Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жеделхат

Билет

ХІХ ғасырдың І жартысындағы ресми іс қағаздар тілі

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар тілінің лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктері өткен ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне қарағанда халыққа біршама түсінікті, бір нормаға түсе, дами бастаған тіл болып қалыптаса бастады. Сол кезеңдегі ресми іс қағаздары тіл тарихын зерттейтін, саяси-әлеуметтік жағдайды көрсететін құжаттар болғаны мәлім.

Қазақ даласында ел билеу, әкімшілік – сот істеріне қатысты көптеген жаңа атаулар пайда болып, әлеуметтік терминдер қалыптасты.Осы кезеңде мемлекеттік салық енді.Сот билігінің үш түрі жүргізілді. «Жеті жарғы» негізінде соттайтын билер соты, ірі қылмыстармен, саяси қылмыстарды қарайтын Россия империялық сот системасы, шариғат жолымен сот билігін жүргізу.

1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Устав», 1831 жылы «Ел басқарудың дистанциялық системасы» деген құжаттар шығарылып, қазақ балаларына орыс мектептерінде оқуға право берілді. Орынбор, Омбы кадет корпустарында қазақ балалары оқи бастады. Баспасөз, ана тіліндегі мектептер, таза қазақ тілінде кітап басып шығару ісі болмағанмен қазақ тілінде жазылған іс қағаздарының нұсқалары алуан түрлі формада сақталды. Мысалы; қ азақтарға қолайлы жер бөліп беру туралы өтініш; егіншілікпен айналысуға рұхсат ету туралы өтініш; әскери губернаторға жазылған рапорт; қызын сатқаны туралы жасасқан шарт, алым-салық жинау туралы т.б. құжаттар.

Қазақ даласындағы ел басқару системасы мен әлеуметтік құрылыстың іс қағаздарында хан, ханзада, ханым, ханша, төре, сұлтан, би, қазы, ақ сүйек, бай, кедей, қара, қара қазақ сөздері әлеуметтік термин болып қалыптаса бастады.

Қазақстанның батысындағы шаруалар көтерілісі де іс қағаздар тарихында өз ізін қалдырды. М.Өтемісұлының М.Ладищинскийге, Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына т.б. жазған хаттары оған дәлел.

Қолхат. Кепілхат. Олардың құрылымы.

Кепілхат, қолхат– белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.

Қолхат - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.

Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- құжаттың аты; қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); алынған заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); қайтарылатын нақты уақыты; қайтара алмаған жағдайдағы шарты; қолхат жазылған күн; тараптардың қолы; мекеме мөрі.

Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат пен кепілхат бір-біріне ұқсас.

Кепілхаттың мәтінінде адресатқа орындалған жұмыстың немесе қандай да бір қызметтің (ғимараттың, тұрғын үйдің және т.б. жөндеу жұмыстары) ақысын төлеу туралы кепілдеме беріледі. Хатта адресант ұйым өзіне белгілі бір міндеттеме алады, сондықтан хаттың құқықтық күші болады.

Қолхат

Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000 (үш мың) АҚШ долларын алдым.

2011 жылы 15 қыркүйекте жасалған келісім-шартқа сәйкес 2011 жылғы 10-қыркүйектен 10 желтоқсанға дейін алынған ақшаның пайызын төлеп тұруға міндеттенемін.Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитұлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.

 

10.12.2011жыл қолы

 

Қолхат

Мен, ОПИ-І0-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алдым. Штангенциркульді бір жетіде қайтарып беремін деп міндеттенемін.

Жеке куәлік №11655223.

24.03.11 қолы

Х.Б.Ержанның қолын растаймын.

Билет

ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы ресми іс қағаздар тілі

Бұл кезеңде қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды. Ол әдеби тілдің бір тамағы ресми іс қағаздар тілінде анық байқалды. Екі тілді газеттер шыға бастап, патша өкіметінің әкімшілік органдары мен жергілікті әкімдердің қазақ тілінде жазған ресми іс қағаздары пайда болды. Бұрынғы құжаттар мен хаттар тілінің жалғасы бола тұра, өз алдына стилі қалыптасты. Ресми құжаттар қазақшаға аударылып, бұрынғыдай хан, сұлтандардың атына емес, көпшілікке арнап жазылып, баспада жарияланды. Бұл кезеңдегі жазылған іс қағаздарын мазмұн мен мақсатына қарай үш топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші -патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлық, ережелер терминологиясы, е кінші -заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтамалар, үшінші - жеке адамдардың ресми ұйымдарға жазған арыз, өтініштері.

