Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Клиникалық эндодонтия» пәні бойынша дәрістердің тақырыптық жоспары

Читайте также:
  1. G2 критерийі бойынша бірнеше дисперсиялардың біртектілігін бағалау.
  2. арналған жеке күнтізбелік-тақырыптық жоспары
  3. ашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
  4. Банктегі талдау және қаржылық есеп» пәні бойынша семестраралық тапсырмалар.
  5. В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация
  6. В072800 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» (салалар бойынша) мамандығының академиялық күнтүзбесі
  7. ДӘРІСТЕРДІҢ 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ

ОТЖ жөніндегі проректор

Тулебаев К.А. «______»_______________2015 ж.

Кафедра терапиялық стоматология

Пән – клиникалық эндодонтия

Мамандығы -051302 «Стоматология»

«КЛИНИКАЛЫҚ ЭНДОДОНТИЯ»

ПӘНІ БОЙЫНША

ЖҰМЫСШЫ БАҒДАРЛАМА

Оқу сағаттар көлемі (кредиттер) – 180 академиялық сағат (4 кредит)

Дәрістер – 10 сағат

Тәжірибелік сағаттар – 50 сағат

СОӨЖ -60 сағат.

СӨЖ – 60 сағат.

Курс -4

Семестр –7- 8

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2015

Жұмысшы бағдарлама ҚазҰМУ терапиялық стоматология отырысында талқыланды «______»_______________2015 ж., хаттама № _______

 

 

Каф.жетекшісі

м.ғ.д., профессор_________________Баяхметова А.А.

 

ҚазҰМУ стоматология факультетінің білім бағдарламасының Комитетінің отырысында талқыланды «_____» ______________2015 ж., хаттама №____________

 

 

Төрағасы м.ғ.к., __________________ Абдикаримов С.Ж.

 

 

ҚҰМУ Методикалық Кеңесінің отырысында талқыланды

Хаттама №___ «_______»_____________________2015 ж.

 

Төрағасы м.ғ.д., профессор ____________________Тулебаев К.А.

 

2. Бағдарлама:

Кіріспе

Клиникалық эндодонтия бөлімі стоматологиялық бағыт бойынша маман даярлауда алдыңғы қатарлы оқу пәні болып табылады.

Бұл стоматология мамандығы бойынша білім берудегі оң әсерді туындататын бөлім, ол дәрігер-стоматолог қызметінің негізгі жетістігі болып табылады.

Пән болашақ мамандарды эндодонтия, асқынған тісжегінің этиологиясы, патогенезі, диагностикасы, салыстырмалы диагностика және еміне байланысты сұрақтарға бағытталған.

Клиникалық эндодонтия бөлімінің сұрақтары стоматологияда қолданбалы мағынаға ие. Бағдарламаның негізін құрайтын бөлімдер тізімі теориялық және де тәжірибелік бағыттарға негізделген.

Бағдарламаның құрылымы болып клиникалық эндодонтия бөліміне байланысты негізгі түсініктер мен білімдерді дәйекті баяндау, сонымен қатар студенттердің икемділігі және ептілігін әрдайым жетілдіру болып табылады.

Пән болашақ мамандарды ұлпа қабынуы, периодонт қабынуының этиологиясы, патогенезі, диагностикасы, салыстырмалы диагностика және еміне байланысты сұрақтарға бағытталған.

2.2 Пән мақсаты:

Студенттерге асқынған тісжегінің клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы және эндодонтиялық емі бойынша білімін, икемділігін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, халыққа мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз ету сұрақтарын шеше алатын дәрігер-стоматологты даярлау.

 

2.3 Оқыту тапсырмалары:

- дәрігер-стоматологты даярлауда эндодонтия курсының мағынасы туралы түсінікті қалыптастыру;

- эндодонтияға арналған жабдықтар, құралдар туралы түсінік беру, эндодонтиялық ем кезеңіндегі қауыпсіздік техникасымен таныстыру;

- тіс қуысының құрылысының жалпы заңдылықтары және әртүрлі анатомиялық топтардағы эндодонтиялық тістердің анатомо-топографиялық ерекшеліктерін оқып білу;

- әртүрлі анатомиялық топтағы тістерде біріншілік эндодонтиялық жолды қалыптастыру техникасын көрсетіп шығу;

- эндодонтиялық ем қағидасы, кезеңдері және техникасы туралы түсінік беру.

