Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ала экологиясы. Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты

Читайте также:
  1. Ала экологиясы.

Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Яғни, өзіміздің еліміздің ішінде «урбандалу» жағы өте күрделене түсуде. Осы термин кейінгі жылдары көптеп қолданылуда. Ол дегеніміз «urds» латынша қала деген сөз ертеден болғанымен. «урбанизм» немесе «урбанизация» термині халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келген болатын. Әуелгі бетте айтылып өткендей – ақ «өзіміздің». Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954), қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары, 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Бұл әрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200 км2 аса адам келіп экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті.Қайта айнала біз қала экологиясына соқсақ біз жоғарыда урбандану процесін де айтып өткен болармыз. Бұл әрине бүгінгі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техникаға бет бұруда. Соған байланысты өндіріс, өнеркәсіппен айналысудың нысаны осы. Қоғамдағы ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер байқалуда. Мысалы үшін алатын болсақ еліміз егемендік алғалы 10-12 жылдай болды. Соған байланысты экологиялық тұрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркәсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнім шығарылуда. Бұл негізінен біздің байлығымыз әрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бұл автокөліктердің саны жанармайлармен жүруі атмосферадағы ауа сапасын бұзуына зор ықпал жасайды. Ал енді дүние жүзілік ақпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады. Өнеркәсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында тұманның түсетіндігі ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады

 

Бақылау сұрақтар:

1. Қазіргі кездегі әлеуметтік-экологиялық мәселелер қандай?

2. Адамның тіршілік ортасы дегеніміз не?

3. Адамның тіршілік ортасының компоненттері қандай?

4. Адам қажеттіліктері қандай?

5. Халық санының өсу мәселесін сипаттаңыз.

6. Қандай зат алмасу әлеуметтік деп аталады?

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

2.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

3.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

4.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

5. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

2.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

3.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

 

ДӘРІС 14

Тақырыбы: Табиғатты қорғау және тұрақты даму

Мақсаты: Студенттерді табиғатты пайдалану ғылмымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін, экологиялық ғылымда алатын орнын анықтау. Студенттерді ерекше қорғалатын табиғи аймақтар түрлермен таныстыру.

Жоспар:

1.Табиғатты қорғау мәселелері.

2.Ерекше қорғалатын территориялар

3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Негізгі түсініктер: қорықтар, қорықшалар, биосфералық резерваттар, ерекше қорғауға алынған териториялар.

1. Табиғатты қорғау мәселелері. Экология ғалымының негізгі мақсаты – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) “Адам мен биосфера ” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселелері көтерілді.

Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол түралы пікір таластар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымдарын біз белгілі экологтар Ю. Одум, Н. П. Наумов, Г. А. Ноиков, Н. Ф. Реймерс, В. А. Радкевичтің жіктеуі негізінде береміз.

2. Ерекше қорғауға алынған териториялар

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап,оларды болдырмауға мүмкіндік туады.

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-20%-ын құрайды.Дүние жүзінднгі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда.Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. га;Вуд-Буффало(Канада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гобий қорығы (Моғолстан) – шамамен 4 млн. га.

Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынемел.

Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.

Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.

Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың – 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.

Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың хлорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі.

Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.

Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.

Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71мың га территорияы алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.

Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.

Бетпақ-дала. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.

Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында тұр.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.

Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады..

Биорезерваттардың жаңа формалары жасалды «Кластерлік» және трансшекаралық қорықтар. Биорезерваттардың дамуы саласында кеңінен интеграциялау жұмыстары ұсынылды.

Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұруы қажет.

1.Қорықтық белдеу. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттық қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі.

2.Буферлі белдеу. Әдетте, қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жатады. Ол экологиялық қауіпсіз қызмет жүргізуге, соның ішінде экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.

3.Өтпелі белдеу. Мұнда ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлері, тұрғын жерлер, осы территорияның ресурстарын ттұрақты игеру мен тиімді пайдалану мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі мүмкін.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу тегі бар табиғат объектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды.

Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылады. Қорғалымдар ландшафттық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.

3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.

1978 жылы КСРО-ның Қызыл кітабы басылып шықты, онда өсімдіктердің 450-ге жуық түрі енгізілді, соның 5600-ден астам түрі Қазақстанда өседі, оның 760-тан астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемикалық өсімдіктер, бұлардың 1500 түрі пайдалы өсімдіктер қатарына жатады.

Қазақстанның Қызыл кітабы — Қазақстанда жойылу қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар түрлерінің тізімі кірген құжат.

Жануарлардың Қызыл кітаптағы категориялары келесі:

I категория – жойылу қаупі бар немесе жойылуы мүмкін;

II категория – апатты қысқарған;

III категория – сирек аз кездесетін;

IV категория – анықталмаған (жеткіліксіз зерттелген);

V категория – қалпына келген, үздіксіз бақылауды қажет ететін түрлер.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғатты қорғаудың негізгі аспектілері қандай?

2.Табиғатты пайдалану дегеніміз не?

3.Табиғатты тиімді пайдалану дегенімз қандай?

4.Табиғатты тиімді пайдаланудың мотивтері қандай?

5.Табиғатты қорғаудың әлеуметтік-саяси аспектілері қандай мәселермен айналысады?

6.Адамның биосфераға әсері қандай?

7.Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жіктелуін көрсетіңіз.

8.ҚР қорықтарын сипаттаңыз.

9.ҚР ұлттық саябақтарын атаңыз.

10.ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлерді атаңыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

9.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

 

Дәріс №15

Тақырып: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері.

