Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Венесекция 2 страница. Строфантин 1 мл 0,025% немесе 0,05% ерітінді ампулада шығарылады

Читайте также:
  1. Annotation 1 страница
  2. Annotation 10 страница
  3. Annotation 11 страница
  4. Annotation 12 страница
  5. Annotation 13 страница
  6. Annotation 14 страница
  7. Annotation 15 страница

Строфантин 1 мл 0,025% немесе 0,05% ерітінді ампулада шығарылады. Жүрек гликозидтерінің токсикалық әсері нәтижесінде ас қорту жүйесінің, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар көрудің нашарлауы, жүрек ритмі және өткізгіштігі бұзылуы мүмкін. Строфантин және коргликон қатаң дәрігердің тағайындауымен 0,3-0,5 мл –күре тамырға жай 10-20 мл физиологиялық ерітіндімен қоса немесе тамшылатып жіберіледі. Жүрек гликозидтерін енгізген кезде науқастың жалпы жағдайын, жүрек - қан тамыр қызметін бақылау қажет.

Есте сақтаңыз: Жүрек гликозидтерін бір уақытта диуретиктермен (гипотиазид, диакарб, фуросемид) тағайындау калий жоғалтуға әкеледі. Бұл аритмиямен сипатталатын гликозидты интоксикацияға әкеледі.

Инсулинді енгізу ерекшелігі

Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету.

Жабдықталу: инсулині бар флакон (1 мл-де 40 ЕД, 80 ЕД немесе 100 ЕД) болуы мүмкін, спирт 70%, стерильды астауша, пинцет, мақта шариктері, инсулинді шприц.

Мейірбике іс-әрекеті:

  1. Дәрінің мерзімін, жарамдығын көру.
  2. Флаконды су моншасында 36-37 ºС жылыту немесе 3-5 минут алақанда жылыту.
  3. Инсулинді шприцті тексеру, ашу.
  4. Флакон қақпағын ашып, резеңке тығынын 2 рет спиртпен өңдеу, спирттің кебуін күту (спирттің инсулин ерітіндіге түсуі инактивацияға алып келеді).
  5. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе тұрғызу.
  6. Қажет дозадағы инсулинді шприцке алу (қосымша 1-2 ЕД артық алынады, ол ауа шығарғанда дәрінің дозасы азайып кетпеуі үшін).
  7. Инъекция орнын спиртке малынған 2 мақта тампонымен өңдейміз. Спирттің кебуін күтеміз.
  8. Теріні сол қолдың 1-2 –ші саусақтарымен алып, 30-45 ºС бұрыш астында инені егеміз. (Тері асты май қабаты қалың болса, инені 90 ºС бұрыш астында салуға болады)
  9. Сол қолды босатып, инсулинді жәй жіберу.
  10. Құрғақ стерильді мақта тампонын инъекция орнына қойып инені шығарып алу.
  11. Науқасты тамақтандыру.
  12. Шприц, мақта тампондары, қолғапты контейнерге тастау.

Бициллинді егу ерекшеліктері

Әр түрлі ауруларды (ревматизм, инфекциялық асқынулар) емдеу және алдын алу үшін қолданылады.

Бициллин -1 – пенициллиннің дибензилэтилендиамин тұзы, суда жақсы ерімейді. Микробқа қарсы әсері 7-14 күнге созылады.

Бициллин -3 – пенициллиннің калийды, новокаинды тұздары және бициллин – 1 қоспасы. Әсер ету ұзақтығы- 4-7 күн.

Бициллин -5 – пенициллиннің новокаинды тұзы, бициллин – 1 қоспасы. Әсер ету ұзақтығы 4 апта.

Бициллин қатаң түрде инъекция алдында инъекцияға арналған сумен ерітіледі. Бициллинді еріткен кезде суспензия пайда болады. Инъекция орнында дәрілік депо пайда болып, одан дәрі ұзақ уақыт қанға өтіп тұрады.

