Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р түрлі төлем жүйелерін ұйымдастырудың салыстырмалы сипаттамасы

Читайте также:
  1. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  2. азақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығы даму бағытының сипаттамасы
  3. Азақстан Республикасының өсімдіктер мен жануарлар биоалуантүрлілігі
  4. Биліктің легитимді типтері:дәстүрлі,харизматикалық және ұтымды жариялы.
  5. Дамудың жаңа бағытындағы төлем жүйесінің қосымша қызметтері
  6. Дамушы математикалық ойлаудың жалпы сипаттамасы
  7. Жалдамалық төлем, өтемақы және есептеулер тәртібі

Электронды технологияны белсенді қолдануға қарамастан жүйелердің көбінде төлем нұсқауларын бастапқыда тіркеу қағаздық құжаттармен жүзеге асады. Бұны қалыптасқан дәстүрлер мен зағдар талап етеді. Әзірше қатысушылардың аз бөлігі ғана қарапайым жұмыс пен даудың шешілуі кезінде қағаздан бас тартуға дайын. Қағаздық құжат төлем өткізудің банкаралық тәртібінде,атап айтқанда банкінің корреспонденттік есепшоты бойынша үзінді көшірме немесе клиенттер үшін есеп айырысудың ең соңғы сатысында жүргізілген төлемдердің тізімі басылып жатқанда қолданылады. Мысалы, қағаздық құжат негізінде Ресей банкі жүйесіндегі есепшоттар, карточкалық жүйедегі слиптер, чектер, Western Union және Ресей Жинақ банкінің жүйелер бойынша есепшот ашпай-ақ ақша аударуға арыздар, банкілерде халықаралық есепшоттар бойынша қызмет көрсететін төлемдер жүзеге асуда. Төлемнің қағаздық құжат арқылы жүзеге асқандығы туралы акцепті клиент Ресей банкінің төлем жүйесі арқылы банкомат квитанциясы ретінде алады.

Құжаттарды екі қағаздық құжатпен қатар жүргізу тек тасымалдаушы жүйелерде ғана жүзеге асады. Қағаздық құжаттардың өзгеруі нәтижесінде қайта енгізілген технологияларда ақаулықтар пайда болып, жаңа жұмыс жағдайында психологиялық қолайсыздық туындауы мүмкін. Мұндай қатар жұмыс жүргізу 2000 жылға дейін Ресей банкі арқылы есеп айырысуға тән болды. Қағаз-электронды құжат айналымындағы өтпелі жүйелерде ұсталған біраз шығындар қағаздық құжат өзгерген кезде пайда болған. Қағаз құжат айналымынан электронды айналымға өту белгілі бір капитал салымдары мен қазіргі таңдағы қолданыстағы жүйеден толығымен бас тартуды талап етеді. Қағаз құжат айналымының, әсіресе, оның бастапқы және соңғы сатысында сақталуы консервативті клиенттерге тиімді. Дәстүрлі төлем жүйесіне сұраныс болып, жаңа капитал салымдарын қажет етпесе оларды бұзудың қажеті жоқ. Бірақ алдағы уақытта төлем жүйесі толығымен электронды құжат айналымына көшеді.

Жоғарыда төлеушінің төлем нұсқауы мен акцептісін нақты тіркеуге қажет клиенттердің төлем құжаттары қарастырылды. Банк –клиент қарым-қатынасынан басқа корреспонденттік шот бойынша төлемді жүзеге асырудың банкаралық қатынастары бар. Банкаралық корреспонденттік қатынаста төлемші-банк акцептісі мен нақты нұсқау және соған сәйкес төлем құжаттарының қажеттігі туындайды. Банкаралық төлем құжаттарының ішінде өте кең таралған түрі – Ресей банкі арқылы есеп айырысудың төлемдер тізімі мен банкаралық төлем тапсырмаларын жүзеге асыратын карточкалық төлемдер тізімі. Банкаралық төлем құжаттарын мен корреспондеттік шоттағы көшірмемен шатастыруға болмайды. Банк-клиент қатынасындағыдай төлем құжаты төлем өткізуге негіз болады, ал корреспонденттік шоттағы көшірме – оны өткізудегі есеп беру болып табылады.

