Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Вольфрам концентраттарын қорыту әдістері.

Читайте также:
  1. ВОЛЬФРАМ
  2. Вольфрам ұнтақтарын алу
  3. ВОЛЬФРАМА И МЕДИ
  4. ДЕЙСТВИЕ ГОРЯЧИХ ГАЗОВ НА ВОЛЬФРАМ
  5. Механические свойства вольфрамовой проволоки
  6. Производство компактного вольфрама

Вольфрамның минералдары мен кендері

Вольфрам минералдарының ішінде вольфрамит және шеелит топтарының минералдарының практикалық мыңызы бар.

Вольфрамит (xFeWO4·yMnWO4) темір және марганец вольфраматтарының изоморфты қоспасы. Егер митералды темір 80%дан көп болса, оны ферберит деп атайды. Егер минералда марганец 80%дан көп болса, оны гюбернит деп атайды.

Шеелит CaWO4 таза кальций вольфраматы.

Вольфрам кендерінде вольфрам аз болады, оларды қорыту тиімді болу үшін ірі кен орындарында WO3 минималды мөлшері 0,14-0,15%, ал кішкене кен орындарында 0,4-0,5% болуы қажет. Кендерде қоспа ретінде қалайы касситерит түрінде болады, және молибденнің, висмуттың, мышьяктың және мыстың минералдары кездеседі. Бос тау жынысы негізінен шынытастан тұрады. Вольфрам кендері байытылады. Вольфрамитті кендер гравитациялық әдіспен, ал шеелит кендері флотациялық әдіспен байытылады.

Вольфрам кендерін байыту сұлбалары әртүрлі және күрделі. Оларда гравитациялық байыту магниттік сепарация, флотогравитация және флотациямен бірлестіріліп жүргізіледі. Байытудың әртүрлі әдістерін біріктіре қолданып, WO3 55-72% деңгейінде болатын концентраттар алады. Вольфрамның кеннен концентратқа өтуі 82-90%.

Вольфрам концентраттарының құрамы, %: WO3-40-72; MnO-0,008-18; SiO2-5-10; Mo-0,008-0,25; S-0,5-4; Sn-0,03-1,5; As-0,01-0,05; P-0,01-0,11; Cu-0,1-0,22.

Волфрам концентраттарын қорытудың технологиялық сұлбасы екі топқа бөлінеді: сілтілік және қышқылдық.

 

Вольфрам концентраттарын қорыту әдістері.

Вольфрамиттік және шеелиттік концентраттарды қорытудың алғашқы сатысы ашу деп аталады, ол вольфрам минералдарын жеңіл еритін химиялық қосылыстарға айналдыру. Вольфрамитті концентраттарды ашу үшін оған сода қосып күйежентектейді немесе 800-9000С температурада балқытады. Бұл кезде келесі реакциялар жүреді:

 

4FeWO4 + 4Na2CO3 + O2 = 4Na2WO4 + 2Fe2O3 +4CO2 (8.1)

 

6MnWO4 + 6Na2CO3 + O2 = 6Na2WO4 + 2Mn3O4 +6CO2 (8.2)

 

Шеелитті концентраттарды 800-9000С температурада күйежентектегенде келесі реакциялар жүреді:

 

CaWO4 + Na2CO3 = Na2WO4+ CaCO3 (8.3)

 

CaWO4 + Na2CO3 = Na2WO4+ CaO + CO2 (8.4)

 

Соданың шығынын азайту үшін және бос кальций оксидінің түзілмеуі үшін кальций оксидін қиын еритін силикатқа байланыстыру үшін шикіқұрамға кремнезем қосады:

 

2CaWO4 + 2Na2CO3 + SiO2 = 2Na2WO4+ Ca2SiO4 + CO2 (8.5)

 

Шеелитті концентратты содамен және кремнеземмен күйежентектеу барабанды пештерде 850-9000С температурада жүргізіледі.

Алынған күйежектек (қорытпа) сумен ерітінділенеді. Ерітінділеу кезінде ерітіндіге натрий вольфрамиті Na2WO4, ерігіш қоспалар (Na2SiO3, Na2HPO4, Na2AsO4, Na2MoO4) және артық сода өтеді. Ерітінділеуді 80-900С температурада периодты жұмыс істейтін механикалық араластырғышы бар болат реакторларда немесе үздіксіз жұмыс істейтін барабанды айналмалы пештерде жүргізеді. Вольфрамның ерітіндіге өтуі 98-99%. Ерітінділеудің соңында ерітіндіде 150-200 г/л WO3 болады. Ерітінді сүзіліп, қатты қалдықтарды бөлгеннен кейін кремний, мышьяк, фосфор және молибденнен тазартуға жіберіледі.