Осы кезеңдегі ресми іс қағаздары ерекшеліктерінің бірі қазақ сөздерінен жасалған терминдердің қалыптасуы. Мысалы: бұйрық, жарлық, ереже, арз, ғарыз, қол (қою), алық-салық, төре, ұлық, абақты т.б. Сонымен қатар заң-законға қатысты қазақтардың әдет-ғұрып заңы бойынша қолданылып келген юриспруденция терминдері де қазақша қолданылды. Олар қазақтың төл сөздері мен қолданысқа еніп кеткен араб-парсы сөздері: айп (айып), дау, бітім, билік, кефіл (кепіл), куә, куәлік, күнә,кеңес, айғақ, тергеу, іс қорғау, мойнына алу, даугер, іс, шығын,қалың мал, дүре, жаза, барымта, төреші, үлгі, жауабкер, шабарман,шариат (шариғат), құн, салауат (кешірім). Бұл заң терминдерін ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелерінде, Шоқан Уалихановтың «Сот реформасы жайында», Ы.Алтынсариннің 1883 жылы «Баяділ Кейкинге» жазған хаттарында қолданған.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздары стилінің дамуына Семей облысы әскери генерал-губернаторының (1892ж.20.01) ресми орындарға жазылатын өтініш-шағымдарды қазақтардың өз ана тілінде жазуларына рұхсат етуі жайындағы №459 жарлығы да себеп болды. Заң жинақтары мен ережелерінде және әкімшілік орындарындағы бұйрық-жарлықтар терминдерінің көпшілігін қазақша түсінікті етіп беруге тырысты.

Көне дәуірден бастау алған ресми - іс қағаздары ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жанрлық тұрғыда көбейіп, тілі мен стилі одан әрі жетіле түсті.

2 сурак: Сенімхат сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді. Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.

Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

-құжат атауы; күні, айы, жылы, мекен-жайы; сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); алынған заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); қайтарылатын нақты уақыты; қайтара алмаған жағдайдағы шарты; нотариалдық мекеме мөрі.

Сенімхатта берілетін жағдайлар:

Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқық туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі.Сенімхат 1 дана болып дайындалады.Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл. Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.

Сенімхат

2011 жыл 1 желтоқсан

Алматы қаласы

Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен-жайым: Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғаннан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік қүқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:

- менің атымнан өтініш жазуға;

- анықтамалар мен құжаттар алуға;

- менің орныма қол қоюға;

- мұрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін.

Сенімхат 2012жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.

 

01.12.2011 С.Маметовтың қолын растаймын

3 билет ХХ ғасырдағы ресми іс қағаздары

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының өміріндегі саяси-әлеуметтік және ғылым, білім өнер саласындағы өзгерістер жаңа атаулар, ұғымдар, терминдер, терминдік сөз орамдарының пайда болуына әкелді.

1929-30 жылдары іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, ана тілдерінде мектеп ашу, кеңсе жұмыстарын ана тілінде жүргізу, газет, журнал, кітаптарды ана тілінде шығару шараларына ерекше көңіл бөлінді. Ресми іс қағаздар стилі жедел дами бастады. Әртүрлі қатынас қағаздары, қаулы-қарарлар, нұсқаулар, указдар, актілер, мінездеме, рапорт, шарт, бұйрық, есеп, протокол, өкім сияқты құжаттардың құрылысын, терминологиясын, стилдік ерекшеліктерін қалыптастыру қолға алынды.

Қазақ тілінде шыққан алғашқы басылымдар ресми-іс қағаздар стилінің қалыптасып, ары қарай дамуына әсерін тигізді.Өнер мен білім, ғылым және техника саласындағы жаңа терминдер, жаңа мағыналы сөздер 1920-30 жылдары аударма атаулар түрінде көбірек байқалды. Мысалы: тоқтам – қаулы, қарар, шешім; жоғарғы өркендер – жоғарғы орындар; алушы – подписчик; есеп-хисабы – отчет; қол баспа машинесі – жазу машинкасы; қадірлі сақшы – құрметті карауыл; орындау комитеті – атқару комитеті; жасау құралдары - өндіріс құралдары; үндеунама – обращение т.б. сөздері қазіргіден гөрі өзгешелеу айтылып, кейбірі аударма атаулар түрінде кездесті. Сол кезеңде жаңа атауларды, термин сөздерді қазақша аударып беру басым болды. Соның салдарынан кейбір съезд, конференция, мәжіліс ұғымдары «топ» деп қолданылды. Мысалы «партияның съезінде» деген сөздің орнына «партианың тобында» деп жұмсалды. Сол сияқты радио, полиграф, экспортная комиссия, реалист, стипендия, институт, коммунист, бюллетень сөздері де ретсіз аударылды. Ол баспасөз материалдарындағы көптеген термин сөздердің аудармасының дұрыс берілмегендігінен көрінді.

2 сурақ: Жолдау хат коммерциялық іскери хат. Бұл құжат қандай да бір мәселе бойынша ақпаратты алу мақсатында құрастырылады: тауар сипаттамасын, тауардың болуын, жеткізілім мерзімін егжей-тегжейлі білу, прайс парағын, тауар үлгісін алу және т.б. Жолдау хаты жауап хаттың жазылуын қажет етеді. Бұл құжат мәселенің басын ашу, яғни негіздемесінің болуын мазмұндау керек.

Жолдау хатты қалай жазу керек? Бұл құжаттың құрылымы қызметтік хаттың құрылымы сияқты. Алушы мен жіберушінің реквизиттері, құжаттың жіберілген күні мен шығыс нөмірі (егер бұл жауап хат болса, онда жауап берілетін хаттың нөмірі мен күні) көрсетілуі керек. Жолдау хатта мәселенің мәні, мазмұны, ынтымақтастыққа үміт білдіру, алғыс білдіру, жіберушінің қолы, қызметі, аты-жөні, қолы көрсетіледі. Жолдау хат ұйымның фирмалық бланкісіне толтырылады. Жолдау хатқа әдетте ұйым жетекшісі немесе өкілетті тұлға қол қояды.