Ресей банкі арқылы есеп айырылысу тізімінде барлық клиенттер төлемінің реквизиттері матрица жолдары түрінде, сонымен қатар электронды көмекші – ақпарат құжаттарының реквизиттері көрсетілген. Тізілімнің көз мөлшерін оны қағаздық құжатқа басқан кезде немесе компьютер экранынан көруге болады. Тізілімнің форматы лиенттің төлем тапсырмасына ұқсас. Тізілімнің мазмұны клиентке түсініксіз әрі мәнсіз болып көрінуі мүмкін, ал банк программистеріне қарапайым әрі түсінікті.

Тізілім тек қатысушы-банкінің акцептісі ғана қамтиды. Дәл осы банк клиенттің төлем нұсқауларының орындалуына жүйе алдында жауап береді. Бұл тізілім формасын, оның реквизиттерінің құрамы мен өңдеуін біршама жеңілдетеді. Дәстүрлі жүйелердің көбіне тізілімдер мен корреспондеттік шот есеп көшірмелерін айырбастау тәжірибеленуде. Көшірме көзбен қарап бақылау үшін ыңғайсыз, әрі үлкен болмауы үшін оған әдетте, төлемнің тек қосымша сомасын қояды. Көшірмені нақтылау үшін, оған қосыша ретінде клиенттің есепшоты арқылы төлемді жүзеге асыруға арналған толық құрамды риквизиттер бар төлемдер тізілімі қойылады.

Карточкалық төлем жүйесінде төлемдер осылайша жүзеге асырылады, мұнда тізілім процессингілік компания арқылы өтеді, банк арқылы осы компанияның бұйрығы бойынша бір төлеммен тек есеп айырысудың жалпы сальдосы ғана аударылады. Жеке зерттеу клиринг негізінде дәстүрлі төлем жүйесінде қарастырылады. Мысалы, Ресей банкінің төлем жүйесінде 1990 жылдардың соңына дейін тізілім мен көшірме жеке өңделіп, жеке беріліп келді. Жалпы есеп айырысудың қазіргі замандағы жаңа жүйесінде тізілім мен көшірмені корреспонденттік шот байланыстырады. Мұнда әр төлем жеке-жеке банкіге түскеннен кейін өткізіледі, сондықтан да төлемдер клирингілік жүйедегідей іс-әрекет жүзеге асқан күннің соңына дейін жинақталмайды.

Тізілімді толығымен қалыптастырудың ешқандай мәні жоқ, себебі миніт сайын бұл екі құжатты бөліп тұратындай соншалықты көп төлемдер жиналмайды. Көзбен қарап бақылау үшін де бұл екі құжатты бөлудің қажеті жоқ, себебі жүйе осы бақылау әрекеттерінің барлығын қосқанда толығымен автоматтандырылған. Құжат айналымын көшіруді жою төлемді жүзеге асыруда кететін уақытты қысқартуға және электронды құрылғылардағы ауыртпалықты азайтуға әкеледі. Бұл екі жүйеде төлемші-банкінің тізілімі болашақ көшірменің бейнесі болады. Жүйенің есеп банкі тізілімді өңдеп төлем жүргізгеннен кейін, тізілімге төлемді өткізу туралы белгі қойып, сонымен қатар түскен төлемдерге жаңа жолдар арнайды. Клиент төлемдерінің барлық реквизиттері бірыңғай деректер қорында сақталып, бірыңғай электронды құжат айналымында өңделеді. Корреспонденттік шот бойынша көшірме толық форматты болып табылады, ол клиенттердің есеп шоттары бойынша тез жүргізуге арналған төлемдердің барлық реквизиттерін қамтиды. Клиенттердің әр түрлі төлем құжаттарын саралау нәтижесі дәстүрлі төлем құжаттарын электронды құрылғылар көмегімен іске асыруға мүмкіндік береді.

