|
В
Вертикальді жоспарлау - қала салу кезіндегі жердің рельефін ұйымдастыру.
Беткей сулар - жер бетіне ең жақын жатқан жер асты суының белгілі маусымды уақытта жиналуы. Санитарлық тұрғыдан алғанда жер асты суының ішінде сенімділігі ең төмен.
Су жүргізуші - керекті бағытқа суды әкелу және әкетк үшін жасалған гидротехникалық қондырғы.
Суат - құрлықтағы су ағысы болу не мүлдем жоқ су нысаны (көл, су қоймасы, бөгет).
Су күзету зонасы - су қоймасының барлық территория-сын қамтитын санитарлық күзету зонасы.
Суды дайындау - суды су тұтынушылардың талабына келтіруге арналған технологиялық өңдеу.
Суды қолдану - халық шаруашылығында және тұр-ғындардың суға қажеттілігін қанағаттандыру үшін су нысандарын қолдану. Суды қолданудың 1-ші категориясына су нысандарын шаруашылық ішер су ретінде және тамақ өнеркәсібінің мекемелерін сумен қамтамасыздау жатады. 2-ші категорияға мәдени-тұрмыстық қажеттілік спорт және рекреация үшін суды қолдану жатады.
Суды тұтыну - белгілі уақыт аралығында тұтынушыға берілетін немесе өнімнің өлшем бірлігіне қажетті судың көлемі.
Топталған су құбыры - бірнеше елді мекендердің тұтынушы-ларын сумен қамтамасыз ететін су құбыры.
Су құбырының торабы - тұтынатын жерге су әкелетін су құбыры жүйесі. Бұл су құбыр жүйесі шеңберлі (бұнда тұтынушыға суды бірнеше жақтан береді) және тұйықталған (бұнда суды тұтынушыға бір-ақ жақтан береді) болып бөлінеді. Санитарлық тұрғыдан тұйықталған құбыр қолайсыз.
Су айрық - араласқан су жинағыштардың арасын-дағы шекара.
Су жинау - су нысанына су келіп құйылатын жер бетінің немесе жер қыртысымен тау жыныстарының белгілі бөлшегі. Жер үсті және жер асты су жинау болып ажыратылады.
Қайтарылымды сумен
қамтамасыз ету - тазаланғаннан кейінгі өнеркәсіптік қолданылған суды қайтадан пайдалану.
Ағын су - суы ағып жатқан су нысаны (өзен, канал, бұлақ).
Ауа алмасу жиілігі - бөлме ішінен 1 сағат аралығында шыққан және кірген м/куб пен алынған осы бөлменің ішкі көлеміне сай келетін ауа мөлшері.
Ауа кубы - рационалды вентиляция болғанда бір адамға қажетті бөлменің көлемі.
Г
Бас жоспар - жобаланып отырған нысандардың учаскесінің чертежі.
Гербицидтер - арам шөптермен күресуде қолданыла-тын пестицидтер.
Герц - секундына бір тербеліске тең, әлсін-әлсін болатын тербелістер жиілігінің өлшем бірлігі.
Гигиена - адамның денсаулығына, оның жұмыс қабілеттілігіне және өмірінің ұзақтығына әсер ететін факторларды тексеретін, аурулардың алдын алу және денсаулықты қорғауға арналған жағдайлар жасау шараларын жасайтын медицинаның бөлігі.
Судағы химиялық - халықтың суды қолдануын нашарла-татын көрсеткіштер жиынтығы.
факторлардың зиянды-
лығының гигиеналық
критериі
Қоршаған ортадағы - әртүрлі қоршаған орта нысандарын-
зиянды заттардың дағы адамға зиянсыз деңгейін белгі-
мөлшерін гигиеналық леу.
нормалау
Гидрогеология - жер асты сулары туралы ғылым.
Қуаң жердің гидрологиясы- жер беті суларын қарастыратын гид-рологияның бөлімі.
Гидрометрия - су нысандарынң тәртібін бақылау.
Температуралық градиент - әрбір 100 метрге жоғары көтерілген сайын градуспен алынған ауаның температурасының өзгеруі. Адиабатикалық үрдісте ауаның ылғалдылығына байланысты температура 0,6-1 градусқа төмендейді. Жоғары көтерілген сайын ауаның температурасының жоғарылауы бұрмалы температуралық градиент деп аталынады (инверсияны қараңыз).
