Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тіс жақ-бет жүйесінің функциональды бұзылуы».

Читайте также:
  1. Ан жасау жүйесінің аурулары бар науқастарда жалпы бейспецификалық симптомдардың болуы неге байланысты?
  2. Ниобий-алюминий жүйесінің қабықшаларын алу

Медициналық симуляцияның сценариі

Клиникалық жағдай: 8 жасар балада тыныс алуы аралас.

Ситуациялық есеп: Сіз дәрігер стоматолог-ортодонтсыз. Сіздің кеңесіңізге 8 жасар ауызы жартылай ашық, еріндері құрғақ, мұрын қыры кең, мұрын жолдары тар бала бағытталды. Жұтыну кезінде тілінің ұшы тістерге тіреледі, тремалары бар.

Қорытынды нәтиже ( outcomes):

-сұрап тексеру, стоматологиялық статусты тіркеу үшін науқасты физикалық қарап тексеру;

-тістердің орналасуының ауытқуларын клиникалық нақтамалау;

- арнайы зерттеу әдістері;

-салыстырмалы нақтама және қорытынды нақтаманы негіздеу;

-емдік-профилактикалық шаралардың жоспарын құру;

-8 жастағы науқасқа осы ауытқу бойынша ортодонтиялық көмек көрсету;

-8 жастағы науқасқа осы ауытқу бойынша кірістіру тактикасы.

Симуляцияны жабдықтау:

1. Тапсырмасы бар парақ, волонтерге сценарий (науқас, қадамдарын бағалау критерилері);

2. Латексті қолғап, маска.

3. Науқастың ауыз қуысын қарап тексеруге бірреттік стоматологиялық құрал;

4. Гигиеналық индексті анықтау үшін маркерлар;

5. Ортопантомограмма;

6. Мүсінде және науқастың бетін өлшеуге штангенциркуль

1. актёр – науқас; 2. актёры - мед.бике, дәрігер көмекші.

Стандартты актер үшін (науқасқа) сценарий мәтіні және оның орындайтын ролі.

Шағымы: ауызымен дем алу, еріннің құрғақтығы, жұтынудың бұзылуы.

 

Сұрау   Әртіске сұрақтарды құрастыру Жауап
1. Бұрын дәрігер стоматологқа қаралдыма Қай жасынан дәрігер-стоматологқа қаралды? Бірінші рет
2. Қандай шаралар тыныс алу жүйесін қалпына келтіруде қолданылды анықтау Ата-аналары баланы басқа мамандарда емдетуге қаратты ма? Педиатрға қаралды. Дәрігер-педиатр дәрігер-ортодонттан кеңес алуға бағыттады.
3. Тыныс алу типін анықтау. Қай уақыттан бастап бала мұрнымен немесе ауызымен дем алады. Бала жиі ЖРВИ мен ауырама? Бала ЛОР дәрігерде тексерілді ма клиникалық қорытындысы бар ма? ЖРВИ мен маусыммен ауырады. Мұрын-жұтқыншақ аймағы емделген. Бірақ мұрын мен ауызбен дем алу әдеті қалған 2 жыл болды.

Anamnes morbi: Ауызымен дем алады, еріндері құрғақ, жұтынуы дұрыс емес. Дәрігер ортодонттан кеңес алуға шешті.

Anamnes vitae: Бала бірінші жүктіліктен. Жүктіліктің бірінші триместрінде токсикоз болған. Тамақтандыруы табиғи 13 айына дейін. Тістері уақытында жарып шыққан. Диспансерлік тіркеуде тіркелмеген.

Status presents: Физикалық дамуы жасына сай, салмағы, бойы қалыпты. Коммуникабельді, әуес.Ортодонттың емі қажет екенін түсінді.

Status locales: Сыртқы қарап тексергенде тұлғасын ұстауы енжар, терісі таза, профилі дөңес, беті симметриялы, еріндері қысыммен түйіседі. Ауызбен дем алады, сөйлеуі айқын емес, жұтыну кезінде тіл тіске тіреледі, тремалары байқалады.

Ауыз қуысын қарап тексеру: ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл қызыл, патологиялық өзгерістері жоқ, жоғарғы ерін үзеңгісі қалыпты бекінген. Тілінің орналасуы дұрыс емес, үзеңгісі қысқа. Таңдайы готикалық. Тіс формуласы жасына сай, алдыңғы бөлігінде диастема, трема.


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 186 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пример 2.| Экономическая сущность производственных фондов

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)