Банкаралық корреспонденттік қатынастарда берілетін ақпарат көлемі, соның ішінде төлем саны мен әр төлем реквизиті электронды құрылғы арқылы клиенттен алынатын ақпараттан бірнеше есе көп. Банкаралық есеп айырысудағы ақаулар, бұзылулар мен кідірістердің салдары қиындықтарға әкеледі. Банкаралық төлем нұсқаулары автоматты түрде клиенттердің төлем құжаттарының электронды түрі негізінде жүзеге асады. Жоғарыда көрсетілгендей, банкаралық төлем құжатының электронды түрі клиенттерге, тіпті қарапайым банк қызметкерлеріне де түсініксіз болуы мүмкін. Бұл түр клиенттің төлем нұсқауы расталған арнайы электронды құрылғысынан алынған электронды хабарлама сияқты түсініксіз болады. Сондықтан, ыңғайлылық тұрғысынан алғанда, маман емес адам үшін төлем құжатын көзге елестетіп түсіну тұрғысынан алғанда, төлемнің банкаралық тізілімі, мысалы банкомат арқылы қалыптасқан клиенттің төлем нұсқауы сияқты үйреншікті емес электронды форма алады.

Қолма-қол ақшасыз айырысу принципінің бірі – банкілік шоттың міндетті түрде болуы, онда барлық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша қалдықтары саналады. Төлем жүйелерінің көбі төлеуші мен алушының банкілік шотының, есеп айырысуға қатысушы екі жақтың банкаралық байланыстырма есепшотының болуын талап етеді. Бірақ кейбір бөлшек төлем жүйелерінде ережеден ауытқушылық кездеседі, көп жағдайда оларда төлеушінің немес алушының есепшоты болмайды. Western Union жедел ақша аудару жүйесі, пошталық аударулар, Ресей Жинақ банкінің коммуналдық төлем жүйесі, электронды қолма-қол ақшаға негізделген алдын ала төленген карталар мен жүйелер клиенттің банкілік есепшотын қажет етпейді.

Western Union жүйесі арқылы ақша аудару «есеп ашпай ақша аудару» деп аталады. Төлеуші ақша аударуға арыз жазып банкіге ақша енгізуі керек (қолма-қол немесе картамен). Ақша аудару үшін жазылған арызда алушының тұрғылықты орны мен сәйкестендірудің ьарлық реквизиттері көрсетіледі. Клиент үшін банк оның өкілі болып табылады. Осылайша көрсетілген жүйе тек қана банкінің корреспонденттік шоттарын тқажет етеді де клиенттердің есепшотын қажет етпейді.

Ұқсас технология бойынша пошталық ақша аудару Ресей поштасы арқылы жүзеге асады. Төлеуші поштада ақша аударуға арыз толтырады да қажетті соманы қолма-қол енгізеді. Төлем құжаты байланыстың пошта каналы бойынша алушының бөлімі не жеткізіледі де, ол жерде оған қолма-қол ақша беріледі. Егер байланыстың нақты бөлімі үшін аударылатын ақша сомасы мен берілетін сома тең болса, онда қолма-қол ақша ешқайда инкассоланбай басқа клиентке беріледі. Пошта кассасын толықтыру немесе артық шыққандарға беру байланыс бөлімінің қарапайым банкілік шотынан жүзеге асады. Ресей поштасы мен Western Union арасындағы тек технологиялық айырмашылық қана бар. Western Union жүйесі жаңарпаға бейім, сондықтан да ақша аудару тез, әрі арзан болады, бірақ екеуінде де ақша аударудың мәні бар.

