|
Оқу жылындағы ЖТД бағытында дайындау үшін 6 курс интерндерінің Қорытынды бақылауға арналған медициналық симуляцияның сценариі
(2 этап – клиникалық дағдыларды бағалау)
Клиникалық есеп: «Жанұялық амбулатория жағдайында метаболикалық синдроммен сырқаттанған балалардың диагностикалау және жүргізу тактикасы». (ұзақтығы 15 мин)
Жағдай: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Мектентегі профилактикалық қарауында - 14 жастағы бала.
Ø Анамнез жинаңыз және науқасты қарап-тексеріңіз
Ø Лабораторлық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдаңыз.
Ø Диагноз қойыңыз
Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Ақырғы нәтиже (outcomes):
Ø Сұрастыру және науқасты қарап-тексеру
Ø Қарап тексеру және болжама диагнозды қою
Ø Эндокринді жүйенің патологиямен балаға тексеру жоспарын тағайындау
Ø Балалардағы метаболикалық синдромының клиникалық белгілерін анықтау.
Ø Бойы, салмағы, бел және саң айналысы өлшеу, дене салмағының индексті саңау, гликемиялық профилді интерпретациясы (стандарттық глюкозотолерантнтық тест), қандағы иммунореактивтік инсулиннің анықтау (ИРИ), қанның биохим/анализі (холестерин, триглицеридтер, липид спектрі)
Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.
«Жанұялық амбулатория жағдайында метаболикалық синдроммен сырқаттанған балалардың диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша
бағалау парағы (check-list)
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Балмен бағалау | ||
Дұрыс орындады | Дұрыс орындамады | Орындамады | ||
Шағымдарын және анамнезін (толық, дұрыс, детальді) жинау. | 2,0 | 1,0 | ||
Физикалық тексеру: тексеруді дұрыс жүргізу, дене салмағының индексін санау, абдоминальды тип бойынша семіздікті бағалау (БА/СА) | 2,0 | 1,0 | ||
Болжамалы диагнозды дұрыс құрастыру | 2,0 | 1,0 | ||
Зерттеу жоспарын тағайындау | 2,0 | 1,0 | ||
СГТТ көрсеткішін, ИРИ деңгейін, б/х қан көрсеткішін, бүйір проекциядағы бассүйек рентгенографиясын талдау | 2,0 | 1,0 | ||
Баланың метаболитикалық синдром критериін, оның түрін анықтау | 2,0 | 1,0 | ||
Қорытынды диагнозды (шағымдарымен, объективті тексерумен, анамнез мәліметтерімен, клиникасымен және қосымша тексеру әдістерімен) дәлелдеу | 2,0 | 1,0 | ||
Тамақтану, физикалық белсендіру бойынша кеңес беру | 2,0 | 1,0 | ||
Емдеу жоспарын анықтау | 2,0 | 1,0 | ||
Науқаспен қарым-қатынас орнату. Медициналық манипуляция орындау кезінде толық өзін ұстау және сенімді көрсету. | 2,0 | 1,0 | ||
ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ |
Максимальді балл - 20
Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:
Шағымдары: артық салмақ, салмақ қосылуының күшейуі, тәбетінің жоғарлауы, шөлдеуі, жалпы әлсіздік.
Сұрақтың мәні | Актер үшін сұрақ құрастыру | Актердің жауабы |
Аурудың басталған уақыты | Тәбетіңнің жоғарлауы күнделікті ма? Қандай тағамды жегенді ұнатасыз? Қашаннан бері салмақ қоса бастадыңыз? Үй ішінде кімнің артық салмағы бар? Отбасыңда қант диабетімен ауратын адам бар ма? Қашаннан бері шөдеу, жалпы әлсіздік пайда болды? Қандай сұйықтықты көп ішкенді қалайсыз? Бос уақытыңызды қалай өткізесіз? | Бұрын тағамды қалыпты қабылдағанмын, кейінгі уақытта күнде қарным ашады. Бәліш, палау, манты, самса, тәтті торт және пироженный ұнайды. Соңғы 1 жылда бірден салмақ қоса бастадым. Ия, анамда, әжемде. Анамның әжесі. Соңғы 3-4 айда қатты мазалай бастады. Тәтті шәй, морс, тәтті су. Компьютер алдында отырамын, телевизор көремін, ұйықтаймын. |
Клиникалық көріністері | Бас ауруы мазалай ма? Артериальды қан қысымды бұрын өлшедіңіз бе? Ол қанша болды? Қашан іште және санда сызықтар пайда болды? | Ондай қатты мазаламайды Мектепте өлшеген, 135/80 мм.сын.б.б. болған 13 жаста |
Терапевтін тактикасы | Бұрын емдәмді ұстадыңыз ба? Жақсару болды ма? | Маған бұл туралы айтпады |
Анамнезінде: соңғы 1 жылда салмағының артуы тәбетінің жоғарлауына байланысты күшейді, бойының тез өсуі байқалды. Семіздік бойынша тұқым қуалауы, анасы бойынша қант диабеті.
Объективті: бойы 169 см, салмағы 95 кг. Эндогендік гиперкортицизм белгілері: қалыпты тері қатпарларында гиперпигментация, тері асты-май қабаттарының абдоминальды тегіс орналасуы (БА – 112 см; СА – 110 см), іштің төменгі жағында және сандағы стриялар, иық терісінің және санның фолликулиті, «климактериялық» бүкір, жалған гинекомастия. Тыныс алу жүйесінде патология жоқ, жүрек тондары тұйықталған, ЖЖЖ минутына 92 рет. АҚҚ 145/80 мм сын. бағ. Нәжісі тұрақты, зәр шығаруы еркін ауру сезімінсіз. Қалқанша безі ұлғаймаған, консистенциясы жұмсақ, эластикалық. Жыныстық жетілуі: Ах3, Р3, пубертат.
Зерттеу жоспары:
1.
Қандағы иммунореактивті инсулин деңгейі | 87,5 ЕД/мл (қалыпты жағдайда 2,2 – 22,5) |
Ашқарынға капиллярлы қандағы гликемия | 6,2 ммоль/л |
2. СГТТ қорытындысы (стандартты глюкозаға толерантты тест):
Уақыт, сағат | Нәтижелер |
аш қарынға | 5,9 ммоль/л |
2 сағаттан соң | 8,2 ммоль\л |
3. ҚАННЫҢ БИОХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗІ:
Көрсеткіштер | Нәтижелер |
жалпы белок, ммоль/л | 70,7 |
Глюкоза, ммоль/л | 5,9 |
Билирубин жалпы, ммоль/л | 20, |
Тура билирубин, мколь/л | 0,5 |
Жалпы холестерин, ммоль/л | 8,5 |
мочевина, ммоль/л | 5,2 |
креатинин, ммоль/л | |
АСТ, мкмоль/л | |
АЛТ, мкмоль/л | |
Триглицериды, ммоль/л | 4,2 |
ТТЛП, ммоль/л | 7,2 |
ЖТЛП, ммоль/л | 0,3 |
С-реактивті ақуыз | 5 ед |
4. БҮЙІР ПРОЕКЦИЯДАҒЫ БАССҮЙЕК РЕНТГЕНОГРАФИЯСЫ: бастың сүйегі және свод дұрыс қалыптасқан, түрік ертоқымының аумағы өзгеріссіз, кіру аумағы кеңеймеген. «Саусақпен басу» симптомы жоқ.
Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
возглавлял военную группу по подавлению восстания | | | Клиникалық есеп бойынша жауап эталоны |