Бициллин тек бұлшық етке егіледі. Әсіресе сан бұлшық етке салған тиімді: жүрген кезде қанның циркуляциясы жақсарады, бұл дәрінің қанға сорылуын күшейтеді.

Инені бұлшық етке енгізгеннен кейін поршеньді тартып, иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу керек. Дәріні енгізіп болған соң инъекция орнына жылы қойып, науқастың жағдайын бақылау қажет.

Майлы ерітінділерді енгізу ерекшеліктері

  1. Майлы ерітінділер (камфораның майлы ерітіндісі, прогестерон) тек бұлшық етке енгізіледі.
  2. Енгізуден алдын майлы ерітінділерді су моншасында 35-38 ºС дейін жылыту қажет.
  3. Ерітіндіні бұлшық етке енгізуден алдын шприцтың поршенің өзімізге қарай тартып иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу керек.
  4. Инъекциядан соң инъекция орнына жылы қою керек.

7.Инъекциядан кейін байқалатын асқынулар

Дәрілерді парентеральды енгізген кезде жиі: инфильтраттар, абсцесс, флегмона, некроз, аллергиялық реакция байқалады. Олар асептика ережелерін сақтамаудан дамиды: стерильды болмаған шприцтерді қолдану, мейірбике қолдарын дұрыс өңдемеу, дәрілік заттарды енгізу ережелерін сақтамау, аллергологиялық анамнезді анықтамау. Әсіресе келесі дәрілердің ерітінділерін енгізгенде назар аудару қажет: эуфиллин, кордиамин, кокарбоксилаза, камфора, дибазол, папверин, витамин В6 , НО-ШПА және әсіресе 25% магний сульфат ерітіндісі.

Дәрілік заттарды енгізгенде асептика ережелері бұзылса, алғашқы тәулікте қабыну инфильтрат белгілері анықталады. Инъекция орнында ауырсыну, терісінің қызаруы, жергілікті температуралық реакция байқалады. Асқынулар байқалған жағдайда дереу дәрігерге хабарлау қажет. Дәрігер қыздыру компресстері тағайындайды. Егер көмек көрсетілмесе, абсцесс - яғни тіндердің іріңді қабынуы байқалады. Жалпы температуралық реакция, тұрақты қатты ауырсыну, айқын гиперемия, флюктуация байқалады. Бұл жағдайда дәрігер - хирургты шақыртып хирургиялық ем тағайындау қажет.

Инфильтрат, абсцесстердің алдын алу

  1. Егу кабинеттің мейірбикесі арнайы киімде жұмыс істеуі, инъекция орындағанда асептика және антисептика ережелерін сақтау қажет.
  2. Инъекция техникасын дұрыс орындау қажет, бұлшық етке дәрі енгізу үшін тері асты май қабаты қалыңдығына сәйкес ұзын (8 см) ине алу қажет.
  3. Инъекцияларды тек қана бір рет қолданатын стерильді шприцтермен орындау қажет.
  4. Инъекция орындаудан алдын ұлпаларды мұқият пальпациялау қажет. Егер терең ұлпалардың тығыздалуы байқалса, бұл жерге инъекция жасауға болмайды.
  5. Инені ұлпаларға «шапалақтап» салуға болмайды, өйткені стерильділік бұзылады, инені егу орны нақты анықталмай, ине қажетті тереңдікке енгізілмейді.
  6. Майлы ерітінділерді, суспензияларды енгізу үшін алдымен шприцтің поршенін өзімізге қарай тартып, иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу керек.
  7. Тоңазытқышта сақталған ерітінділерді бірден енгізуге болмайды. Майлы ерітінділер 37-38 ºС-ке дейін жылытылады.
  8. Инъекциядан соң дәрілік заттың сорылуын жақсарту үшін жылы қойылады.
  9. Гипертониялық ерітінділерді (25 % магний сульфат ерітіндісі) жақсы сорылуы үшін новокаин немесе физиологиялық ерітіндімен араластыру қажет.
  10. Санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті қатаң сақтау қажет.

