Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық ғылымның қазіргі кездегі мектептері мен бағыттары

Читайте также:
  1. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  2. Азіргі кездегі ипотекалық несиелендірудің мәселелері мен даму перспективалары
  3. Еңбекпен қамту және АД – әлеуметтік-экономикалық құндылықтардың қақтығысы
  4. ІІІ. Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің қалыптасуы және қазіргі кездегі жағдайы
  5. Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары
  6. Табиғи ресурстердің тапшылығымен байланысты халықаралық экономикалық қатынастар
  7. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi

Экономикалық тарих салыстырмалы түрде бертін шыққан ғылым. Ол XIX ғасырлардың ортасында саяси экономикадан бөлініп шықты.

Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы – меркантилизм мектебі. Олар қоғамдық байлықтың негізігі нысаны – ақша, алтын, ал оның пайда болу көзі сауда деп білді. Негізін салушы Антуан де Монкретьен болды.

Меркантилистік мектептін осы кемшілігін физиократтар сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлықтың көзі өндірісте, соның ішінде ол тек ғана ауыл шаруашылығында жасалады. Мектептің негізгі қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго.

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой – пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық саяси экономияның негізін қалаушы Адам Смитт, Вильям Петти және Давид Рикардо.

Еңбек – құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан – жақты талдады. Марксизм бағыты XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Оның негізін салушы Карл Маркс болып табылады. Маркстік саяси экономия-еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория.

XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында қалыптасқан экономикалық мектептердің бірі – маржинализм. Бұл бағыт бойынша кез келген өнімнің құндылығы адам тұтынуын қанағаттандыру дәрежесіне байланысты анықталады. Оның қарастырған негізгі мәселесі: шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективті - психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Осы мектеп өкілдері: К. Менгер, У.Джевонс, Л. Вальрас, Э. Бем – Бамверг, В. Визер.

Экономикалық келесі бір жаңа бағыты – неоклассикалық бағыт, негізін қалаушысы А. Маршалл. Оның басты еңбегі «Экономика ғылымының қағидалары» 1890 жылы жарық көрді. Бұл бағыт классикалық мектептің түп тамырынан таралады. Нарық пен бәсекелестік туралы-экономиканың нағыз дамуы мен құрылуының шарты деп қарайды.

Кейнсиандық бағыт, өзінің құрушысы ағылшын экономисті Джон Мейнард Кейнстің құрметіне аталған. Кейнсиандық бағыт-қазіргі кезде де мемлекеттің қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасына деген сұранысты арттырып не кеміту арқылы нарықтық экономиканы қалыпқа келтіру болып табылады.

Ал келесі институттік-әлеуметтік бағыттың негізін салушы Тростейн Веблен болып табылады. Бұл бағыт негізінен шаруашылық өмір проблемаларын шешуді қолдайды. Осы бағытпен бірге меншік құқығы, қоғамдық таңдау, неоиндустриялық қоғам және глобалистика теориялары пайда болған.

 

 

57.Энергетикалық (қуат) мәселелері мен халықаралық экономикалық қатынастар. Жаһандық бәсекелестік «ушығып», елдер мен өңірлердің әрекеттестігі күшейген жағдайдағы халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесінің тұрақтылығы кемшін болып шықты, сол себепті де ол ұлғайып келе жатқан жаһандық және өңірлік сипаттағы қатерлерге мейілінше әлсіз. Халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің байырғы және кейінгі үнқатуларына тиімді жауап беру үшін жаңа жүзжылдықта жаһандық энергетикалық теңгерімді қамтамасыз етудің маңызы еселеп ұлғайды. Энергоресурстар барлық мемлекеттер үшін өмір сүру деңгейін жақсарту мен мүмкіндіктерді кеңейтуде аса маңызды мәнге ие. Сондықтан, нарықтық экономиканың іргелі қағидаларына сүйенген баға бойынша тиімді, сенімді және экологиялық қауіпсіз энергетикалық қамтылу ету тұтастай әлемдік қауымдастық үшін ең маңызды үнқатулардың бірі ретінде мойындалады.Энергетикалық қауіпсіздік проблематикасы «G8» елдерінің Санкт-Петербургте өткен былтырғы саммитінде басты тақырып болуы және биылғы саммит барысында жалғасын табуы жәйдан жәй емес. Хайлигендаммда қабылданған «сегіздік» лидерлерінің Декларациясында атап көрсетілгеніндей, «энергетикалық қауіпсіздікті шешу рыноктардың ашықтығы, энерготиімділікті арттыру, энергия көздерін әртараптандыру, жаңа технологиялар әзірлеп енгізу секіді салаларды қоса алғанда, бірнеше салаларда айрықша халықаралық ынтымақтастықты қажет етеді». Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың С-Петербургтегі «G8» саммитіне шақырылуы біздің еліміздің халықаралық энергетикалық диалогтағы ұлғайып келе жатқан рөлін мойындау болды.

Энергетикалық құрамдауыш жаһандық геосаяси бөліністе барған сайын салмақты дәйекке айналып келеді. Бұл саладағы ушығуға жол бермеу мақсатында жалпыға бірдей және үйлестірілген халықаралық қадамдар аясында тұрақтылық пен қауіпсіздікке ұмтылу керек.
Соңғы кездері энергетикалық қауіпсіздік ұғымын қолданудағы акценттің белгілі бір ауысымын да байқауға болады. Егер, бұрын энергетикалық қауіпсіздік ұғымы аясында тек негізгі тұтынушыларды көмірсутек ресурстарымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі ұғылса, қазір ол айтарлықтай кеңейіп, өндіруді, тасымалдау мен халықаралық рыноктарда сатуды да қамиды. Сәйкесінше, жеткізуші елдер ғана емес, транзиттік мемлекеттер мен тұтынушылар, сондай-ақ трансұлттық энергетикалық корпорациялар да, яғни энергетикалық өрімнің барлық буындары бірдей ортақ жауапкершілік жүгін арқалауы тиіс.

Қазақстан, болашақта маңызы қалтқысыз өсетін, энергетикалық ресурстарды экспорттайтын тұрақты дамушы елдердің бірі ретінде әлемдік рынокқа көмірсутегін жеткізу саласындағы өз жауапкершілігін толық мәнінде сезінеді.

Энергетикалық қауіпсіздік халықаралық тұрақтылықтың шешуші факторы ретінде Қазақстанның маңызды саяси-экономикалық басымдықтарының бірі болып табылады. Біздің еліміз жаһандық энергетикалық ынфрақұрылымның маңызды элементі болып табылады, сол себепті Қазақстанның сыртқы саясатының айтарлықтай құрамдауышы отандық көмірсутек шикізаты экспортының тұрақты және қауіпсіз бағыттарын қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған.

Біздің энергетикалық стратегиямыздың өзегінде экономикалық негізділік және энергетиканың қоршаған ортаға техногендік әсерін мейілінше азайту қағидасы жатыр. Біз бұдан әрі де көмірсутектерді әлемдік рынокқа тасымалдау бағыттарын әртараптандыру және құбыр желісі жүйесінің барынша тиімді қызмету етуін қамтамасыз етуді ұстанатын боламыз.

Халықаралық энергетикалық қауіпсіздік кепілдігі тұтыншуылар мен ресурстарды жеткізушілердің мүдделерінің тоғысында ғана емес, сондай-ақ жаһандық геосаяси ойыншылар мен трансұлттық энергетикалық корпорациялардың қадамдарын үйлестіру ісінде де жатыр.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 229 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)