Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стресс- адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен, стрестің өте қаупті жағдайларын ажырата білу керек.

Читайте также:
  1. Естественно, люди пытаются покорить себе стихию стресса, управлять им. В наше время существует множество методик стресс-менеджмента. Рассмотрим некоторые из них.
  2. Капиталды шығындар және құрылғылардың өтелу мерзімін анықтау
  3. Оценка устойчивости коров к стресс-факторам.
  4. Следовательно, основной результат активации стресс-системы - увеличенный выброс глюкокортикоидов и катехоламинов.
  5. СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТ: МИССИЯ ВЫПОЛНИМА !

Стресс туралы ілім – Ганс Сельемен негізі құралған қазіргі медицинаның ең басты бөлімдерінің бірі. Ганс Селье 1926 жылы әр түрлі өзін нашар сезінумен зардап шегетін аурулар туралы алғашқы бақылауын жазды. Бұндай аурулардың бәрінде тәбеттің болмауы, бұлшық ет әлсіздігі, артериялық қысымның жоғарлауы, жетістікке талпынудың жоғалуы сияқты өзгерістер байқалады. Ол оны «жай ауру синдромы» сияқты белгіледі. Ол көптеген адамдардың ағзасында ауырған кезде біртекті байқалатынын көрсетті: бүйрек үсті безінің қыртысындағы өзгеріс (гипертрофия), лимфоидты тіннің құлдырауы (лимфатикалық түйіндер және айырша без), асқазанның жаралануы. Ағза ішіндегі барлық мұндай өзгерістердің жиынтығын сипаттау үшін ол «күйзеліс» түсінігін енгізді. Осыдан кейін ол ұзақ жылдар бойы зерттеу медициналық және хирургия институтында және кейіннен стресстің халықаралық институты болған Монреальда жұмыс істеді. 1936 жылы Г.Селье өзінің стерсс туралы түсінігін құрастырған кішене стаьясын жазды және бір мезгілде (Әр түрлі зақымдаушы себеппен шақырылатын стресс» және «Жалпы бейімделу синдромы» және «биологиялық стресс синдромы» деген жаңа ұғымдарын енгізді.

Стресс (ағыл. stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.

Стресс түрлері

Түрі бойынша стресс жедел жөне созылмалы болып бөлінеді. Жедел стресте қорғаныс механизмдері қысқа уақытқа - тек тітіркендіргіш әсер еткенде қосылады. Созылмалы стресте организмге ұзақ уақыт әсер етеді.

Сонымен қатар физикалық стресс (физикалық, химиялық, биологиялық факторлар әсері) және эмоционалды стресс (теріс эмоция шақыратын психологиялық факторлар

2.1 Стрестің даму сатысы үш кезеңнен тұрады:

1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

Лсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.[1]

Стресстің белгілері
Стресске әлеуметтік жағдайға және қызмет түріне байланыссыз барлық адамдар ұшырайды. Бірақ бір жағдайларда адамдар қатер тобына көбірек жатқызылады, ал басқалар азырақ. Америкалық мамандардың зерттеулеріне сәйкес стресске әлеуметтік орта қызметкерлері және зиян, әрі қауіпті өндірісте жұмыс істейтін адамдар ұшырайды. Бұл мұғалімдер, дәрігерлер, әскерлер, ақпарат орталығының операторлары, полиция және басқа да мамандар. Сондықтан жұмысқа алар алдында жұмысберушілер стресске тұрақтылық тестін өткізеді. Бірақ олар шынында нәтижелі ме? Барлығына шектеу бар ғой! Бүгін бай, жетістікті және белсенді болу сән. Бірақ мұндай критерийлерге сәйкес болу үшін адам көп жұмыс істеу қажет. Осыдан бастап, адам түскі астағы үзілісті өткізеді, кешке бөгеледі, елді-мекендерді және сағаттық белдеулерді ауыстырып, жиі іссапарға ұшады. Сонымен бірге оның тоқтап және демалуға уақыты жоқ. Стресс ақырындап өзі туралы білдіре бастайды, адамға үзіліске уақыт келегенін байқатады.
Оның бірінші белгілері:

Алаңғасарлық; • жоғарғы қозғыштық; • жиі шаршау; • әзiлшiлдiк сезiмiнiң жоғалтуы; • кенеттен тартылатын темекі санының өсуімен бірге, алкогольдік сусындарға құмарлықтың пайда болуы; • ұйқының және тәбеттің жоғалуы; • естің нашарлауы; • кейде баста, арқада, асқазанда «психосоматикалық» деп аталатын аурулар болуы мүмкін; • қуаныш негізінің толық жоғалуы. Қуаныштың және жан мазасының қайтуы Ақырғы уақытта мамандар физикалық және психикалық денсаулықтан басқа «эмоционалдық денсаулық» бар екенін жиі айтуда. Яғни, адамды тек ештеңесі ауырмаған және ешқандай бұзушылық жоқ кезінде ғана емес, сонымен қатар ол көңіл күйі жақсы, қуаныш сезімін сезінетін және өмірден рақатын алатын адамды сау деп санауға болады. Стресс, біріншіден, адамның эмоционалдық, содан соң физикалық денсаулығына әсер етеді.

Стресс кез – келген аурулардың дамуына себепші болатынын мамандардың зерттеулері дәлелдейді. Ұйқыссыздықтың, жүректің жиі соғуы, бастың ауруы, гипертония, сексуалдық бұзылу және басқа да аурулық жағдайдың себебі стресс болуы мүмкін. Басынан өткізген стресстің нәтижесінен адамда асқазан-ішек аурулары пайда болуы мүмкін: шаншу, гастрит, жара, ішектің тітіркену синдромы және т.б.. Әйел адамда гормоналдық дисбаланс, етеккір циклінің және ұрықтану қабілеттігінің бұзылуы мүмкін. Одан басқа, стресс кезінде иммунитет әлсіреп, соның салдарынан адам суық тию және инфекциялық ауруларға шалдығады. Психологтардың айтуы бойынша, барлық аурулардың 70 % эмоционалдық стресспен байланысты. Адаммен негативті қабылданатын стресс организмге жағымсыз әсер етеді. Жағымды оқиға кезіндегі пайда болған стресс: жаңа жұмысқа орналасу, ақша ұту, баланың тууы және басқа да оқиғалар адамның организіміне негативтік немесе жағымды әсер етуі мүмкін. Мысалы, адамды тіршілік энергиясымен толтырып, күштің тасуын шақыру. Жалпы мұндай стресс адамның алдында жаңа мүмкіндіктер ашатын ресурстық күй болып табылады.

Стресс- адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен, стрестің өте қаупті жағдайларын ажырата білу керек.


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 2119 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
общей патологии| Стресті қалай женуге болады?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)