 

Инъекциядан кейінгі абсцесстер жиі жамбас аймағында, әсіресе салмағы үлкен науқастарда, жиі әйелдерде байқалады. Анафилактикалық шок аллергиялық реакциялардың ауыр түрі болып есептеледі. Ол антибиотиктерді, сарысуларды, әр түрлі белокты және басқа дәрілік заттарды жиі енгізгенде пайда болады.

7.Науқас жағдайын сараптау

БАЛА ОРГАНИЗМІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бала организмінде туған уақыттан 14-18 жасқа дейін оның өсуі мен дамуына байланысты бірқатар анатомиялық және физиологиялық өзгерістер болады. Әсіресе бұл ерекшеліктер нәрестелерде және емшек жасындағы балаларда айқын көрінеді. Организм өсіп, қалыптасу кезеңдерінде де бұл өзгерістер әр түрлі дәрежеде білінеді.

Нерв жүйесі

Бала дүниеге келген кезде орталық және шеткі нерв жүйесі әлі толық жетілмеген болады. Балалар инфекцияларға, улануларға және психикалық жарақаттарға өзгеше ауыр жауап береді. Жергілікті белгілер жиі білінбейді. Бірінші орынға жалпы белгілер шығады (дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту). Сонымен қатар жарақатқа байланысты жалпы ауырғандық туындайды және психикалық реакциясы ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан дөрекі жасалған манипуляциялардан кейін, жансыздандыру дұрыс өткізілмеу салдарынан ақыл – есі сақталу жағдайында болған балаларда жиі тұтықпа, қорқыныш сезімі, кіші дәретін түнде ұстамау – энурез жиі ұшырасады.

Бала психикасының жетілмегендігінен, науқас дәрігердің іс-әрекетін өткізуіне қарсылық білдіреді, шағымдарын айтпайды. Вегетативті нерв жүйесінің жетілмегендігі мен эндокриндік өзгерістердің болу салдарынан науқас балаларда ішек перистальтикасының бұзылыстары, іш қату, іш өту, аллергиялық реакциялар кездеседі.

Жүрек – қан тамыр жүйесі

Бала дүниеге келген кезде жүрек-қан тамыр жүйесі басқа жүйелерге қарағанда жақсы дамыған болады, сондықтан оның компенсаторлық мүмкіндіктері едәуір үлкен. Балаларда жүрек соғысының жилігі үлкендерге қарағанда жоғары, ал артериялық қан қысымы төмен. Ересектермен салыстырмалы қарағанда балаларда қанның көлемі көп, ол 80-150 мл/кг тең (ересектерде 60 мл/кг). Ал қан ағу жылдамдығы кіші жастағы балаларда 2 еседей жоғары. Нәрестелер мен емшек жасындағы балаларда қанның көп бөлігі ішкі ағзалардың орталық қан тамырларында шоғырланған, ал перифериялық қанмен қамтамасыз етілуі төмен. Барорецепторлар нашар дамыған, сондықтан кішкентай топтағы балалар қан жоғалтуға және ортостатикалық бұзылыстарға өте сезімтал. Жаңа туған нәрестелердің 50 мл қан жоғалтуы, ересектердегі 600-1000 мл қан жоғалтуға тең, демек аз мөлшерде қан жоғалтудың өзі міндетті түрде толық қалпына келтірілуі керек.

Тыныс алу жүйесі

Емшек жасындағы балаларда тыныс алу жүйесі жетілмеген болады. Өкпедегі тыныс алу бетінің көлемі кішкентай. 1 кг дене салмағына шаққанда ересектерге қарағанда едәуір төмен, ал оттегіге мұқтаждығы жоғары. Балалардың қабырғалары көлденең орналасқан. Кеуде қуысы тыныс алу актісіне аз қатысатындықтан, балаларда диафрагма арқылы дем алу басым. Дем алуға қатысатын бұлшық еттердің әлсіз болуынан тыныс алу жүйесінің жетілмегендігі айқын білінеді.

