Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

МедициналыҚ таҒайындалҒан бҰйымдарды залалсыздандыру

Читайте также:
  1. АН ҚЫЗМЕТІ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰЖАТТАМАСЫ МЕДИЦИНСКАЯ УЧЕТНАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ ОРГАНИЗАЦИИ СЛУЖБЫ КРОВИ
  2. БАСҚА ТҮРДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰЖАТТАМАСЫ МЕДИЦИНСКАЯ УЧЕТНАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ ДРУГИХ ТИПОВ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ
  3. МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ БҰЙЫМДАРЫН ТАЗАРТУ КЕЗЕҢДЕРІ
  4. СТАЦИОНАРЛАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰЖАТТАМАСЫ МЕДИЦИНСКАЯ УЧЕТНАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ, ИСПОЛЬЗУЕМАЯ В СТАЦИОНАРЕ

Мақсаты: науқастарға аурухана ішкілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтыруды алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою. Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.

1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.

2. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

3. Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.

Автоклавта:

1. Негізгі режим -132°С - 2; 2:2 атм - 20 минут;

2. Баяу режим - 120°С - 1:1 атм - 45 минут

Ыстық ауа шкафында:

1. Негізгі режим-180°С - 60 минут

2. Баяу режим– 160 оС - 150 минут,

4. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

5. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

6. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилизаторы бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтауға орауға ораңыз.

7. Стерилизатордың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.

ТАҢҒЫШ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ҚОРАБЫНА (БИКСКЕ) САЛУ.

Мақсаты: автоклавта залалсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде залалдықты сақтау.

Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберек

2 дана, зарарсыздандыруга арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған салфетканы (үлкен бязден жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан залалдық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және залалсыздандыру күнін және бос колонканы медбикелердің қолын қою үшін, салуды жүргізуші және залалсыздандыруға жауапты, фильтрі бар немесе фильтрсіз залалсыздандыратын қораптарды немесе биксті.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

2.Бикстін (қораптың) бүтіндігін тексеріңіз.

3.Қолғапты, дем пердесін киіңіз.

4.Бикстің ішін және сыртын тізбектілікппен 2 рет, әртүрлі шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз.

5.Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

6.Қолғапты, дем пердесін шешіңіз.

7.Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.

8.Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне (түрлік, мақсаттық және әмбебап) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз.

9.Бикстің торын ашыңыз (фильтрсіз).

10.Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетканы төсеңіз, ол бикстің 2/3 биіктігінен салбырап тұруы қажет.

11.Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз.

12.Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:

- сектормен (шеңбердін бөлім арасы),

- тік (қақпағына перпендикулярды),

- бос қопсытып.

13.Бикстің ортаңғы бөлігіне залалды индикаторды орналастырыңыз.

14.Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған

салфеткамен жабыңыз.

15.Бикстің қақпағынын астына залалды индикаторды салыңыз.

16.Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.

17.Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.

18.Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.

19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1120 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)