Құрметті Ұлан Жапашқызы!

Сіздің мерекелік жоба бойынша 27 сәуір күні жасаған ұсынысыңыз үшін алғыс айтамыз. Біз осы жобаға қызығушылық танытып отырмыз, бірақ сол жобаны іске асыру бағыты туралы барынша толығырақ ақпарат алғымыз келеді. Осыған орай біздің электрондық поштамызға жобаның мән-жайын толықтырып, салып жіберулеріңізді өтінеміз. Ары қарай бірлесе жұмыс істейміз деп үміттенемін. Сіздерден болатын жауапқа алдын ала алғыс білдіремін.

 

Құрметпен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, филология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы А.Мамыров.

Билет

ХХ ғасырдағы ресми іс қағаздары

Ресми іс қағаздар тілі әдеби тілдің бір тармағы

Әдеби шығарманың көркемдік құралы – тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ең жоғары формасы болып есептеледі. Қоғамның, мемлекеттің дамуымен байланысты, сол мемлекет тілінің байлығы, мәдениеті артып, қолдану аясы да кеңейе түседі. Мемлекет тілі – көркем әдебиеттің, ғылымның, іс қағаздардың, өнер-білімнің, баспасөздің тілі. Көркем әдебиет тілі ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Көркем шығармада да ресми, іс қағаздар тілдеріне тән стилдік элементтер кездеседі.

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының өміріндегі саяси-әлеуметтік және ғылым, білім өнер саласындағы өзгерістер жаңа атаулар, ұғымдар, терминдер, терминдік сөз орамдарының пайда болуына әкелді.

1929-30 жылдары іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, ана тілдерінде мектеп ашу, кеңсе жұмыстарын ана тілінде жүргізу, газет, журнал, кітаптарды ана тілінде шығару шараларына ерекше көңіл бөлінді. Ресми іс қағаздар стилі жедел дами бастады. Әртүрлі қатынас қағаздары, қаулы-қарарлар, нұсқаулар, указдар, актілер, мінездеме, рапорт, шарт, бұйрық, есеп, протокол, өкім сияқты құжаттардың құрылысын, терминологиясын, стилдік ерекшеліктерін қалыптастыру қолға алынды.

Қазақ тілінде шыққан алғашқы басылымдар ресми-іс қағаздар стилінің қалыптасып, ары қарай дамуына әсерін тигізді.Өнер мен білім, ғылым және техника саласындағы жаңа терминдер, жаңа мағыналы сөздер 1920-30 жылдары аударма атаулар түрінде көбірек байқалды. Мысалы: тоқтам – қаулы, қарар, шешім; жоғарғы өркендер – жоғарғы орындар; алушы – подписчик; есеп-хисабы – отчет; қол баспа машинесі – жазу машинкасы; қадірлі сақшы – құрметті карауыл; орындау комитеті – атқару комитеті; жасау құралдары - өндіріс құралдары; үндеунама – обращение т.б. сөздері қазіргіден гөрі өзгешелеу айтылып, кейбірі аударма атаулар түрінде кездесті. Сол кезеңде жаңа атауларды, термин сөздерді қазақша аударып беру басым болды. Соның салдарынан кейбір съезд, конференция, мәжіліс ұғымдары «топ» деп қолданылды. Мысалы «партияның съезінде» деген сөздің орнына «партианың тобында» деп жұмсалды. Сол сияқты радио, полиграф, экспортная комиссия, реалист, стипендия, институт, коммунист, бюллетень сөздері де ретсіз аударылды. Ол баспасөз материалдарындағы көптеген термин сөздердің аудармасының дұрыс берілмегендігінен көрінді.

2 сурак:

Шақырухат қандай да бір іс-шараға шақыру қажеттілігі туындаған жағдайда құрастырылады. Концертке, қайырымдылық кешіне, семинарға, мәжіліске, конференцияға шақыру, т.б. Шақырухатты қалай жазу керек? Шақырухат мәтіні салтанаттың өтетін күні мен орны туралы нақты, дәл ақпаратты мазмұндауы тиіс. Хат бір мезетте бір адамға да, бірнеше адамға да бағытталуы мүмкін. Шақырылған адамға салтанатқа келіп қатысуға шешім қабылдауға, алыстан келетін болса жолға жиналуға мүмкіндік беру үшін шақырухат іс-шараны өткізуге бірнеше күн немесе бір-екі апта қалған кезде жіберіледі. Шақырылған жерге тіпті бармайтын жағдайда да, шақырухатқа жауап жіберген абзал. Бас тарту сыпайы түрде себебі көрсетіле отырып жазылуы тиіс. Бас тартудың себебі кейде ойдан да шығарылып жатады.

Шақырухат қызметтік хат үшін орнықтырылған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Құрметті Серік Ешмұхамбетұлы!

