Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тест сұрақтарын немесе алгоритмді құрастыру

Читайте также:
  1. C) Ресми мойындалған немесе қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкеспейтін іс-әрекет формасы
  2. Мутация – бұл генетикалық материалсанының немесе құрылымының өзгерісі.
  3. Тест сұрақтарын немесе алгоритмді құрастыру

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау

ЗІНДІК ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 

 

Курс: 4

Пән: Қоршаған орта нысандарының химиялық ластануының халық денсаулығына қауіп-қатерін бағалау

 

Құрастырғандар:

М.ғ.д., профессор Кенесариев У.И.

м.ғ.к., доцент Амрин М.К.,

м.ғ.к., доцент Досмухаметов А.Т.,

м.ғ.к., аға оқытушы Ержанова А.Е.,

М.ғ.к., аға оқытушы Оразымбетова А.М.

Алматы, 2012

Кафедра мәжілісінде бекітілді

 

Хаттама №____________________2012 ж.

 

Жалпы гигиена және экология

кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д, профессор Ү.И. Кенесариев

 

Тақырып № 1. Денсаулық жағдайын қоршаған ортаның жағдайымен және халықтың өмір сүру жағдайымен байланыстыру.– 6 сағат.

Мақсаты: Денсаулық жағдайын қоршаған ортаның жағдайымен байланыстыру жөнінде білімдерін қалыптастыру.

СӨЖ бойынша тапсырма:

1. Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды талдау, жаңа ақпарат іздеу.

2. Тақырыпты реферат бойынша құрастыру: «Қазақстан Республикасындағы химиялық қауіпсіздіктің жағдайы мен мәселелері».

3. Тақырып бойынша тест сұрақтарын құрастыру.

 

Орындалу түрі: реферат, тест сұрақтарын құрастыру.

 

Рефератты орындау критерийлері:

1. Реферат «Бақылау» бөлімінде ұсынылатын сұрақтар бойынша тақырыптардың негізгі аспектілерін қамтуы керек.

2. Рефераттың көлемі 7-8 баспа беттен аспауы керек.

3. Рефераттың құрамында титулдық бет, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімі болуы керек.

4. Кіріспеде рефераттың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері қарастырылады, негізгі бөлімінде тақырыптың мазмұны ашылады, қорытындыда – айтылған мәліметтер қорытындыланып, ұсыныстармен тұжырым беріледі.

5. Ең жаңа әдебиет көздеріне ерекше мән беріліп, бір емес, бірнеше әдебиет көзі пайдаланылған болуы керек.

6. Реферат кестелермен, графиктермен, суреттермен және т.б. көркемделуі мүмкін.

Тест сұрақтарын немесе алгоритмді құрастыру

1. Нормалау алгоритмі әртүрлі қоршаған орта нысандарындағы химиялық факторлар (су, атмосфералық ауа, топырақ) үшін құрастырылған болуы қажет.

2. Алгоритмді схема түрінде көрсету қажет.

3. Алгоритмді қрастырған кезде схемада әрбір кезеңі бойынша түсінік беру қажет.

4. Нормалаудың 9 қағидасы бойынша кем дегенде 3 тест құрастырылуы қажет.

5. Тесттерде 1-3 дұрыс жауабы болуы мүмкін немесе есеп және сурет түрінде берілуі мүмкін.

6. Дұрыс емес жауаптары дұрысқа ұқсас болуы және дұрыс жауаптары көрсететін сұрақтарды бейнелеп көрсетуі тиіс.

7. Тест сұрақтары оқушылар үшін қажетті ақпараттар алып жүруі керек және ЖОО тесттерін қайталамауы тиіс.

8. Тесттерге жауаптар берілуі қажет.

 

Тапсыру мерзімі: күнтізбектік – тақырыптық жоспарға сәйкес

Рефератты бағалау критерийлері:

Сапа критерийлері Үздік Жақсы Қанағатта-нарлық Қанағатта-нарлықсыз
Реферат мазмұнының тақырыпқа және қойылған міндеттерге сәйкестігі Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге толығымен сәйкес келеді Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге толығымен сәйкес келеді Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге негізінен сәйкес келеді Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге сәйкестігі толық емес
Тақырыпты ашуы мен қолданылған әдебиет көздерінің толықтығы Тақырып толық ашылған, қазіргі әдебиет көздері жеткілікті мөлшерде қолданылған Тақырып ашылған, дегенмен кейбір жағдайлар анықтауды қажет етеді, негізгі әдебиет көздері қолданылған Тақырып жеткілікті ашылмаған, негізгі әдебиет көздерінің барлығы қолданылмаған Тақырып жеткілікті ашылмаған, қоданылған әдебиет көздері аз
Материалды қорытындылау және қысқаша тұжырымдар жасай білуі Материал қорытындылан-ған, анық және түсінікті тұжырым жасалған Материал қорытындыланған, анық тұжырым жасалған Материал қорытындыланған, бірақ тұжырым тым үлкен, анық емес Материал қорытындыланбаған, тұжырым жоқ
Көркемделуі, олардың ақпараттылығы Ақпараттылық сапасы жоғары Ақпараттылығы бар, сапасы жақсы Ақпараттылығы жеткіліксіз Ақпараттылығы жоқ
Рефераттың рәсімделуінің қойылған талаптарға сәйкестігі Рефераттың рәсімделуі қойылған талаптарға толық сәйкес келеді Рефераттың рәсімделуі қойылған талаптарға толық сәйкес келеді Рефератты рәсімдеуге қойылған негізгі талаптар сақталған Рефератты рәсімдеуге қойылған негізгі талаптар сақталмаған

· Құрастырылған тест сұрақтары үшін:

Сапа критерийі үздік жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Құрастырылған тесттер саны 24-27 20-23 14-19 0-13
Күрделілік деңгейі 1,2,3 1,2,3 1,2  
Тесттердің дұрыс құрастырылуы Дұрыс құрастырылған Дұрыс құрастырылған Кейбір тесттерде сұрақтарға жауаптар екі мағыналы шындыққа ұласпайды келмейді Көп тесттерде сұрақтарға жауаптар екі мағыналы шындыққа ұласпайды келмейді
Тесттерді құрастырған кезде әдебиет көздерінің қолданылуы Оқулықтар, монографиялар, Интернеттен ақпараттар нормалау құжаттары Жалпы гигиена бойынша және басқа да гигиеналық пәндер бойынша оқулықтар, периодтылығы, Интернеттен ақпараттар,нормалау құжаттары Жалпы гигиена бойынша және басқа да гигиеналық пәндер бойынша оқулықтар. Жалпы гигиена бойынша оқулықтар
Оқытушы көмегінің қажеттілігі Тесттер өз-бетімен құрастырылса Тесттер өз-бетімен құрастырылса Жеке сұрақтар бойынша Көптеген тесттерді оқытушының көмегімен құрастырылса барысында

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Бекмагамбетова Ж.Д., Жакашов Н.Ж., Тогузбаева К.К. Гигиена: Учебник для вузов/Под ред. У.И. Кенесариева. – Алматы: «Самара-Принт», 2009. - 688 с.

2. Тулебаев Р.К.,Слажнева Т.И., Кенесариев У.И., Белоног А.А., Корчевский А.А. Оценка гигиенических рисков в промышленных регионах Республики Казахстан. – Алматы: Искандер, 2004. – 374 с.

3. Руководство по оценке риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду (Р 2.1.10.1920-04), утв. Главным государственным санитарным врачом РФ 05.03.2004 (Guidelines for Human Health Risk Assessment from Environmental Chemicals).

Қосымша:

4. Онищенко Г.Г., Новиков С.М., Рахманин Ю.А., Авалиани С.Л., Буштуева К.А. Основы оценки риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду / Под. ред. Рахманина Ю.А., Онищенко Г.Г. М.: НИИ ЭЧ и ГОС, 2002. - 408 с.

5. Авалиани С.Л., Ревич Б.А., Балтер Б.М., Гильденскиольд С.Р., Мишина А.Л., Клиушина Е.Г. Оценка риска загрязнения окружающей среды для здоровья населения как инструмент муниципальной экологической политики в Московской области. Подольск, 2010. - 309 с.

6. Гигиена /Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА,2000.-608с.

7. Закон Республики Казахстан: «Об охране здоровья народов Республики Казахстан», «О санитарно- эпидемиологическом благополучии населения Республики Казахстан». 2007.

Бақылау сұрақтары:

1. Денсаулықты анықтау.

2. Денсаулықтың негізгі көрсеткіштері.

3. Халықтың денсаулық көрсеткіштері бойынша ақпарат көздері.

4. Денсаулыққа әсер етуші факторлары.

5. Қоршаған орта жағдайы жөнінде ақпарат көздері.

6. Жүйесінде өзара байланыстыруды бағалау «қоршаған орта – халық денсаулығы»

 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 278 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Недостатки.| Тест сұрақтарын немесе алгоритмді құрастыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)