Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ситуациялық есептер

Читайте также:
  1. Ситуациялық шарттары

Ық негіздері пәні бойынша II этап емтихан сұрақтары

 

Ситуациялық есептер

 

1. Жүк автокөлігінің жүргізушісі Карапетян жол қозғалысының белгіленген ережесін сақтай отырып, машинаны артқы жаққа қарай айдады. Оның жолдастары, соның ішінде Арутюков Карапетянды ұстағысы келді. Арутюков осы мақсатпен, Карапетян машинаны артқы жаққа қарай жүргізе бастағанда, оған білдірместен машинаға келді және қозғалыстағы машинаның артқы доңғалағына тасты кіргізуге тырысты. Осы кезде оның аяғы тастан тайып кетіп, артқы доңғалақтардың арасына қысылды және ол машина астына тарылып басылып қалды.

Сот Карапетянды Арутюковтың өліміне кінәлі деп есептеп, оны соттады.

1) Соттың шешімімен келісуге бола ма?

2) Болған оқиға мән-жайын және Карапетянның оған психикалық қатынасын талдаңыздар?

 

2. 15 жасар Бокин алмаспен бірнеше автобус пен троллейбустың орындықтарын кесіп тастады.

1) Бокинның әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?

 

3. Әйелі сотқа алимент өндіру тралы арыз береді. Істі қараған судья болса сотқа күйеуін шақырмай тек әйелінің арызы негізінде «Алимент өндіру туралы сот бұйрығын» шығрады.

1) Судьяның әрекеті заңды ма?

 

4. Ерлі зайыпты Ғалымовтар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Алайда олар Ұлыбританияда оқуда жүргенде балалы болады.

1) Бұл орайда азаматтық алу мәселесіне байланысты қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

 

5. Ивановтар отбасы Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігіне азаматтық мәселесін сұрап барды. Олар Қазақстан аумағында ешқашан тұрмағанымен, Қазақстан олардың ағайын туыстарының ортақ үйі болып табылады.

1) Ивановтар отбасының азаматтық мәселесі қалай шешілмек?

 

6. Балалар үйінің қасында ата аналары белгісіз емшектегі бала табылды.

1) Бала кім болып саналады: азаматтығы жоқ адам, бодан, ҚР азаматы?

 

7. Қазақстан азаматы Мусин басқа мемлекеттің әділет органдарына қызметке кіреді.

1) Оның азаматтығы мәселесі қалай шешілмек?

 

8. Аудан әкімі аудан тұрғындарының міндетті түрде сайлауға қатысуы керектігі туралы шешім шығарды.

1) Әкімнің мұндай шешімі сайлау заңнамасына сәйкес пе?

 

9. Парламент мәжілісінің депутаттары азаматтың сайлауға келмегені үшін айыппұл белгілеуді талап етті.

1) Олардың осындай мәселе қоюы қаншалықты заңды?

 

10. «Асар» партиясынан партиялық тізім бойынша сайланған Мәжіліс депутаты, партия қатарынан шығады.

1) Оның депутаттық өкілеттігі тоқтатыла ма?

 

11. Парламент депутатына үміткердің бірі сайлау күні үгіт жұмысын жүргізді.

1) Үміткердің бұл әрекеті заң талабына сәйкес пе?

2) Сайлау кезінде үгіт материалдарын тарату мүмкіндігі қаншалықты?

 

12. Субъектілердің жүріс тұрысына ықпал ету әдісімен Серіков деген студент әкімшілік құқықтың нормаларын мына төмендегі үлгі бойынша жіктейді: тыйым салушы, құқық беруші, көтермелеуші.

Бірқатар студенттер бұл жіктеменің дұрыстығына күмән келтірді.

1) Сіздің ойыңыз қандай?

 

13. Қалалық әкім аппаратының екі лауазымды адамы басқа тұлғалармен бірлесіп жарнама агенттігін құрады.

1) Мемлекеттік қызметкерлердің бұл әрекетін заң талабына сәйкес деп тануымызға бола ма?

 

14. 2002ж. 8 наурызында, сағат 24 шамасында азамат Марков өз үйінің подъезі алдында айқайлап өлең айтып, көршілерінің тыныштықты сақтау талабына құлақ аспай қояды. Көршісі болса учаскелік уәкілге телефон шалады.

1) Марков өз әрекеті арқылы құқық бұзушылық жасады деп санала ма?

2) Учаскелік уәкілге қоңырау шалған көршісінің әрекеті дұрыс па?

3) Сіз бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?