Градирня - өндіріс нысандарында қайта қайтару сумен қамтамасыз ету жүйесінде суды салқындату үшін қолданылатын қондырғы.
Қала құрушы факторлар - қазіргі кездегі бар елді мекендерді да-мыту және жаңаларын салуды қажет ететін халық шаруашылығының элементі.
Грунт сулары - жер бетінен кейінгі бірнші су тіркеле-тін қабатта орналасқан жер асты сулары.
Гуминді заттар - көптеген жер беті суларының түсін өз-гертетін, жер қыртысындағы өсімдіктер мен жануарлардың ыдырауы кезінде пайда болатын органикалық заттар.
Гумус - жер қыртысындағы микроорганизм-дермен, тек сырттан түскен, бөгделерін есептемегендегі, жер қыртысындағы органикалық заттар.
Д
Данилюк әдісі - Данилюктің графигін қолданып, таби-ғи жарықтық коэффициентін (ТЖК) анықтау әдісі. Сақтық санитарлық бақылауда қолданылады.
Судың дегазациясы - судан еріген газдарды кетіру.
Дезинфекция - Патогенді микроорганизмдерді жою үшін қолданылатын өңдеу.
Денитрификация - бос азоттың бөлінуі арқылы нитраттар мен нитриттердің тотықсыздануы.
Депрессия түтікшесі - су алудан пайда болған жер асты суы-ның деңгейінің төмендеуі.
Дефлектор - ауаның сорып шығарылуын үдету үшін вентиляция түтікшесіне орнатылған қалқанша.
Дефолиант - орақ басталар алдында өсімдіктердің жапырағын арылту үшін химиялық зат.
Диоксин - бензолдың кейбір хлорланған қоспаларын өңдеуде қолданылатын қосалқы өнім. Барлық химиялық қосындылардың ішінде диоксин – ең ұлы және тератогендісі.
Газдардың диффузиясы - молекулалардың қозғалысы әсерінен контактіленуші газдардың араласуы арқылы гомогенді қоспа түсетін үрдіс.
Жаңбырлату - жасанды жаңбыр арқылы егін алқабын суару.
Доза - әсер беретін объектісіне бір рет және белгілі уақыт бірлігіндегі енгізілетін заттардың, энергияның мөлшері.
Орташа өлім дозасы (ДL50) – зерттеуге алынған жануарлардың 50/-ін өлімге ұшырататын зиянды химиялық заттардың мөлшері.
Донора - 1948 ж. Атмосфералық ауаның класси-калық жоғары ластануы болған Пенсильвания (АҚШ) штатындағы индустриалды қала.
Ағынды суларды қайтадан – тазаланған ағын суды қосымша таза-
тазарту (үшінші қайтара лау. (физикалық, химиялық, биоло-
тазалау) гиялық).
Шектелген қалдық сан - тамақ тағамдарын тұтынатын халық-
(ШҚС) тың денсаулық жағдайына ешқандай кері өзгерістер әкелмейтін және келешек ұрпаққа өзінің кері әсерін тигізбейтін осы тамақтардағы химиялық заттардың қалдық мөлшері.
Дренаж - суды жинау және шығару үшін қолда-нылатын қондырғы.
Е
Судың евтрофикасы - суды биогенді элементтердің жиылуы нәтижесінде су нысандарында биологиялық өнімнің жоғарылауы.
Ж
Тұрғын секция - пәтерлердің шығатын есіктерінен бір ғана ортақ баспалдағы бар және ғимараттың басқа тұйық қабырғамен бөлімдерінен бөлінетін ғимараттың бөлшегі.
Жатахананың тұрғын - көпшілік пайдаланатын қосымша бөл-
ұяшығы мелері ортақ тұрғын бөлмелері тобы.
Азаматтық тұрғын үй - тұрғын үй және қоғамдық мекемелерді,
құрылысы квартал, шағын аудандарды салу үшін, сонымен қатар қала тұрғызу мақсатын шешуге байланысты мамандандырылған құрылыс саласы.
Тұрғын үйдің фондының - 1 гектарға келетін шағын аудан тер-
тығыздығы риториясына (брутто) немесе 1 гектарға келетін шағын аудан территориясының тұрғын бөлігінің (нетто) шаршы метрмен алынған тұрғын ауданның мөлшері.
Тұрғын құрылыстың - процентпен алынған құрылыс
тығыздығы салынған территорияның ықшамаудан-ның жалпы территориясына қатынасы (брутто) немесе ықшамауданның тұрғын бөлімінің территориясына қатынасы (нетто).