Кремниден тазарту рН = 8-9 мөлшерінде бейтараптанған ерітіндіні қайнатқанда Na2SiO3-нің гидролитік ыдырауын негізделген. Ерітіндідегі артық соданы бейтараптау тұз қышқылымен жүргізіледі. Гидролиз нәтижесінде аз еритін кремний қышқылы түзіледі:

 

Na2SiO3 + 2H2O = 2NaOH + H2SiO3 (8.6)

 

Фосфор мен мышьяктан тазарту үшін фосфат- және арсенат иондарын аз еритін аммонилі-магнилік тұздарды тұндыру әдісі қолданылады:

 

Na2HPO4 + MgCl2+ NH4OH = Mg(NH4)PO4 + 2NaCl + H2O (8.7)

 

Na2HAsO4 + MgCl2+ NH4OH = Mg(NH4)AsO4 + 2NaCl + H2O (8.8)

 

Молибденнен тазарту вольфрамат ерітіндісіне күкіртті натрий қосып молибденнің сульфотұзын ыдырату арқылы жүргізіледі:

 

Na2MoO4 + 4NaHS = Na2MoS4 + 4NaOH (8.9)

 

Ерітіндіні рН = 2,5-3,0 дейін қышқылдандырғанда сульфотұз бұзылып, аз еритін молибденнің үшульфиді бөлінеді:

 

Na2MoS4 + 2HCl = MoS3 + 2NaCl + H2S (8.10)

 

Тазартылған натрий вольфраматы ерітіндісіне СaCl2 қосып, кальций вольфраматын тұндырады:

 

Na2WO4 + СaCl2 = CaWO4 + 2NaCl. (8.11)

 

Реакцияны, құрамында 0,3-0,5% сілті бар, қайнаған ерітіндіде механикалық араластырып жүргізеді. Жуылған кальций вольфраматының тұнбасы қойыртпақ немесе паста түрінде тұз қышқылымен ыдыратылады:

 

CaWO4 + 2HCl = H2WO4 + CaCl2 (8.12)

 

Ыдырату кезінде қойыртпақтың қышқылдығын жоғары деңгейде (90-120 г/л HCl) ұстайды, бұл вольфрам қышқылының тұбасынан тұз қышқылында еритін фосфордың, мышьяктың және молибденнің қоспаларының бөлінуін қамтамасыз етеді.

Тазартылған натрий вольфраматының ерітіндісінен вольфрам қышқылын тікелей тұз қышқылымен тұндырып бөліп алуға болады. Ерітіндіні тұз қышқылымен қышқылдандырғанда натрий вольфраматының гидролизденуінің әсетінен H2WO4 тұнбаға түседі:

 

Na2WO4 + 2H2О = 2NaOH + H2WO4 (8.11)

 

Гидролиздені реакциясының нәтижесінде түзілген сілті тұз қышқылымен әрекеттеседі:

 

2NaOH + 2HCl = 2NaCl + 2H2O (8.12)

 

(8.11) және (8.12) реакцияларды қосу вольфрам қышқылын тұз қышқылымен түндырудың реакциясын береді:

 

Na2WO4 + 2HCl = 2NaCl + H2WO4 (8.13)

 

Бірақ тұнбаны натрий иондарынан жуу көп қиыншылықтар туғызады, сондықтан бұл әдіс соңғы кезде өте сирек қолданылады.

Тұндыру арқылы алынған вольфрам қышқылында қоспалар болады, сондықтан оны тазарту қажет.

Техникадық вольфрам қышқылын тазартудың аммиактық әдісі кеңірек тараған. Оның негізінде вольфрам қышқылының аммиакта жақсы еруі, ал қоспалардың көпшілігі ерімейтіні жатады:

 

H2WO4 + 2NH4OH = (NH4)2WO4 + 2H2O (8.14)

 

Вольфрам қышқылының аммиактық ерітіндісінде қоспа ретінде молибден және сілтілік металдардың тұздары болуы мүмкін.

Тереңірек тазарту ерітіндіні суалтып аммоний паравольфраматының ірі кристалдарын алғанда жүзеге асады:

 

12(NH4)2WO4 = (NH4)10W12O41·5Н2О + 14NH3 + 2H2O (8.15)

 

Кристалдар қоспалармен ластанбауы үшін кристалдандыруды тереңірек жүргізу қажет емес. Қоспалармен байытылған өзекті ерітіндіден вольфрам CaWO4 немесе H2WO4 түрінде тұндырылып, алғашқы өңдеулерге жіберіледі.

Паравольфраматтың кристалдары алдымен сүзгіде одан соң центрифугада сығылады, суық сумен жуылады және кептіріледі.

Вольфрам оксидін WO3 электр тоғымен қыздырылатын айналмалы құбырлы пештерде вольфрам қышқылын немесе паравольфраматты 500-8500С қыздырып алады:

 

H2WO4 = WO3 + H2O (8.16)

 

(NH4)10W12O41·5Н2О = 12WO3 + 10NH3 +10H2O (8.17)

 

Вольфрам алуға арналған вольфрам оксидінде WO3 99,95%-дан кем болмауы керек, ал қатты қорытпалар алуға арналғандарда 99,9%-дан кем болмау керек.

 


Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 434 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Производство компактного вольфрама | Радіоактивні методи каротажу | Фізична основа природної радіоактивності осадових порід | Гамма каротаж (ГК) | Гамма-гамма каротаж (ГГК) |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
сынып. Қазақ тілінен тест сұрақтары| Вольфрам ұнтақтарын алу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)