Мақсаты: Студенттерге ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі, себептері мен салдары, Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары, қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критериилері, экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптері. туралы білім беру.

1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері

2.Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

3.Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

4.Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.

5.Кіші өзендерді қорғау мәселесі.

6.Экологиялық мониторинг

1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері

Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес. Өзендер – республиканың негізгі су көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыста – Ертіс өзені, батыста – Орал өзені, оңтүстікте – Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.

Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы – Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар – мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.

Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты, органикалық қосылыстар (1,7 мың тоннаға жуық) фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995ж) жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.

2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.

3. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%- тен астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн.га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен – 5,9 км3, өзен ағысымен – 54,8 км3 қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану – 60,7 км3. Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы – 25 см, ал ғасырлық – 3 м-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.

4. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.

Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш-Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Балқаштың суының көлемі – 112 км3, ең үлкен тереңдігі – 26м. Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне – шағын өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды.

Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді.

5. Кіші өзендерді қорғау мәселесі.

Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген.

6.Экологиялық мониторинг.

Экологиялық мониторинг – табиғи кұбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен коршаған орта жагдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері.

Мониторинг жүйесін топтастыру

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау.

Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.

Әсер факторларының мониторингі - әр-турлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингі – нүктелістационарлы көздер (зауыттардыцң мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (калалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.

Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша

мониторингтерге бөлінеді.

Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай

мониторинг жүйелерін кұрайды:

ғаламдық (биосфералық) - халықаралық ынтымақтастық негізінде Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға устап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;

базалық (фондық) - жалпыбиосфералық, табиғи кұбылыстарды бақылау;

• ұ лттық - 6ip мемлекеттің шегінде арнайы кұрылған органдар арқылы жүргізетін мониторинг;

аймақтық - халық, шаруашылығын карқынды игеру барысында ipi-ipi аудандардың көлемінде кұбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау;

жергілікті (локалды) - елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда коршаған ортаның сапалық өзгеруіне бакылау жүргізу;

импактылық - ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.

Мониторинг жүйесің колданылатын тәсілдерге (физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштердің мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.

Химиялық мониторинг — атмосфераның, жауын-шашынның, жер бeтi мен жер асты суларының, мухит пен теңіз суларының, топырақтың, түптi тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық кұрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану денгейін анықтау.

Физикалық мониторинг - қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

 

Биологиялық мониторинг - биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына карап пішіп-кеседі).

Экобиохимиялық мониторинг - коршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.

Дистанциялық (аралык) мониторинг — зерттейтін объектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға радиометриялық кондырғылармен камтылған ұшқыш аппараттар колданылған авиациялық, космостық мониторинг.

Топтастыру принципіне қарай әр-турлі мониторинг- жуйелері бар. Олардың ішінде турлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған ортаның кұрама (комплексті) экологаялық мониторингі. Қоршаған ортаның кұрама экологиялық мониторингі - бұл қоршаған табиги орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге адам мен басқа да тipi ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тyyы туралы ескертуге арналған бакылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық болып бөлінеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері туралы не білесіздер?

2.Арал маңының әлеуметтік-экологиялық мәселесін ашыңыз.

3.Семей ядролық полигоны мәселесін түсіндіріңіз.

4.Каспий теңізінің қандай экологиялық мәселелері бар?

5.Балқаштың қандай экологиялық мәселері бар?

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

8.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

9.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

10. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

4.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

6.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

7.Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

8.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

9.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

10. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

 

Практикалық сабақ №1

Тақырып: Экология табиғатты қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық базасы ретінде

Мақсаты: экология ғылымының мазмұнын, табиғатты қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптерін оқу, экология ғылымының қалыптасу тарихын сипаттау.

Тапсырма 1. Экология ғылымының мазмұнын ашу, ғылымның өзектілігіне талдау жасау, экология мен биологияның зерттеу объектілерінің айырмашылығын қарастыру.

Тапсырма 2. Төменде көрсетілгендерден әр бөлімге сәйкес схема құрастырыңыз.

               
       

 

 


Схема 1. Экология бөлімдері

Тапсырма 3. Төмендегі материалды оқып экологияның басқа биологиялық ғылымдар саласымен байланысын сипаттаңыздар. Ол үшін Одумның «Қатпарлы самса» схемасын талдау керек.

 

Экология
Даму биологиясы
Бактериология
Орнитология
Ботаника
Энтомология и т. д.
Генетика
Молекулярлық биология

Схема 2. «Қатпарлы самса» (Одум бойынша, 1975).

Тапсырма 4. Қолданбалы экологияның бағыттарының арасындағы байланысты қарастырыңыздар (схема 3).

 

           
     

 


Экстремальды жағдайлар экологиясы

Схема 3. Қолданбалы экологияның бағыттарының арасындағы байланыс

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002

3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

4.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

6.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

7.Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

8.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

9.Бейсенова Р.Р. Экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.

7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

Практикалық сабақ №2

Тақырыбы: Особьтар экологиясы-аутэкология. Негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.

Мақсаты: негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы,тірі ағзаның мекен ету ортасына бейімделушіліктерімен танысу, олардың құрылысына мекен ету ортасының әсерін анықтау.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 559 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: СИЛЛАБУС | Биосфера эволюциясы. | Популяция саны | Сандар пирамидасы Биомасса пирамидасы Энергия пирамидасы | НООСФЕРА | Тапсырма. | Тапсырма. | Тапсырма. | Тапсырма | Тапсырма |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ала экологиясы.| Тапсырма

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.056 сек.)