Тұрғын аудан - қызмет көрсету радиусы 1500 метрден кем емес мекемелермен, кәсіпорындар орналасатын 80-нен 250 гектарға дейін ауданы бар селитебті территорияның структуралық элемент.
З
Атмосфераның ластаушы - халықтың денсаулығы мен қоршаған
заттары ортаға қолайсыз әсер ететін атмосфе-радағы қоспалар.
Суды ластаушы заттар - судың сапасының нормасын бұзатын заттар.
Жер қыртысының - антропогендік іс-әрекеттің әсерінен
ластаушы заттар табиғаттағы нысандарында қолайсыз әсер ететін мөлшерде жер қыртысында жиналатын заттар.
Дыбыс - қандай да бір күштің әсерінен сер-пімді ортаның (ауа, суық, қатты) толқын тәрізді тербелісі. Дыбыс күші, қысымы, жылдамдығы, жиілігімен сипатталады. Адамның есту анализаторы 16-20000 Гц аралығындағы дыбысты қабылдайды.
Дыбыс деңгейі - жиілік сипаттамасы есту анализаторының қабылдауына жақындатылған, өлшем бірлігі – децибел А; октаваларға бөлінбеген дыбыс қысымының жалпы деңгейі.
Дыбыс қысымының - дыбыстың ең толық акустикалық
деңгейі октавалық жолақ жиілігіндегі сипатта-масы.
Дыбыс қысымы - дыбыс пен атмосфералық қысымға қосымша шақырылатын қысым. Ньютонның 1 шаршы метрге қатынасымен өлшенеді (н/м2).
Құрылысты шектеу алаңы - жерден 2 м биіктікте рұқсат етілген шектік деңгей (ПДУ) жоғары болатын территория ҚША-ның сыртқы шекарасын ең биік ғимараттың жоғарғы қабатында ПДУ-ға сәйкестендірілген электромагниттік өрістің энергия ағынының тығыздығының ППЭ деңгейімен анықталады.
Санитарлық күзету алаңы - шаруашылық - ішер су құбырларында және сумен қамтамасыз ететін су көздерінде судың сапасының төмендеуінің алдын алатын санитарлық-эпидемиологиялық ерекше тәртіп орнатылған территория немесе акватория. Үш белдеу түрінде ұйымдастырылады. 1-қатаң тәртіп белдеуі, 2,3 – шектелген тәртіп белдеулері.
И
Изосызық - белгілі бір көрсеткіштің бірдей мақсат-тағы сызығы (схемада, картада).
Изотерма - картадағы ауа температурасының бір-дей берілген нүктелерін қосатын сызық.
Температуралық инверсия – бұрмалы температуралық градиенті бар атмрсфера жағдайы. Атмосфералық ластауыштардың таралуына инверсиялық қабат кедергі жасайды. Инверсиялық қабаттың төменгі жағындағы ауада ластауыштар жиналып жер беті концентрациясының жоғары мөлшері пайда болады.
Ингаляциялық химиялық - организмге ингаляциялық жолмен тү-
жүктелу сетін химиялық заттардың мөлшері.
Ингаляция - заттардың организмге тыныс алу ауа-мен түсу тәсілі.
Атмосфераның ластану - ластауыштардың қауіптілік класын
индексі (АПИ) ескере отырып әртүрлі елді мекендер-дегі атмосфераның ластану деңгейін салыстыру үшін қолданылатын өлшем бірлік.
Инсекцидтер - зиянды жәндіктерге қарсы қолданыла-тын пестицидтер.
Инсоляциялық сызғыш - инсоляция ұзақтығын графикалық мә-ліметпен анықтауға арналған мөлдір материалдағы сызба.
Инсоляция - берілген деңгейде горизонталды алаң-ның бір өлшем бірлігінде түсетін тік күн радиациясының мөлшері.
Судың инфильтрациясы - судың топырақтағы кезектері арқылы сүзілуі.
Судың инфлюациясы - грунттағы жарық және бос жерлер ар-қылы судың топырақта сүзілуі.
Ауаның иондалуы - молекулалардың бөлінуі немесе элек-трондардың орын ауыстыруы нәтижесінде ауадағы зарядталған бөлшектердің (иондардың) пайда болуы.
Жер асты суларының - жер беті суы бөлігінің жер асты су жү-
жасанды толтырылуы ру көк жиегіне бағытталуы.