Ресей Жинақ банкісінің коммуналдық төлемдер жүйесі төлеушінің есепшотын емес, алушының есепшотын талап етеді. Төлеуші, сонымен қатар ақша аудару үшін жазылатын арызға ұқсас қағазды толтырады, онда ол өзінің реквизиттерін банкілік шоты мен төлемін толығымен көрсетеді. Коммуналдық мекемеге қызмет көрсету орнына байланысты, төлемдер Ресей Жинақ банкінің филиалдарындағы корреспонденттік шоты немесе Ресей банкінің корреспонденттік есепшоты бойынша жүзеге асады. Төлем алушының банкілік есепшотына төленеді. Коммуналдық төлемдерді алушы ретінде әдетте бірнеше компаниялар болса, ал төлеушілер бірнеше мыңдаған адамдар болады. Сондықтан төлемді алуда төлеушіден банкілік есепшот талап етілмейді. Бірақ көптеген төлемдер түсетін коммуналдық шаруашылық мекемелерінде банкілік есепшоттың болуы міндетті.

Банкілік шоттағы төлем жүйелерінің көпшілігінде бұл шарттар есеп айырысуға қатысушылардың төлемін тез тарату үшін банкілер мен клиенттердің төлем туралы түсінігі мен тиімді есебі үшін қажет. Мұндай төлем жүйелерінде клиенттер өте көп, олардың әрқайсысы қысқа мерзім ішінде көптеген төлемдерді жүзеге асырады, сондықтан да банкілік шот төлемді тез жүзеге асырудың ең негізгі шарты болып табылады. Қарапайым төлем жүйесі мен құжат айналымы үшін банкілік шотта төлем құжаты бірліктік тіркеу болса, банкілік есепшотсыз төлем жүйесі үшін – тек төлем құжаты болып табылады. Соңғы жағдайда төлем құжаты алушы мен төлеушінің бірегей сәйкестендіруі үшін қажетті барлық реквизиттерді қамтиды.

Банкілік есепшоттың қажеттілігі туралы мәселені қарастырғанда, оның ашылуы мен жабылуында ұсталған шығындар туралы айтуға болады. Мысалы, көптеген төлем жүйелерінде есепшоттар ашу банк мекемесіне арнайы болуды, көптеген құжаттар толтыруды, банкінің қамтамасыз етуі мен олардың сақталуын талап етеді. Ресей банкінде және шет елде жеке шот ашу үшін банкіге арнайы бару керек. Шот ашу үшін құжаттарды поштамен жіберуге болады. Төлем құжаттарын жөндеуге банкіге арнайы бару төлем жүйелерінде көрсетілген, бірақ есепшот ашудың ең басында банкіге бару міндетті болып табылады. Әрине аз ақшамен жұмыс істейтін бөлшек төлемдер жүйесі жеке есепшотты өздерінің интернет-порталы арқылы ашады, бірақ есеп айырысуды, технологиялық жетілдіру барысы дәл осы бағытта келе жатыр.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу принциптерінің бәрі төлемді жүзеге асырудағы төлеуші акцептісінің қажеттігін анықтайды. Тәжірибе жүзінде бұл төлем құжатына төлеушінің қол қоюын білдіреді. Төлеушінің бұл қолы төлеммен келісетіндігін, сонымен қатар төлем құжатының барлық реквизиттерінің дұрыстығын білдіреді. Қағаз құжаттығы төлеушінің өз қолымен қойған қолы дәстүрлі кез келген жерде танылған болып табылады. Қағаз көптеген жүз жылдықтар бойы төлем құжаты болып келеді. Кез келген адам қолмен қағаз төлем құжатын жасай алады.

