Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Антты анықтауға зәрді жинау

Читайте также:
  1. Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықТЫ жинау

Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

Дайындаңыз: бір рет қолданылатынконтейнерді, сыйымдылығы 3 л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.

3. 3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

4. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

5. Қолғапты киіңіз.

6. 3 литрлік банкідегі бір тәуліктік диурезді (зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.

7. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

8. 100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз).

9. Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).

10. Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз.

11. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02% промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).

Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.

Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау

Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті.

Дайындаңыз: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен.

 

Іс -әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.

3. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

4. Резеңке қолғапты киіңіз.

5. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

6. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

7. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- қалыпты нәтижеде – кері реакцияда, зәрдегі глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).


 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 267 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Науқасты және медициналық құрал-саймандарды | Тазарту клизмасын қою | Сифон клизмасын қою | Майлы клизманы қою | Дәрілік кЛизманы қою | Йелдердің қуығын катетерлеу | Ер адамның қуығын катетерлеу | ВАКУУМДЫ ЖҮЙЕ КӨМЕГІМЕН ВЕНАЛЫҚ ҚАНДЫ АЛУ | Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу | Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықТЫ жинау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жұтқыншақтан жағынды алу| Нәжісті алу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)