К
Канализация - шаруашылық, өндіріс, нөсерлі ағынды суларды ағызып шығару. Канализацияның жүйелері: бөлінген (толық, толық емес) жартылай бөлінген жалпылай бөлінген, жалпылай ағызу.
Канцероген - қатерлі ісік шақыратын химиялық,фи-зикалық, биологиялық нысандар.
Каптаж - бұлақтан немесе қайнардан ағып жат-қан суды жинайтын арнайы құрылым.
Қышқыл жауын - сутектік көрсеткіші (рН) 5,6 төмен жауын.
Қауіптілік класы - химиялық заттар 4 қауіптілік класына бөлінген: 1-өте қауіпті заттар; 2-жоғары қауіпті; 3-қауіпті; 4-аз қауіпті.
Климат - ауа райының көп жылдық тәртібі.
Коагулянттар - сұйықтардағы ұсақ қалқыған бөлшек-терді жабыстырып тұнбаға түсіретін заттар.
Коагуляция - коллоидты және ұсақ дисперсті су қо-сындыларының молекула аралық тартылыс күшінің нәтижесінде өзара жабысып үлкею үрдісі.
Коли-индекс - 1 л судағы ішек таяқшасы бактериялар тобының жадпы саны.
Коли-титр - қоректік ортадағы ішек таяқшасы бак-териялар тобының топырақ сығындысының себу материалындағы ең аз мөлшері.
Қоршаған ортаның - бірнеше химиялық заттармен атмосфе-
комплексті ластану
көрсеткіші раның, судың, топырақтың лас-тануының көрсеткіші.
Зиянды заттардың - организимге бірнеше зиянды заттар-
комбинерленген әсері дың бір түсу жолы (ингаляциялық мы-салы) арқылы әсері.
Конвекция - жылудың ауа ағысымен берілуі.
Кондукция - жылудың түйісу арқылы берілуі.
Контаминат - ластаушы.
Концентрация - қоршаған орта нысандарының массасы мен көлемінің өлшем бірлігіне, биоматериалға және т.б., келетін химиялық қосындының мөлшері.
Табиғи жарық коэффициент-бөлме ішіндегі жарықтың сыртқы жарыққа қатынасы, процентпен көрсетілген.
Қор коэффициенті - жануарларға тәжірибе жүргізу арқылы бекітілген удың созылмалы әсерінің табалдырығын төмендету жолымен адамға арналған санитарлық стандарт деңгейін анықтауда қолданылатын көрсеткіш.
Жарық коэффициенті - еден ауданына жарық түсетін әйнек ауданының қатынасы.
Қызыл сызық - құрылыс территориясы мен көше ара-сындағы шекара.
Материалды кумуляция - қайта әсер ету нәтижесінде организм-дегі заттардың мөлшерінің көбеюі
Функционалды кумуляция - қайта әсер ету нәтижесінде өзгерістің прогрессивті өсуі.
Л
Ларвицидтер - личинкалар мен зиянкес жәндіктердің гусеницаларына қарсы қолданылатын пестицидтер.
Лидар - шығатын түтіннің тығыздығын анықтауға арналған құрал.
Зияндылықтың лимит- - атмосфералық ауаның, судың, топы-
теуші белгісі рақтың, тағамдардың химиялық ластау-шыларының қолайсыз әсерін анықтайтын және ең аз табалдырықты әсерімен сипатталатын химиялық заттардың зияндылығының көрсеткіші.
Сәулелі су қоймасы - жер асты суларын жинайтын құрылым. Ол радиалды сәуле сүзгілерден құралған.
Люкс (лю) - жарық ағыны 1 люменге тең 1 кв.м ауданды жарықтандыру бірлігі.
Люксметр - жарықтандыруды өлшейтін құрал.
Люмен (лм) - жарық ағынының бірлігі.
Люфтклозет - канализациясы жоқ, 1,2 қабатты ғимаратта қолданылатын дәретхана.
М
Максималды рұқсат етіл- - азық түліктегі пестицидтердің макси-
ген деңгей (МРД) малды рұқсат етілген деңгейі. “Рұқсат етілген қалдық мөлшері” - халықаралық термин бойынша.
Кіші өзен - ұзындығы 200 км-ге дейін, 2000 кв.км-ден аспайтын ауданы бар өзен.
Межень - су нысандарындағы жыл сайын маусымды судың ең аз деңгейі.
Метантенк - ағар судың қалдықтарын ашытуға арналған құрылым. Ашу үрдісінің пайда болған метан отын ретінде қолданылады.
