Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Новгород қаласындағы Қасиетті София Соборы

Читайте также:
  1. Вайшнавская философия.
  2. Великий Новгород
  3. Великий Новгород – 2011г.
  4. Взаимоотношения городской Думы города Нижнего Новгорода, главы города Нижнего Новгорода, администрации города Нижнего Новгорода
  5. Виртуальная философия
  6. Вопрос 1. Философия как разновидность мировоззрения
  7. Вопрос 10. Древнеиндийская философия

(1045-1052 жж.)

Құрылыстың басталуы - 1045 жыл. Бұл Ярославтың ұлы Владимирмен басталған. Новгород қаласындағы Қасиетті София Соборына – Ежелгі орыс мемлекетінде екінші орында тұрған қала есебінде қарауға болады. Бұны мемлекеттікті нығайту саясатының жалғасы ретінде және ұлы князьдің абыройын нығайту деп қарастыруға болады.

Новгород қаласын Софиясының жоспары көп жерде Киев қаласындағы Софияның жоспарына ұқсас. Бұл да кең галереясы бар бес бағанды крест күмбезді шіркеу. Бірақ бұл жоспар иерархияның қағидасына бағынып, жеңілдетілген. Соборда бір галерея мен хорға апаратын бір мұнара-баспалдақ бар. Бес апсидтің орнына мұнда екеу. Кресттің салалары Киевтегідей үш тармақты емес екі тармақты аркада болып бітеді. Әрі Новгород Софиясы он үш емес, тек бес баспен біткен. Бұл ерекше көрнекті болып келеді. Өйткені ежелгі жазуға сай оның алдындағы ағаш бастарында он үш төбе болған. Новгород Софиясының негізгі көлемі Киев Софиясындағыдай жеке ұяшалардың механикалық бірігуіндей емес біртұтас болып көрінеді. Біртұтас болып көрінуіне бастарының ықшамды болып келуі де әсер етеді. Контрфорсқа ұқсайтын шошайған қалақшалырмен ажыратылған қабырғаларының үлкен жалпақтығы, әрленбеген кішкентай өтетін аралықтар, галереялардың бітеулігі – ғимаратқа ерекше ірілік үстейді, оның ерекше мықты екендігін әсірелейді. Бұл кездейсоқтық емес: тастардағы архитектура халық әндеріндегідей халықтың эстетикалық мұратын көрсетеді. Новгород қаласының сәулеті оның шежіресіндегідей жинақы, ашық түсті бояулары бар Икона жазуларындағыдай мәнерлі.

Новгород қаласындағы Киелі София тас соборы ертеден бері тұрған еменнен жасалған храмның орнына салынды. Қалау беті дөрекілеу жергілікті тастан жасалды, сондықтан бірден сырты сыланып әктеліп тасталды.

Собор пішінінің монументтілігімен және композициясының ірілігімен ерекшеленеді. Қабырғалары мен жиынтықтары фрескалармен әрленген. Батыс жақтағы кіреберісі ақ түсті фасад бетінің қасында көркемділігімен ерекшеленетін кең фрескалық панномен безендірілген.

Новгородтық Киелі София соборының қасында Срфия звонницасы орналасқан. Басқаларға қарағанда Новгород княздығының звонницалары оқшау салынған.

Кейіннен барлық звонницаларды қатарлап салып және жабық өткелдермен біріктірген.

Новгородтық архитектура мектебі қаталдау әрі ұстамдырақ болған. Византиялық дәстүрден онда тек крест-күмбезді жүйесі, жергілікті әдістегі кескіндеме және фрески сақталған.

Киев пен Новгород қалаларындағы Киелі София соборлары өз заманының сындарлы және көркем негізгі жетістіктерін топтады. Сондығымен орыс сәулет өнерінің дамуындағы басты бағытын анықтады.


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 667 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Архитектура периода создания централизованного Русского государства XV - начала XVIII вв. | Превращение Москвы в столицу и реконструкция Кремля | Работы по перестройке Кремля начинаются с 70-х годов XV века. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
V. Переведите следующие предложения.| XIV – ғ.және XV ғасырдың басындағы Мәскеу княздығының архитектурасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)