Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ішті перкуссиялау

Перкуссия тәсілі негізінен ішке жиналған сұйықтықты, бауыр, талақ, т.б. ағзаларының көлемін, жайғасқан орнын анықтауға қолданылады. Ішті саусақпен тықылдатыпперкуссиялағанда, әдетте, дабылды дыбыс естіледі; ол ішек тұсындағыдан қаттырақ. Ішіне сұйықтық жиналған науқасты шалқасынан жатқызып перкуссиялағанда, сұйықтық фланкалар аймағына жайылып, екі бүйірден қатаң дыбыс, ал ауалы ішек іштің алдыңғы жақ ортаңғы бөлігіне ығысатындықтан, ол жерден дабылды дыбыс шығады. Науқасты бір қырына жатқызса немесе оны тұрғызса, онда дабылды дыбыстың шығатын орны да ауысады. Іштегі сұйықтықты флюктуация (шайқалту) тәсілімен де анықтауға болады. Ол үшін сол қолдың алақанын іштің оң жағына төсеп, іштік сол жағын оң қолдың саусақтарымен еппен нұқып қалғанда, бұрын қатаң дыбыс шыққан жерден сол қолдың алақанына ішке жиналған сұйықтықтың шайқалғанын сезеді.

Яновский тәсілімен, яғни сұқ немесе ортаңғы саусақтары бірінің үстінен бірін сырғыта, сыңар саусақпентықылдытып, іштің ауыратын аймақтарын анықтауға болады.

Бауырды перкуссиялау. Бауырды пальпацияламай тұрып, перкуссиялап оның шегін анықтап алған жөн. Онда бауырдың көлемі ғана айқындалмай, пальпацияны қай жерден бастау керектігі де алдын ала белгілі болады. Бауыр тұсының дыбысы қатаң. Бірақ оның үстіңгі жағын шамалап өкпе жауып тұратындықтын, ол жақ шетіне екі шекара қатаң және қатаңдау дыбысты шекара –анықталады. әдетте, бауырдың тек қана қатаң дыбысы, жоғары және төменгі шекаралары анықталады.

Бауырды перкуссиялағанда науқас жатуы керек. Қалақша-саусақ ізделетін шекараға параллель қойылады. Перкуссия ақырын тықылымен, бауырдың қатаң дыбысы шыққанша жасалады. Жоғарғы жақ шекара анықталғанда нүкте қалақша-саусақтың ашық дыбысы, үстіңгі жағына, ал төменгі шекараны тапқанда- астыңғы жағына қойылады.

Жоғарғы шекараны өкпенің төменгі шекарасын анықтағанда пайдаланылатын барлық шартты сызықтарды қуалай іздеуге болады. Дегенімен, ол төссүйегі маңы сызығы, бұғана орта сызығы және алдыңғы қолтық сызығы арқылы ғана перкуссияланады.

Бауырдың шекарасын анықтауға курлов тәсілі де қолданылады. Бұғана орта сызығы бойымен бауырдың қатаң дыбысты жоғарғы шекарасы оның төменгі шекарасы анықталады. Алдыңғы орта сызықпен бауырдың үстіңгі шекарасын аныұтау мүмкін емес, өйткені бұл жерде орта сызығымен анықталған нүктені, алдыңғы орта сызығында оған деңгейлес жердегі шартты нүкте арқылы көлденең сызықпен қосса, сол жер алдыңғы орта сызықтағы бауырдың қатаң дыбысты жоғарғы шекарасы болғаны.

Содан кейін сол жақ қабырға доғасын қуалай тықылдатып бауырдың төменгі шекарасы ізделінеді. Ол үшін қалақша-саусақты қолтықтың алдыңғы сызығынан ішкерірек, қабырға доғасына перпендикуляр бағытта қойып тықылдатып, қатаң дыбыс естілген жерге нүкте қойылады. Бұл – сол жақ қабырғ аймағындағы бауырдың шекарасы. Қалыпты жағдайда бауырдың қатаң дыбысты аймағының биіктігі: бұғана орта сызығы бойымен -9-10 см-ге, алдыңғы орта сызықпен -8-9 см-ге, ал қабырға доғасында -6-7 см-ге тең.

Бауырдың үстіңгі және астыңғы шекарасы ол қабынып, ұлғайғанда өзгереді. Сау адамның жалпы тұлғасының ерекшеліктеріне байланысты немесе эмфизема, пневмоторакс, энероптоз ауруларының диафрагма төмен жайғасса, бауырдың төменгі шекарасы да төмендейді. Метеоризмнен, асциттен, т.б. себептерден диафрагма жоғарылағанда, бауырдың жоғарғы шекарасы көтеріледі. Бауырдың көлемі кішірейсе де (мысалы, цирроздың соңғы сатысында), оның төменгі шекарасы жоғарылайды. Ісік, мерез немесе эхинококкоз жайлағанда бауыр қатайып қыры кедір-бұдырланады.

Талақты перкуссиялау тәсілі, оның мөлшерін анықтауға қолданылады. Тықыл ақырын жасалуға тиісті. Зерттегенде науқас қолдарын көтеріп, түрегеп тұрады. Немесе оның қолын басына жастап, сол қолын шынтағынан бүгіп, кеудесіне қойып, оң аяғын созып, ал сол аяғын тізе және ұршық буындарынан бүгіп, оң жақ қырына жатады.

Талақтың алдыңғы шегін табу үшін қалақша-саусақты кіндіктің сол жағына қойып, Х қабырғаға қарай, қатаң дыбыс шыққанша тықылдатып, саусақтың ашық дыбысты жағына нүкте қойылады.

Артқы шекті анықтағанда қалақша- саусақ жауырын сызығы мен қолтықтың артқы сызығы аралығына, Х қабырғаға перпендикуляр бағытта қойылып, қатаң дыбысқа дейін тықылдатылады.

Талақтың үстіңгі шегі қолтық ортасы сызығы бойымен ҮІ-ҮІІ қабырға аралықтан төмен қарай, қатаң дыбысқа дейін, ал төменгі шек сол сызықтың бойымен талақтың төменгі жағындағы дабылды дыбысты жерден қатаң дыбысқа дейін ақырын тықылдатады.

Анықталған жоғарғы және төменгі нұктелердің арасы талақтың 4-6 см-ге тең болса, алдыңғы және арт жақтағы нүктелер оның ұзындығы көрсетіп, әдетте 6-8 см-дей болады.

Талақ бірсыпыра сырқаттарда өте ұлғаюы немесе онда некроз ошақтары қалыптасып, қабығы қабынғанда оның тұсынан үйкеліс шуы естілуі мүмкін.

 

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 267 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ішті пальпациялау| Выполняемые задачи и возможности

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)