Метгемоглобин құрушылар- гемоглобиннің метгемоглобинге – деривтқа трансформациялануына, оттегінің тасмалдануына кедергі жасайтын химиялық қосындылар.
Микроклимат - жер бетіндегі атмосфера қабатындағы, кішкене территориядағы жабық бөлмелердегі ыңғайлы зона жасау үшін жасалатын жасанды климаттық жағдай.
Метилртуть - су қоймалар тұнбасындағы микроорганизмдердің әсерінен сынаптың органикалық емес қосылыстарының метилдену өнімі (Миамат ауруының себебі).
Ықшам аудан - ауданы 80 Га, магистральды көшелер мен жолдармен бөлінбеген, территориясында күнделікті қолдануға арналаған мекемелер мен өндірістер орналасқан елді мекеннің құрылым бөлігі.
Микроб саны - 1 мл судағы микроорганизмдер саны.
Микросүзгі - фото және зоопланктондардан суды тазалайтын қондырғы.
Мониторинг - қоршаған орта нысандарының гигие-налық нормаларға сәйкестігін бақылап ластану дәрежесін әрдайым қадағалау жүйесі.
Мультициклон - батареялы циклонды қараңыз.
Күл-қоқыс өткізгіш - тұрғын үйлердегі вертикальды канал-дар. Қоқыстар 1-ші қабаттағы қабылдағышқа жиналады.
Мутаген - организмде тұқым қуалайтын өзгеріс-терді шақыратын фактор.
Судың майлылығы - судағы қалқыған бөлшектердің болу деңгейі.
Н
Тұрғындар тығыздығы - ықшам ауданның 1 Га территориясын-дағы (брутто) немесе ықшам ауданның тұрғын жеріндегі 1 Га территориясындағы (нетто) тұрғындардың саны.
Нематоцидтер - жұмыр құрттармен күресуге арналған пестицидтер.
Нитраттар - азот қышқылының тұздары топырақ пен судағы органикалық заттардың минералдануының соңғы өнімі.
Нитрификация - су және топырақта нитрифицилейтін бактериялардың көмегімен аммоний тұздарының өсімдіктер сіңіретін нитраттарға айналуы.
Нитрозаминдер - жоғары канцерогенділік белсенділігі бар заттар. Нитриттердің (нитраттардың) аминдермен әрекеттесуі арқылы пайда болады.
О
Суды тұзсыздандыру - ішер, технологиялық, салқындатқыш су ретінде қолдану үшін суды тұздардан тазарту.
Жалпы санитарлы көрсеткіш-су нысандарының табиғи өзін-өзі тазарту үрдісіндегі химиялық заттардың әсер ету көрсеткіші.
Озондау - дезинфекциялауға, органиканы тотық-тыру үшін жағымсыз иіс пен дәмді кетіру үшін суға немесе ағар суға озонды қосу.
Желдің қауіпті жылдамдығы-ластауыш көздерінен шыққан ауадағы қоспалардың жер беті концентрациясының максималдық мәні белгіленетін тағайындалған биіктіктегі желдің жылдамдығы.
Органолептика - судың түсін, дәмін, иісін, сыртқы көрнісін сипаттайтын қасиеті.
Болжамды қауіпсіз әсер - сақтау санитарлы бақылау кезінде
деңгейі (БҚӘД) есептеу әдісімен өндіріс нысандарын жобалауда тағайындалатын атмосфералық ауаны ластаушы заттардың уақытша гигиеналық нормативі.
Болжамды рұқсат етілген - топырақтағы химиялық заттардың
концентрация (БРЕК) мөлшерінің уақытша гигиеналық нормативі.
Салыстырмалы рұқсат - тек сақтық санитарлық бақылауда қол-
етілген деңгейі (ОДУ) данылатын, судағы химиялық заттарды үдемелі тәсілдер арқылы уақытша нормативі.
Суды мөлдірлендіру - суды қалқыған және коллоидты заттардан тазарту.
Тұндырғыш - судағы қалқыған заттарды тұндыруға арналған гидро-техникалық қондырғы. Горизонталды, вертикалды, радиалды екі ярусты және т.б. тұндырғылар бар.
Суды тазарту - суды түссіздендіру мен мөлдірлендіруге қолданылатын технология.
П
Су тасқыны - су нысандарындағы судың деңгейінің жауын-шашын, қар-мұздар еруі кезіндегі уақытша көтерілуі.
