтатылмайды. Мұндай жағдайда құстырмай абайлап, шағын үлеспен жуу керек.
Асқазанды зондсыз (сүңгісіз) жуу
Асқазан жуудың қарапайым әдісі, үй жағдайында да қолдануға болады. Науқасты орындыққа отырғызып, аяқтарының арасына шара қойылады. Алдын ала асқазанды жууға арналған су дайындалады: температурасы 17-18С° 1л суға 1 ас қасық ас тұзы қосылады. Бұндай ерітіндіні дайындау өте қажет, өйткені кәдімгі су асқазанда сіңіріледі, ал қан тамырларындағы артық сұйықтық мидың ісінуіне (әсіресе балаларда) алып келуі мүмкін.
Науқас 1-2 л сұйықтықты ішіп, саусақтарымен тілдің түбірін басып, құсу рефлексін шақыртады. Бұл іс-әрекет асқазаннан таза су шыққанға дейің қайталанады.
Асказанды жуу. Көп мөлшерде ішке дәрілік заттарды қолданып уланғанда, сапасы төмен тамақпен ішімдікпен, саңырауқулақпен және т.б заттармен уланғанда көрсетілетін көмек ол - асқазанды жуу болып табылады. Бұл шараға қажетті жабдықтарды дайындау қажет:
1. Жуан асқазан зонды (оның ұзындығы 100 - 120 см, сыртқы диаметрі 10-15 мм, бітеу ұшында 2 бүйір сопакша тесіктер бар, асқазанды жуу кезінде зондтың қаншалықты енгенін анықтау үшін бітеу ұшынан 45, 55, 65 см қашықтықта белгілер бар. Зондтың ұзындығын анықтау қиын емес науқастың бойынан 100 см алып тасталынады. Мысалы, науқастың бойы 155 см болса, екінші белгілеу (55 см) тісінің деңгейінде болуы тиіс);
2. Ұзындығы 70 см болатын резеңке түтік (зондты ұзарту үшін) және шыны түтік, оның диаметрі 8 мм-ден аз емес болуы керек;
3. Сыйымдылығы 1 л болатын оймыш;
4. Вазелин майы;
5. Шайынды суларға арналған ыдыс немесе шелек;
6. Болме температурасыка сәйкес келетік 10-12 л таза су және литрлік тостаған;
7. Ауызкергіш, тілұстағыш және металдан жасалған саусақ кигіш.
8. Резеңке қолғаптар мен клеенкалык алжапкыштар.
Асқазанды жуу - жағымсыз іс шара, сондықтан науқасқа оның мақсатын, маңызын және орындау тәртібін түсіндіру қажет. Қимыл әрекеттердің тәртібі:
1. Асқазанды жууға қажетті жабдықтарды жинап алыңыз: зонд, шыны және резеңке түтіктер, (зондты асқазанға енгізгеннен соң оймышты қосады).
2. Наукасқа және езіңізге алжапқыш кигіз, оны отырғызып, қолын орындықтың арқасына қарай қайырып, осы қалыпта орамалмен бекітіңіз.
3. Науқастын бүйір жағынан немесе артынан тұрыңыз
4. Сол қолдың 2-саусағымен немесе ауыз көргішпті науқастың азу, тістерінің арасына енгізіп, басын артқа шалқайтыңыз.
5. Оң колыңызбен науқастың тілінің түбіріне вазелин майы жағылған немесе суға малынған соқыр ұшын салып, науқасқа жұтуды және мұрынмен терең дем алуды ұсыныңыз.
6. Науқас жұтынғанда зондты өңешке өткізіңіз (мұны жәй жасау керек, себебі шапшаң өткізгенде зонд бұралып қалуы мүмкін).
Егер зондты енгізгенде науқас жөтеліп, тұншығып, беті көгеріп кетсе, тез арада зондты шығарып алу керек, себебі ол өнешке емес, көмей немесе трахеяға түсіп кеткен.
7. Зондты қажетті деңгейге дейін жеткізгеннен кейін оны енгізуді тоқтатыңыз, оймышты қосып, оны науқастың тізесіне дейін түсіріңіз. Сонда одан асқазан сөлі бөлінсе, зонд дұрыс орналасқан егер асқазан сөлі бөлінбесе, зонды артқа немесе алдыға қарай жылжытып, орналасуын өзгерту қажет.
8. Оймышты тізе деңгейінде сәл еңкейтіп, оның ішіне 1 литрдей су құйыңыз.
9. Оймышты жәйлап жоғары көтеріңіз. Су оймыштың тесігіне жеткенде, оны бастапқы қалпына түсіріңіз. Шыққан су мөлшері құйған су мөлшеріне сәйкес келуі тиіс.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 152 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Венесекция 6 страница | | | Венесекция 8 страница |