Ересектерге қарағанда балаларда тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылулары жиі. Бұл кішкентай балалардың тыныс алу жолдарының тарлығы, кілегей қабықтың болбырлығы және ісінуге бейім болып келетіндігімен түсіндіріледі. Тыныс алудың кедергілері жас балада жоғары. Көмейдің, кеңірдектің (трахеяның) 1 мм кіші болуының өзі кедергіні одан әрі жоғарылатады.

Салыстырмалы қарағанда үлкен тіл, мен бадамша бездері тыныс алу жолдарының өткізгіштік бұзылыстарының қауіптілігін арттыра түседі. Тыныс алу жолдарының кілегей қабықтары тітіркенуге өте сезімтал, өткізгіштікті бұзатын сілекей тез жиналады. Тыныс алу эпителиінің қызметі және сілекейді жөтелу арқылы шығару қабілеті әлсіз.

Кіші жастағы балалар тез шаршағыш. Тыныс алу орталығы өте өзгергіш. Тыныс алу жүйесінің анатомиялық және функционалды жетілмеу салдарына газ алмасудың қажетті көлемін сақтау үшін едәуір күш жұмсауы қажет. Тыныс алудың аздаған бұзылыстарының өзі газ алмасудың өмірге қажетті мүшелердің қызметтерін тез нашарлатады, өзгерістерге әкеледі.

Негізгі алмасу және су-электролиттік баланс

Балаларда негізгі алмасу ересектерге қарағанда жоғары. Сондықтан дәрілік заттар үлкен дозада тағайындалады. Жаңа туған нәрестелердің және емшек жасындағы балалар денесінің 70-80% су құрайды (ересектерде 55-60%). Сондықтан сұйықтық жоғалту өте айқын білінеді. Электролиттік баланстың ерекшелігіне анион мен катиондардың жетіспеушілігі немесе артық болуы, организмнің жоғары сезімталдығы жатады (әсіресе хлор). Хлордың денеде көп болуы улануға әкеледі, ал көп рет құсу мен іш өту хлорды жоғалтуға ұшыратады. Нәтижесінде осматикалық қысым төмендеп, клетка ішілік сұйықтық плазмаға өтеді де, эксикоз пайда болады.

Су электролиттік баланстың жас балаларда ересектерден айырмашылығы, ол метаболикалық ацидоздың жиі орын алуы мен тез өршуі.

Тері жамылғылары

Жаңа туған нәрестенің терісі өте нәзік, «бархыт» тәрізді жұмсақ. Терісі тез жарақаттанғыш, өте жұқа және борпылдақ келген эпидермалды қабаттан тұрады. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты терінің құрылысы да әр түрлі болып өзгеріп отырады. Тері өте маңызды қызметтер атқарады. Тері мен тері асты майы тереңде жатқан басқа ағзаларды сыртқы ортаның әсерінен қорғайды. Нәресте терісінің қорғану қабілеті жетілмеген. Зақымдалған тері қабаты микробтардың денеге енуіне ашылған қақпа. Дұрыс күтім болмау салдарынан нәрестелердің бұты, қолтық асты, мойын қатпарлары бозданып, қабынады. Балаларда терінің зақымдануы химиялық заттардан және әр түрлі температураның әсер етуінен де болуы мүмкін.

Көмірқышқыл газы мен судың бөлінуі арқылы терінің дем алу қызметі іске асырылады. Бұл құбылыс балаларда ересектерге қарағанда жылдам жүреді.

Тері дене жылуын бақылайтын ағза. Нәрестеде дене жылуын реттеп отыратын орталықтың қызметі және тері бездері толық жетілмегендіктен денесінің тез тоңазуы немесе тез қызуы жиі кездеседі.