Химиялық заттардың - қоршаған орта нысандарында химия-
персистенттілігі лық заттардың бүлінуі мен трансформация үрдісіне тұрақтылық дәрежесімен сипатталатын олардың белсенділігін сақтаудың ұзақтығы.
Құмұстағыш - ағар судың ауыр минералды қосындыларын тұндыруға арналған қондырғы.
Пестицидтер - өсімдіктерді аурулардан, зиянкес, арам шөптерден қорғауға арналған және әртүрлі ауыл шаруашылық мақсатта қолданылатын заттардың жалпы аты.
Ауданды жоспарлау - халық шаруашылық салаларын үлкен территорияда мақсатқа сай, орналастыруға арналған комплексті әлеументтік-экономикалық, инженерлік-техникалық, санитарлық-гигиеналық, сәулеттік-жоспарлық жұмыстар жүйесі.
Беткейлік белсенді заттар - негізінен синтетикалық тазартқыш
(ПАВ) заттар. Су нысандарын санитарлық тәр-
тібін бұзатын, тазарту қондырғыларының жұмысына тосқауыл болатын заттар. Синонимі –детергенттер.
Судағы химиялық заттар- - судағы химиялық заттарды нормалау
дың зияндылық көрсеткіші кезінде зияндылықтың мынандай көрсеткіштерін қарастырады: органолептикалық, жалпы санитарлық, санитарлық-токсикологикалық.
Топырақтағы химиялық - топырақтағы химиялық заттардың
заттардың зияндылық мынандай көрсеткіштермен нормалай-
көрсеткіші ды: органолептикалық, жалпы сани-тарлық, транслокациялық, миграциялық-ауалы, санитарлық-токсикологиялық.
Полигондар - тұрмыстық қатты қалдықтарды көме-тін, қоқысты жинайтын жерлер.
Ассенизация алаңдары - қоқыстарды зиянсыздандыратын және ауылшаруашылық өнімдерін себуге арналған алаңдар.
Жыртылған алаңдар - ауыл шаруашылық мақсатына пайда-ланбай сұйық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған алаң.
Суару алаңы - ағын суларды биологиялық тазарту қондырғысы және ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қолданылады.
Сүзу алаңы - ағын суларды тек биологиялық тазарту үшін қолданылатын қондырғы.
Атмосферадағы заттардың - адамға -әлсін барлық өмірі бойында
шекті рұқсат етілген және де көп уақыттан кейінгі әсері мен
концентрациясы жалпы қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін белгілі бір орташа уақыт аралығындағы максималды концентрация.
Судағы заттардың шекті - халықтың денсаулығына тікелей және
рұқсат етілген жанама әсерін тигізбейтін (өмір бойы-
концентрациясы на) және суды қолданудың гигиеналық жағдайын нашарлататын максималды концентрация.
Жер қыртысындағы - адамның денсаулығына тікелей және
заттардың шекті рұқсат жанама әсер еткенде, оның өмірінің
етілген концентрациясы санитарлық жағдайы мен болашақ ұрпақтарына теріс әсерін тигізбеуді қамтамасыз ететін максималды концентрация.
Шекті рұқсат етілген - ауаның жер беті қабатында, бір немесе
тастама (ПДВ) бірнеше ластауыш көздерінен шыққан ластауыш заттардың мөлшері ауаның сапасын белгілейтін нормативтерден аспауы үшін тағайындалатан ғылыми норматив. Егер ПДВ-ны белгілеу мүмкін болмаған жағдайда ВСВ- уақытша келісілген тастама белгіленеді.
Шекті рұқсат етілген - бақылау пунктінде судың сапалық
шығын (ПДС) нормаларын сақтау мақсатымен осы жерден су нысанының белгіленген тәртібін бұзбай, ағын судағы заттардың мөлшерін белгілеу.
Атмосферадағы заттардың - жер бетінен 1,5-2 м биіктікте өлшен-
жер бетіндегі концен- генатмосферадағы заттардың концен-
трациясы трациясы.
Шаң сүзілетін камералар - ірі дисперстілі шаңдарды механи-калық жолмен ұстауға арналған қондырғы.
Р
Атмосферадағы қосылыс- - бір рет, яғни 20-30 минуттық уақыт
тардың бір реттік аралығындағы алынған сынақтық үл-
концентрациясы гідегі қосындылар концентрациясы.
Резистентілік - организмнің әртүрлі факторлардың әсеріне тұрақтылығы.