- ұлпа қабынуы, периодонт қабынуының этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, алдын алу қағидалары мен емі және мүшелер мен ағза жүйесіне ықпал етуі туралы білімін қалыптастыру.

- ұлпа қабынуы, периодонт қабынуының диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, ем тактикасын таңдай білу білімін қалыптастыру.

- ұлпа қабынуы, периодонт қабынуы бар науқастарға терапиялық стоматологиялық көмек көрсете білу кезеңдерінде операциональді және коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.

2.4 Оқытудың түкпіліклі нәтижесі:

Когнитивті компонентті (білімді) қалыптастыру:

-Дәрігер-стоматологты дайындау барысында және балалар жасындағы стоматология және терапиялық стоматологияны оқып білу үшін эндодонтия курсының ролі.

-Эндодонт жайлы, жоғарғы және төменгі жақтағы үлкен азу тістер, кіші азу тістер, сүйір тістер, күрек тістердің тіс қуысы құрылымының сипаттамасы және топографиялық ерекшеліктері туралы түсінік;

-Жоғарғы және төменгі жақтағы күрек, сүйір, кіші азу, үлкен азу тістерде біріншілік эндодонтиялық жолды қалыптастыру ерекшеліктері;

-Терапиялық стоматология кабинетінің жабдықталуы және жарақтандыруы, эндодонтиялық құралдарға қойылатын талаптар мен міндеттер;

-Эндодонтиялық аспаптардың жіктелуі және маркировкасы, эндодонтиялық аспаптарды дайындаудағы технологиялық ерекшеліктері;

-Түбір өзегі сағасын кеңейтуге, түбір өзегінің жұмысшы ұзындығын анықтау, түбір өзегін кеңейту, түбір өзегін пломбылауға арналған эндодонтиялық аспаптар;

-Стерилизация алды өңдеу, эндодонтиялық аспаптарды стерилизициялау және сақтау ережелері;

-Эндодонтиялық тәжірибеде пайдаланатын жабдықтар, эндодонтиялық аспаптар мен жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы;

-Тістің және түбір өзегінің жұмысшы ұзындығы, тістің және түбір өзегінің жұмысшы ұзындығын анықтау тәсілдері жайлы түсінік;

-Түбір өзегін өңдеу әдістері (медикаментозды, аспапты, физикалық, химиялық, физико-химиялық);

- Ұлпа қабынуы, периодонттың қабынуының этиологиясы және патогенезі, және олардың мүшелер мен ағза жүйесіне ықпалы;

-Ұлпа, периодонт қабынуының клиникасы, диагностикасы салыстырмалы диагностикасы алдын алу және емінің әдістері.

Операциональды дағдыларды қалыптастыру:

-біріншілік эндодонтиялық жолды қалыптастыруға қажетті аспаптарды таңдау;

-стоматологиялық қондырғыны, ұштықтар, борларды пайдалана білу;

-тіс қуысын ашу және кеңейту;

-ұлпа мүйізшесін ашып және девитальдаушы қойыртпақты қою;

-тіс қуысын ашу, біріншілік эндодонтиялық жолды қалыптастыру;

-түбір өзектер сағасын кеңейту;

-эндодонтиялық аспаптармен жұмысы;

-ұлпаның ампутациясы мен экстирпациясын жүргізу;

-түбір өзегін ұлпа ыдырандыларынан тазарту;

- түбір өзегін дәрі-дәрмекпен өңдеуді жүргізу;

- Эндолубриканттарды пайдалана отырып түбір өзегінде аспапты өңдеуді жүргізу;

- Қағаз сорбент (пиндар) және мақта турундалары көмегімен түбір өзегін кептіру.

- Пломбылық материалды тиімді таңдау және түбір өзегін пломбылау.

-Ұлпа қабынуы, периодонт қабынуы бар науқастардың диагностикасы, емі және қалпына келу алгоритмін құрастыру.

Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:

- Қарым қатынас үрдісінің тиімділігі үшін алғашқы қатынасты және ұзақмерзімді байланысты қалыптастыру;

- Вербальді және вербальді емес коммуникация арқылы тиімді психоэмоциональді қатынасты қалыптастыру;

- Демеулігін және ортақ әрекеттесуге дайындығын білдіру;

- Көндірмелі сөйлеу;

- Қимыл әрекеттерін түсіндіру;

- Өзінің айқындамасына тиімді дәлелді іздеу;

- Әріптесінің эмоциональді жағдайын түсіну кезінде өзінің эмпатиялық мүмкіндіктерін пайдалану;

- Сендіру тәсілдерін қалыптастыру;

- Коммуникация барысында екпінді сақтау;

- Топтық дискуссии басқару;

- Қарқынды тәртіпте жұмыс жасай білу;

- Жанжалды басқару (келіспеушілікпен жұмыс жасау);

- Шешім қабылдау және осы шешімдердің салдарын талдау;

- Командада жұмыс жасау кезінде қарым-қатынастың негізгі үлгісін меңгеру;

- Мәселені бірлесіп шешу;

- Іскерлік тілдесу;

Құқықтық компетенцияны қалыптастыру:

- Стоматологиялық бөлімшеде немесе кабинетте дәрігер стоматолог терапевттің, мейірбикенің, кіші медицина қызметкерлерінің қызметі барысында қолданылатын нормативті құқықтық және реттеуші құжаттар,

- Атқаратын қызмет міндеттері мен құқықтары, кепіл беру туралы түсініктеме және оны қамтамасыз ету;

- Жекедара, ұжыммен бірлесе шешім қабылдау

Өзін-өзі жетілдіру және дамыту дағдыларын қалыптастыру, соның ішінде:

- әдебиеттермен жұмыс, Internet дереккөзі, электронды дерекқорлар, компьютерлі оқытушы бағдарламасы.

2.5. Пәннің пререквизиттері: бас пен мойын клиникалық анатомиясы, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, фармакология. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы, кариесология және тістердің тісжегі емес зақымданулары

Пәннің постреквизиттері: терапиялық стоматология, хирургиялық стоматология

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны

Тіс қуысының анатомо-топографиялық ерекшеліктері. Тіс қуысын өңдеудің негізгі қағидалары. Тіс қуысын және өзектерді тесу және ашу әдістері. Үстіңгі және астыңғы жақ күрек, сүйір, кіші және үлкен азу тістердің тіс қуысына біріншілік эндодонттық жол жасау. Эндодонттық аспаптар. Тқбір өзектерін өңдеу әдістері. Ұлпа және периодонт қабынуының клиникасы, диагностикасы, және емі.

Клиникалық эндодонтия» пәні бойынша дәрістердің тақырыптық жоспары

№ р/н Дәрістер тақырыбы Жүргізу түрі Дәрістің ұзақтығы акад. сағ.
1. Эндодонт, түсінігі. Әртүрлі тістердің тіс қуысының морфологиялық ерекшеліктері. Біріншілік эндодонтиялық жолды қалыптастыру. Түбір өзегінің жұмысшы ұзындығы, анықтау әдістері. Эндодонтиялық аспаптар. Талаптары, марктровкасы. Жұмыс істеу ерекшеліктері. Эндодонтиялық ем кезеңдері. Дәрістік шолу.  
  Түбір өзектерінің аспапты өңдеу әдістері (Step Back, Crown Down, теңдестірілген күш әдісі). түбір өзектерін аспапты өңдеу сапасының белгісі. Эндодонтиялық жүйе көмегімен түбір өзектерін өңдеу. Көрсетілімді дәріс.  
3. Түбір өзектерін физикалық өңдеу әдістерінің түсінігі. Түбір өзектерін химиялық және физико-химиялық әдістермен өңдеу. Түбір өзегін дәрі-дәрмекпен өңдеу. Жүйесі, талаптары. Дәрі-дәрмекті өңдеуді жүргізу шарттары. Прес конференциялы дәріс  
4. Түбір өзектерін толтыруға арналған материалдар (силерлер). Жіктелуі. Пластикалық қатаймайтын материалдар. Құрамы, қасиеттері. Түбір өзегін уақытша толтыру. Көрсеткіші. Пайдалану әдісі. Көрсетілімді дәріс  
  Түбір өзегін тұрақты толтыруға арналған материалдар. Пластикалық қатаятын материалдар. Құрамы, қасиеттері. Пломбылау техникасы. Гуттаперча. Құрамы, қасиеттері. Гуттаперчаны пайдалану арқылы түбір өзегін толтыру. Термафильді обтурация жүйесі. Пломбылау техникасы. Прес конференциялы дәріс  
6. Ұлпа қабынуының этиологиясы және патогенезі. Жіктелуі. Ұлпа қабынуының патологиялық анатомиясы. Ұлпа қабынуының жедел, созылмалы және өршіген түрлерінің клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы. Жарақаттық, ретроградты, конкрементозды ұлпа қабынуы. Көрсетілімді дәріс  
7. Ұлпа қабынуының емі. Әдістерінің жіктемесі. Ұлпа қабынуының витальді және девитальді емдеу әдістері. Қателіктер мен асқынулар оларды жою және алдын алу. Көрсетілімді дәріс  
8. Периодонт қабынуының этиологиясы және патогенезі. Периодонт қабынуының патологиялық анатомиясы, жіктелуі. Периодонт қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы. Прес конференциялы дәріс  
  Периодонт қабынуының емі. Консервативті терапия. Ем нәтижесі. Тиімділігін бағалау. Көрсетілімді дәріс  
  Периодонт қабынуын емдеу кезіндегі қателіктер мен асқынулар және оларды жою және алдын алу. Көрсетілімді дәріс  
Қорытынды 10 сағат