Сізді 2011 ж. 30 қараша күні сағат 12:00-де 265 кітапхананың оқу залында қазақ тілі пәні бойынша ұйымдастырылған студенттер олимпиадасының қорытынды гала кешіне шақырамыз.

1.Кіріспе сөз. Кафедра меңгерушісі профессор Г.Т. Тұрсынова.

2.Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау.

3. Концерттік бағдарлама.

Қазақ тілі кафедрасының ұжымы

Құрметті Г.Т.Тұрсынова ханым!

Сізді университетіміздің акті залында өтетін Наурыз мерекесіне арналған «Алматы көктемі» салтанатты кешіне шақырамыз. Кеш 2012 жылдың 22 наурыз күні, сағат 16.00-де болады. Кешке қатысушылар: М. Ілиясова, Е.Хасанғалиев, М.Жүнісова, «Дос-Мұқасан» ансамблі және т.б.

Шақыру билетінің саны шектеулі болғандықтан келе алатыныңыз жайлы таяу арада хабарлауыңызды өтінеміз.

Құрметпен, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың

кешті ұйымдастыру комитеті

 

Билет

Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы

Ресми іс қағаздары терминдерін жүйелі түрде реттеп қалыптастыруда тілші-ғалымдардың, іс қағаздарын жүргізушілердің, аудармашылардың тіпті көпшілік қауымның жаппай ат салысатындығы белгілі. Терминдерді қолдану барысында іске қосылатын амал-тәсілдер мен пайдаланылатын ішкі мүмкіндіктерді айқындап, өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы ерекше.

Термин – сөз, термин – ұғым дегенді білдіреді. Термин – ғылым, техника, өнер және сол сияқты қоғамның, экономиканың, тұрмыстың белгілі саласында қолданылатын сөздердің атауы.Оны дәл мағынасында беруі дегеніміз басқа ұғымдардан айрықша, өзіне тән басты белгілерін көрсете, ұғым мен атауды бір-бірімен ұштастыра беруі болып табылады.

Әр кезеңде түрлі елдермен қарым-қатынас жасау нәтижесінде кірме сөздер пайда болды. Араб-парсы сөздерінен енген сөздердің көпшілігі негізгі сөздік қордан орын алды.Олар әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің түрлі саласында, іс қағаздар тілінде қолданып жүрген терминдер. Мысалы: нарық, қарыз, емтихан, ақпар, құн, қазына, жәрдем, жарнама, хабар, куә, мөр, саясат, кеден, өкімет, өкіл, мәртебе, азамат, айып, мырза, мекеме, мағлұмат, мәжіліс, мемлекет, бұқара, салтанат, абырой,т.б. Іс қағаздарында жұмсалып жүрген бірқатар арыз, есеп, үкім, өкім, шарт, кепілдеме, мәлімет терминдері араб-парсы тілінен енген сөздер.

Қазіргі уақытта іс қағаздары тіліндегі терминдердің көбі орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген. Мысалы, орыс тіліндегі делопроизводство термині іс қағаздарын жүргізу болып қалыптасты. Ал і с жүргізу сөзі заң саласында істі жүргізу, істі болды, ісі сотта қаралды, іс тоқтатылды деп аударылғандықтан, делопроизводство - іс қағаздарын жүргізу, деловые бумаги – іс қағаздары болып қолданысқа енді. Іс қағаздары терминдерінде орыс тіліндегі нұсқасы да, қазақ тіліндегі нұсқасы да қатар қолданылып жүрген сөздер бар. Мысалы, резолюция – бұрыштама, резюме – түйіндеме, акт – кесім т.б.

Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданысқа түсуі ұлттық терминологияның дамуымен тығыз байланысты.

2 сурак: Алғысхат Қазақстанда соңғы мерзімде қалыптасып келе жатқан іскерихат түрі. Алғысхатты жұртшылыққа өз еңбегімен танымал болған қайраткер, жазушы, зиялы қауым өкілі жазады және ол баспасөзде жарияланады.

Ескертухат жеке тұлғаның, заңды тұлғаның белгілі бір міндеттерді орындамауы жағдайында жазылады. Хаттың бұл түрінде ескертумен қатар міндеттерді орындау талабы да көрсетіледі.

Алғысхат

Менің 80 жасқа толған мерейтойыма орай құттықтауларын жолдаған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, сондай-ақ ҚР Парламентінің Сенатына, Астана және Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан облысы мен Аягоз ауданының әкімдеріне, ТМД, Қазақстан Жазушылар одақтарының басшыларына шын жүректен алғыс айтамын.

Құрметпен Мыңбай Рәш

«Ана тілі» 25 мамыр 2011ж

Ескертухат үлгісімен танысып шығыңыз.

«Ана тілі» баспасының директорына

2011 жылы 11 қаңтарда жасалған №3 келісімге сәйкес Сіз басқарып отырған «Ана тілі» баспасы Алматы қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кітапханасына Л.Дүйсембекованың «Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу» атты еңбегінің жүз данасын бөлуге тиіс болатын. Келісімге сәйкес біздің тарапымыздан 8750 теңге (сегіз мың жеті жүз елу теңге) төленді. Алайда, өкінішке орай, 2011 жылдың 15 тамызына дейін біз жоғарыда көрсетілген еңбекті алған жоқпыз. Келісімнің шарттары орындалмаса, мәселенің сот арқылы шешілетінін ескертеміз; тапсырыс жасалған оқулықты осы жылдың 21 тамызына дейін жіберуіңізді сұраймыз.