Сүйек – бұлшық ет жүйесі

Балалар сүйегінің серпілгіштік және иілгіштік қасиеттері жоғары. Ол сүйек құрамындағы тұздардың аздығына, сүйек тысының қалыңдығына және қан тамырларының көптігіне байланысты. Сүйек тысы сүйектерге иілгіштік қасиет береді және оларды ауыр жарақаттардан қорғайды. Тиген соққының күшінің әлсіреп, сүйек тұтастығының сақталуы серпілгіш шеміршектердің эпифиздік өсу аймағына байланысты.

Балаларда ғана ұшырасатын сынықтар бар: сүйек тысы астындағы сынық, «жасыл шыбық» тәрізді сынық, эпифизиолиз (эпифиздің өсу шеміршектері аймағында тайып кетуі), остеоэпифизиолиз (эпифиз немесе метафиздің бір бөлігі қоса сынып, өсу шеміршектерінің шығып кетуі).

Жаңа туған нәрестелердің бұлшық ет жүйесі әлсіз дамыған. Ол ересектерде денесінің 40% дейінгі мөлшерін құраса, балаларда тек 25% ғана бұлшық ет.

Ас қорыту және зәр шығару жүйесі

Кішкентай балалардың асқазаны көлденең жатады, өсе келе тік орналасады. Асқазанның ет қабаты жетілмеген. Өңештің асқазанға ашылатын жері – сфинктер жеткіліксіз дамыған, кең болады. Ал асқазанның 12-елі ішекке өтер жеріндегі ет қабаты жақсы даму салдарынан нәрестелердің емген сүті асқазаннан өңешке кері қайтып, құсу немесе лоқсу тәрізді құбылыстар береді.

Жаңа туған нәрестенің асқазанының сыйымдылығы 30-35 мл, ал бір жасында 250 мл-ге жетеді. Асқазан ферменттерінің белсенділігі ересектерге қарағанда балаларда әлдеқайда әлсіздеу болып келеді.

Астың қорытылуы емшек еміп жүрген нәрестелерде 12 сағаттан 36 сағатқа дейін, ал жасанды тамақтандыру кезінде 48 сағатқа дейін созылады. Кішкентай жастағы балаларда асқазанның босау құбылысы ұзақ. Наркоз беріп, операция жасау және түрлі манипуляциялар кезінде науқастың құсып жіберу себебінен тыныс жолдарының аспирациясы болуы мүмкін. Баланың тұншығып өліп кетуі ықтимал.

Емшек жасындағы балалардың тағы бір ерекшелігіне ішектің сіңіру қабілетінің жоғары болғандығынан организмнің қорғанушылық қабілетінің төмендеуі жатады. Сол себепті ішек жолдарындағы улы заттар қанға тез сіңіп, бала организмнің улануына (токсикозға) әкелуі мүмкін.

Жаңа туған нәрестенің алғашқы нәжісі қара қошқыл түсті, қою, жабысқақ болады. Оны меконий (тоңғақ) деп атайды. Ол бірінші тәуліктің соңына қарай көтен ішектен сыртқа шығады. Жаңа туған нәрестелердің нәжісі тәулігіне 2-6 рет, одан ересек балаларда 2-3 рет, ал бір жастан асқан сәбилерде күніне 1-2 рет болу тиіс.