 

15. Азамат Асанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін, сотпен бір жылға көлік жүргізу құқығынан айрылады. Соттаң бұл шешіміне келіспеген асанов болса мүгедек екендігін, тек балдақтың көмегімен ғана жүретіндігін желеу етіп, автомобильсіз жүру оған қатысты емес екенін негіздеп сот шешіміне шағымданады.

1) Бұл жағдайдағы заңдылыққа тоқталыңыз.

2) Тиісті нормаларға сілтеме жасаңыз.

 

16. Облыс әкімі өз өкімі арқылы некеге тұрмақ азаматтардың жасын он алтыға дейін төмендетеді. Әкімнің бұл шешіміне облыс прокуроры қарсылық келтіреді.

1) Прокурор қарсылығы негізді ме?

2) Атқарушы билік органдары Неке және отбасы заңдарына өзгеріс енгізетін нормативтік актілер қабылдауға құқылы ма?

 

17. 2002 жылдың наурызында Бергімбекова мен Имантаев үйленетін болып шешті. Ата аналарының ұйғарымы бойынша олар бір айдан кейін некесін мешітте қидырды. АХАЖ органына барған жоқ. Бір жылдан кейін екеуі ажыраспақ болып тиісті органға барғанда ол жақта некені тіркеу туралы құжатты сұрап, жазған арызын қабылдамай тастады.

1) Лауазымды адамдардың әрекетіне баға беріңіз.

 

18. Алматы қаласының әділет органына Мәскеу қаласында тұратын Израиль азаматы Корида Давидпен неке қию туралы өтінішпен азаматша Асанова Индира жүгінді. Олардың Индираның тегіне жазылған ортақ балалары бар. Корида Давидтің Мәскеуден Алматыға келу мүмкіндігі болмағандықтан Асанова Индира әділет органына өз қолымен жазылған, бірақ Корида Давид жұмыс істейтін мекеменің басшысы куәландырған өтінішті өткізеді. Осылай бола тұрса да әділет органының басшысы Асанова Индираның арызын қабылдаған жоқ.

1) Арыздың қабылданбауы қаншалықты заңды?

2) Асанова Индира қалайша әрекет жасауы керек еді?

 

19. Некеден тыс пайда болған өзінің жаңа туған сәбиінен құтылу үшін студент Құрсабаева оны тамақтандырмай қойды.

1) Құрсабаеваны қылмыстық жауапқа тартуға боладыма?

2) Қылмысқа оқталу әрекетсіздік жолымен жүзеге асырылуы мүмкін бе?

 

20. Алматы тұрғыны Тохтахунов өзі «Иегова куәгерлері» сектасына барып жүріп бірте бірте секта қызметіне өзінің 12 жасар баласы Фархатты тарта бастайды. Бастапқыда бұған мән бермеген әйелі Тохтахунова, ұлы Фархаттың әкесі тапсыруымен сағаттап діни әдебиеттен бас алмайтындығына алаңдай бастайды. Бірақ әйелінің қарсылығынан түк шықпайды. Айлар өтеді, Тохтахунов болса тіпті еш пайдасы жоқ, өнегеден жұрдай жер деп, Фархаттың мектепке баруына мүлдем тиым салады. Баласының тағдырына алаңдаған Тохтахунова заңгер көмегіне жүгінуді жөн көреді.

1) Әкесі Фархаттың қандай құқықтарын бұзып отыр?

2) Неке және отбасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасаңыз.

 

21. Ғалым дәрігерлер Гусев және Малошенко мүгедектікке әкеп соқтыратын, емделуі қиын, кеңінен тараған аурулардың біреуіне қарсы вакцинаны тексеру үшін ол өзінің балаларына егеді, нәтижесінде олар ауыр сырқатқа ұшырайды.

1) Мұндай жағдайларда эксперимент жасаушылардың әрекеттері дұрыс па?

2) Ғалымдарың іс-әрекеті қылмыстың құрамы болып табылады ма?

 

22. Өзінің үйінде Сарованың толғағы қысты. Оның күйеуі жедел жәрдем шақыру үшін жақын маңдағы телефон-автоматқа барды, бірақ ол істен шыққан екен. Ол рұқсатсыз Мареевтің автомобилін жүргізіп, әйелін перзентханаға жеткізді. Мареевтің арызы бойынша ол ҚР ҚК-нің 221-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

1) Саров қылмыстық жауаптылыққа тартылады ма?

2) Саровтың іс-әрекеті қылмыстың құрамы болып табылады ма?