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУдың

оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ұ.Е. Сыдықов

Көңіл айту – қазақ халқының ұлттық мәдениетінде ежелден қалыптасқан берік дәстүрлердің бірі.Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ауызша көңіл айтумен қатар жазбаша көңіл білдіру нысаны орныққан. Мерзімді басылымдар арқылы көңіл айту хат түрінде жасалады. Мемлекеттік деңгейдегі ауқымды қайғылы оқиғаларға байланысты, белгілі қоғам қайраткерлерінің, ғылым мен мәдениетке еңбегі сіңген ғалымдар мен ақын – жазушылардың отбасындағы ауыр қазаға ортақтасу мақсатында жазылады.

Көңіл айту хатының мазмұны мен стилі жағынан ерекшеліктері бар. Бұл қайғылы оқиғаның сипатына, адресаттың қайтыс болған адамға қарым – қатысына, сондай – ақ дүниеден өткен адамның қоғамдағы орнына байланысты.

Мемлекеттік ауқымдағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту хаты ресми-іскери тілде жазылады. Стиль мен ниет (интенция) – барынша шынайы. Мұндай хатты, әдетте, мемлекеттің басшысы қайғылы оқиға болған мемлекеттің басшысының жеке өз атына арнайды. Ол баспасөзде жарияланады.

Көңіл айту хаты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған туыстарына көңіл айту жеделхаты. Әзаға нағыз халық жазушысы еді. Оның әрбір шығармаларын жұртшылық қызыға оқитын. Өмірдің соңғы күндеріне дейін қолынан қаламын тастамаған қаламгер өнімді еңбек етіп қана қоймай, халқын ынтымақ пен бірлікке шақырып, тәуелсіз еліміздің тілеуін тілеп өтті.Оның шығармашылығы ізгілікке қандай толы болса өзінің жаны да сондай нұрлы да мөлдір еді. Мен өзіме берген батасын, жазған хаттарын, арамызда болған әңгімелерді ұмытпаймын.Әзағаның өнегелі өмірін, жарқын бейнесін ғибраты мол шығармаларын халқының да ұмытпасына сенемін.

«Егемен Қазақстан» 15 ақпан, 2011ж

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер – министрі Нато Канға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Онда Елбасы Жапониядағы жер сілкінісі кезінде орын алған сұрапыл апаттың құрбандарына байланысты қайғыға ортақтастығын білдіріп көңіл айтқан.

«Егемен Қазақстан», 12 наурыз 2011ж.

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ұжымы Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының танымал актрисасы

Хадиша Бөкееваның

қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Билет

Іс қағаздары түрлері

Ұйымдар мен мекемелердің іс жүргізу барысында іс қағаздарының түрлері көптеп қолданылады. Оларды жасалу сатысына, мақсаты мен мазмұнына, қызметіне, формасына қарай ажыратуға болады. Негізгі құжаттар мақсатына қарай ұйымдық-өкілеттік болып топтасады. Мазмұны мен қызметіне қарай жеке адамға қатысты және қызметтік іс қағаздары, формасына қарай типтік және трафареттік, жасалуына қарай мекеменің ішкі қағаздары және сырттан келіп түскен іс қағаздары, шығу, жасалу сатына қарай түпнұсқалық және көшірмелік деп бөлінеді.

Ұйымдық құжаттар: жарғы, ереже, нұсқау, міндеттер, штат кестесі; ал өкілеттік құжаттарға бұйрықтар, нұсқаулар. Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың көп кездесетін түрі анықтама-ақпараттық құжаттар. Оларға хат, жеделхат, телефонхат, түсініктеме, мәлімхат, акт, анықтама, қызметтік хаттар жатады.

Жеке азаматтар атынан жазылатын іс қағаздарына арыз, сенімхат, қолхат, төлқұжат, куәлік, білімі туралы куәліктер жатады. Ал қызметтік іс қағаздарына іс жүргізу барысындағы барлық құжаттарды жатқызуға болады. Мысалы: қызметтік хаттардың барлық түрлері, бұйрық, хаттамалар т.б.

Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жазылатын (арыз, өтініш) іс қағаздарын айтамыз. Ал трафареттік іс қағаздары дегеніміз мәтіннің бір бөлігі типографиялық әдіспен басылып дайындалған құжаттар. Мысалы, студенттің қай оқу орнында оқитынын растайтын анықтама.Студенттің аты-жөні, оқитын оқу орны, курсы қолмен жазылады да, қалған бөлігі дайын түрінде беріледі.

Іс қағаздары мекеме ішінде дайындалады және басқа ұйымдардан да құжаттар келіп түседі. Ал түпнұсқалыққа құжаттың алғашқы нұсқасы жатады. Ал көшірмелік іс қағаздарына ешбір өзгеріссіз сақталып алынған толық нүсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. Мысалы, диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі, хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді.