Атмосфералық ластауыш- - заттардың қанға сіңгеннен кейінгі
тардың резорбтивті әсері ұзақ әсері.
Атмосфералық ластауыш- - иісі мен тітіркендіргіш әсері бар зат-
тардың рефлекторлы әсері тардың қысқа уақыт аралығында әсер етуі.
Желдің розасы - осы аудан бойынша желдің тәртібін (румба бойынша қайталануын) сипаттайтын диаграмма.
«түтіндену розасы - атмосфералық ауаның ластауыш көзі-нің орналасуын сипаттайтынтын, желдің розасына ұқсас диаграмма.
С
Атмосфераның өзін-өзі - атмосфераның ластауыштардан табиғи
тазартуы жолмен жауын-шашындар арқылы то-
лық және жартылай тазартылуы.
Суаттар суының - табиғи биологиялық және физико-хи-
өзін-өзі тазартуы миялық үрдістер, органикалық және жартылай органикалық емес заттардың трансформациясы әсерінен судың тазалануы.
Жер қыртысының - жер қыртысының ететін миграция
өзін-өзі тазартуы үрдісі арқылы ластауыштарының кон-центрациясын азайту қабілеті.
Санитария - халықтың денсаулығы мен тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған гигиеналық шаралар.
Санитарлық инспекция - ССРО – да 1960 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қызметке ауыстырылған, мемлекеттік санитарлық бақылау органы.
Санитарлық статистика - халықтың санитарлық жағдайын зерттеу үшін қолданылатын статистикалық тәсілдер жиындығы.
Санитарлық техника - елді мекендерді сумен, канализация, жылыту жүйесі, вентиляция, санитарлық тазартумен қамтамасыз ету үшін қолданылатын техникалық құралдар жиынтығы.
Санитарлық қорғаныс - ластауыш заттардың концентрациясы
зонасы (СҚЗ) гигиеналық нормаларға сәйкес келу үшін, зиянды заттардың атмосферада қауіпсіз таралуын қамтамасыз ететін өндіріс мекемесі мен халық тұратын ауданға дейінгі территория.
Халықтың санитарлық - халықтың денсаулығының жағдайын
жағдайы сипаттайтын комплексті көрсеткіштер: туушылық, өлімшілік, өмір сүру ұзақтығы, аурушылық, мүгедектік, физикалық даму.
Жер қыртысының - адам мен жануарлардың денсаулығына
санитарлық жағдайы әсерін тигізетін жер қыртысының фи-зико-химиялық және биологиялық қажеттерінің жиынтығы.
Күнделікті санитарлық - санитарлық заңдармен бекітілген
бақылау санитарлық талаптардың орындалуын бақылау үшін жүргізілетін жүйелі бақылау.
Сақтық санитарлық - жаңадан ғимараттарды, қондырғы-
бақылау ларды, технологиялық үрдістерді және т.б. жобалау мен құрылыс жүргізу кезінде санитарлы-гигиеналық ережелер мен нормаларды орындау үшін жүргізілетін шаралар.
Санитарлық өткізгіш - халыққа санитарлық тазарту, киім-кешектеріне дезинфекция, дезинсекция жүргізу үшін арнайы жасалған бөлме.
Су нысандарының тәртібі - су нысандарында биохимиялық және кей жағдайда химиялық өзгерулер мен судағы экожүйенің өмір сүруіне байланысты органикалық ластауыштардың табиғи өзін-өзі тазарту үрдістерінің жиынтығы.
СанПиН (СанЕмН) - санитарлық ережелер мен нормалар.
Селитебтік территория - Қаланың тұрғын және қоғамдық құрылыстар, көшелер, аудандар орналасқан бөлігі.
Септик - ағын судың аз мөлшерін (25куб.м) тау дейінгі тазартуға арналған қондырғы. Ағын су баяу ағып өтетін бір немесе бірнеше камерадан тұратын горизонталды түрдегі тұндырғыш тұнбасы шіріген иіс шығарып ашиды.
Скруббер - шашыраған сұйықтан өткізу арқылы газ қоспасын қатты және қосындылардан тазарту үшін қолданылатын қондырғы.
Смог - күн сәулесінің әсерінен жүретін фотохимиялық реакциялардан пайда болатын, атмосфераның интенсивті ластануындағы газдар мен қатты қоспалардың тұманмен қосындысы.