Егер қойылатын қол қарапайым қол қарапайым болып, жасанды құжатты кәсіби шебер адам жасаса, онда жеке қол қойылған төлеушінің құжаты жасанды құжаттан еш сақталынбаған. Сондықтан жаппай жасанды құжат жасаудан сақтану үшін қолды мөрмен куәландырады. Мөрді дайындау, соның ішінде өте қиынын дайындау тек белгілі бір топ өкілдеріне тапсырылады және үлкен шығынды қажет етеді. Сол себепті ол төлемдер ішіндегі төлем құжаттарын сақтандырудың жеткілікті құралы болып табылады. Акцептің түпнұсқасы екендігін анықтау үшін төлеушінің немесе оның банк жағынан өкілінің мұқият тексеруі қолданылады. Бұл ірі төлемдерді жүзеге асыруда акцептің түпнұсқасы екенін анықтау үшін қажет міндетті элементтердің бірі. Төлеушінің акцептін растау үшін нотариус қажет бұл банк карточкаларын өңдеуде міндетті болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген акцептерді растаудағы әдістердің бір ерекшелігі – төлем құжатын банкіге көрсеткен кездегі олардың пәрменділіг. Егер құжат телекоммуникациялық байланыс құралы арқылы жіберілген болса, онда жеке қол мен мөрлер шынайы деп танылмайды. Төлем құжаттарын компьютер мен телефон желілері арқылы қалыптастыру және жеткізу қазіргі төлем жүйесінің бөлінбес бір бөлшегі, белсенді дамып келе жатқан электрондық коммерцияның талабы болып табылады. Электронды төлем құжат акцептісінің көшірмесі электронды-цифрлы қол қою арқылы расталды.

Электронды қол қою жеке қолмен жүзеге аспайды, компьютер бағдарламасының арнайы алгоритмінде қалыптасады да, электронды қол автоматты түрде қойылады. Төлем құжатының электронды түрін қағаздық құжатқа басып шығарған кезде, ол сандарды жазу да жеке материалды көрініске ие болады, әдетте қол қойылатын жерге жазылады. Электронды құжатта басылып шыққан электронды қол акцептің пәрменділігін жоғалтпайды. Электронды қол қоюды іздестіру жүйелері математикалық алгоритмдермен, іздестірудің арнайы құрылғыларымен, сондай-ақ банкілерде алгоритмдер мен қондырғылар алу әдістері арқылы ажыратылады. Қарапайым алгоритмдер қолданушы байқамайтын принциптер бойынша қойылған қолды іздестіруді, ал күрделі алгоримдер сандық қолдың есебіне төлем құжатының жекелеген реквизиттерін пайдаланады. Мысалы, кез келген банкілік есепшоттың күні, сомасы немесе нөмірі жасырылады.

Төлем құжаттары банк-клиент арқылы берілетін көтерме жүйелерде арнайы «негізгі» дискетаны қолданады, ал онда электронды қолды жасайтын бір нұсқалы файл-алгоритм бар. Банкоматпен жұмыс істеген кезде пластикалық картада пин-кодтың болуы өз мәні бойынша электронды қол қою болып табылады. Мұндай қол қоюдың үлгісі карта жадына енгізіліп, сол жерден банкоматтың компьютері арқылы оқылады да, карточканың пин-кодымен салыстырылады. Электронды қол қоюдың алгоритмі енгізілген калькулятор немесе ұялы телефон сияқты арнайы құрылғыларды қолдануға болады. Қол қою үшін бұл құрылғылардың қарапайым клавиатурасында мәліметтер теріліп, дисплейде олардың нәтижесі шығады. Нәтиже компьютер көмегімен немесе қолмен төлем құжатына көшіріледі. Алгоритмдерді бір қағаздан екінші қағазға оңай көшіруге, соның ішінде банкінің интернет-сайтынан немесе жазылмаған таза дискетаға көшіріп сақтауға, калькулятор сияқты кішкене құрылғыларға енгізіп қоюға болады. Көтерме төлем жүйесінде алгоритмдер банкіден тікелей клиентке беріледі, ал бөлшек жүйелерде банк сайттарына көшіруге болады. Электронды қол қою төлеуші акцептісінің ең мықты қорғаушысы болып табылады, себебі жеке қол қою мен мөрді жасауға қарағанда алгоритмдерді шешуге көп уақыт кетеді. Оның негізінде төлем құжатының акцепті автоматты түрде тексеріледі, ал жеке қол қоюды тексеруге ұзақ уақыт пен операция жасаушылардың көп күші жұмсалады. Электронды қол қоюды болашақта кеңінен тарату үшін көптеген жарнама жасаушы және үйретуші акциялар қажет.

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)