2 сурак: Телефонхат - телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат. Телефонхат үшінші бір мекеменің қатысынсыз тікелей мәлімденеді. Қабылдаушы жақ ақпаратты жазып алады. Телефонхат мәтіні аса күрделі болмауы керек.

Телефонхатты қабылдаған адам ақпаратты тиесілі адамға шұғыл жеткізуі міндетті.Телефонхат, радиохат мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды. Бұл құжаттың ерекшелігі оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонхаттар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.

Мекемеде жіберілген, келген телефонхаттарды тіркеп отыратын арнайы журналы болуы керек. «Телефонхаттар журналы» екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен телефонхаттар жазылады, екінші бөлігінде жіберілген телефонхаттар мәтіндерін жазуға арналады.

Телефонхат құрылымының жеделхат құрылымынан көп айырмашылығы жоқ. Телефонхат құрылымына:

1.Адресаттың толық аты-жөні жазылады. Ақпарат телефон я радио арқылы бірден мекеменің өзіне келіп түсетіндіктен мекен-жайы көрсетілмейді;

2.негізгі мәтін (1000 белгінің шегінде болуы керек. 9-12 сөйлем);

3.жіберушінің аты-жөні;

4.ақпаратты телефон арқылы жеткізуші адамның аты-жөні, телефон жіберілген телефонның нөмірі;

5.телефонхат жіберіліп болған уақыт және айы, күні, жылы.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызына!

 

Сізді және сіз басқарып отырған қазақ тілі кафедрасының ұжымын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Қазақ тілін үйрету орталығының бірлескен «Қазақ тілін мәдениетаралық қатысым ретінде оқыту үдерісін инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастыру» атты 20 мамырда өтетін семинар-тренингке шақырады.

 

Қол қойған: ректор С.Құнанбаева

Жіберген: хатшы Г.Бейсембаева. Жеделхат І2.05.2011 № 24.

12.05.2011 күні сагат 12-де қабылдап алғанС.Шимаева.

Билет

Іс жүргізу құжаттары

 

Құжаттар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және азаматтар арасындағы, заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастар үшін қызмет етеді. Іс жүргізу құжаттары хабар, мәліметті тарата отырып, заң арқылы қорғалатын істі белгілеудің тәсілі болып табылады.

«Құжат» - латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі қолданыста негізгі үш мағынасы бар. Бірінші - қандайда бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты растайтын іс қағазы; Екінші – жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат; Үшінші – бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (ескі грамоталар). Құжат тілі - ресми мәліметтер жазылатын, жеке адамның субъективтік көзқарасын білдірмейтін мәтін.

Белгілі бір кәсіпорынды басқаруда мәліметтерді қабылдап алу, дұрыс шешім қабылдау, оны орындау сияқты ақпараттық процестер жүреді. Дұрыс шешім қабылдау үшін толық түрдегі жедел және ақиқат мәліметтер қажет. Ал құжат ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс. Құжаттың сапасы, мәліметтің дәлдігі, ықшамдылығы, мерзімінде дұрыс жасалуы құжат толтырушыға байланысты. Бұл іс қағаздарының барлық түрлеріне қойылатын талап. Құжат дайындағанда ресми қарым-қатынас жасап отырған мекеменің аты, реквизиттері, мекеме басшысының аты-жөні лауазымы анық, сауатты жазылуы керек.

Құжаттар - жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, оперативті басқаруда, ұйымның қызметін кадрлық жағынан қамтамасыз етуде т.б. басқарудың құралы ретінде қолданылады.

Құжаттар белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие және архив қорының бөлігі болғандықтан, олар мемлекеттік архивтерге тапсырылады. Құжат толтырудың біртұтас ережесін министрлікте архивтер мен құжаттарды басқару комитеттері белгілейді. «Ережелерде» құжаттарды толтырудың және құжат айналымын басқарудың нормалары айқындалады.

Құжаттың негізгі деректемесі мәтін. Мәтіннің бір бөлігінде құжатты толтыруға негіз болған жай көрсетіледі. Екінші бөлігінде қорытындылар, ұсыныстар, нұсқаулар немесе өтініш, тілектер жазылады. Кейде бірінші бөлігінде құжатты жасаудың негіздемесі айтылып, екіншісінде шешім, нұсқау, өтініш хабарланады.

2 сурак: Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ.

Жеделхаттың артықшылықтары: мекеменің кез келген қызметкерінің жіберуіне мүмкіндік болады; формальды түзетулердің (виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау) қажеттігі жоқ; жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан жіберуші мен алушы туралы мәлімет нақты қамтылады; қажет жағдайда жеделхат мәтіні расталады; жеделхаттар тез жеткізіледі; жеделхат басқа байланыс түрлерінен (интернет, факс) арзан әрі сенімді.

Жеделхатты жазу талаптары: мәтіні қысқа (ең ұзағы 300 сөз), анық, түсінікті болуы тиіс; мәтінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды; кейбір сөздерді қысқартуға болады; цифрлар жазбаша беріледі (мысалы: 10137-бір нөл бір үш, жеті); жеделхат құрылымы (алушы адресі, мәтін, жіберуші адресі) қатаң сақталады; жеделхат мәтіні қатесіз, түзетусіз болуы тиіс.