Атмосферадағы қоспа- - 24 сағат ішінде үздіксіз немесе біркел-
лардың орташа тәуліктік кі уақыт аралықтарында, тәулігіне кем
концентрациясы дегенде 4 рет алынатын орташа тәулік-тік сынамада анықталған қоспаның концентрациясы.
Суперхлорлау - қауіпті эпидемиологиялық жағдайда және судың хлормен контактілеу уақытын жеткілікті ұстау мүмкін болмағанда ішер суды хлордың артық дозасымен хлорлау.
Т
Температуралық - атмосферада ауа тмпературасының
стратификация вертикалды таралуы.
Тератоген - организмге әйелдің аяғы ауыр кезінде әсер еткенде әртүрлі тума аурулар мен болашақ ұрпақтың дұрыс дамуына зиянды әсерін тигізетін зат.
Термалды су - ыстық немесе жылы су көздерінің суы.
Термофильді ашыту - термофильді микроорганизмдердің пайда болуына әсер ететін 45-60С тмпературада әсер ететін аэробты ашыту процессі.
Тетраэтиловинец - бензинге антидентонатор ретінде қосылатын қосынды. Ұлылығы жоғары, қоршаған ортаның қорғасынмен ластануына әсер етеді.
Токсикометрия - химиялық қосындылардың ұлылығына сандық баға беру үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Трансформация - қоршаған ортадағы химиялық заттар-дың химиялық, физикалық, биологиялық факторлардың әсерінен өзгеруі.
Тұман - көрінілуі 1 км-ден аспайтын ауадағы су бөлшектерінің суспензиясы.
Турбуленттік - ауа массасының тұрақты және тұрақ-сыз өзгеруі арқылы ауаның араласуы.
У
Судың көмірленуі - қажетсіз иіспен дәмін кетіру үшін суға шаңын қосу.
Суды жұмсарту - судағы кальций мен магнийдің катиондарын толық немесе жартылай жою.
Уров ауруы (Кашина Бека)- биогеохимиялық провенцияларда кальцийдің жетіспеуінен және стронцийдің артық болуынан пайда болатын эпидемиялық остеоартрит.
Ф
Суды сүзу - майда кедекті материалдан өткізу арқылы суды өлшенген бөлшекті заттардан арылтуға арналған техникалық процесс.
Сүзгіш құдықтар - су өткізбейтін және баяу сүзілетін жерлерде ағын суларды жер асты сүзу үшін қолданылатын қондырғы.
Сүзгіш траншеялар - су өткізбейтін және баяу сүзілетін жер-
(құмды-тасты сүзгілер) лерде суларды жер астында сүзу үшін қолданылатын қондырғы. Құм мен тастың қабатындағы суды шашырататын және дренажды құбырлардан тұрады.
Баяу сүзгілер - тазарту тиімділігі жоғары, бірақ өнім-ділігі толық (0,1-0,3 м/сағ.) ішер судың қабықшалы сүзу қондырғысы.
Жең тәрізді сүзгі - шаңдалған технологиялық газдарды тазарту үшін қолданылатын матадан жасалған сүзгі.
Электрлі сүзгі - жоғары кернеумен электр аймағында шаң бөлшектерін иондап, өндірістік газдарды шаңнан тазартуға арналған қондырғы.
Флокулянттар - ішер судағы қоспалардың коагуляция үрдісін үдететін зат.
Флотация - судағы дисперсті және коллоидты қоспалардың ауадағы ұсақ көпіршіктермен жабысып, жүзіп жүретін флотациялық көбік түзуі.
Фторатор - тіс кариесінің алдын-алу үшін ішер суды фторлауға арналған қондырғы.
Х
Қалдық хлор - суға енгізілген хлор мен судың хлор сіңіргіштігі арасындағы айырмашылық.
Хлораторлар - хлорлы суды дайындауға және мөлшерлеуге арналған аспаптар.
Хлорлау - суға хлордың әртүрлі қосылыстарын енгізу арқылы ішер суды злаласыздандырудың ең көп тараған түрі.
Хлор сіңіргіштік - ішер суды залалсыздандырғандағы судың химиялық құрамына байланысты хлорды сіңіру деңгейі.
Ц
Циклон 1. - өндірістік газдарды шаң бөлшектерінен механикалық тазартуға арналған қондырғы. Ұсақ дисперсті шаңдар үшін тиімділігі төмен.
2. күшті атмосфералық қысым аймағындағы күшті жел.
Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 913 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Имена собственные и производные от них | | | Вадим Руднев |