Зәр шығару жүйесі арқылы бала зат алмасудың нәтижесінде бөлінетін қалдық су мен керек емес улы заттарды сыртқа шығарады. Нәрестелердің бүйрегі үлкен адамдарға қарағанда төменірек орналасады және әлдеқайда күшті жұмыс істейді. Бір жасқа дейінгі балалардың несепті жинақтап, шығару мүмкіншілігі төмен. Сол себептен де нәрестелердің организмінде судың іркіліп қалуы (гипергидратация) немесе шектен тыс шығып кету (дегидратация) қаупі бар. Бір айлық нәресте тәулігіне 300 мл, бір жасар сәби 600 мл, 10 жастағы бала – 1,5 литрге дейін несеп бөліп шығарады. Нәрестенің бір мәртелік зәрінің мөлшері өсе келе көбее береді, 6 айға дейін 30 мл, бір жаста 60 мл, 10-12 жата 250 мл болады. Балалар ересектерге қарағанда несепті көп бөледі. Бала қатты терлесе, зәр мөлшері азаяды. Жылы бөлмеде нәресте несепті аз бөліп, суық бөлмеде көп шығарады.

Жаңа туған нәресте зәрінің реакциясы әдетте өте қышқыл, содан соң біртіндеп әлсіз қышқыл болады. Несептің меншікті салмағы бірінші күндері нәрестелерде 1008-1018 болса, 8-10 күннен соң 1002-1004-ке жетеді де осы көрсеткіш бір жасқа келгенше сақталады. 2-3 жаста 1010-1017, 4-5 жаста – 1012-1020, 10-12 жаста 1011-1025 болады.

Сана жағдайлары

1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.

2. Сананың есеңгіреуі - науқас сұрақтарға дұрыс, бірақ кешігіп жауап береді.

3. Ступор – мелшиіп қатып қалу, науқас сұрақтарда кешігіп мағынасыз

жауап қайтарады.

4. Сопор - патологиялық терең ұйқы, науқас ес-түссіз, рефлекстері

жоғалады, науқас қатты ауыртқыштан басқа ешқандай тітіркендіргіштерге

жауап бермейді.

5. Кома - сана бұзылуының ең ауыр түрі. Сана жоғалады, бұлшық еттер

босаңсиды, сезімталдық және рефлекстер жоғалады.

 

Науқастың жалпы жағдайы оның санасына, төсектегі қалпына, бет әлпетіне,ауру симптомдарына қарап бағаланады.

· Науқастың жалпы жағдайы канағаттанарлық, орташа ауырлықта және ауыр болуы мүмкін.

· Қанағаттанарлық жағдайда науқастың төсектегі қалпы белсенді,бет әлпеті өзгеріссіз, санасы айқын болады.Науқас өз- өзін күте алады.

· Орташа ауырлықта науқастың есі анық, түрі абыржулы болады.Коп уақытын төсекте откізеді. Белсенді қимылдау жалпы әлсіздікке алып келеді. Негізгі ауырудың симптомдарымен ішкі жүйелердің патологиялық өзгерістері айқындала бастайды.

· Ауыр жағдайда науқастың төсектегі қалпы пассивті,сананың айқындығы төмен.негізгі ауырудың симптомдары айқын болады.

· .Анафилактикалық шок

Өте тез дамуы мүмкін, сондықтан уақытты жоғалтуға болмайды, жедел көмек көрсетіп, емделушіге аллергиялық реакциясының пайда болғандығы жөнінде дәрігерге жеткізу керек.

Анафилактикалық шоктың белгілері:

· Терінің жалпы қызаруы

· Бөртпелер

· Жөтел ұстамасы

· Мазасыздық

· Ентігу

· Құсу

· Артериялық қысымның төмендеуі

· Жүрек соғуы

Анафилактикалық шок - дәрілік затты енгізгеннен кейін бірнеше секунд немесе минуттан соң дамиды. Жиі жедел тыныс жетіспеушілігі, жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі өлімге алып келеді.

Есте сақтаңыз!

Іс- әрекеттер: Шоктың белгілері көрінген жағдайда:

· Емделушіні жатқызу, дәрігерге айту.

· Егу жасаған жерінен жоғары резеңке бұрауды байлау және мұзды қою.

· Тері астына 0,5 мл 0,1% адреналин ерітіндісін енгізу және сол мөлшерде егу жасаған жеріне енгізу.