Жеделхат 2-ге бөлінеді: ішкі (мемлекет ішіндегі) және халықаралық (шетелдерге жіберілетін) Ішкі жеделхат түрлері: өкіметтік, жедел, жай.

Жеделхаттың реквизиттері: 1. Сызықтың жоғары жағына жазылып, ақша төленетін формулярдағы бөлігінде: түрі, категориясы; номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты, мекен-жайы, мәтіні, қолы. 2. Сызықтың сыртына жазылып, ақша төленбейтін бөлігінде: жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі, автордың мекен-жайы, күні, уақыты.

Ескерту: Егер жеделхат телефон арқылы жіберілсе, оны кім қабылдағанын, жұмыс телефонын, қызметін жазып алыңыз.

Жеделхат

18.04.2011.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректорына

25 сәуір күні сағат 14.00-де ректорлардың өткен жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы алқа жиында тыңдалады.

Қол қойған: ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов

18.04.2011. күні сағат 12.00-де қабылдап алған Айдынова Р

 

Билет

Өмірбаян. Оның түрлері.

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірінші түрі адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

Өмірбаянның екінші түрі мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтің «Құштар көңіл» (1977), Ш.Жиенқұлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.

Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар – Абай Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мұқанов - «Аққан жұлдыз», М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.

Өмірбаянның деректемесі:

- құжаттың аты; автордың аты-жөні, тегі; туған күні, айы, жылы; туған жері;

- ата-анасы туралы мәлімет (А.Ж.Т. жұмыс орны); білімі және білімі бойынша мамандығы; атқарған қызмет түрлері; соңғы жұмыс орны мен қызметі; қошеметтеу белгілері және наградалары; қоғамдық жұмыстарға қатысуы; отбасы жағдайы және құрамы; мекен-жайы және телефоны; жазылған күні, айы, жылы; жеке қолы; аты-жөні, тегі.

1-үлгі

Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы 14 қаңтарда Алматы қаласында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім.

2004 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті сәулет-құрылыс институтының 1 курсына оқуға түстім. Ата-анам бар: әкем Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков Қазақ ұлттық университеті металлургия және полиграфия институтының «Пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасында жұмыс істейді. Анам Салтанат Әріпжанқызы Алпысбекова, №12 қалалық клиникалық ауруханада бас дәрігер болып қызмет істейді. Мен үйленбегенмін.

Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу.

Мекен жайым: Алматы қаласы, "Орбита-3" ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56.

2 сурак: Факс арқылы жіберілетін құжаттар.

Факсимильдік (фототелеграфтық) байланыс, көбінесе қысқаша "факс" деп аталады, қазір кең қолданылады. Факстің ен құнды жері ол аппарат арқылы тек қана мәтінді құжаттарды ғана емес, кестелі, кескінді құжаттарды да тез арада екінші адамға немесе екінші мекемеге жеткізеді. Факс арқылы мәтіннің, кестенің, кескіннің, қол қойылған кез-келген құжаттың дәл сол күйінде қайталанған нұсқасы екінші мекемеге жеткізіледі. Сондықтан да дәл қазір факсті алмастыруға келетін байланыс түрі жоқ.

Қазіргі таңда еліміздің көптеген мемлекеттік, жеке кәсіпорындары мен мекемелерінің офистері жаңа заманның қабылдау-хабарлау аппараты факспен жабдықталған. Факстің жеткізу жылдамдығы өте жоғары, себебі факс арқылы жіберілген кез-келген құжат санаулы сағаттардан кейін-ақ адресат қолына тиеді.

Фотография, сызба, кесте т.б. сияқты үлкен көлемді құжаттар алдын ала факс аппаратының мүмкіншілігіне сәйкес келетіндей етіліп кішірейтілуі керек.

Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:

* Жіберушінің толық мекен-жайы ұсақ шрифтермен бланкінің сол жақтағы бұрышына жоғарылау жазылады.

* Бланкінің ортасына "факс арқылы" деп үлкен шрифтілермен жазылады.

* Алушының аты-жөні сол жаққа, барыс септігінде жазылады. Мысалы, кімге: Мұратбеков Асқар Кұрамысұлына,

Жіберушінің аты-жөні оң жаққа шығыс септік тұлғасында жазылады. Мысалы, кімнен: Досжанов Едіге Әлиасқарұлынан.

* Одан төмен, сол жаққа факс нөмірі жазылады. Мысалы, факс: 13-01.

* Оң жақ шетке, құжат көлемінің неше беттен тұратыны жазылады. Мысалы, Көлемі: 7 (жеті) бет.

* Факс нөмірінің төменгі жағына мәлімет немесе ақпарат жіберілген аппарат нөмірі жазылады. Мысалы, 8-327-243-50-66

Оң жаққа, құжат көлемі жөніндегі мәліметтің төменгі жағына дата, қажет жағдайда жіберілген сағаты көрсетіледі.

