Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Металдарды шабу

Читайте также:
  1. Металдарды қайшымен және арамен кесу
  2. Металдарды егеумен өңдеу
  3. Металдарды кесу

 

Металдарды шабу деп - дайындамадан металл қабаты бөлінін алынатын немесе дайындаманы бөліктерге бөлетін өңдеу операциясы аталады. Крейцмейсель немесе шапқының жұмыс (кескіш) бөліктерінің пішіндеріне сәйкес сынаның әсері, металдарды шабудың физикалық негізі болып табылады. Металдарды шабу операциясы дайындамаларды станокта өңдеу қиын немесе тиімсіз болған жағдайда қолданылады.

Металдарды шабу арқылы дайындаманың бетін тегістеуге, оның бетіндегі қатты қабатты шабуға, бөлшектердің үшкір жиектерін өңдеуге, жырықшалар мен ойықтарды алуға, қалыңтыр металдарды бөліктерге бөлуге және т.б. болады.

Металдарды шабу, әдетте, қысқыштардың көмегімен жүргізіледі. Қалыңтыр металдарды бөліктерге шауып бөлуді тегіс металл плиталардың үстінде жүргізуге болады.

Металдарды шабу кезінде негізгі кескіш аспаптар ретінде крейцмейсель немесе шапқы, ал соғу аспабы ретінде балға қолданылады.

Ұсталық шапқы (1 сурет) - бұл аспапты көміртекті болаттан дайындалған стержень. Ол үш бөліктен тұрады: 1 - соғатын бөлігі; 2 - ортаңғы бөлігі; 3 - жұмыс(кесу) бөлігі. Шапқының соғатын бөлігі жоғары қарай жіңішкеріп, ал төбесі дөңгеленіп жасалған. Шапқының ортаңғы бөлігі шабу кезінде ұстауға арналған. Жұмыс(кесу) бөлігі сына тәрізді. Сынаның үшкірлеу бұрышы өңделетін материалдың қаттылығына байланысты таңдалып алынады.


1- сурет – Ұсталық шапқы

 

1 - соғатын бөлігі 2 - ортаңғы бөлігі; 3 - жұмыс бөлігі; 4 - кесу жиегі


Кеңінен қолданылатын материалдарды шабуға ұсынылатын сынаның үшкірлеу бұрыштарының мәндері:

- қатты материалдар үшін (қатты болат, шойын) ­- 70 о;

- қаттылықтары орташа материалдар үшін (болаттар) - 60 о;

- жұмсақ материалдар үшін (мыс, жез) - 45 о;

- алюминий қорытпалары үшін - 35 о.

Шапқының соғатын және кесетін бөліктері термиялық (шынықтыру, жұмсарту) өңделеді. Шапқының шынықтырылу дәрежесін егеу арқылы анықтауға болады. Ол үшін егеуді шапқының шынықтырылған бетімен жүргізеді. Егер егеу шапқының бетімен «сырғанайтын» болса, онда ол жақсы шынықтырылған.

Крейцмейсель - шапқыға үқсас аспап, айырмашылығы, оның кесу жиегі жіңішке. Крейцмейсель жіңішке ойықтар мен жырықшаларды шабуға арналған. Крейцмейсельмен металдардың қалың қабатында бірнеше жырықшалар ойылып, олардың арасындағы металды шапқымен шабады.

Әр түрлі пішінді ойықтарды шабу үшін арнаулы крейцмейсельдер қолданылады. Олардың айырмашылығы тек кесу жиегінің пішінде ғана.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1210 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Металдарды кесу | Металдарды қайшымен және арамен кесу | Металдарды егеумен өңдеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Контрольно-ревизионная комиссия Движения, Ревизор Отделений Движения| Сталық балғалар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)