· Емделушіге маска арқылы ылғалданған оттегіні беру

· Дәрігердің нұсқауымен жүрек-тамыр және тыныс алу дәрілерді енгізуге дайындау: кордиамин, кофеин, мезатон, эуфиллин.

· Полиглюкинді тамшылап енгізу үшін тамшылау жүйесін құрастыру.

Анафилактикалық шок кезіндегі көмек

Көрсетпелері: аллергеннің ағзаға енуін тоқтату, өмірлік маңызды мүшелердің қызметін қалпына келтіру.

Міндетті шарттар: тәулік бойы пациентті бақылау (рецидив қаупі);

Мейірбикелік көмек жоспары:

1. Пациент жағдайының ауырлығын бағалау және дәрігерді шақыруды қамтамасыз ету.

2. Аллергеннің енуін тоқтату (инені күре тамырда қалдыру, егер аллерген күре тамырға егілген болса).

3. Науқасты жатқызу және тілді фиксациялау: басын бір шетке бұру, төменгі жақты алдына тартып, тіс протездерін алып тастау, төсектің аяқ жағын көтеру.

4. Дәрігердің тағайындауы бойынша: 0,5мл 1% адреналин ерітіндісін 5 мл физ.ерітіндісімен күре тамырға жіберу.

5. Иньекция орнына мұзды қою

6. Таза ауамен қамтамасыз ету. Ылғалды оттегі беру

7. Қажет заттарды құрал-саймандарды дайындау:

- күре тамырға егу үшін жүйені, шприцтерді;

- өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратын, кеңірдек интубациясына қажет заттарды;

-дәрілік препараттарды.

8. Дәрігердің тағайындауы бойынша:

- тері астына 0,5-1мл 0,1% адреналин ерітіндісін аллерген енгізген жерге егу және тамшылап жіберу.

9. Кортикостероидтарды парентеральды жіберу:

30-60 мг (150 мл-ге дейін) преднизалон немесе 150-300мг гидрокортизон 10-15 мл 5% глюкоза ерітіндісімен қоса.

10. Антигистаминдер (десенсибилизациялаушы) заттарды егу;

1% супрастин 2,0-4,0 мл;

0,25 % пипольфен 2,0-4,0 мл;

1% димедрол 2,0-5мл парентеральды

11. Көрсетпелеріне қарай тағайындалады:

жүрек гликозидтері: строфантин 0,05%-0,5 мл 10 мл физиологиялық ерітіндімен қоса күре тамырға; 0,06 %-1мл коргликон 10мл физиологиялық ерітіндімен күре тамырға өте жай;

зәр айдайтын дәрілер: лазикс (фуросемид) 40-60 мл күре тамырға

12. 2,4% эуфиллин 10,0 күре тамырға 10 мл физиологиялық ерітіндімен қоса

13. Кордиамин 2,0; кофеин 2,0

14. Реанимациялық шараларды жүргізу (жүректің жабық массажы, жасанды дем алдыру)

15. Жандандыру бөлімшесіне жатқызылады.

Липодистрофия - жиі инсулин енгізгенде пайда болады. Инъекция орнында тері асты май қабатының атрофиясы немесе гипертрофиясы байқалады.

Иненің сынуы - ескі инелерді қолданғанда, бұлшық етке инъекция жасау кезінде жамбас бұлшық еттерінің бірден жиырылуында егу жасағанда инені канюлясына дейін енгізгенде болуы мүмкін.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 240 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Минералды заттар 5 страница | Минералды заттар 6 страница | Минералды заттар 7 страница | Минералды заттар 8 страница | Минералды заттар 9 страница | Минералды заттар 10 страница | Минералды заттар 11 страница | Минералды заттар 12 страница | Дистиллятор, дистилдентен сумен ыдыс. | Маска кию. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Венесекция 1 страница| Венесекция 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)