Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Металдарды егеумен өңдеу

Читайте также:
  1. Металдарды қайшымен және арамен кесу
  2. Металдарды кесу
  3. Металдарды шабу

Егеулердің көмегімен дайындама бетінен бір қабат материалды алу тәсілі - металдарды егеулеу (түрпілеу) деп аталады.

Егеу-дайындама немесе бөлшектің өңделетін бетінің кедір-бұдырлылығын азайтып, жоғары дәлдігін қамтамасыз ететін, көп жүзді аспап.

Егеулеу арқылы бөлшектердің қажетті пішіні мен өлшемдерін және бет тазалығын алуға болады. Егеулердің көмегімен жазық беттерді, қисық сызықты беттерді, әр түрлі пішіндегі ойықтарды және түрлі бұрыштармен орналасқан беттерді өңдеуге болады. Егеулеуге қалдыратын бөлшектердің артық өлшем шамасы(әдіп) 0,5-0,025 мм аралығында. Өңдеу дәлдігі 0,2-0,05 мм, кейбір жағдайда 0,005 мм-ге дейін.

Егеу (7- сурет, а) - белгілі пішін мен ұзындығы бар, болаттан жасалынған аспап. Оның жұмыс бетінде тіліктер (ойықтар) бар. Осы тіліктер өте ұсақ, сына тәрізді, өткір тістерді құрайды. Егеудің тістерінің үшкірлеу бұрышы b=70о, алдыңғы бұрышы g=0-16о, артқы бұрышы a=32-40о аралығында болады. Егеулер бір(қарапайым) тілікті, қос тілікті, нүктелі тілікті және доғалы тілікті болып бөлінеді (7- сурет, б-д).

 


 

6.7 сурет – Егеулер: а - негізгі бөліктері (1 - тұтқа; 2 - артқы бөлігі (құйрықшасы); 3 - сақина; 4 - бос бөлігі (өкшесі); 5 - қыры; 6 - тіліктері;

7 - қабырғасы; 8 - тұмсығы); б - бір тілікті; в - екі (қос) тілікті; г - нүктелік (рашпильді) тілікті; д - доғалы тілікті; е - тұтқаны отырғызу тәртібі; ж - тұтқаны егеуден шығару тәсілі

 

Бір тілікті егеулер металл бетінен тіліктің барлық ұзындығына тең жалпақ жаңқаны бөліп алады. Оларды жұмсақ металдарды егеулеу үшін қолданады. Қос тілікті егеулер - болаттарды, шойындарды және басқа қатты металдарды егеулеуге арналған. Олардың жұмыс беттерінде бір бірімен қиылысып орналасқан тіліктер металл жаңқаларын майдалап, жұмысты жеңілдетеді. Нүктелі (рашпильді) егеулер - жұмсақ металдар мен металл емес материалдарды өңдеуге арналған. Олардың тістерінің арасындағы, жаңқалар орналасатын, ойықтары кең.

Доғалы тілікті егеулердің тістерінің арасындағы ойықтары терең, соңдықтан жоғары сапалы бет тазалығын және жоғары жұмыс өнімділігін береді. Барлық егеулер У13 немесе У13А аспапты көміртекті болаттардан дайындалады. Жұмыс беттеріне тіліктер ойылғаннан кейін, термиялық өңдеуден өтеді.

Егеулердің тұтқалары көбінесе ағаштардан дайындалады. Тұтқаларды отырғызу және шығару 6.7 суретте (е және ж) көрсетілген.

Қолданылулары бойынша егеулер келесі топтарға бөлінеді:

- жалпы қолданыстағы егеулер;

- арнаулы қолданыстағы егеулер;

- түрпілер;

- рашпильдер;

- машиналық егеулер.

Барлық ұсталық жұмыстар үшін жалпы қолданыстағы егеулерді пайдаланады. Оларды, 1 см ұзындыққа келетін тіліктер санына байланысты, 6 номерге бөледі.

№ 0 және 1 тілікті егеулердің тістері ірі және 0,5-0,2 мм дәлдікпен алғашқы (тұрпайы) өңдеуге арналған. № 2 және 3 тілікті егеулер 0,15-0,02 мм дәлдікпен таза өңдеуге арналған. № 4 және 5 тілікті егеулер 0,01-0,005 мм дәлдікпен соңғы өңдеуге арналған.

Егеулердің ұзындықтары 100-400 мм.

Көлденең қималарының пішіндеріне байланысты егеулер жалпақ, квадрат, үш бұрышты, дөңгелек, жартылай дөңгелек, ромб, аралық болып келеді (8- сурет).

 

 

8- сурет – Егерлердің көлденең қималарының пішіндері:

а және б - жалпақ (жазық); в - квадрат; г - үш бұрышты; д - дөңгелек; е - жартылай дөңгелек; ж - ромб; з - аралық.

 

Дайындаманы егеулер алдында, оның өңделетін беті қысқыштан 8-10 мм жоғары болатындай етіп бекітеді. Жұмысшының денесін дұрыс ұстау тәртібі металдарды арамен кесуге ұқсас.

Оң қолмен егеудің тұтқасынан ұстау керек (9- сурет, а), ал сол қолдың алақанын, егеудің тұмсығынан 20-30 мм төменірек, егеудің үстіне қою керек (9- сурет, б).

 

 

9- сурет – Егеуді дұрыс ұстау және жұмыс үрдісі кезінде теңестіру:

а - оң қолмен ұстау; б - сол қолмен ұстау; в - қозғалыстың басындағы және соңындағы егеуді төмен басу реттері

 

Егеу өңделетін металдың бетімен барлық ұзындығы бойынша біркелкі жылжытылады. Егеудің алға қарай қозғалысы жұмыс жүрісі болып табылады. Ал, кері қозғалысы - бос жүріс. Металдарды егеулеу кезінде минутына 40-60 қос жүрісті қозғалыс тиімді деп санал


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1259 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Металдарды шабу | Сталық балғалар | Металдарды кесу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Металдарды қайшымен және арамен кесу| Задача №2

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)