 

23. Тапаншамен қаруланған Кулешов және қатардағы жауангерлер Полин мен Барсуков гарнизондық патрульдік қызметті атқарып жүрді. Құрылыс нысаны жанынан өтіп бара жатқан олар айғайлаған дауысты естиді және жерде жатқан қызды, оның қасында тұрғанүш ер адамды көреді. Олар біреуі қыздың басынан ұстап аузын жаппақшы болып, ал екеуі киімін және аяқ киімін асығыстықпен шешіп жатты.

Күлешов мән-жайды бірден түсініп, «барлығың тоқтаңдар, оқ атамын» деп айқайлайды. Сол сәтте олардың біреуі фин пышағын қолына алып, офицерге қарай тұра жүгіреді. Офицер оған қарсы оқ атты, ол сол жерде қайтыс болды. Қалған екеуі ұсталды.

Жақын маңдағы полиция бөліміне алып бара жатқанда өтіп бара жатқан адамдардың назарын аудару үшін ұсталғандар Күлешовке, Полинге және Барсуковқа бірнеше рет балағат сөздерді айта бастады. Ұсталғандарға бірнеше рет Күлешов балағаттауды тоқтатындар деді, бейтаныс адамдардың біреуі оны өлтіремін деді.

Қорқытқан сөздеріне жауап ретінде Күлешов тапаншамен ұсталғанның біреуін ауыр жаралады. Тергеу барыснда анықталғандай, өлтірілген және ауыр дене жарақатын алған адамдар бас бостандығынан айыру орнынан қашып шыққан рецидивистер екендігі белгілі болды.

1) Офинцердің әрекеті қылмыстық тұрғысынан алғанда қаншалықты түрде құқыққа сай?

2) Әсерилердің іс-әрекеті қылмыстың құрамы болып табылады ма?

 

24. Ребров және Шабалкин өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып, Дудовқа заңсыз қарағай ағаштарын дайындауға рұқсат берген, осы үшін Ребров 20 000 теңге, ал Шабалкин 10 000 теңге пара алған. Сонымен бірге Ребров пен Шабалкин Дудовтың есебінен спирттік ішімдітер ішкен.

Іс мән-жайларынан анықталғандай, сот Ребров пен Шабалкиннің әрекетін ҚР ҚК-нің 311 – бабының 1 – бөлігі бойынша саралаған. Қадағалау тәртібімен облыстық сотта істі қарау барыснда үкімнен Ребров пен Шабалкин ҚР ҚК-нің 307 – бабының 1 – бөлігі бойынша айыптауды алып тастауды көрсете отырып, олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 307 – бабының 1-бөлігі бойынша толық қамтылған және ҚР ҚК-нің 311-бабының 1 – бөлігі бойынша қосымша саралауды қажет етпейді делінді.

1) Кінәлінің әрекетінде қылмыстар жиынтығы белгілерін таба аласыз ба?

2) Егер болса (нақты ма әлде идеалды ма) қандай?

3) ҚР ҚК-нің 223 бабымен танысыңыз.

 

25. Актанов тергеу анықтамаған адамдармен бірге Сомов пен Ильиченкоға шабулжасады. Сонымен бірген Актанов жәбірленушінің біреуінен темекі сұрады, одан кейін ақша талап етіп, оны тінти бастады. Осы уақытта оның сыбайластары жәбірленушінің біреуінің басын, екіншісінің оң жауырынын қатты затпен ұрды. Алынған соққыдан жәбірленушілер құлады және есінен танып қалды. Қылмыскерлер олардың сағатын шешіп алып, жасырынып үлгерді.

Сот медициналық тексеру барысында Сомовтың денесінен оннан астам көгерген, қанталаған дақтар жәберленуші Ильиченконың денесінен сондай көгерген, қанталаған дақтар және бас жарақаты табылды.

Аудандық сот бұл әрекетті қарақшылық деп тапты. Бірақ та кассациялық сот мұндай сараптауды дұрысемес деп танып, Актановтың әрекетін зорлықпен тонау деп көрсететін бапқа қайта саралады.

1) Актановтың жасаған қылмысының объективтік жағын талда?

2) Қылмыстық құқықтағы зорлық ұғымын ашыңыз?

3) ҚР ҚК-нің 178 және 179 баптарымен танысыңыз?

 

 

   

Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы

заңнама негіздері модулінің жетекшісі, з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.

 

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 5387 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Основные черты самоактуализирующейся личности.| ПОНЯТИЕ ПРЕДПРИЯТИЯ И ЕГО ХАРАКТЕРНЫЕ ЧЕРТЫ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)