 

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

 

№ р/н Тәжірибелік сабақтардың тақырыбы Оқу сағатының көлемі.
1. Эндодонтия туралы түсінік. Эндодонт. Тіс қуысының құрылымының жалпы заңдылықтары. Әртүрлі топ тістердің түбір өзектері мен тіс қуысының анатомо-топографиялық ерекшеліктері. Біріншілік эндодонтиялық жолды қалыптастыру.  
2. Эндодонтиялық аспаптар. Жүйелілігі. Тағайындалуы, күтімі, стерилизация, жұмыс істеу ережесі.  
3. Түбір өзектерін өңдеу әдістері. Жүйелілігі. Түбір өзектерін аспапты өңдеу әдістері. (Step Back, Crown Down, теңестірілген күш).  
4. Түбір өзектерін медикаментозды, химиялық, физикалық, физико-химиялық өңдеу және кеңейту әдістері.  
5. Түбір өзектерін уақытша толтыру, көрсеткіші, қарсы көрсеткіші. Түбір өзегін толтыру әдісі.  
6. Түбір өзектерін тұрақты толтыру, көрсеткіші, қарсы көрсеткіші. Түбір өзегін толтыру әдісі.  
7. Аралық бақылау № 1  
8. Ұлпа қабынуын емдеу әдістері. Жіктелуі. Ұлпа қабынуын консервативті емдеу әдістері. Көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, кезеңдері, жүргізу әдістері, қателіктер мен асқынулар.  
9. Ұлпа қабынуы – анықтамасы, жіктелуі. Ұлпа қабынуының жедел түрінің клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.  
10. Ұлпа қабынуының созылмалы түрінің клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.  
11. Ұлпа қабынуының өршіген түрлерінің клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы. Жарақаттық, ретроградты және конкрементозды ұлпа қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.  
12. Ұлпа қабынуын витальді емдеу әдісі. Көрсеткіші, қарсы көрсеткіші, кезеңдері, жүргізу әдістері, қателіктер мен асқынулар.  
13. Ұлпа қабынуын девитальді емдеу әдісі. Көрсеткіші, қарсы көрсеткіші, кезеңдері, жүргізу әдістері, қателіктер мен асқынулар.  
14. Аралық бақылау № 2  
15. Периодонт қабынуы – анықтамасы, жіктелуі. Периодонттың жедел қабынуы уыттану және жалқықты сатысы. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.  
16. Периодонт қабынуының созылмалы түрінің клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.  
17. Периодонт қабынуының өршуінің клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.  
18. Эндодонтияның заманауй әдістерін пайдалана отырып периодонт қабынуының жедел және өршіген түрлерін емдеу. Ем нәтижесі, консервативті терапия шегі. Қателіктер мен асқынулар.  
19. Эндодонтияның заманауй әдістерін пайдалана отырып периодонт қабынуының созылмалы түрін емдеу. Ем нәтижесі, консервативті терапия шегі. Қателіктер мен асқынулар.  
20. Аралық бақылау № 3  
Қорытынды сағат

Консультация уақыты: оқытушының жеке консультация кестесіне сай.

Рубежді бақылау уақыты: 7, 14 және 20 сабақтар.

Қорытынды бақылау уақыты: ОП и КУП кестесіне сай емтихан.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 880 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)