* Сол жақ шетке, аппарат нөмірінен төмен, факс арқылы жіберілетін хабардың тақырыбы жазылады, Мысалы, 1 жарты жылдық есеп,

* Он жаққа, қажет болған жағдайда датадан төмен құжаттың көшірмесін алушы адамның аты-жөні жазылады. Мысалы, Көшірмесі: Аяпова Назира Жакенқызына.

Билет

Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Қызметтік мінездеме мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді.

Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында "атқарып отырған қызметіне лайық", "қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық" немесе "атқарып отырған қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.

Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін т.б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзарту үшін"т.б. Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте тұратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және ұйым жетекшісінің қолымен расталады. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады. Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).

Мінездеме жазуда жиі қоланылатын тілдік бірліктер: ұлт, отбасы, лауазым, қызмет, азамат, білім, жоғары білімді, тәжірибелі маман, жоғары білімді маман, өз ісін жетік білетін маман, беделді, үлгілі, әріптестері алдында сыйлы, магистратураға түсу, оқыды, бітірді,жұмыс істеді, үйленген, тұрмыс құрмаған, атқарып отырған қызметіне лайық,, қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық т.б.

Қ.И.Сәтбаева атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің экономика және бизнес институтының студенті Кайрашева Зарина Кенжеболатқызына

Мінездеме

Кайрашева Зарина Кенжеболатқызы 1992 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ. 2010 жылы Алматы қаласындағы №159 қазақ орта мектебін аяқтап, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің экономика және бизнес институтындағы «Маркетинг» мамандығына оқуға түсті. Қазіргі күні 4 курс студенті.

Зарина оқу барысында жауапты, талапшыл, байланысқа жақсы түсе алатын студент ретінде көрсетті. Оның ұйымдастырушылық қасиеті бар, алға қойған мақсаттарына шығармашылықпен қарайды, оқытушылар мен студенттер арасында құрметке ие.

Университет өмірінде Зарина әр түрлі қоғамдық жұмыстарға қатыса отырып, би билеп, домбырада ойнайды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін біледі. Қосымша түрік және неміс тілдерімен айналысады.

 

Мінездеме талап етілген жеріне ұсынылған.

Институт директоры қолы Б.А. Аманова

Каф.меңгерушісі қолы М.М.Мамырова

Эдвайзер қолы М.Н.Назаров

2 сурак: Электрондық пошта қазіргі заманда кеңінен қолданыс тапқан байланыстың түрі. Кез келген құжатты немесе хабарламаны, сондай-ақ көлемі үлкен мәтіндерді де электрондық пошта арқылы керекті жерге санаулы минуттарда жеткізуге болады. Электрондық поштаның артықшылығы да осында. Бір қаладан екінші қалаға немесе бір мекемеден екінші мекемеге тез арада қажет болған құжаттардың кез келген түрін электронды нұсқада жөнелтуге болады. Интернет арқылы өз поштасын ашып, керекті электронды адреске бір минуттың ішінде жеткізуге болады. Электронды пошта, әсіресе, студент жастар арасында кеңінен қолданылады. Бағасы да арзан, тиімді. Электронды адрес ағылшын тілінде жазылады.

Билет

Арыз, оның түрлері

Арыз немесе өтініш – белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жасалатын іс қағазының бір түрі. Ол ұжым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына жазылады. Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Арыз көлемі шағын болады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам атына жазылады.

Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыз бен өтініштің алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазғаны, құжат аты, мазмұны, қолы, датасы.

Арыз немесе өтініш құрылымы: 1) құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны); 2) құжат аты; 3) негізгі мәтін; 4) қосымша болса оған сілтеме; 5) жазылу мерзімі; 6) қолы; 7) арыз мазмұнымен келісушілер қолы.

Адресацияға лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда көрсетілуі керек.

Ресми іс қағаздарын дұрыс жазудағы артық сөздерді қолданбау қағидасы іс қағазының жеке түрінде де қалыптасқан. Мәселен, арыз, өтініш, шағым мәтіндерінде өтінемін, сұраймын, рұхсат ету, бөлу, қабылдау, қабылдауыңызды сұраймын, жіберу, босату, пайдалану, тіркеу, тіркелген, жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыс сұрау, жалақыны көтеру, материалдық көмек беру, өтінішті қарау, т.б. сөздер мен сөз тіркестері жиі қолданыла келе стандарт тілдік бірлікке айналған. Ал арыз, өтініш жазуға себеп болушы қалыптасқан тілдік бірліктер; үй-жайым болмағандықтан, басқа жұмысқа ауысуыма байланысты, отбасы жағдайына байланысты, денсаулығыма байланысты т.б. Арыз, өтініштің талап-мақсатын көрсететін тілдік бірліктер; жатақханадан орын бөлуіңізді сұраймын, кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын, жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын т.б. Арыз мәтінінің соңында қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып, адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Олар; айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сұраймын, нұсқау беруіңізді сұраймын, өтінішімді орындауыңызды сұраймын.

 

2 сурак: 13билет

Билет

Жеке іс парағы


Дата добавления: 2015-07-24; просмотров: 4399 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Концепции происхождения человека| Жарнама

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.067 сек.)